ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



жүктеу 2,22 Mb.
Pdf просмотр
бет24/142
Дата23.11.2018
өлшемі2,22 Mb.
#24383
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   142

71

(кейіннен екінші Бэкон – Френсис Бэкон еңбегінде бұл тақырып пұтқа 

табынушылар теориясында жаңаша аталатын болды).

Роджердің пікірінше, адамның надан болуының төрт себебі бар:

1.  Күмәнді беделге сенім арту.

2.  Әдет, дағды.

3.  Әбес ақымақтық.

4.  Бәрін білетін кейіп танытатын надандық.

Адамдар  арасынан  Бэкон  Аристотельді  ғана  кемеліне  келген  адам 

санайтын. Бірақ шындық – уақыттың еншісі. Р.Бэконның сендіруі бо-

йынша,  шындық  –  уақыттың  жемісі,  ал  ғылым  –  біреудің  немесе 

екеудің  емес,  тұтас  адамзаттың  туындысы.  Білімге  жеткізетін  екі 

жол  бар:  дәлелдеу  және  тәжірибе.  Дәлелдер  қорытынды  бергенмен, 

күмәннан  арылтпайды.  Сондықтан  шындықты  тәжірибе  жолдары-

нан  іздеу  керек.  Танымның  ең  жақсы  және  қауіпсіз  жолы  –  тәжірибе. 

Тәжірибелік  ғылымның  пайда  болуына  белгілі  бір  дәрежеде  Альберт 

Великий, Целек Витело, Теодорик Фрайбургский де еңбек сіңірді.

Компасты  қытайлар  VI  ғасырда-ақ  ойлап  тапқанмен,  магниттің 

қасиеттері  әлі  толық  зерттелмеген-ді.  Бұл  іске  Пьер  де  Марикур  өз 

үлесін қосты, оның ойынша, компастың тілі, бұрынғылар ойлағандай, 

Поляр жұлдызына емес, Жер полюсіне қарай бұрылады.

Орта ғасырлардың аяғына қарай тауар өткізудің жаңа нарықтарын 

іздестіруге  байланысты  туған  географиялық  зерттеулер  қарқынды 

дами  бастады.  Бұл  астрономиялық  зерттеулердің  өркендеуіне, 

навигациялық  аспаптардың  әзірленуіне,  механиканың  дамуына  оң 

ықпал етті.

Алхимия, магия, оккультизм, астрология, каббала деген терминдер 

баршаға таныс, бірақ көпшілік адамдар оларды ортағасырлық жалған 

ғылым құбылыстары деп қабылдайды. Алайда Орта ғасырларда табиғат 

құпияларын  іздестірудің  осы  формаларынан  өтпесе,  осы  заманғы 

ғылым  қазір  болар  ма  еді?  Мүмкін,  болмас  еді.  Алғашқы  қауымдық 

қоғамда-ақ пайда болған магия Орта ғасырларда шығар шыңына жетіп, 

Жаңа  заманда  өше  бастағанмен,  құрып  кетпей,  біздің  заманымызға 

да  келіп  жетті.  «Магия»  сөзі  грек  тілінен  аударғанда,  «ғажайыптық, 

сиқырлық,  дуалаушылық»  дегенді  білдіреді.  Магия  құпия  ілім-

білімдері,  қасиеттері  бар  адамның  дүниеге,  аламдарға,  рухтарға 

қалаған  бағытта  ерекше,  табиғаттан  тыс  әсер  етуі  деп  жорамалда-

нады.  Мысалы,  құрғақшылық  болып  тұрған  жазда  жаңбыр  шақыру 

ғұрпы  адамдардың  өнім  алудағы  шаруашылық  мұқтаждықтарын 

қанағаттандыруға  арналған.  Адамға  бүлдіргі  жасау  (қара  магия)  – 




72

адамды  құртуға  немесе  оның  ерік-жігерін  әлсіретуге  бағытталады. 

Магияның  білгір  маманы  Дж.Фрезердің  ойынша,  магиялық  ғұрып-

тар  –  табиғаттың  бір-біріне  ұқсас  немесе  бірінің  артынан  бірі  бо-

лып  жататын,  себепті-салдарлы,  бірі-бірімен  астасып  кеткен  әртүрлі 

құбылыстарын  жалған,  бұрыс  түсіндірудің  нәтижесі.  Бұл  тұрғыда 



астрология да магияға жақын, өйткені жұлдыздар мен планеталардың 

орналасуы бойынша жер бетінде болатын болашақ оқиғаларды, бір не-

месе басқа мемлекеттердің, адамдардың тағдырларын алдын ала көруге 

тырысады. Оккультизм (лат. – құпия, жасырын) де жай адамдар жете 

бермейтін,  тек  арнаулылар  ғана  қол  жеткізе  алатын  адамдағы  және 

ғарыштағы  жасырын  күштерді  тани  білетін  магия  мен  астрологияға  

тым  жақын.  Оккультизм  негізінде  әлем  –  рухтанған,  бойындағының  

бәрі  өзара  байланысқан  әлдебір  тірі  организм  деген  сенім  жатыр. 

Сөйтіп, барлық осы ілімдерде адамның жасырын әлеуеті, оның табиғат 

құпияларын  тану  және  оған  қалаған  бағытта  әсер  ете  алу  қабілеті    

танылады.

Қазіргі замандағы химия ғылымының қалыптасуы мен дамуындағы 



алхимияның  рөлін  асыра  бағалау  мүмкін  емес.  Ортағасырлық  ал-

химиктер  қорғасынды  алтынға  айналдыра  алмағанмен,  тәжірибе  жа-

сау  жолымен  көптеген  заттардың  қасиеттері  зерттелді,  ғаламат  зор 

эмпириялық материал жинақталды.

Сонымен,  ақырында,  каббала  (ертедегі  еврейлер  тілінде  –  аңыз,  

хикая) туралы да бірер сөз айтқанымыз дұрыс болар. Бұл мистикалық 

ілім дүние-әлем негізінде 10 саннан және ертедегі еврейлер әліпбиінің 

22 әрпінен тұратын 32 элемент жатқанына сендіреді. Каббала Құдайды 

мүлдем  сапасы  жоқ  және  белгісіз  шексіздік  деп  түсінеді.  Алайда  ол 

барлық заттарға және табиғат денелеріне еніп, олардың мәнін құрайды. 

Каббалашылар  әртүрлі  салт-ғұрыптар,  дұғалар  және  ерік-жігерді 

іштей  ширықтыру  арқылы,  сандар  мен  ертедегі  еврей  әліпбиінің 

әріптерімен әртүрлі айла-шарғылар жасау көмегімен ғажап ғарыштық 

үдерістерге  әсер  етуге  болатынына  сенеді.  Сөйтіп,  жоғарыда  аталған 

ілімдердің  барлығы  жаңа  еуропалық  ғылымның  тууы  мен  дамуына 

себепші болған заңды кезеңдер болды деген қорытынды жасауға бо-

лады. Өкінішке қарай, сословиелік-заңдық тәуелділік, шығармашылық 

үшін еркіндіктің болмауы, таусылмас діни қақтығыстар сол кезеңдегі 

ғылымның дамуына айтарлықтай кедергі келтірді.

Алайда  шын  мәніндегі  философиялық  ізденістер  саласын-

да  түбегейлі  өзгерістер  болды.  Олар  рухани  ахуалдың  түпкілікті 

өзгерістеріне  байланысты  еді.  Өзгеше  ғажап  құбылыс  орын  алды: 




73

адам өзінің ішкі жан-дүниесінде рухты және өзінің бірбүтін Құдай-



мен  байланысын  тапты.  Ол  рухты  зерттеп  білуге  байланысты 

сенімдегі  философияның  жаңа  түрінің  пайда  болуына  жеткізді. 

Бұл  философия  діни  дүниетаныммен  тығыз  байланысты  еді,  екінші 

жағынан,  адамның  тағдыры,  қоғам  мәселелері  және  мемлекет  оның 

өзекті мәселелері болды.

Міне, оның бірнеше мысалы төмендегілер:

Егер  ертедегі  гректер:  «Құдайлар  көп  пе,  әлде  ол  жалғыз  ба?»  – 

деп өздеріне сұрақ қойса, ал енді қазір Құдайдың жалғыздығы үзілді-

кесілді расталады, яғни монотеизм (бірқұдайлық) негіздері салынады.

креационизм  (лат.  –  creatura  –  шығармашылық,  туынды)  «ежел-

ден бар материяның» ажырап шығуы және Құдайдың шығармашылық 

қуаты нәтижесінде дүниенің жоқтан пайда болуының мойындалуы. 

антропоцентризм  (грекше  antropos  –  адам,  centrum  –  лат.  – 

орталық).  Антикалық  философияда  егер  Әлем  –  макроғарыш  бол-

са,  онда  адам  –  микроғарыш.  Адам  қаншалықты  жоғары  қойылса 

да,  ол  макроғарыш  шектерінен  асып  шыға  алмайды.  Енді  адамның 

орталық, ештеңемен салыстырылмайтын рөлі орнығады, өйткені оны 

Өзіне  ұқсатып  Құдай  жаратқан,  оның  міндеті  –  жаратылған  Әлемнің 

билеушісі болу. Бұл оған ерекше жауапкершілік жүктейді: ол қашанда 

жанының тазалығын сақтауға тиіс.



адамның  Құдай  еркіне  бағынуы.  Егер  ертедегі  гректер  Таби-

ғаттың  (фюзистің)  мәңгілік  заңдарын  мойындаса,  ал  оларға  адамдар 

ғана емес, Құдайлар да бағынуға тиіс болса, енді адамдар тек Құдайдан 

түскен заңдарға бағынуға тиіс. Құдай Еркіне бағынбаудан асқан күнә 

жоқ.

Рухани  сенімнің  пайда  болуы.  Егер  ертедегі  гректер  сенімді 

сезімдік таныммен байланыстырса, ол қашанда алдамшы, сол себепті 

олар  ақылмен  тануға  көп  көңіл  бөлетін,  ал  қазір  ғылымның  рөлін 

шектеу орын алған, өйткені оның ар жағында Құдай берген ашылуға 

(аянға) сену тұр. Адамның рухани мәні ғана танылады. Егер ертедегі 

адамдар  адамды  тән  және  жан  деп  ұқса,  ал  қазір  адам  үшінші  бір 

өлшем иеленіп, тән – жан – рухқа айналады.

сүйіспеншілік  –  адамға  Құдай  берген  сый.  Ертеде  тіпті 

«платондық сүйіспеншілік» негізінде Эрос – сезімдік, тәндік жыныстық 

махаббат  жатты.  Ал  енді  Эростың  орнына  агапэ  –  Құдайдың  сыйға 

тартатын риясыз рухани сүйіспеншілігі пайда болады.



адамзат  тарихының  жаңа  мағынасы.  Ертедегі  гректер  адам-

зат тарихын кезең-кезеңмен оттан пайда болатын, қайтадан туу үшін 

әлемдік  өртте  құритын  Ғалам  тарихымен  байланысты  деп  есептеген. 



жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   142




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау