ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


лес – суды, анаксагор – ауаны, гераклит Эфесский отты



жүктеу 2,22 Mb.
Pdf просмотр
бет15/142
Дата23.11.2018
өлшемі2,22 Mb.
#24383
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   142

45

лес – суды, анаксагор – ауаны, гераклит Эфесский отты санауды 

ұсынады.  Ал  анаксимандрдың  ойынша,  әлемнің  негізін  табиғаттың 

нақты  бір  заттарынан  іздеу  мүмкін  емес.  Әлемнің  бастауы  – 

апейрон  –  әлдебір  белгісіз  және  шексіз  нәрсе  болуға  тиіс.  Фалесті 

ерекше  бөле  жарып  айтуға  болады.  Оның  үстіне,  соны  ғана  кейбір 

ғалымдар  еуропалық  ғылым  мен  философияның  негізін  салушы 

деп атайды. Ол математик, астроном болған, қол жеткізген білімдерін 

іс  жүзінде  қолдануға  тырысып,  көп  саяхаттаған.  Нәтижесінде,  ол 

әртүрлі  техникалық  жетістіктердің  көпшілігін  иеленді.  Ол  Мысыр 

пирамидаларының,  көптеген  ескерткіштер  мен  ғибадатханалардың 

өлшемін  алуға  қол  жеткізді.  Терең  метеорологиялық  білімдерінің 

нәтижесінде  ол  зәйтүн  өнімдерінің  түсімін  сәтті  болжайтын  (соған 

орай Гегель әзілдеп, Фалестің сол арқылы философияның іс жүзіндегі 

маңызын көрсеткенін айтқан-ды). Мынадай бір философиялық-тарихи 

аңыз бар: астрономиямен айналысып, әрі аспан шырақтарын бақылап 

жүріп,  Фалес  алдындағы  құдықты  байқамай,  соның  ішіне  құлап 

кетіпті.  Соны  көрген  қызметші  әйел:  «Сен,  немене,  аспандағыларды 

білгің келгенде, енді аяғыңның астында не болып жатқанын көрмейсің 

бе?»  –  деп,  ұзақ  күлген  екен.  Бұл  –  жай  ғана  мысал:  философиялық 

ойлар  соншалықты  жоғары  көтерілсе  де,  жерден,  яғни  күнделікті 

қарапайым қам-қарекет даналығынан ажырамауға тиіс.

Ерте  грек  философиясының  жарқын  өкілдерінің  бірі  ретінде 

суды  Ғаламның  субстанциялық-генетикалық  бастауы  деп  қараған 



гераклит  Эфесскийді  (б.з.д.  530-470  жж.)  атауға  болады.  Ол  текті 

әулеттен  шыққан,  алайда  патша  тағынан  бас  тартып,  Артемида 

ғибадатханасында  оқшау  өмір  сүріп,  өмірінің  соңында  мүлдем  тақуа 

болып  кеткен.  Соған  қарамастан,  ол  әрдайым  патша  билігінің  белгісі 

бар  әшекейлер  тағынып  жүретін.  Жападан-жалғыз,  бірақ  паңданып 

жүретін ол тек балалармен ғана қуана араласатын, оның «балалығын» 

түсінбей,  сұрақ  қоятын  айналасындағыларға:  «Сендермен  бірге 

мемлекеттік  істерді  шешкенше,  балалармен  ойнағаным  жақсы  емес 

пе?» – деп жауап беретін. Гераклиттің мінез-құлқы мен көзқарастарын 

оның билеуші Дарияға жіберген хаты, сірә, жақсырақ көрсетіп берер. 

Ол  хатта  Гераклитті  біраз  уақыт  өзінің  сарайында  болуға  шақырған 

патша  Дарияның  шақыруынан  жиіркенішпен  бас  тарта  отырып:  «Ге-

раклит Эфесский патша Дарияға, Гистапстың ұлына сәлем жолдайды! 

Барлық  адамдар  шындық  пен  әділеттілік  жолынан  таяды.  Олардың 

пайдақорлықтан  басқа  білері  жоқ.  Олар  естерінен  танғанша,  бір  ғана 

әбігерлі даңққа ұмтылады. Ал мен болсам... мекерлік маған жат және 




46

мен ешкімге де жау емеспін... Азғантайды қанағат тұтып, қалауымша 

өмір сүремін», – деп жазған.

Гераклиттің  ойынша,  әлем  –  бұл  ретке  келтірілген  Ғарыш,  ол 

қашанда  болған,  қазір  де  бар  және  мәңгі  болатын,  заңдылықпен 

тұтанып және заңдылықпен сөніп отыратын тірі от.

Сонымен  қатар  Гераклит  заттардың  өне  бойғы  өзгергіштігін  де 

мойындайды. «Pan ta rei!» – бәрі ағып өтеді, бәрі өзгереді. Өзеннің бір 

суларына  екі  рет  аяқ  сала  алмайсың,  өйткені  екінші  ретте  алғашқы 

сулар  ағып  кетті  ғой.  Сөйтіп,  әлем  –  үздіксіз  қалыптасу,  өзгеру.  Ал 

оның негізінде не жатыр? Бұл сұраққа ол: «Қарама-қарсылықтар және 

олардың  бір-біріне  өтуі»,  –  деп  жауап  береді.  Ауру  денсаулықтың 

қадірін  көрсетіп,  жағымды  етсе,  аштық  тойымдылық  тудырады... 

егер өкпе-реніш болмаса, біз әділеттіліктің не екенін білмес едік және 

т.б.  Дүниедегі  барлық  осы  өзгерістерге  Логос  (грекше  –  ілім,  сөз) 

бақылау жасайды. Гераклиттің түсінігінде ол заңға жақын. гераклит 



диалектиканың  –  қозғалыс  пен  даму  туралы  ілімнің  негізін  қалады 

деуге болады.

Сәл  кейініректе  Гераклиттің  адамның  ішкі  дүние-әлеміне  қатысты 

идеяларын  сократ  (б.з.д.  470-399  жж.)  зерттеген.  Ол  жеткілікті 

дәрежеде  жұмбақ  адам  болатын.  Ол  туралы  замандастарының  тым 

қарама-қайшы естеліктері қалған: «Аристофанның «Бұлттарында» ол – 

жалған данышпан-сопылардың бірі, ал Ксенофанның естеліктерінде – 

заңға  құлықты,  салт-жораларды  және  өз  елінің  Құдайларын  құрмет-

тейтін, жастардың ұстазы болса, Платон үшін – ешкім тең келмейтін 

данышпан.

Сопылардың: «Адам – барлық заттардың өлшемі», – дейтін тұжы-

рымымен  келісе  отырып,  Сократ  адамға  қатысты  бұл  тұжырымды 

өмір  тауқыметі  еңсесін  басқан  нақты  бір  адамға  емес,  текті  бір  тірі 

тіршілік  иесіне  жатқызады.  адам  мәселесін  ол  өз  философиясының 



түпқазығына  айналдырады.  Оның  ойы  бойынша,  адамның  денесі 

болғанмен,  ондағы  басты  нәрсе  –  жан.  Өз  заманының  адамдары-

на  қаратып,  олардың  бірінші  орынға  денсаулықты,  байлықты  және 

басқа  да  адамға  қажетті  заттарды  қоятынын  айтты,  ал  сол  уақытта 

бірінші  кезекте  адамдар  жандарының  тазалығын  ойлауға  тиіс  еді 

ғой.  Сократтың  пайымдауынша,  жақсылық  –  білімдерде,  ал  жаман-

дық – надандықта. Адам неге жамандық жасайды? – Білместіктен. Егер 

ол  бұның  жамандық  екенін  білсе,  олай  істемеген  болар  еді.  Ізгілік  – 

жақсылықты білу, батылдық – ол қауіп төнген сәтте не істеу керектігін 

білу, әділеттілік – ол азамат пен мемлекеттің өзара қарым-қатынастары 




жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   142




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау