Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі


Туындыны қайта шығаруға құқық



жүктеу 0,88 Mb.
бет4/5
Дата10.12.2017
өлшемі0,88 Mb.
#3601
түріДиплом
1   2   3   4   5
Туындыны қайта шығаруға құқық. Қайта шығаруға құқық, авторлық құқық объектілерін даналардың белгілі бір мөлшерін дайындау арқылы пайдалану мүмкіндігіне негізделген. Қайта шығару туындыны пайдалану әдісі ретінде, авторлық заңда ашып қарастырылған, онда, туындының немесе фонограмманың бір немесе одан көп данасын кез-келген материалдық нысанда, соның ішінде үнжазба және бейнежазба нысанында дайындау. Туындыны немесе фонограмманы уақытша немесе тұрақты сақтау үшін электрондық (санын қоса), оптикалық немесе өзге де машинамен оқылатын нысанда жазып алу да қайта шығару болып табылады (2-бабы). Азаматтық кодекстің 978-ші бабының 3-ші тармағында қайта шығаруды, «туындыға түпнұсқасындағыдай объективті нысанды қайталап беру (туындыны басып шығару, дыбыс немесе бейне жазулар таралымы және т.б.) қайта жаңғырту болып табылады» деп көрсеткен. Көріп отырғандай, «қайта шығару» терминінің түсінігі Азаматтық кодекске қарағанда, авторлық құқық туралы заңда кеңірек қарастырылған. АК-тің тар қарастыру себебі, ондағы туындыға қандай болсын объективтік нысанды беру туралы талабы емес, тек қатал түрде түпнұсқа күйіндегі нысанды беру.

Авторлық құқық туындыға қандай болсын объективтік нысанда көрсетілген күйінде таралады. (Заңның 6-шы бабы мен ҚР АК-нің 971-бабы). Творчествалық процесстің аяқталуынан белгілі бір объективтік нысанда пайда болған туынды, оны қайта шығару процессінде тіпті басқа болып өзгеріп кетуі мүмкін. Ол бірінші кезекте алғашында ауызша нысанда болған туындыларға қатысты, бірақ оны қайта шығару процессінде, мысалы пленкаға жазу, оның объективтеу нысаны өзгерген. Ол материалдық нысандағы туындыны қайта шығарумен байланысты қандай да болсын жағдайларға қатысты болады. Мысалы, кинофильмді бейнетаспадан компакт дискға жазу. Осылайша, авторлық құқық туралы заңда берілген «қайта шығару» терминінің анықтамасы нақтырақ көрсетілген.

Туындының объективтік нысаны, оның қорғау қасиетінің міндетті шарты ретінде, туындыны қайта шығару жолымен пайдалануға мүмкіндік береді. Әр түрлі нысандағы туындыларда да қайта шығарудың түрлі әдістері болады.

Кеңестік заңи ғылымда, қайта шығару түсінігі туындыны халыққа жеткізудің қандай болсын әрекетінен құрыла ма, әлде тек туындының көшірмесін жасаумен ғана шектеле ма деген дау ұзақ уақытқа созылады. 1991 жылғы Негізде қайта шығару түсінігіне, эфирге беру бейне және дыбыс жазба, туындыны жария орындау қосылған. Қазіргі заң қайта шығару түсінігін әлдеқайда тар көрсеткен онда, - туынды даналарын қандай болсын материалдық нысанда дайындау деген.

Жалпы тәртіп бойынша, қорғалатын туындыларды қайта шығару тек автордың келісімімен жүзеге асырылады. Бірақ заңмен, автордың немесе басқа авторлық құқық иесінің келісімінсіз туындыларды қайта шығару және бірқатар жағдайларда сыйақы төлемей ақ қайта шығаруға жол берілген. Автордың ерекше құқықтарына бұндай шектеулер жоғарыда айтылып кеткендей, авторлық құқықты иеленбейтін, басқа тұлғалардың мүддесін қамтамасыз ету керектігіне негізделген. Заңның 18-ші бабына сәйкес, заңды түрде жарияланған туындыны автордың келісімінсіз және авторлық сыйақы төлемей жеке тұлғаның тек өз мақсаты үшін, осы заңның 26-бабында көзделген реттерді қоспағанда, жалғыз дана етіп көшірмелеуіне жол беріледі. Осы ереже: үйлер және солар сияқты ғимараттар түріндегі сәулет өнері туындыларын көшірмелеуге; деректер базаларын немесе олардың елеулі бөліктерін көшірмелеуге; осы заңның 24-бабында көзделгендерден басқа реттерді қоспағанда, ЭЕМ-ге арналған бағдарламаларды көшірмелеуге; кітаптарды (толығымен) және нота мәтіндерін репродукциялауға қолданылмайды.

Келтірілген нормаға сәйкес, туынды авторлары, заңның 18-ші бабы 2-тармағы және 26-шы бапта қарастырылған жағдайлардан басқа жағдайда, жеке тұлғаларға туындының көшірмесін жалғыз данада дайындауға тыйым салуына құқығы жоқ. Бұл жағдайда автор немесе басқа авторлық құқық иелері сыйақы алмайды. Заңның 26-шы бабына сәйкес, туынды автордың, орындаушының және фонограмма жасаушының келісімінісіз, бірақ оларға сыйақы төлеп, дыбыс-бейнежазу туындысын немесе туындының дыбыстық жазбасын жеке мақсатта көшірмелеуге жол беріледі. Бұндай көшірмелеу үшін сыйақыны осындай көшірмелеу үшін пайдаланылатын жабдықтарды (дыбыс және бейнемагнитофондарды, өзге де жабдықтарды) және материалдық жеткізгіштерді (дыбыс және (немесе) бейнетаспалар мен кассеттер, шағын дискілер, өзге де материалдық жеткізгіштер) дайындаушылар немесе импорттаушылар төлейді. Бұл сыйақыны жинау мен бөлуді аквторлардың, фонограмма жасаушылардың және орындаушылардың мүліктік құқықтарын ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың біреуі осы ұйымдар арасындағы келісімге сәйкес жүзеге асырады.

Осылайша, жеке мақсатта туындыны қайта шығару кезінде сыйақы алуға құқықты, тек аудиовизуалдық туындыны, дыбыс жазба нысанындағы туындылар авторлары, фонограмма орындаушылары және шығарушылары иеленеді. Бұдан басқа, жеке мақсатта қайта шығаруға тыйым салынбаған туындылардың авторлары, авторлық сыйақы алмайды.

Заңның 20-шы бабында былай делінген, Автордың келісімінсіз және сыйақы төлемей, бірақ туындысы пайдаланылатын автордың есімі мен қай деректен алынғаны міндетті түрде көрсетіле отырып туындының жалғыз данасын:



  1. Заңды түрде жарияланған туындыны кітапханаларда және архивтерде қалпына келтіру, жоғалып кеткен немесе бүлінген даналарды ауыстыру, өз қорындағы туындыны белгілі бір себептермен жоғалтып алған басқа кітапханаларға туындының даналарын беру үшін;

  2. Кітапханалр мен архивтердің жинақтарында, газеттерде және басқа мерзімді басылымдарда заңды түрде жарияланған жеке мақалалар мен шағын көлемді туындыларды, заңды түрде жарияланған жазбаша туындылардан қысқаша үзінділерді (суретпен немесе суретсіз) жеке тұлғалардың оқып-үйрену және зерттеу мақсатындағы сауалдары бойынша;

  3. Жинақтарда, газеттерде және басқа да мерзімді басылымдарда заңды түрде жарияланған жекелеген мақалалармен шағын көлемді туындыларды, заңды түрде жарияланған жазбаша туындылардың қысқаша үзінділерін (суретпен немесе суретсіз) білім беру мекемелері дәрісханалардағы сабаққа пайдалану үшін, пайда алмай репродукциялауына жол беріледі.

Қазіргі жағдайда электрондық аппаратура қандай болсын тұлғаға арзан және еш қиындықсыз туынды көшірмесін дайындауға жағдай жасап отыр. Ұйымдарда, жоғары оқу орындарында, кітапханаларда фотокөшірмелік құрал-жабдық қойылады, ол қандай да болсын құжаттың түпнұсқасынан ажырата алмайтындай етіп көшірмелеуге жол береді. Қазіргі фотокөшірмелеудің кеңдігі қорғалатын туындылардың дұрыс пайдаланылуына кедергі жасайды және бұндай құрал жабдықтың пайдаланылуынан көркемдік және ғылыми туындылардың көп даналары жасалғандықтан автордың және баспахананың мүддесі бұзылады.

Өкінішке орай, туындыны пайдалануға рұқсат ету құқығы сыйақы алуға құқықпен ауыстырылатыны туралы әлемдік тәжірибеден жасалған жүйе Қазақстан Республикасы заңында толық көлемде қамтылмаған. Бұндай жүйе мәжбүрлі лицензия деп аталады. Ондай аталу себебі, ол авторлық құқық иесінің өз құқығын жүзеге асыру нәтижесі емес, құқық нормасының әрекетінің нәтижесі болып табылады. Мәжбүрлі лицензиялау жүйесін қолданған жағдайда туынды немесе сабақтас құқық объектісі автордың келісімінсіз, бірақ авторлық сыйақы төленіп пайдаланылады. Мәжбүрлі лицензия институты СССР-дың авторлық заңында орын алған. Ол СССР-ң 1952-ші жылғы Авторлық құқық туралы әлемдік конвенцияға қосылуынан болды.

Қазақстан Республикасы авторлық құқық туралы заңының 17-бабы 1-тармағында, қайта шығару құқығына әсер ететін құқықтар бекітілген. Ол «Бейнелеу өнері туындыларын еркін пайдалану құқығы. Қадағалау құқығы» деп аталады. Бейнелеу өнері шығармасының авторы туындының меншік иесінен өз туындысының көшірмесін жасау құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік беруін талап етуге құқылы. Бұл ереже авторлық құқықтың материалдық объектіге меншік құқығынан тәуелсіздігі туралы нормамен байланысты. Бейнелеу өнері туындысының иесі, авторға бұл туындыны қайта шығару үшін еркін пайдалануын қамтамасыз етуге міндетті. Бұл орайда туындыны меншік иесінен туындыны авторға жеткізіп беруді талап етуге болмайды.

Тарату құқығы және импортқа әкелу құқығы. Заңға сәйкес автор немесе басқа авторлық құқық иесі, туынды немесе оның даналарының таратылуына рұқсат ету немесе тыйым салуды жүзеге асыруына ерекше құқықты иеленеді. Туындыны тарату деп, туынды немесе оның даналарын азаматтық айналымға енгізетін әрекетті жүзеге асыруды айтамыз, яғни сату, жалға беру және өзге де жолмен.

Туындының түпнұсқасын немесе даналарын таратуға құқықтың мазмұны, туындыға қатысты сатып алу – сату, сыйлау, жалға беру және т.б. әрекет етуге автордың рұқсат ету немесе тыйым салуды жүзеге асыру құқығын құрайды. Туындыны тарату жиі оны қайта шығару болып табылады, яғни туынды даналарын жасау. Бірақ айта кеткен жөн, туындының тек даналары ғана емес, сонымен қатар түпнұсқасы да таратылуы мүмкін. Туынды материалдық пән ретінде азаматтық-құқықтық келісім шарттың объектісі болады. Бұл жерде автор, туынды даналарын азаматтық айналымға енгізу туралы сұрақты қаншалықты шешуге құқылы деген сұрақ туады.

Заңда көрсетілгендей, таратуға құқықтың мазмұны меншік иесінің өз затын (мүлкін) басқару құқығына сәйкес келген, өйткені бұл жерде меншік құқығының туынды көрсетілген материалдық түрге ауысуы туралы айтылған. Жиі түрде автор туынды даналарына меншік құқығының субъектісі болып табылмайды, мысалы, кітаптың шығарылған даналарының барлық тиражына. Туынды даналарына меншік құқығын әдетте туындыны қайта шығаруды жүзеге асырған тұлғалар иеленеді. Бұл, қайта шығаруды автордың өзі жүзеге асырмаған жағдайда, сондай-ақ қайта шығарылған туынды даналарын автор өз меншігіне алмаған жағдайларға байланысты. Осылайша, бұл жағдайларда туынды даналарын басқаруды, осы туынды даналарын өзінің немесе сырттан шақыртылған материалдық және техникалық құралдарын пайдаланып дайындауды жүзеге асырған тұлға иеленуі керек.

Жоғарыда айтылып кеткендей, заңда авторлық құқық және меншік құқығы екеуі бөлек қарастырылады. Заңның 6-шы бабы 5-ші тармағында былай деп қарастырылған, «туындыға деген авторлық құқық туынды жасалған материалдық объектіні меншіктену құқығымен байланысты емес. Материалдық объектіні меншіктеу құқығының немесе материалдық объектіні иелену құқығының өзгеге берілуі, осы заңның 18-бабында көзделген реттерді қоспағанда, сол объектіде көрсетілген туындыға қандай да болсын авторлық құқықтың ауысуына өздігінен әкеп соға алмайды». Осылайша туындының түпнұсқасы немесе даналары меншік құқығының объектісі болып табылатын (бірақ туындының өзі емес) материалдық зат ретінде таратылуы мүмкін.

Туынды даналарын басқару бойынша құқықтың субъектісі айтылып кеткендей, жиі түрде автор емес, басқа тұлғалар болады. Бұндай жағдайда автордың туынды даналарын таратуға тыйым салуы, мысалы, өз қаражатына туындыны қайта шығарған баспахананың ол туынды даналарын сату жолымен, дұрыс емес болады, және бұндай тыйым салу баспахананың бұл даналарға меншік құқығын бұзу болып табылады. Егер автор және туынды даналарының меншік иесі бір адам болған жағдайда, туындының түпнұсқасын немесе даналарын сатуда автор авторлық құқықты (туындыны тарату құқығын) жүзеге асырмайды, ол меншік иесінің оған тиесілі затты басқаруға құқығын жүзеге асырады.

Туынды даналарының белгілі бір санын азаматтық айналымға енгізу туралы шешім қабылдаған автор құқығы, туындыны қайта шығару кезеңінде тоқтатылады. Туындыны қайта шығару туралы авторлық шарт негізінде пайда болған даналар, автор кері қайтарып алу құқығын пайдаланбаған жағдайда, меншік иесінің қарауы бойынша таратылуы тиіс.

Әдебиетте тарату құқығына, туынды даналарын азаматтық айналымға енгізумен байланысты емес әрекет жасауды жатқызу керектігі туралы пікірлер айтылған, мысалы, М.В.Гордан, әдеби туындылар жария орындау жолымен таралуы мүмкін деп көрсеткен. Қазіргі авторлық заң бұндай әрекеттерді негізді түрде басқа құқық мазмұнына қосқан.

Заңның 16-бабы 3-тармағына сәйкес, егер туындының заңды түрде жарияланған даналары оларды сату арқылы азаматтық айналымға түсірілсе, онда оларды автордың келісімінсіз және сыйақы төлемей одан әрі таратуға жол беріледі. Туынды даналарын алған қандай да тұлға, кейін оны сатуы немесе сыйлауы мүмкін. Осылайша, Заңның логикасы бойынша, белгілі бір туынды даналарын (немесе түпнұсқасын) таратуға құқықты автор тек бір рет жүзеге асырады – туынды (түпнұсқасын) даналарын алғаш рет айналымға енгізгенде.

Заңда туынды түпнұсқасын немесе даналарын тарату әдісін бөлу бекітілген. Туынды түпнұсқасы немесе даналарына меншік құқығынан тәуелсіз, туындының түпнұсқасын немесе даналарын жалға беру (және көпшілікке жалға беру) арқылы тарату құқығы, ол даналарға меншік құқығына қарамастан:


  1. ноталық мәтін түріндегі музыкалық туындынының;

  2. фонограммаға түсірілген туындының;

  3. дыбыс-бейнежазу туындысының;

  4. деректер базасының;

  5. ЭЕМ бағдарламаларының авторына немесе авторлық құқық иесіне беріледі.

Берілген тармақшаның құрамы, авторға туындыларды оның даналарын прокатқа тапсыру жолымен «түпнұсқаларға немесе даналарға меншік құқығынан тәуелсіз» тарату құқығын беру кейбір қарсылықтар тудырады. Бұндай берілген құқықтан, автор біреудің заңды иелігіндегі туынды түпнұсқасын немесе данасын прокатқа тапсыру үшін алып қоюға құқылы деп түсінуге болады. Бірақ бұндай ереже меншікке қол сұқпаушылықты танитын азаматтық заңның негізгі бастауына қайшы келеді.

Бірақ, заңның 16-бабы 3-тармағындағы айқын емес құрамына қарамастан, туындының түпнұсқасын немесе даналарын жалға беру (прокат) жолымен таратуға құқықты, сөзсіз авторлық құқық деп санау қажет. Авторлық құқықтың объектісі, материалдық емес құндылық ретінде, туынды болып табылады. Автор туындысына құқығын жүзеге асырған кезде, автор мен халықтың арасында коммуникативтік байланыс орнайды. Бұл жағдайда жүзеге асырылып жатқан құқықтың объектісі шығармашылық өнім ретінде туынды болып табылады.

Туынды көшірмелерін таратуға құқыққа қарағанда (16-баптың 2т, 2т), туынды түпнұсқасын немесе даналарын жалға беру (прокат) өз мазмұны бойынша бұндай даналарды меншікке өткізу туралы сұрақпен байланысты емес. Туынды даналарын жалға (прокатқа) беруде, халықтың танысу объектісі туындының өзі болып табылады, және автордың құқығы, туындының материалдық нысандағы көшірмесіне қатысты емес, туындыға қатысты жүзеге асырылады. Туынды, халық назарына, оның материалдық көшірмелері таратылмай-ақ, жеткізілген жағдайда жария орындау, жария хабарлау құқықтарымен қамтылады.

Импортқа құқық таратуға құқықтың құрамдас бөлігі болып табылады – тарату мақсатында туынды даналары, соның ішінде автордың немесе автолық құқықтардың өзге иесінің рұқсатымен дайындалған даналарын импорттау (импортқа әкелу құқығы). (заңның 16-бабы 2т 3-тармақша).

Импортқа құқықтың арнайы заңдық құрамы авторлық құқықтың территориялдық мінезіне байланысты.

Қазақстандық автордың туындысы, егер Қазақстанның шет елмен авторлық құқық туралы арнайы келісімі болса, ол елде еркін қолданылады. Бірақ егер ол туындының даналарын Қазақстан Республикасы территориясына енгізсе, онда бұндай әрекет құқықтық емес болып танылады.

Импортқа құқық авторға, шет елде дайындалған оның шығарған туынды даналарына авторлық құқықтың әрекет етуін территорияға енгізуін, бақылауға мүмкіндік береді. Бұл құқық белгілі бір шекте таратуға құқықты құрайды және оның жүзеге асырылуына әсер етеді.

Жария көрсету құқығы. Бұрын әрекет еткен заңда жария көрсету құқығы дербес авторлық құқық ретінде бекітілмеді. Тек Қазақ ССР АК-нің 509-бабында, тапсырыспен жасалған бейнелеу өнерінің туындысына меншік құқығы тапсырысшыға ауысады. Бұл туындыға авторлық құқықты автор иеленіп оны жария көрсету құқығын туындының меншік иесі иеленді. Бұл жағдайда авторға сыйақы төленбеді.

Осылайша, туындыны халыққа көрсету үшін көрмелерге қою құқығы, осы туынды данасына меншік құқығымен бірге ауысты және заңмен авторлық құқыққа жатпады. Автор, туындыны тапсырысшының меншігіне бере отырып, осы туындыны жария көрсетуге құқықты берген, ал сәйкесінше, Э.П.Гаврилов айтпақшы, туыныдыны тапсырысшының меншігіне берместен бұрын, туындыны көрмелерге қою құқығын автор иеленген.

Қазіргі кезде, ҚР-сы АК 978-бабы 2т 3-тармақшасына және Заңның 16-бабы 2-т 4-тармақшасына сәйкес, туынды авторының немесе авторлық құқықтардың өзге иесі туындыны жария көрсетуге айырықша құқықты иеленеді. Бұл құқық авторға, туынды көрсетілген материалдық объектіге меншік құқығынан тәуелсіз тиесілі болады.

Заңның 2-ші бабында, туындыны көрсету – туындының түпнұсқасын немесе бір данасын тікелей немесе үнтаспаның, диапозитивтің, теледидар кадрының көмегімен немесе басқа да техникалық құралдар арқылы көрсету, сондай ақ дыбыс-бейнежазу туындысының жекелеген кадрларын олардың ретін сақтамай көрсету делген.

Туындыны жария көрсету деп, автордың отбасы мүшесіне кірмейтін көптеген тұлғалар тобына туындыны қандай да көрсету, танылады. Көрсету объектісі болып, нысаны мен қасиеті бойынша бұндай көрсетуге жататын қандай да бір туынды танылады.

Жария орындауға құқық. Қазақ ССР-ның авторлық құқық туралы заңы жария орындау құқығын, автордың келісімінсіз бірақ авторлық сыйақы төленетін туындыны пайдалану жағдайларының біріне жатқызады. Жария орындау деп туындыны концертте немесе театрда «тірі» орындау танылады, бұл кезде әртіс – орындаушы мен халықтың арасында байланыс орнайды, және сондай-ақ механикалық жазбада орындау да танылған/24,572б/.

Қазақ ССР АК-нің 490-бабы 1-тармағына сәйкес, жарыққа шыққан туындылар, авторға сыйақы төленіп, еркін орындалған. Авторлық сыйақының көлемі 1988 ж 11-қарашадағы Қазақ ССР Министірлер Кеңесінің №521-ші

қаулысымен белгіленген, кейіннен 1995 ж 9-шы ақпандағы Қазақстан Республикасы Министірлер Кабинетінің №142-ші «Әдеби, өнер туындыларын жария орындағаны үшін, қолданбалы өнер туындысын жасағаны және оны өндірісте пайдаланғаны үшін авторлық сыйақының көлемі туралы» қаулысымен белгіленеді.

Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заң қабылданғалы бері, сыйақы авторлық шартта белгіленеді (32-бабы).

Заңның 16-бабы 2-т 5-тармақшасына және Қазақстан Республикасы АК-нің нормасына сәйкес, автор немесе авторлық құқықтың өзге иесі туындының жария пайдаланылуын жүзеге асыруға, рұқсат етуге немесе тыйым салуға айы-

рықша құқықты иеленеді. Жария орындауға тек авторлық шарттың негізінде жол беріледі (заңда арнайы қарастырылған жағдайларды қоспағанда).

Заңның 2-ші бабына сәйкес, орындау – туындыны, фонограмманы көр-
сету, рөлді, ән, биді тікелей орындап немесе қандай да болсын техникалық құралдардың (телерадио хабарларының, кабельдік теледидардың және сол сияқтылардың) көмегімен көрсету, қою. Дыбыс-бейнежазу туындысының кадрларын олардың реті бойынша дыбыспен сүйемелдеп немесе сүйемелдемей көрсету. «Орындау» түсінігін бұндай талқылау кейбір қарсылықтар тудырады, өйткені оған, біздің көзқарасымыз бойынша, «туындыны көрсету» түсінігінің құрамына кіретін, әрекеттер қосылған, ол дыбыс – бейнежазбаларын дауыспен немесе дауыссыз көрсету. «Орындау» түсінігі тек туындыны тірі орындауға жататын әрекеттермен шектелуі тиіс, би, ән, рөлде ойнау.

Туындыны жария көрсету сияқты жария орындау, орындалып жатқан туындыны қабылдаушы тұлғалардың белгілі бір санының болуын қарастырады. Жария орындау құқығын жүзеге асырудағы ерекшелік ол, шарт бойынша автордың контрагенті орындаушы болып табылады – әртіс, әнші, аспапшы, биші немесе өнер және әдеби туындыны орындайтын өзге тұлға. Өзінің мамандық білімін пайдалана отырып орындаушы туындыны халыққа жететіндей нысанды көрсетеді. Ол автор мен халықтың арасындағы жеткізуші қатысушысы, және де бейненің «тең авторы» болады. Бірақ орындаушының шығармашылық үлесі туындыға жаңа түпнұсқалық дәреже бермейді. Орындаушы туындыға қатысты қандай да автономияны иеленбейді, ол тек туындының сәттілігіне әсерін тигізеді, оның бар жақсы жағын көрсетеді, бірақ жаңа ештеңе жасамайды/34,120б/.

Ғылым мен техниканың дамуы – жазушы құралдың пайда болуы, материялдық нысанда жазылған орындаудың шексіз санын, шексіз аудитория алдында пайдаланылуына мүмкіндік берді.

Жазба және дыбыс – бейнежазбаны қайта шығарудан басқа, орындау, ма-

териялдық нысанда орындаудың көшірмесін жасау жолымен, сондай-ақ эфирге беру және кабель арқылы хабарлау жолымен, пайадаланылуы мүмкін. Ол бірқатар теріс нәтижелерді тудырды: орындаушылар саны азая бастады , кейін
маманды әртістердің технологиялық жұмыссыздығы деп аталып кеткендігі пайда болды. Осыдан орындаушы әртістердің мүддесін қамтамасыз ету қажеттігі туындады/32,206б/.

Алғаш рет орындаушылар құқығын қорғау СССР-да 1991 ж Негізде қарастырылған болатын. 1991 ж Негіздің 141-бабында, орындаушылардың, дыбыс және бейнежазба жасаушылардың, эфирлік хабарлама ұйымдары құқықтары сабақтас құқық дәрежесіне жатқызылды.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі және авторлық заң сабақтас құқықтарды қорғауға бағытталған тараулардан да тұрады, оған орындаушылардың да құқықтары кіреді.

Орындаушы, автормен шарттың негізінде алған туындыны орындауға құқықты жүзеге асыра отырып, яғни орындай отырып,өзі сабақтас құқықтың субъектісі болады.

Субъективтік сабақтас құқығының анализі осы зерттеудің пәніне кірмейді, сондықтан да біз тек, заңның 37-бабы орындаушылардың мүліктік

емес жеке құқықтарын қарастырады және оларға орындауды немесе қойылымды пайдалануға құқық береді, деп көрсетумен шектелеміз.

Автордың орындаушыға берген орындауға құқықта туынды жаңа нысанда, орындалатын би, ән түрінде болады. Бұл жаңа нысанда ол автордың авторлық құқығынан шығады. Бірақ оған құқықты орындаушы иеленетін жаңа объект ретінде, ол сабақтас құқық ережелерімен қорғалуды иеленеді.

Туындыны жария орындауға ерекше құқықты шектеу заңның 22-ші бабында қарастырылған. Заңды түрде жарияланған музыкалық туындылар ресми және діни рәсімдер, сондай-ақ өлікті жерлеу кезінде көпшілік алдында сол рәсімдердің сипатына сәйкес келетін көлемде автордың немесе авторлық құқықтардың өзге де иесінің келісімінсіз және авторлық сыйақы төлемей орындауға жол беріледі.

Бұндай шектеу автордың мүддесіне зиян келтірмейді және туындының нормативтік пайдаланылуына кедергі келтірмейді.

Туындыны жалпы жұрттың назарына жария хабарлауға құық. Туындыны жария хабарлау, туындыны халыққа жеткізудің бір әдісі болып табылады. Ол туындыны халыққа жеткізілуіне әкелетін әр түрлі әрекеттерден тұрады.

Заңда автордың туындыны хабарлауға құқығымен байланысты үш түрлі құқықтары көрсетілген. Оның біріншісі, туындыны жария хабарлау (туынды жалпы жұрттың назарына арнап хабарлау), соның ішінде эфирде немесе кабель арқылы хабарлау (жария хабарлау құқығы) (заңның 16-бабы 2-т 6-т және ҚР-сы Ак 978-бабы 2-т 5-т). Келесі екі құқықтар, эфирде жариялау құқығы (осы баптың 7-тармақшасында көрсетілген) және кабель арқылы хабарлау құқығы (сол баптың 8-тармақшасы) деп аталады. Бұл екі құқық 16-баптың 2-тармағы 6-тармақшасындағы жария хабарлау құқығымен қамтылған. Аталған құқықтардың мазмұны бір болғандықтан оларды, туындыны жалпы жұрттың назарына эфир және кабель арқылы беру жолымен жария хабарлауға бір құқық ретінде қарастырамыз.

Қазақ ССР Ак –де, автордың туындыны эфирге хабарлауға рұқсат ету немесе тыйым салу құқығы туралы ереже болған жоқ. Бірақ Қазақ ССР Ак-нің 480 – ші бабында кинофильмдерге, телефильмдер және радио – және телебағдарламаларға авторлық құқық бекітілген. Қазақ ССР Ак-нің 480 –бабы 4 –тармақта, радио және телебағдарламаларға авторлық құқықты сәйкесінше радио және телебағдарламалық ұйым иеленеді, ал бұл бағдарламаларға жіберілген туындыны автор иеленеді деп көрсетілген. Бірақ, Қазақ ССР Ак-нің 488 –бабы 4 –тармағына сәйкес, автордың келісімінсіз және авторлық сыйақы төлемей, кино, радио және теледидар арқылы жария сөйленген сөздерді, сондай-ақ жарыққа шыққан ғылыми, әдеби және өнер туындыларын қайта шығаруға рұқсат етілген. Қайта шығару деп, сондай-ақ жария орындалып жатқан туындыны сол орнынан теледидар және радио арқылы таратуды да санаған.

Бұл ереже 1991ж Негіз қабылданғанға дейін сақталған және заңи әдебиеттерде дау туғызған.

1991ж Негізінің 135 – бабында, туындыны эфирге беру, бейне және дыбыс жазбаны спутник және басқа да техникалық құралдардың көмегімен кабельдік теледидар арқылы беру деген автордың ерекше құқықтары бекітілген.

Қазіргі заңның 16-бабы 2-т 6,7,8-тармақшаларында және Ак-тің сәйкесінше баптарындағы құқық авторға туындыны, эфир және кабель бойынша хабарлау жолымен, оның пайдаланылу процессін бақылауға мүмкіндік береді. Туындыны жария хабарлауға құқық, автор мен сәйкесінше ұйымның арасындағы авторлық шарттың негізінде беріледі. Бұл жағдайда туындыны эфирге хабарлау, туындыны кабель бойынша хабарлау құқығын қамтымайды және керісінше.

Әдетте жария хабарлаудың объектісі, өз қасиеті бойынша сәйкесінше пайдалану нысанына ие туындылар болады. Бұндай болып, сахналық, муызкалық, музыка–драматикалық, дыбыс – бейне жазу туындылары танылады. Мұндай туындылар орындалу орнынан немесе жазбаның пайдаланылуымен эфир немесе кабель арқылы хабарлануы мүмкін. Бірақ барлық жағдайда хабарлау, автордың немесе бұл туындыға авторлық құқықтың басқа иесінің келісімімен негізделуі тиіс.

Эфирге хабар тарату ұйымы автордың немесе авторлық құқықтардың өзге де иесінің келісімінсіз және қосымша сыйақы төлемей осы ұйымның эфирге таратуға құқық алған туындыны қысқа уақытқа пайдалану үшін жазбасын мынадай жағдайларда:



  1. жазбаны эфирге хабар тарату ұйымы өз жабдықтарының көмегімен және өз хабарлары үшін дайындалған;

  2. егер жазылған туынды авторымен неғұрлым ұзақ мерзімге келісілмесе, мұндай жазбаны ол әзірлегеннен кейін кейінгі алты ай ішінде жойылған жағдайларда жазуға болады. Егер жазбаның құжаттық мәні ерекше болса, мұндай жазба туынды авторының келісімінсіз-ақ ресми мұрағаттарда сақталуы мүмкін. (заңның 25 -бабы).

Бірақ бұл жерде негізгі және бірінші шарт, ол эфирге хабар тарату ұйымының, туындыны постановканың орындалуын немесе қысқа мерзімді жазылым жүзеге асырылатын бағдарламаға қатысты, эфирге таратуға алдын-ала рұқсат алуы.

Эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымы сабақтас құқық иесі және оған заңның 40-бабына сәйкес хабарды пайдалануға рұқсат етуге айрықша құқық беріледі.

Технологиялық тез дамуы жаңа хабарлау жабдықтарының пайда болуының себепшісі болды. Бұның бәрі авторлық құқық жүйесінде көрініс тапты.


жүктеу 0,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау