ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



жүктеу 2,22 Mb.
Pdf просмотр
бет2/142
Дата23.11.2018
өлшемі2,22 Mb.
#24383
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   142

бірінші бөлім

ғылым, Оның паЙДа бОлуы 

және Дамуының негізгі 

кезеңДеРі


6

1-тарау. ғылым, Оның ҚОғамДыҚ 

өміРДегі ОРны және Рөлі

1.1. ғылым түсінігі

таным  дегенде,  біз  адамның  заттарды  зерттеуге,  олардың 

маңызын  ашуға  бағытталған  ерекше  рухани  қызметін  түсінеміз. 

Адамзаттың  мыңдаған  жылдар  бойғы  тарихы  танымның  өзгеше 

күрделі,  көп  деңгейлі  құбылыс  екенін  көрсетеді.  Көптеген  кішкентай 

бұлақтар  мен  бастаулардан  құралатын  өзен  сулары  сияқты, 

миллиондаған  адамдардың  танымдық  қызметі  қоғамдық  маңызы 

бар,  мазмұнды,  танымдық  үдерісті  қалыптастырады.  Әлбетте,  нақты 

бір  жеке  тұлғаның  санасында  бір  немесе  басқа  зат  туралы  қиялға 

негізделген, жаңсақ пікірлер орнығуы немесе кейбір адамдар уақытты 

басып  озып,  бүгінгі  күні  әлі  қажеттілік  туа  қоймаған  жаңалықтарды 

ашуы  мүмкін.  Алайда  тірі  табиғаттағы  табиғи  іріктелу  секілді,  өмір 

сүріп  жатқан  нақты  тарихи  қоғамның  талаптары  іс  жүзінде  қажетті 

идеяларды  іректеуге  келтіреді  және  сол  арқылы  әлеуметтің  рухани 

байлығына айналады. 

Тереңдігі жағынан да, кеңдігі жағынан да әлем шексіз. Сондықтан 

ол оны танып білгісі келетін адам үшін әлеуетті шексіз мүмкіндіктер 

туғызады.

Әлемді  танып  білудің  негізгі  мақсаты  –  зерттеліп  затқан  заттар 

мен үдерістердің ішкі мәнін ұғыну, яғни олар туралы білімдерге қол 

жеткізу.  Білімдер  қашанда  нақты  шындықтың  мүлтіксіз  көрінісі  бо-

лып табылады, өйткені бірдеңені білу – зерттеліп жатқан нысан тура-

лы түсініктің болуы дегенді білдіреді. Олай болса, таным – заттардың 

маңызына енудегі өзгеше күрделі үдеріс, ал соның барысында алынған 

білім – соған жұмсалған күш-жігердің нәтижесі.

«Scientia» деген латын сөзінің шығу төркініне келер болсақ, ол да 

«білім» деп аударыла отырып, сонымен бірге ғылым дегенді білдіреді. 

Дегенмен  науқас  адамды  дуамен  емдемекші  болып  жатқан  бақсының 

білімін ғылыми негізді деп бағалау дұрыс бола қояр ма екен. Дәл осы 

сияқты, әрбір адамның күнделікті өмір тәжірибесінен алынған белгілі 

бір  білімдері  болады.  тарихи,  яғни  ғылыми  танымға  дейін  пайда 

болған,  адамдардың  күнделікті  өмір  тәжірибесінен  қалыптасатын 



білімдер шыға бастайды. Олар әлі арнайы танымның нәтижесі болып 

табылмайды, бірақ күнделікті өмір қажеттіліктерінен (аң аулау, балық 

ұстау, еңбек құралдарын жасау, тұрғын үй салу, балаларды тәрбиелеу, 



7

көкөністер  жинау  және  басқалары)  туады.  Осы  тектес  білімдерге 

халық  даналығын  жинақтаған  мақалдар  мен  мәтелдерді,  салттар  мен 

дәстүрлерді  жатқызуға  болады.  Бұл  білімдер  ертедегі  адамдардың 

өмірлік  бағыт-бағдарларына  айналған.  Олар:  ағашты  қалай  отырғызу 

керек, үйді қалай салуға болады, тамақ қалай әзірленеді, қойды қалай 

бағу  керек,  қайтіп  гүл  өсіруге  болады  деген  сияқты  тәжірибелерге 

үйрету,  баулу  арқылы  ұрпақтан-ұрпаққа  беріліп  отырған.  Алай-

да  оларды  да  ғылыми  білімдерге  жатқызу  жөн  бола  қоймас.  Ол 

білімдер  адамдарға  қажет  болған  заттар  мен  құбылыстарға  сансыз 

көп  тәжірибелер  жасау,  адамдардың  мыңжылдықтар  бойы  әртүрлі 

жағдайларға бейімделуі нәтижесінде жинақталған.

Әртүрлі қиял-ғажайыптардың (мифтер), аңыздардың көркемделіп 

берілуі (шығармашылығы) арқылы алғашқы ата-бабаларымыз біздерге 

өздерінің  бар  өмірлік  тәжірибесі,  қиялдары  мен  еліктеуі,  армандары 

жинақталған  дүниетанымын,  өзара  және  қоршаған  ортамен  қарым-

қатынастарын  жеткізді.  Ал  соларда  белгілі  бір  білім  бар  ма?  Сөз 

жоқ,  бар!  Тұрмыс-тіршілік  мағынасындағы  мәселелерді  шешу  үшін, 

біз  оларға  қайта-қайта  жүгініп  отырамыз,  олардан  шабыт  алып,  ата-

бабаларымыздың даналығына сүйсінеміз.

Сонымен қатар кез келген дін бұл өмірде адамның қалай өмір сүруі 

керек дегенге қатысты белгілі бір білімдерден тұрады. Ғасырлар бойы 

адамдар өздерінің өмірлік бағдарламаларын іргелі діни ұстанымдардан 

тапқан жоқ па еді? Ал бүгінгі таңда, біздің «білім мен ғылым жоғары 

дамыған  ғасырымызға»  қарамастан,  жүз  миллиондаған  адам  өзінің 

болмыс-тіршілігінің  мағынасын  түсіну  үшін  дінге  жүгініп  жатқаны 

рас емес пе? Алайда діни білімдердің ғылыми білімдер еместігі де ай-

дай анық.



өнерде  де  сөздің  кең  мағынасында  өмір  көрініс  тауып  отыр. 

Көпшілік  жағдайларда  жазушылар  мен  ақындар,  басқа  да  өнер 

қайраткерлері қоғам өмірінің бір қарағанда әлеумет үстінен көрінбейтін 

терең түбінде жатқан құбылыстарын көргендей болады және көркемдік 

құралдар  арқылы  оларды  халыққа  жеткізіп  отырады.  Мысалы,  өткен 

ғасырдың  60  жылдарында  жазушылар  өз  шығармаларында  қоғамның 

болашақтағы  тоқырауы  туралы  болжам  айтқан-ды,  ал  ол  кезде 

қоғамтанушылар  Кремльден  шығып  жататын  «тапсырыс  санаттары»

1

 

арқылы социализмді мадақтаумен болды.



1

 Осы жерде және ары қарай: категория – санат – болмыстың жалпы белгісі туралы ғылыми 

ұғым. – Аудармашы.



8

Сөйтіп,  бізді  білімдерге  жетелеп  әкелетін  «соқпақтардың»  алу-

ан  түрлілігі  туралы  қорытынды  жасауға  болады.  Енді  сұрап  көрейік: 

білімнің  барлық  осы  формалары  арасында  ғылымның  алатын  орны 

қандай? Айқын болғандай, ғылым – әртүрлі білімдердің бірі ғана. Ал 

сонда оның айырмашылығы неде?



ғылымның ең жоғарғы мақсаты – шындыққа жету, яғни зерттеу 

барысында біреулерге ұнайтынына немесе ұнамайтынына қарамастан, 

білімдер  зерттеліп  жатқан  нысанның  табиғатына  барынша  сай 

болуға  тиіс.  Екіншіден,  ғылым  зерттелетін  нысандардың  терең  бай-

ланыстары  мен  қатынастары  көрінетін,  ал  олардың  жиынтығы  іштей 

қарама-қайшы  болмайтын  жүйе  құрайтын  түсініктерге  сүйенеді. 

Оның  үстіне,  қорытындылар  мен  тұжырымдарды  нақты  өмір  және 



тәжірибе арқылы тексеруге болатын кезде, бұл қисынды дәлелденген 

білім жүйесі болып табылады.

Үшіншіден,  ғылымға  негізделген  білімдердің  интерсубъективтік 

сипаты бар: олар сол білімдерді ашқан ғалымдардың рухани байлығы 

ғана  емес,  сонымен  қатар  ол  білімдер  іс  жүзінде  бүкіл  адамзатқа 

тиесілі,  өйткені  бір  немесе  басқа  ашылған  жаңалықты  тану  –  оны 

ашық  талқылауды,  ғылыми  журналдарда  жариялауды,  ғылыми 

жұртшылықты  барлық  мүмкін  болатын  конференцияларда,  симпо-

зиумдарда  алынған  білімдердің  нәтижелерімен  таныстыруды  талап 

етеді.  Нәтижесінде,  ғылыми  қауымдастық  ашылған  жаңалық  туралы 

өз пікірін қалыптастыру, ал керек болған жағдайда оны сынау немесе 

маңыздылығын тану мүмкіндігіне ие болады.

Төртіншіден, ғылыми қауымдастықтың ғылымдағы шындықтарды 

тек  қарапайым  қызығушылыққа,  «білімге  шөліркеуге»  бола  ғана  аш-

пайтынын атап көрсеткен жөн, дегенмен, сөз жоқ, оны жоққа шығаруға 

да болмайды, бірақ, негізінен, ғылымдағы жаңалықтар адамдар өмірін 

жеңілдету, қоғамдық байлықты арттыру үшін пайдаланылады.

Жоғарыда  айтылғандарды  қорытындылай  келе,  ғылым  –  арнайы 



даярланған  адамдардың  шынайы  өмірдің  әртүрлі  қырларын  та-

нып  білуге  бағытталған  ерекше  рухани  қызметі  деген  тұжырым 

жасауға болады.

Ондай қызметті іс жүзіне асыру үшін субъект қажет. Ол субъект – 

шындықты  іздеуге  бағытталған  саналы  мақсатты  қызметке  қабілетті 

адам болмақ. Олар – ғалымдар, инженерлік-техникалық қызметкерлер, 

зертханашылар және ұйымға біріккен басқа да мамандар. Ең жоғарғы 

философиялық рефлексия (түсініктемесі кітап соңында берілген. – Ау-

дармашы)  деңгейінде  бүкіл  адамзат  әлемді  тану  және  түрлендіру 



субъектісі болып табылады.


жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   142




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау