Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі



жүктеу 0,88 Mb.
бет5/5
Дата10.12.2017
өлшемі0,88 Mb.
#3601
түріДиплом
1   2   3   4   5

Аудару құқығы. Кеңестік кездегі авторлық заңда, қорғалатын туындыны басқа тілге аударуға қатысты өз мінезі бойынша әр түрлі нормалар болған.

1929ж Негізде аударуға еркіндік бекітілген (9-бап «а» тармағы), яғни басқа тілге аударуды жүзеге асыруда аударылатын туынды авторының келісімі талап етілмеген. Бұл норма туындыға қол сұқпаушылық құқықтан бөлек бір ерекшелік деп танылған, туындыға қол сұқпаушылықтың керектігі, бір ғылыми білімнің көбеюімен, идеологиялық ереженің таратылуымен, көркемдік мәдениеттің дамуымен және кеңестік мәдениеттің дамуындағы мағыналылықпен түсіндірілген.

1961ж Негіздің 102-бабында, шығарылған туындыларды басқа тілге, авторды хабардар етіп және туындының бүтіндігін сақтау шартымен, аударуға рұқсат еткен. Ғылымда бұл ереженің негізі, автор мен қоғамның солидарность идеясы болған. Одақтық мемлекеттердің Ак-сі авторды хабардар ету міндетін аудармашыға емес, аудырылған түрдегі туындыны пайдаланбақшы ұйымға жүктеген.

СССР –дың 1952ж авторлық құқық туралы Әлемдік (Женевалық) конвецияға отыруы, авторлық құқық туралы заңға көптеген өзгертулер енгізуді талап етті. 1961ж Негізіне және КазССР Ак-не бірқатар өзгерістер енгізілді, соның ішінде аударуға құқыққа да енгізілген. Енгізілген ережеге сәйкес туындыны басқа тілге аудару автордың немесе оның мұрагерінің келісімімен, жарыққа шығару мақсатында жүзеге асырылған (Қазақ ССР АК-нің 484-блабы), және автордың туындысын (соның ішінде басқа тілге аударылған түрінде де) басқа тұлғалардың пайдалануы, тек автормен немесе оның мұрагерімен шарттың негізінде жүзеге асырылған. Тек заңда көрсетілген жағдайлардан басқа (Қазақ ССР АК-нің 483-бабы).

Бірақ Қазақ ССР АК-нің, аударуды автордың келісімімен жүзеге асыру ережесі тек жарыққа шықпаған туындыларға қатысты болды, ал Қазақ ССР АК-нің 483-бабындағы ереже туындыны жариялау, қайта шығару және тарату жолымен пайдалану жағдайына қатысты болды, бірақ аудару емес. Және Қазақ ССР АК-нің 488-бабы 2,5-тармақтарына сәйкес, автордың келісімімен бір тілде жарияланған туынды, автордың келісімінсіз аударылған басқа тілде еркін қолданылған болуы мүмкін.

Бір рет бір тілге аударылып жарияланған туындының түпнұсқасы автордың келісімі, аударуға және басқа тілде пайдалануға, талап етілмеген. Сол кездегі әдебиетте былай деп көрсетілген, автор құқығы тек туындыны пайдаланудың белгілі бір әдісіне қатысты, ал аудару дербес авторлық құқық болып табылмайды.

Қазақстан Респубуликасының авторлық құқық туралы заңында аударуға құқық автордың мүліктік құқықтарының бірі болып табылады. Аударуға құқық, туынды авторының немесе авторлық құқықтардың өзге иесінің туындыны аударуды жүзеге асыру, рұқсат ету немесе жүзеге асыруға тыйым салу құқығын білдіреді.

Туындыны басқа тілге аудару, автор және аудармашының арасындағы авторлық шарт негізінде жүзеге асырылады. Автордың келісімімен туындыны басқа тілге аударуды жүзеге асырған тұлға, өзі жасаған аудармаға авторлық құқықтың иегері болады. Сондықтан да туындының келесі пайдаланылуында, аударма авторының да түпнұсқа авторының да келісімін талап етеді.

Туындыны аударуға құқық, жариялау мақсатында аударылған жағдайда да және келесі пайдаланылуды мақсат етпей аударса да, танылады, мысалы, туындыны жеке пайдалану үшін аудару. Бірақ, біздің ойымызша туындыны жариялауға арналмаған аударуға тыйым салудың тәжірибелік мағынасы жоқ. Шет ел тілін меңгерген қандай да тұлға туындыны аударуды жүзеге асыра алады, мысалы, жеке пайдалану үшін. Бұл жағдайда, аудармашының шығармашылық еңбегі экономикалық мазмұнынан айырылады, өйткені аударылған туынды мүліктік қатынастың пәні болмайды, азаматтық айналымға енгізілмейді. Аударылған туынды кейін белгілі бір әдіспен пайдаланылса экономикалық мазмұн пайда болады. Туындыны басқа тілге аудару құқығын авторлық шарт бойынша беру, біздің ойымызша, тек аударылған туындыны қандай да әдіспен пайдаланбақшы болған кезде ғана мағынаға ие болады. Бұл жерде, туындыны аударуға құқықтың мүліктік мінездемесі, аударылған туындының белгілі бір әдіспен пайдаланылуында жатыр.

Аударылған туындыны, басқа авторлар – аудармашы басқа тілге аударуы мүмкін. Аударма жасаған автордың құқығы ол үшін кедергі болмайды. Түпнұсқа авторы өз туындысын басқа тілге аудару туралы қанша болсын шарт жасасуға құқылы. Іс жүзінде ол, бірінші аударма жасаған аудармашымен шартта шектелуі мүмкін. Бұндай шектеу автордың туындыны жүзеге асыруға құқықты басқа тұлғаларға беруіне тыйым салуына әсер етуі мүмкін, мысалы сол тілге немесе туынды аударылған күйінде жарияланбас бұрын.



Туындыны өңдеуге құқық. Заңда бекітілген жаңа мүліктік құқық, автордың туындыны қайта өңдеу құқығы, басқа тұлғаларға қайта өңдеуге рұқсат ету немесе тыйым салу. Бұл құқық туындыны қайта өңдеудің (қайта жасаудың) барлық жағдайларын қамтиды, ол арқылы, туындының жаңа әдіспен немесе басқа жағдайда пайдаланылуына жол беретін туындының нысаны элементі өзгереді.

ҚР Ак-нің ерекше бөлімі және 1996 жылғы заң қабылданбас бұрын туындыны қайта өңдеу туралы ереже Қазақ ССР Ак 488 бабы 1 – тармағында бекітілген болатын, онда, жаңа шығармашылық дербес туынды жасау үшін басқа біреудің жарияланған туындысының пайдаланылуына жол беру, повесттік туындыны драмалық туындыға немесе сценарийге және керісінше қайта өңдеуден басқа, сондай-ақ драммалық туындыны сценарийге және керісінше қайта өңдеуден басқа.

Бірақ басқа біреудің туындысының негізінде, жаңа шығармашылық дербес туындының жасалуы туынды мазмұнындағы элементтермен келісуге негізделеді. Бұндай элементтер, тақырып, сюжеті, идеялық мазмұны және т.б., өз өзінен авторлық құқықпен қорғалмайтындар болуы мүмкін. Қазақ ССР АК-нің 488-бабы 1-тармағындағы жағдайда, туындының ішкі мазмұны сақталып, тек туындының сыртқы нысаны ғана өзгеріске ұшырауы жатқызылады.

Туындының қайта өңделуі әр түрлі мақсатта жүзеге асырылуы мүмкін. Мысалы, әдеби туынды оның негізінде кинофильм түсіру үшін қайта өңделуі мүмкін, музыкалық туынды әр түрлі аспаптарда пайдаланылуы үшін аранжировкаға ұшырайды немесе ғылыми мақала оқу құрал үшін өңделеді.

Басқа мүліктік құқықтар сияқты, қайта өңдеуге құқық авторлық шарттың негізінде беріледі.

Туындыны қайта өңдеудің міндетті шарты, туындының өзгеруіне немесе бұрмалануына жол бермеу.

Айтылып кеткендей, қол сұқпаушылық құқық пен қайта өңдеуге құқықтың айырмашылығы, егер туындыға қол сұқпаушылық құқық туындыда бейнеленген автордың өзіндік шығармашылығын қорғаса, туындыны қайта өңдеуге құқық туындыны қайта өңделген нысанда келісімсіз пайдалануға тыйым салады. Қайта өңдеуге құқықтың мінезі, қайта өңделген туындының пайдаланылуына рұқсат ету немесе тыйым салу құқығында. Сондықтан да, қанадай да өзгертулер туындыға автор келісімімен енгізілуі тиіс, ал өзгертілген түрдегі туындының пайдаланылуына өзгеріс енгізген автордың мақұлдауымен жол берілуі тиіс.

ҚОРЫТЫНДЫ
Авторлық құқық проблемасын қарастыруда дұрыс шешім қабылдау мемлекет пен қоғам үшін өте маңызды. Авторлық құқық 18-19 ғасырларда кейбір европалық мемлекеттерде пайда болып, бүгін бүкіл дүние жүзіне таралған. Баспагерлердің құқығын қорғау әдісінен ол әлеуметтік, мәдени және экономикалық дамудың мықты факторына айналған. Мемлекетіміз автордың жеке құқықтарын қорғауға жағдай жасай отырып және де туындылардың пайдаланылғаны үшін сыйақы алу жағдайын қамтамасыз ете отырып, адамдардың шығармашылық белсенділігінің жоғарлауына, шығармашылықтың барлық салаларындағы туынды санының өсуіне әсерін тигізіп отыр.

Автордың құқықтары мүліктік емес жеке және мүліктік болып бөлінеді. Мүліктік емес жеке құқықтар туралы Қ.Р-ның «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңының 15-бабында және Қ.Р-ның АК-ның 977-бабында бекітілген. Бұл баптарда жеке құқықтардың төрт дәрежесі көрсетілген. Тағы бір бесінші жеке құқық – еркін пайдалану құқығы – 17-баптың 1-бөлігінде көрсетілген.

Авторлық құқық – туындының авторы ретінде танылу, яғни авторы болып саналу құқығы. Ол авторлық атқа құқықпен сәйкес келмейді.

Автордың фактілік еңбекті жасауына байланысты оны бекітуі және құқықтық бейнесі болып табылады.

Авторлықты басқа тұлғалар иемденген жағдайда, автор, басқа құқыққа емес, осы авторлық құқыққа сүйене отырып, өз мүддесін қорғауды талап етеді.

Авторлық атқа құқық дегеніміз туындының пайдаланылу жағдайындағы автордың атын көрсету әдістеріне құқық. Заңда есімді көрсетудің мүмкін болатындай үш әдісі көрсетілген: шын есім, лақап есім (бүркеншек есім), есімін көрсетуден бас тарту (жасырындық).

Есімге авторлық құқық кез келген жеке тұлғаға тиесілі есімге жалпы азаматтық құқықпен сәйкес келмейді.

Автордың атын көрсету әдісі авторлық шарт жасалған жағдайда, онда бекітілуі тиіс. Одан кейін автор да пайдаланушы да біржақты авторлық аттың көрсетілу әдісін өзгертуге құқығы жоқ.

Егер туынды лақап атпен немесе жасырындықпен пайдаланылып жүрсе, автордың шын атын білетін тұлғалар (оның ішінде автормен авторлық шартқа отырған пайдаланушы), автордың келісімінсіз оның шын атын ашуға құқығы жоқ.

Бірақ, егер ғалым зерттеу жұмысының нәтижесінде, белгілі бір туындының авторы белгілі тұлға, деген қорытындыға келген жағдайда және ол қорытындысын жарияласа, ол ешқандай автордың жеке құқықтарын бұзған болып саналмайды.

Автор қай сәтте болсын өзінің өзінің лақап атын немесе жасырындықты алып тастап, шын атын ашуы мүмкін.

Автор бірнеше лақап атты иеленуі мүмкін. Ол тек кейбір туындылары үшін лақап атты қолданып, басқаларына шын атын қолдануы мүмкін.

Туындыға қол сұқпаушылық құқық – автордың үшінші мүліктік емес жеке құқығы. Оның мақсаты, ол туындыға, автордың беделіне нұқсан келтіретін, өзгертулердің (бұрмалаулардың), енгізілуінен қорғау. Негізінен туындыға, автордың беделіне нұқсан келтірмейтін өзгертулерді де автордың келісімінсіз енгізуге жол берілмейді.

Автордың беделін қорғау құқығы туынды, автордың ойын бұрмалайтын алғы сөз, соңғы сөз және тағы басқалармен толықтырылса да әрекет ете береді.

Автордың төртінші мүліктік емес жеке құқығы – туындыны халыққа жария ету, ол кез келген үшінші тұлғаларға туындыны еркін пайдалануды қамтамасыз етуді білдіреді.

Туынды тек автордың келісімімен кең тұлғалар тобының пайдалануы үшін қамтамасыз етілген жағдайда ғана жарияланған болып саналады.

Егер автор өз туындысын жариялағаннан кейін, оның әрі қарай кең қолданылуын қаламаса, ол әдетте авторлық шарттарға отырудан бас тартады. Онымен қатар автор туындыны кері қайтарып алуға құқығын пайдалануы мүмкін. Яғни таратылған туындыларын өз есебінен қайтып алуы. Қызметтік туындыларды жасаған кезде оны кері қайтарып алуға болмайды.

АК-тың 978-бабының 1-бөлігінде және заңның 16-бабының 1-бөлігінде, туынды автордың немесе авторлық құқықтардың өзге иесінің сол туындыны кез келген нысанда және кез келген әдіспен пайдалануға мүліктік (айрықша) құқығы бар деп көрсетілген.

Бұл, барлық автордың мүліктік құқықтары бір құқыққа бірлескен – туындыны пайдалануға құқық дегенді білдіреді.

Заңның 16-бабының 2-бөлігінде, автордың туындыны пайдалануға айрықша құқықтары төменгі әрекеттерді жүзеге асыру, рұқсат ету немесе жүзеге асыруға тыйым салу құқығын білдіреді делген. Олар, яғни автордың мүліктік құқықтары мыналар:

1) туындыны қайта шығару;

2) туындыны тарату;

3) туындыны импортқа әкелу;

4) туындыны жария көрсету;

5) туындыны жария орындау;

6) туындыны жария хабарлау;

7) туындыны эфирде жариялау;

8) туындыны кабель арқылы хабарлау;

9) туындыны аудару;

10) туындыны өңдеу.

Қайта шығаруға құқық, авторлық құқық объектілерін яғни туынды даналарының белгілі бір мөлшерін дайындау арқылы пайдалануды білдіреді.

Ал туындыны тарату деп, туынды немесе оның даналарын азаматтық айналымға енгізетін әрекетті жүзеге асыруды айтамыз, яғни сату, жалға беру және өзге де жолмен.

Туындыны жария көрсету деп, автордың отбасы мүшесіне кірмейтін көптеген тұлғалар тобына туындыны қандай да көрсету, танылады. Көрсету объектісі болып, нысаны мен қасиеті бойынша бұндай көрсетуге жататын қандай да бір туынды танылады.

Заңның 2-ші бабына сәйкес, орындау – туындыны, фонограмманы көрсету, рөлді, ән, биді тікелей орындап немесе қандай да болсын техникалық құралдардың (телерадио хабарларының, кабельдік теледидардың және сол сияқтылардың) көмегімен көрсету, қою. Дыбыс-бейнежазу туындысының кадрларын олардың реті бойынша дыбыспен сүйемелдеп немесе сүйемелдемей көрсету.

Орындаушы, автормен шарттың негізінде алған туындыны орындауға құқықты жүзеге асыра отырып, яғни орындай отырып, өзі сабақтас құқықтың субъектісі болады.

Туындыны жария хабарлау, туындыны халыққа жеткізудің бір әдісі болып табылады.

Туындыны, эфир және кабель бойынша хабарлау, оның пайдаланылу процессін бақылауға мүмкіндік береді. Туындыны жария хабарлауға құқық, автор мен сәйкесінше ұйымның арасындағы авторлық шарттың негізінде беріледі.

Аударуға құқық, туынды авторының немесе авторлық құқықтардың өзге иесінің туындыны аударуды жүзеге асыру, рұқсат ету немесе жүзеге асыруға тыйым салу құқығын білдіреді.

Автордың туындыны қайта өңдеу құқығы, басқа тұлғаларға қайта өңдеуге рұқсат ету немесе тыйым салуды білдіреді. Бұл құқық туындыны қайта өңдеудің (қайта жасаудың) барлық жағдайларын қамтиды, ол арқылы, туындының жаңа әдіспен немесе басқа жағдайда пайдаланылуына жол беретін туындының нысаны элементі өзгереді.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.«Авторды қорғау руханиятты қолдау» Оразалиев С.Ш. А – 2000.

2.Авторлық құқық және сабақтас құқықтар терминдерінің ықшам сөздігі. Ақыпбекұлы Д.Ж. А – 2000.

3. Макагонова Н.М. «Авторское право» М – 2000.

4. Казаков Ю.В. «Защита интеллектуальной собственности». М – 2002.

5.Серебровский В.И Вопросы советского авторского права. – М., 1986.

6.Антимонов Б.С., Флейшиц Е.А. Авторское право. – М., Гостюриздат, 1987. 7.Табуцадзе Ю.П. Личные неймущественные права авторов пройзведений интеллектуального творчества: Автореф. дисс на сойскание уч. степени канд юрид. наук. - М., 1987.

8.Кириллова М.Я. Развитие советского авторского права. – Свердловск: издательство УрГУ., 1982.

9.Иоффе О.С. Советское гражданское право (курс лекций) – ЛГУ,1975.

10.Ромовская З.В. Право авторства.//Проблемы советского авторского права. – М., 1979.

11.Гаврилов Э.П. Советское авторское право. Основные положения. Тенденции развития. – М.: «Наука», 1984.

12.Савельева И.В. Правовое регулирование отношений в области художественного творчества. – М.: МГУ,1986.

13.Данилов Ю., Смородински Я. Предисловие к кн. Льюис Кэррол. «История с узелками». – М.: Мир, 1985.

14.Гарибян А.М. Авторское право на пройзведения науки. – Ереван, 1985.

15.Ваксберг А.И. Издательство и автор. – М.:Искуство, 1987.

16.Гаврилов Э.П. Вступительная статья в кн.: Закон об авторском праве и смежных правах. – М.: издательство «БЕК», 1993.

17.Ярыгина Т. «Защетите слово!» //Литературная газета. 1987, 14-октября

18.Белявский А.В., Придворов Н.А. Охрана чести и достойнства личности в СССР – М: Юредическая литература, 1971.

19.Райгородский Н. Наследование имущественных прав автора по советскому авторскому праву// Социалистическая законность, 1986.

20.Иоффе О.С. Новая кодификация советского гражданского законодательства и охрана чести и достойнства граждан.// Советское государство и право. 1972.

21.Гаврилов Э.П. О некоторых чертах авторского права СССР //Бюллетень по авторскому праву. – 1991.

22.Гришаев С. Юредическое значение права на опубликование пройзведения // Советская юстиция. 1988, № 9.

23.Дозорцев В.А. Авторские правомочия // Проблемы современного авторского права. – Свердловск: УрГУ, 1980.

24.Комментарий к Гражданскому кодексу Казахской ССР. – Алма-Ата:Казахстан, 1990.

25.Международные конвенций об авторском праве // Комментарий – М., 1982.

26.Гордон М.В. Советское авторское право – М.: Госюриздат, 1985.

27.Гаврилов Э.П. Опринципах советского авторского права // Советское государство и право. 1988, № 3.

28.Сергеев А.П. Право интеллектуальной собственности в Р.Ф. – М.,1996.

29.Кабатов В.А. Советское авторское право на произведения изобразительного искусства: Автореферат дисс. на соискание уч. степени канд. юрид. наук, М., 1984.

30.Никитина М.И. Авторское право на пройзведение науки, литературы и искусства. – Казань, 1983.

31.Юрченко А.К. О природе авторского права // Проблемы гражданского права. – Л., 1987.

32.Интеллектуальная собственность. Новосибирск В.О. «Наука» 1993.

33.Сергеев А.П. Авторское право Россий. – СПб, 1994.

34.Дюма Р. Литературная и художественная собственность. М. «Юридическая литература» 1992.

35.Матвеев Ю.Г. К вопросу о присоединений СССР к Всемирной (Женевской) конвенции об авторском праве – 1952 г. – кн. Проблемы современного авторского права. Свердловск, 1980.

36.Исханова Е.У. «Авторское право субьективное гражданское право по законодательству Р.К.»: дисс. на соискание уч. степени канд. юрид. наук, А., 2001.

37.Бейсембин К.Е. «Право авторов пройзведений.: проблемы теорий и законодательства Р.К.» дисс. на сойскание уч. степени канд. юрид. наук, А.,2000

38. Комментарий к Гражданскому кодексу Р.К. – А., 1998.

39. Комментарий к закону об авторском праве и смежных правах. Гаврилов Э. М: 2002.

40. Заң терминдерінің сөздігі. Оқу құрал. Оразалинов С. А – 2004.

НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР
1. Қ.Р-ның «Конститутциясы» 1995-жылы 30-тамызда қабылданған.

2. Қ.Р-ның «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңы

2-ші басылымы – А: 2004 ж.

3. Қ.Р-ның «Азаматтық кодексі» (ерекше бөлім) соңғы басылымы – А: 2006 ж.

4. Қ.Р-ның «Қылмыстық кодексі» (ерекше бөлім) соңғы басылымы – А: 2006 жыл.

5. Қ.Р-ның «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі» соңғы басылымы – А: 2006 жыл.







жүктеу 0,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау