ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



жүктеу 2,22 Mb.
Pdf просмотр
бет14/142
Дата23.11.2018
өлшемі2,22 Mb.
#24383
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   142

43

Нәтижесінде,  демократияның  азаматтық  теңдік,  сөз  бостандығы

елдің барлық азаматтарының мемлекеттік лауазымдарды иелену құқы 

сияқты құндылықтары пайда болды. Адамдар шын мәнінде азат бола 

бастады:  қоғам  өмірінің,  мемлекет  өмірінің  мәселелерін  талқылауға 

белсенді  түрде  қатысты.  Жоғары  биліктегілер  мен  аристократтарға 

бас  ию  келмеске  кетті.  Осы  факторлардың  барлығы  адамдардың  та-

ланттары мен дарындарын ашуға жеткізіп, қоғам оларды бірегейлігі, 

қоғамды жетілдіруге сіңірген еңбегі дәрежесіне қарай бағалай бастады. 

Бұл адамдардың патриоттық сезімін оятып, олар өздерін мақтанышпен 

эллиндер деп атайтын болды. 

Әдебиетте дұрыс көрсетілгендей, жоғарыда аталып өткен түбегейлі 

өзгерістер  темистен  (Құдай  заңдарынан)  номосқа  –  адамдардың 

келісімдері  нәтижесінде  қалыптасатын  адамдық  заңдарға  өтуге 

ықпалын тигізе отырып, іргелі құндылықтар мен нормаларды қайтадан 

бағалауға келтірді.

Оның  үстіне,  адамдық  заңдарды  адамдар:  мәжбүрлі,  талаптарын 

орындауға мәжбүрлейтін «жоғарыдан түсірілген» емес, пікірталастар, 

ерікті  келісімдер  нәтижесінде  өздері  қабылдаған,  демек,  адамдар 

олардың  өктем  бұйрықтарын  орындаудың  ауыр  жүгін  көтермейтін 

заңдар  деп  қабылдай  бастады.  Осындай  әлеуметтік  шектерде  адам 

өз  идеяларын  дәлелді  түрде  басқаларға  жеткізуге  ұмтылатын,  олар-

ды  қоғам  алдында  қорғап  шығатын  жағдайлар  туады,  бірақ  ол  үшін 

сөз  шешендігі,  қисынды  сендіру,  сын  айта  білу,  басқа  адамның 

көзқарастарының орынсыздығын көрсете алу сияқты қасиеттер қажет. 

Әрбір адам өзінің өмірлік тәжірибесіне, алған білімдерінің жиынтығына 

сүйеніп,  бір  немесе  басқа  мәселеге  қатысты  өз  пікірінің  дұрыстығын 

дәлелдеуге  тырысады.  Гректер  шындық  –  ол  беделділердің,  «бұл 

дүниенің  мықтыларының»  «қызы»  емес,  ақылмен,  өзінің  түбегейлі 

негіздемесін  талап  ететін  дәлелді  жолмен  келетін  құндылық  екеніне 

бірте-бірте  сене  бастады.  Ал  бұл,  шын  мәнінде,  ғылымның  негізгі 

құндылықтары  болып  табылады.  Демек,  сол  уақыттың  әлеуметтік 

шарттары  ертедегі  грек  ғылымы  бастаулары  пайда  болуының 

алғышарттарын құрған.

Алайда  ертедегі  грек  ғылымының  Шығыстың  жеткен 

жетістіктерінен  аса  ұзап  кете  алмағанына  ерекше  назар  аудару  ке-

рек.  Оның  себебі  бұл  екі  өркениеттің  де  өндірістің  құлиеленушілік 

тәсіліне  негізделгенінде  болды.  Ежелгі  Грекияда  еркін  адамдар  дене 

еңбегінен қашатын, ол тек құлдардың мойнына түскен жүк болды. Сол 

себепті  олар  (гректер)  еркін  ақыл-ой  қызметімен  ғана  айналысып, 




44

еңбек  құралдарын  пайдалануға,  оларды  жетілдіруге  аса  көңіл  аудара 

қоймады.  Ақыл-ой  қызметін  олар  ғылым  деп  атап,  қалғандарының 

барлығын «техне», яғни кәсіптіңөнердің қатарына қосты. Әдебиетте 

жазылғандай, шығармашылық қызметтің «материямен» (сәулет, мүсін) 

байланысты күрделі түрлеріне де олар жеккөрушілікпен қарап, кәсіпке 

жатқызды.  Міне,  сол  себепті  де  ежелгі  гректер  Фидий,  Поликлет, 

Пракситель  сияқты  ертедегі  грек  өнерінің  алыптарын  кәсіпшілер  са-

нап,  оларға  жоғарыдан,  менсінбей  қараған.  Бұндай  жағдай  ақылмен 

пайымдауға, әлемді жалпылама ойлау арқылы ғана қол жететін әлдебір 

үйлесімді  тұтастық  деп  қарауға  жеткізді.  Міне,  сондықтан  да  олар 

Шығыс ғалымдарына да осылай жоғарыдан қараған, ал олар, керісінше, 

нақты өмірдің мұқтаждықтарына сүйенуге, іс жүзінде пайдалануға бо-

латындай  бір  нәрсе  жасауға  тырысты.  Ол  туралы  ертеде  Плутарх  та 

өзінің «Салыстырмалы өмір сипаттары» еңбегінде жазған-ды.

Айтылғандарды  қорытындылай  және  мәселені  нақтылай  келе, 

Шығыста  сияқты,  Ежелгі  Грекияда  да  ғылым  бастаулары  нақты 

өмір  қажеттіліктерінен  пайда  болған  деп  айтуға  болады.  Алғашқы 

математикалық ұғымдар жер өлшеуге, әртүрлі материалдарды өңдеуге 

байланысты болды. Олардың қарапайымдығы соншалықты, ұрпақтан-

ұрпаққа  ауызша  және  көрсету  жолымен  беріліп  отырды.  Қисынды 

дәлелдеу  жолымен  негізделген  әлдебір  мәтіндер  іспетті  арифметика 

мен геометрия әлі пайда бола қойған жоқ еді. Кейіннен грек рухы ол 

жұмысты  атқарып  шықты.  Егер  бір  ғалымдар  оны  Фалестің  атымен 

байланыстырса, ал екіншілері Демокриттің атымен байланыстырады 

(қараңыз:  С.А.Лебедев.  Философия  науки.  –  М.:  Академический  про-

ект,  2006.  –  52-бет).  Бірақ  бір  нәрсе  анық:  олардың  екеуі  де  алғашқы 

математикалық мәтіндерді құрды, оларда теориялық тұрғыда қисынды 

дәлелділік  бар,  яғни  олардың  есімдерін  ертедегі  грек  ғылымының 

бастаушылары  деп  қарауға  болады.  Олардың  қатарына:  әлемнің 

негізін құрайтын сандар, денелердің сәйкестігі (пропорциясы) туралы 

түсініксіз (жұмбақ) ілім құруға, табиғат құбылыстары мен заңдарының 

жасырын  мағынасына  енуге  әрекет  еткен  пифагоршыларды  да 

жатқыза аламыз.

Милетте  (Кіші  Азияда)  алғаш  рет  бастапқы  бастау-көзді  (архэ) 

іздестіруге  бағытталған  философиялық  идеялар  пайда  бола  бастады, 

өйткені әлемді мифологиялық түсіну енді сол заманның ойшылдарын 

қанағаттандыра  алмайтын  болды,  ал  олар  өз  ақылдарымен  әлемнің 

негізіне,  түп-қазығына  жетпек,  олардың  пікірінше,  ол  негіз  сезіммен 

қабылдануға,  кең  таралуға,  аса  сапалы  болуға  тиіс.  Сондай  деп  Фа-



жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   142




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау