§2. Туындыға қол сұқпаушылық құқығы.
Автордың мүліктік емес жеке құқықтарының арасында, авторлық құқық туралы заңның 15-ші бабы, 1-тар, 3-тармақшасында «туындының атауымен қоса, оған қол сұғуға жол бермеу, туындыны кез келген жолмен бүлдіруге, бұрмалауға немесе өзге жолмен өзгертуге, сондай-ақ автордың ар-ожданына яки беделіне нұқсан келтіре алатын басқа кез келген қол сұғушылыққа қарсы әрекет ету құқығы (автордың беделін қорғау құқығы)» деп көрсеткен.
Бұндай жеке құқық бұрын да авторға бекітілген болатын.
Қазақ ССР АК-ң 475 бабында және 1991 ж Негізінде 135-ші бапта, «Туындыға қол сұқпаушылық құқық» қарастырылған, ал Берндік конвенцияның 6-бабының 1-тармағында «туындының бұрмалануына немесе басқа өзгеруіне жол бермеу, сондай-ақ автордың беделіне немесе ар-ожданына нұқсан келтіретіндей туындыға қандай да бір қол сұғуға жол бермеу деп бекітілген.
Қазақ ССР АК 475-бабында бекітілген туындыға қол сұқпаушылық мазмұнында, «Автордың құқықтары» сол кодекстің 482-бабында «Туындыға қол сұқпаушылықты және автордың атын қорғау» деп ашып көрсетілген. Бұл бпатың 1 және 2 тармақтарына сәйкес «туындыны жеткізуде, жарияны орындауда немесе басқа пайдалануда автордың келісімінсіз туындығына, оның атауына және авторлық атты көрсетуге қандай да бір өзгертулер енгізуге тыйым салынады.
Автордың келісімінсіз сондай-ақ туындыға,оны шығару кезінде иллюстрация, алғы сөз, соңғы сөз, комментария және қандай да бір анықтама беруге тыйым салынады».
Көріп отырғандай, туындыға қол сұқпаушылық құқық туындыны автордың келісімінсіз енгізілетін қандай да бір өзгертулер енгізуден қорғайды, соның ішінде, автордың беделі мен ар-ожданына нұқсан келтіретіндерінен қорғайды. Осылайша, туындыға қол сұқпаушылық құқық, автордың беделін қорғауға құқықтан көрі кең және оны толығымен қамтиды.
Ресей Федерациясының заңы құқықты, қарастырылып отырғанға ұқсас етіп анықтаған «автордың беделі мен арына нұқсан келтіре алатын қандай да бір бұрмалау немесе басқа қол сұғушылықтан туындыны, оның атауын қоса, қорғауға құқық (автордың беделін қорғауға құқық)». (15-баптың 1-ші тармағындағы 5-ші жол). Бұл жерде, автордың беделін қорғауға құқықтың мағынасы Қазақ ССР АК-ң 482-бабына ұқсас болып келген РСФСР АК-дегі бекітілген туындыға қол сұқпаушылық құқыққа емес, конвенциялық нормаға негізделеді.
Берндік конвенцияның 6-шы бабы шынында да авторды, оның туындысына қандай болсын өзгерістердің енгізілуінен және бұрмалауынан қорғамайды, ол тек оның беделіне, ар-ожданына нұқсан келтіретіндерінен ғана қорғайды. Бірақ та айта кеткен жөн, конвенция автордың мүліктік құқықтарының белгіленген аз ғана мөлшерін қорғауды белгілейді, бұл әр түрлі мемлекеттердің бұл сұраққа әр қалай қарауынан болған. Көптеген мемлекеттердің авторлық құқық туралы заңында бұл сұрақ ұқсас шешілген, соның ішінде Ресейде де. Бірақ та ішкі заңда жеке құқықты одан да жоғары дәрежеде қорғауға еш кедергі жоқ. Әсіресе бұл бұрынғы кеңес одағындағы мемлекетттерге қатысты, өйткені олардың Азаматтық кодексіндегі қандай да бір өзгертулерден туындыны қорғауды белгіленгенде, «автордың шығармашылық жекелігін, оның көзқарасын, ойларын, тілеулерін барынша қорғау» мақсатын көздеген.
Беделін қорғау құқығы мен туындыға қол сұқпаушылық құқықтың арасындағы айырмашылық олардың объектілерінің әр түрлеріне негізделеді. Бұл екі құқық та жеке мүліктік емес құқық болып табылса да, олардың объектілері бөлек жеке болып табылады.
Біріншінің объектісі болып, ар-ожданы, қадір-қасиеті мен іскерлік (соның ішінде шығармашылық, ғылыми) беделі табылады. Автордың беделін қорғау құқығы «ол мазмұны бойынша азаматтың немесе заңды тұлғаның ар-ожданын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау туралы жалпы азаматтық құқықпен ұқсас келген, бірақ олардың арасында кейбір айырмашылықтар бар (қорғау тәртібі, мерзімдері және т.б)»/27,с.19-20/. Ар-ожданы, қадір-қасиетті іскерлік беделді қорғау Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 143-бабымен де қарастырылған.
Екінші құқықтың объектісі – туындыға қол сұқпаушылық құқық ол автордың туындыларында жүзеге асырылған шығармашылық жекелігі, ерекше айқындығы, бұл авторлық құқықтың объектісі болып табылады.
Бірақ та, туындыдағы автордың саяси көзқарастары, ғылыми қорытындылары немесе моральдік қағидалары бұрмаланғанда, ол бір басқа. Бұндай жағдайда автор өзінің ар-ожданы мен қадір-қасиетін қорғауды, соның ішінде «моральдық» зиянды өтеуді талап ете алады, және де туындының таралуына тыйым салу сияқты қорғау әдістерін қолдануы мүмкін.
Бірақ, туындыға автордың ар-ожданы мен беделіне нұқсан келтірмейтін, оны бұрмалайтын өзгерістер енуі мүмкін. Көптеген өзгерістер «жақсарту» мақсатымен енгізіледі және туындыны жетілдіру ретінде қарастырылуы мүмкін. Бірақ қандай болсын өзгеріс, туындының өздігін бұзады.
Бірнеше сөздің өзгертілуі немесе қайта орналастыруы сияқты жәй өзгерістердің өзі, мысалы, М. Цветаеваның өлеңіндегі «Помолись, дружок, за
бессонный дом, за окно с огнем» сөзін «ты запомни друг, тот бессонный дом. То окно со огнем» тақпақ сөзіне ауыстырылуы, туындының көркемдік формасын бұзады, яғни оның құқықпен қорғалатын элементі. Егер конвенцияда қарастырылған төменгі дәрежедегі қорғауды алсақ, онда «бұзушыға қойылған талапты негіздеу қиынға соғады».
Осы және басқа да көптеген жағдайларда, автордың ар-ожданы мен беделіне нұқсан келмейді. Бірақ та автордың шығармашылық ойы бұзылады, оны толық қорғауды туындыға қол сұқпаушылық құқығы қарастырған, ол туындыны көркемдік бейненің тұтас жүйесі ретінде, шығарылу кезінде қандай болсын өзгерістердің енуінен, ол өзгеріс қандай мақсатпен негізделсе де қорғайды; бұл құқық тек автордың ар-ожданын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғауды ғана қамтымайды.
Қарастырылып отырған құқыққа қатысты, халықаралық келісімге сәйкес критикалау заңда орын алатындығын тануға тура келеді.
Сонда да, авторлық құқық туралы заң, туындыға қол сұқпаушылық құқығын қарастырады деген қорытынды жасауға болады, өйткені ол арнайы аталған.
Одан басқа, қол сұқпаушылық құқық, кең құқық ретінде автордың беделін қорғау құқығын толығымен қамтиды.
Автордың құқық туралы заңның бабында қол сұқпаушылық құқық тікелей көрсетілгендіктен, бұл құқықты ашып көрсеткен нормаларды қарау керек. Бұндай норма Қазақ ССР АК-ң 482-бабы, және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 977-бабы 1-тармағыны 3-тармақшасы (ерекше бөлім) болып табылады, онда «өз туындысына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге және оның атауын қоса алғанда, туынды жарық көргенде, көпшілік алдында орындалғанда немесе өзге түрде пайдаланылғанда автордың келісімінсіз кімнің болса да өзгерістер мен толықтырулар енгізуінен туындыны қорғау құқығы (туындыға қол сұқпаушылық құқығы)». Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің Ерекше бөлімінің әрекет етуге енгізілу сәті Қазақ ССР АК-ның күшін жою сәтімен байланысты. Басқа сөзбен айтқанда, бір норма күшін жойса, бірден екінші норма күшіне енеді, ол қаралып отырған аспектідегі бірінші нормаға ұқсас келген. Осылайша Қазақстан Республикасының заңы бойынша қол сұқпаушылық құқық үзбестен автордың мүддесін оның туындысына қандай да болсын өзгерістердің енгізілуінен қорғайды.
Қазақ ССР АК-ң 482-бабының 1-2 тармақтарында және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 977-бабы 1-ші тармағының 3-ші тармақшасында бүтіндей туындыға қол сұқпаушылық құқығын құрайтын екі дербес құқық бекітілген.
Біріншісі, туындыны, оның атауын қоса өзгеруден қорғайды, ал екіншісі автордың келісімінсіз туындыға енгізуге болмайтын иллюстрация, алғы сөз, соңғы сөз, комментарии, қандай да бір анықтама сияқты туындыны пайдалануға әсер ететін, оған қатысты сыртқы элементтерге әсер етеді. Бұл тек туындыны шығару кезінде болады. Э.П.Гавриловтың ойынша, бұндай қамтамасыз етуге автордың келісімі, тек шығарылу кезінде ғана емес, ол туындыны қандай да бір басқа пайдалану кезнде де қажет.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 977-бабы, 1-ші тармағы, 3-ші тармақшасының екінші азат жолында: «Автордың келісімінсіз оның туындысын шығарғанда безендірулер, алғысөздер, соңғысөздер, түсініктемелер немесе қандай да болсын түсіндірмелер беруге тыйым салынады». Бірақ өкінішке орай оны қайтадан туындыны шығару жағдайымен ғана шектеген.
Заң, туындыға өзгертулер енгізуге және сыртқы элементтермен қамтамассыз етуге, тек пайдалану кезінде ғана тыйым салады. Сондықтан да, туындыны коментаримен, түсіндірмемен белгілеумен және сол сияқтылармен қамтамассыз ету, мысалы, кітаптың жеке данасында берілген, музыкалық туындыны ноталық текстен бөлек жария емес орныдау кезінде және т.б. болса, бұл берілген құқықтың бұзылуы болып саналмайды.
Қазақ ССР АК-сі қабылданбас бұрын әрекет еткен авторлық құқық туралы заңда, дербес авторлық құқық ретінде, туындыға қол сұқпаушылық құқық (өзгерместік, қорғау) немесе басқа сол сияқты құқық аталмаған.
1928 жылы Авторлық құқықтық негізіндегі 18-бапта «Баспахананың, автордың тірі кезінде, оның келісімінсіз туындының өзіне, атауына, авторлық аттың көрстеілуіне өз дегені бойынша толықтырулар, қысқартулар және басқа өзгертулер әкелуге құқығы жоқ. Баспаның, сондай-ақ автордың тірі кезінде, оның келісімінсіз туындыны безендірулермен қамтамассыз етуге құқығы жоқ.
Нәтижесінде, заңда, ғылыми шығарылған, туындыға қол сұқпаушылық құқық түсінігі бейнеленді, бірақ оның мазмұны, көріп отырғандай өзгерместен, өзгертулер мен толықтырулар енгізуге тыйым салу деп бекітілген.
Э.П.Гавриловтың айтуынша, осыған байланысты қайшылық туындады, ол «бұл құқық өзінің атауы бойынша және мазмұны бойынша автордың құқығы ретінде емес, үшінші тұлғаларға қатысты тыйым салу ретінде карсетілген» дегеннен тұрады, және бұл құқықтың атауын «пайдалану кезінде туындыға аяқтық нысан беру туралы автордың құқғы» деп өзгертуді ұсынған, өйткені ол өзіне үшінші тұлғаларға қатысты өзгертулер енгізуге тыйым салуды ғана қоспайды, ол бірінші кезекте автордың өз туындысына өзгертулер енгізуге, белсенді әрекет ертуіне мүмкіндігі/27,с. 143-144/.
Автор өз туындысын өзгерткен кезде, оны аяқтап өңдейді немесе қайта өңдейд, ол қол сұқпаушылыққа құқықты жүзеге асырмайды, ол шығармашылық еркіндігін жүзеге асырады ал шығармашылық құқықтың пәні бола алмайды.
Шыққан туынды, оның объективтік формада бейнеленуі – белгілі бір уақытқа дейін ұзаратын және үзілмес процесс болуға міндетті емес. Егер туынды автордың ойынша толығымен қарастырылған болса да, оған оны қағазға жазып алуға, салуға уақыт керек болады және т.б. Шығармашылық процесінде туынды өзгереді. Бұнда бұрын жасалған оның варианты жаңасымен қамтылып кетуі мүмкін, яғни өзгертулер туындының өзіне енгізілгенде, мысалы
жазушы өз қол жазбасын қысқартқанда, немесе суретші өзі салып қойған адамдар пейзажының жартысына бейнеленгенде, немесе әр түрлі эскиз түріндегі еркін мағынасын сақтап қалады, наброскалар және т.б. авторлық құқықтың дербес объектілері болып табылатын алғашқы вариантын сақтап қалуы мүмкін.
Мысалға алтын болсақ. Жазушы кітап жазып жатып және екі бөлімін жазып қойған. Бұл екі бөлімнің авторлық құқықпен қорғалатыны сөзсіз. Бірақ ол басқа бөлімін жазуға кіріседі. Бұл әрекеттерді қалай айқындауға болады? Екі бөлімнен тұратын туындыға өзгерістер енгізумен немесе үш (бес, он және т.с) бөлімнен тұратын туындыны жасауды жалғастыру? Бірақ әрине бөлімдер санын тек автор ғана анықтайды. Ол тек толықтырмайды, керісінше, екінші бөлімді жойып және туындыны бір бөлім көлемінде қалдыруы мүмкін.
Автор өз туындысын пайдалануға дайындау процесінде де және ол пайдаланылғаннан кейін де толықтыруы мүмкін. Туындының дайындық (аяқталғандық) дәрежесіне қатысты ешқандай формальді критерилер жоқ, туындының авторы мен жасалынатын сәтін де анықтау мүмкін емес, және кейін өзгертетінін де; сондықтан да автордың «туындыға аяқтық нысан беру» құқығы бұл туындыны жасауға туындыға автордың құқығын тануды білдіретін еді.
Авторлық құқық, шығармашылық нәтижесі талап етілетін белгілерге сай болғанда пайда болады және қандай болсын сәтте туындыға, сол сәтте автор қандай түрде шығарса, сондай көлемде таралады. Және қандай болсын уақытта автор оны әрі қарата дамытуы мүмкін, бірақ онымен қатар қандай болсын түрде ол аяқталған болып есептеледі, барлық басқа тұлғаларға «қол сұғылмайтын, өйткені аяқталу дәрежесі туралы сұрақты шешуге тек автор ғана құқылы.
Автордың өз туындысын өзгерту мүмкіндігіне осындай түсінік, яғни қол сұқпаушылыққа абсолюттік субъективтік құқық ретінде емес шығармашылық еркіндігі ретінде дегені, мұндай мүмкіндік неге шексіз еместігін түсіндіруге мүмкіндік береді. Кей жағдайларда, мысалы туындыны тапсырыс бойынша жасау кезінде немесе қызметтік тапсырманы орындау тәртібінде автор туындыға келісім-шарт, тапсырыс немесе қызметтік тапсырманың шарттарына сәйкес келмейтін өзгерістер (яғни, туындыны сондай түрде жасауға) енгізе алмайды.
Одан басқа, автор келісім-шартта айтылған өзгерістер енгізуге міндетті. Бұл жағдайда шығармашылық еркіндігі, басқа да еркіндіктер сияқты, жеке мүддесін қорғаудың заңмен аз қамтамасыз етілген (субъективтік құқықпен салыстырғанды) әдісі, тапсырысшы немесе жұмыс берушінің қатысты субъективтік құқығына тәуелді. Сондай-ақ бейнелеу өнері туындысының авторы, түпнұсқасы меншік құқығы негізінде басқа да тұлғаға тиесілі болатын туындыға өзгерістер енгізуге құқығы жоқ.
Авторлық құқық туралы заң авторға туындыны қайта жасауға, оранжировкалауға немесе басқа әдіспен қайта өңдеуге (қайта өңдеуге құқық) (16-бап, 2-тармақ, 10-тармақша) құқықтар берген. Э.П.Гаврилов заң ережелерінен және тәжірибеден қорытынды шығарады, онда туындыны қайта өңдеуге (қайта жасауға) құқық дербес авторлық құқық болып табылады және қол сұқпаушылыққа құқыққа кірмейді.
Туындыға қол сұқпаушылық құқық, автордың шығармашылық жекелігін қорғайтын жеке мүліктік емес құқық болып табылады.
«Қайта өңдеуге құқық» автордың басқа барлық мүліктік құқықтары сияқты, мүліктік қатынастарды яғни, туындының азаматтық айналымын реттейтін мүліктік құқық болып табылады.
Бұл құқық заңда автордың өз туындысын қайта жасау құқығы деп көрсетілсе де, қайта жасаудың өзінен өзі мүліктік мазмұны жоқ екендігін тану қажет. Сондықтан да қайта өңдеуге құқықты «туындыны қайта өңделген (өзгертілген) түрде пайдалануға құқық» деп атау дұрысырақ болар еді.
Осылайша «қайта өңдеуге құқық» өзгертілген түрде пайдалануға тыйым салуды білдіреді, ал туындыға қол сұқпаушылық құқық – пайдалану кезінде өзгертулер енгізуге тыйым салу.
Бірінші жағдайда мүліктік аспект ерекшеленеді – туындыны қандай да бір түрде айналымға шығару, ал екіншісінде – жеке аспект – автордың шығармашылық жекелігі рұқсат етілген пайдалануда сақтау.
Мысалы, егер баспа авторлық келісім-шарттың негізінде туындыны шығарса, шығару барысында автормен келісілмеген өзгертулер енгізсе (реттесе, комментаримен қамтамассыз етсе, қысқартса және т.с.с), онда туындыға қол сұқпаушылық құқықтың ғана бұзылғандығы көрініп тұр, бірақ пайдалануға мүліктік құқықтың емес.
Егер туынды автордың келісімінсіз және өзгертулермен шығарылса, онда пайдалануға құқық та, туындыға қол сұқпаушылық құқық та бұзылады.
Туындыны автор қолданған жағдайда немесе оның келісімімен қайта өңделген (өзгертілген) түрде басқа тұлғалар пайдаланса, ал кейін сол түрде екінші рет басқа тұлғалар автордың келісімінсіз пайдаланса, бұл жерде туындыны өзгертілген түрде пайдалану фактісі болса да, пайдалану кезінде өзгертулер енгізілмеген, автормен келісілген түріне қарағанда, екінші пайдаланушы туындыға ешқандай өзгертулер енгізбеген. Басқа сөзбен, соңғы жағдайда автордың жеке құқықтары емес, тек мүліктік құқықтары бұзылады.
Бұндай өзгертілген түрде пайдалануға мүліктік құқықпен пайдалану кезінде өзгертулер енгізуге жеке құқықтың арасындағы айырмашылық мәнді тәжірибелі мағынаға ие. Автордан туындыны өзгертілген түрде пайдалануға құқықты алу (қайта өңдеуге құқық), мысалы, роман бойынша түсірілген фильмді шығарарда, бұл өзгертулерді автормен келісіп қарастыру міндетінен пайдаланушыны босатпайды, яғни оған туындының жаңа қайта өңделген түрімен таныстырып көрсету, келісу, бұл жағдайда сценарий.
1.3. Туындыны халыққа жария ету құқығы.
Автордың келесі мүліктік емес жеке құқығы, ол туындыны жариялау құқығы болып табылады, оның тек өзіне ғана тән ерекшеліктері бар.
Оның бірінші ерекшелігі жоғарыда аталғандарға қарағанда, авторлық құқық туралы Қазақстан Республикасының заңында тікелей аталмаған.
Онымен қоса, Қазақстан Республикасы заңының 15-бабы, 2-тармағында автордың туындыны кері қайтарып алуға құқығы қарастырылған. Бұл нормаға сәйкес, «... автордың туындыны жариялау туралы ондай шешімінен бас тартуға құқығы бар (кері қайтарып алу)...»
Бұл шешімнен бас тарту (құқығы), яғни заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндік деп Қазақстан Республикасы заңы «автордың жариялау туралы шешімінің заңи мағынасын таниды.»
Осыған байланысты, Қазақстанда автордың өз туындысын жариялауға мүліктік емес жеке құқығы заңмен танылады. Ал 15-ші бапта ол туралы көрсетпеу, Қазақстандық заң шығарушының бұл субъективтік құқықты мойындамау куәлігі емес, ақдақ деп санау керек. Ол Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің ерекше бөлімінен орны толықтырылған.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 977-бабы 1-тармақ 4-ші тармақшасында «белгісіз тұлғалар тобының туындыны ашуға рұқсат құқығы (халыққа жария ету құқығы)» деп тікелей бекітілген.
Халыққа жария ету құқығын автордың жеке құқықтарының арасында көрсетпей, Қазақстан Республикасы заңының 2-бабы «негізгі ұғымдар» «туындыны жариялау түсінігін береді, ол – «автордың келісімімен жариялау, көпшілік алдында орындау, қандай да бір болмасын өзге бір әдіспен эфирге беру арқылы туындыны жалпы көпшілікке алғаш рет жеткізетін іс-әрекетті жүзеге асыру» деп анықталады.
Бұл түсініктің мағынасын қарап халыққа жария ету құқығын, автордың өз туындысын жалпы жұрттың назарына қол жететіндей етіп жариялануына заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі деуге болады.
Қандай болсын туынды өзінің жасаушысының жеке сапасын бейнелегендіктен, заң авторға туынды қандай күйде жарияланады, ол туынды әркімнің қолы жететіндей болуға дайындығын шешуге құқық береді.
Туындыны халыққа жария етуге әрекет ете отырып, автор өзінің туындысының аяқталғанын, ол үшін дайын болғанын таниды.
Нәтижесінде туынды халыққа танымал болатын әрекетті автор, сондай-ақ оның келісімімен немесе оның тапсыруымен, мысалы баспа жасай алады. Бірақ соңғы жағдайда халыққа жария ету құқығын басқа біреуге беру туралы айтылып отырған жоқ, өйткені туындыға жол ашу немесе ашпау сұрағын әр қашан да автор шешіп отырады.
Негізінен туындыға жол ашу сұрағын шешу мүмкіндігінен басқа автордың бұндай жол ашудың әдісін (формасын) таңдау құқығы танылады. Автор өзінің туындысы бірінші кітап түрінде басылып шығуын немесе сахнада қойылуын қалауы мүмкін.
Заң тек қана жариялаудың көп тараған әдістерін атайды – жариялау, жария орындау, эфирге беру. Оның сан түрі шектелмейді. Сондықтан да жариялау деп туындыны жалпыға танымал ететін қандай да бір әрекетті айту қажет, соның ішінде оны компьютер және басқа ақпараттық жүйеге енгізу.
Бұрын әрекет еткен заң авторының туындыны халыққа жария ету құқығын қарастырған жоқ. Бірақ автордың басқаша құқығы танылған ол – туындыны жарыққа шығару құқығы, айтылып кеткендей басқа құқықтармен бір құқыққа біріктірілген, ол – «жарыққа шығару, қайта шығару және тарату». (Қазақ ССР АК-нің 475-бабы).
Бұл құқықтың мазмұнын ашпай-ақ, Азаматтық коддекс жарияланушы туындыға анықтама берген, Қазақ ССР АК-нің 472-бабында «жарыққа шықан (жарияланған) туынды, егер ол басылып шықса, жария орындалса, жария көрсетілсе немесе қандай болсын басқа әдіспен белгісіз адамдар тобына хабарланса» делген.
Қазақ ССР АК-нің 472-бабының мағынасындағы және Қазақстан Республикасының Авторлық құқық туралы заңның 2-бабындағы «жариялау» түсінігін салыстырғанда, олар бір бірімен ұқсас (тождественный) екендігін көрсетті – бұл екі түсініктің де мағынасы, туындының жалпыға танымал болатындығында.
Заңи әдебиеттерде көрсетілгендей туындының белгісіз тұлғалар тобына белгілі болғандығы емес, сол тұлғалардың ол туындыға қол жететіндігі мәнді. Мысалы кітап даналары сатылмаса, ал радио немесе телевидениядан берілген хабарламаны бір де бір адам қабылдамаса, туынды бәрібір де жарияланған болыап саналуға тиіс, бұл жерде туындымен белгісіз тұлғалар тобы танысты ма, жоқ па оған қарамайды/24,с.540/.
Қазақстан Республикасы Заңы жариялау деп туындыны қол жететіндей қылатын әрекетті айтады. Осыған қоса Қазақ ССР Ак-нің 472-бабында қарастырылған жариялау түсінігімен салыстырғанда, Қазақстан Республикасы заңымен берілетін халықа жариялау түсінігенде бірнеше жетіспеушілік бар. Қ.Р-сы заңының Ресей заңында берілген түсініктен кейбір айырмашылықтары бар. Ол айырмашылық, Қазақстан Республикасы заңы назар үшін қол жететіндей болған туындыны халықа жария етілген деп таниды, ал Ресей Федерациясы заңы жалпы жұрттың назары үшін қол жететіндей болған туындыны халыққа жария етілген деп танитындығынан көрінеді.
Қаралып отырған авторлық құқықтың мағынасы, айтылып кеткендей, автор өз туындысына қоғамға, яғни ерік білдірген тұлғаларға немесе Қазақ ССР АК 472-бабында аталғандай белгісіз тұлғалар тобына жол ашатындықтан тұрады.
Егер автор туындымен жұмыс істеу процесінде, оны жақын туыстарына, достарына және басқа тұлғалар тобына олардың пікірін білу мақсатында таныстырса, онда әрине туынды белгілі тұлғалардың назарына қол жететін болады, бірақ бұл әлі автордың өз туындысын толық аяқталды және қоғамға тарауға дайын деп танығандығын куәландырмайды.
Туындымен танысуға мүмкіндік алатын тұлғалардың субъективтік құрамына қарай, шешілуі тиіс.
Туындыны халыққа жария ету құқығы мүліктік емес құқық болып танылады. Бірақ оның жүзеге асуы, автордың мүліктік құқығының жүзеге
асуымен жиі байланысты болады. Алғашқы рет әдеби туындыны шығара, автор қоғамды өзінің шығармашылық еңбегінің нәтижесімен таныстырып қана қоймайды, және оған қоса шығарғаны үшін гонорар алады (мүліктік пайда алады), сондықтан да мазмұндағы айырмашылықты нақты анықтау қажет, халыққа жария ету құқығын жүзеге асырудың мақсаттары мен нәтижелерінде, жеке құқықта, пайдалану құқығында, мүліктік құқықта олардың араласпауына жол бермеу, бұндай араласу заңи әдебиеттерде жиі кездеседі.
Мысалы, В.И.Серебровский туындыны жарыққа шығару (халыққа жария ету) құқығын жеке құқық деп тануға қарсы бола отырып, «автор туындыны халыққа жария еткен көп жағдайда белгілі табыс алады» деп көрсеткен, осыдан сөзсіз оның көзқарасы бойынша туындыны жарыққа шығару құқығын жүзеге асыруға байланысты авторда мүліктік мүдде болуы мүмкін деген.
Э.П.Гаврилов мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар деп бөле отырып, өзінің ерте еңбектерінде «халыққа жария ету – бұл жарияланған туындының әрі қарай пайдаланылуы» деп жазған. Бұдан туынды бірінші рет халыққа жария етіленде, онымен тек жариялау құқығы жүзеге асады, ал қайта шығару (мүліктік) құқығы тек екінші және келесі пайдалану кезінде жүзеге асады деп қорытынды беруге болады.
Э.П.Гавриловтың кейінгі жұмыстарында негізделген пікірлер айтылады яғни, өз туындысын бірінші пайдалануда әрекет ете отырып, автор өзінің екі құқығын қатар жүзеге асырады: халыққа жария етуде мүліктік емес жеке құқықты және пайдалануда мүліктік құқықты (мысалы, туындыны шығару). Осылайша, жеке құқықтағы халыққа жария ету құқығы өзінің мазмұны бойынша пайдалану құқығымен сәйкес келмейді, әрқашан пайдалану құқығымен бірге жүзеге асатындығы бұл құқықтардың бір екендігін білдірмейді. С.Гришаев туындыны халыққа жария ету құқығының көмегімен ол «экономикалық айналысқа енгізіледі» деп жазғанда қате пікір айтқан. Экономикалық айналысқа туынды сол халыққа жария ету құқығымен бірге жүзеге асатын, пайдалану құқығын жүзеге асыру кезінде енгізіледі.
Өзінің көзқарасын негіздеуде Э.П.Гаврилов екі мысал келтірді, олар бізге өз мағынасын қазіргі кезде де сақтайтын болып көрінеді.
Біріншіден, Азаматтық кодекс туындыны жарыққа шыққан (жарияланған) деп, «егер ол басылып шығарылса немесе басқа әдіспен белгісіз тұлғалар тобына хабарланса» айтады. Егер заң шығарушы туындыны халыққа жария ету құқығымен бірінші пайдалануға құқығын бір құқық деп санаса, заң нормасында: «Туындыны жарыққа шығару (жариялау) болып оның болып бірінші басылымы саналдады» және т.б.
Екіншіден бұндай атқа құқық (атын көрсетуге құқық) және туындыға қол сұқпаушылық құқық сияқты мүліктік емес жеке құқықтар сондай-ақ қандай да бір пайдаланудан тыс жүзеге аса алмайды, ол қандай да бір пайдалану құқығымен бірге жүзеге асады, бірақ ол туындыны пайдалануға құқықпен бір құқық болады дегенді білдірмейді.
Заңда көрсетілгендей халыққа жария ету түсінігі Қазақ ССР АК-нің 472-ші бабындағы жария ету түсінігіндей құрастырылмаған (бұрын заңда белгісіз тұлғалар тобына хабарланған туынды түсінігі болса, ал қазір бұндай хабарлауды жүзеге асыратын әрекетті орындауда кемшілік жіберген).
Қазіргі заң жарияланған деп туындыны жария орындау қайта шығару жолымен жеткізетін және т.б, әрекеттерін таниды, бірақ қайта шығару немесе жария орындаудың жүзеге асуы жеке мүліктік емес құқықтың жүзеге асуына әкелсе де ол пайдалану әдісі болып табылмайды, ол туындыны халыққа жария ету құқығы.
Туындыны халыққа жария етудің ерекшелігі болып автордың оны тек бір рет жүзеге асыру мүмкіндігі де саналады. Ол туыралы заңда тікелей көрсетілген: туындыны жалпы көпшілікке алғаш рет жеткізетін іс-әрекетті жүзеге асыру жариялау деп танылады.
Бұрын әрекет еткен заңда бұлай тікелей көрсетілмесе де, көптеген зерттеушілер қарастырылып отырған ерекшелікті жариялау түсінігінің мағынасынан шығарған. Тұлғалардың кең тобына танымал болып кеткен туындыны қайталап танымал қылуға болмайды.
Бірақ, авторлық құқық бойынша әдебиетте оған қайшы көзқарас та айтылған болатын, оған сәйкес туынды жария болғаннан кейін де қаралып отырған құқық тоқтатылмайды. Ол «туынды автордың ойынша қайта өңдеуді талап етеді және автордың әрі қарай қайта шығаруда бұрын өзі рұқсат еткен басылым түріндей халыққа жеткізілуін немесе орындалуын қаламауы мүмкін» деп негізделеді/38,с.123/.
Бұндай көзқарасқа Э.П.Гаврилов «әрине егер туындыны пайдалану шарттық тәртіппен жүзеге асса, автордың әрқашан да, пайдалануға рұқсат етпеуге құқығы бар; бірақ бұндай бас тарту, туынды жарияланбаған категорияға ауысуы дегенді білдірмейді».
Шынында да, шарттық пайдалануда халыққа жария ету фактісі ешқандай мәнге ие емес. Туындыны халыққа жария етілген деп тану еркін пайдалану мүмкіндігіне ғана әсер етеді. М.В.Горданның көзқарасымен келіссек, тұлға автордың келісімінсіз заңда қарастырылған жағдайлар бойынша туындыны пайдаланбақ болса, (шыққан кітаптағы кейбір сөздерді пайдалану, ресми мерекелер кезінде музыкалық туындыны орындау және т.б.) бәрі бір де автордың рұқсатын алу үшін оған жүгінер еді. Осылайша, еркін қолдану институты өз мағынасын жоғалтқан болар еді.
Бірінші көзқарасқа сәйкес, жариялау құқығы тек бір рет жүзеге асуы мүмкін, бұдан кейін ол басқа құқықтық режимге көшеді деген дұрыс көзқарас болып көрсетіледі (есептеледі).
Туындыны жариялау құқығына туындыны кері қайтарып алу құқығын қосуға байланысты, яғни, автордың бұрынғы жариялау туралы шешімінен бас тартқаннан кейін, авторда жариялау құқығын 2-ші рет жүзеге асыруға мүмкіндік пайда болатындығын ерекше айту керек. Бірақ бұл жағдайда да М.В.Горданның пікірімен келісуге болмайды, өйткені қаралып отырған құқық автоматты түрде жариялау актісіне жатпайды, ол жаңа заңи фактіге байланысты
қайта қозғалып отырады, мысалы, автордың туындыны кері қайтарып алуы туралы халыққа хабарлауы. Туындыны жариялауды жүзеге асыру авторлық құқықтың көлеміне қолайсыз түрде әсер етеді, Э.П.Гавриловтың айтуынша авторлық құқықты «тарылтады».
Біріншіден, заң бірқатар жағдайларда, «халыққа жария етілген» және «жарияланған» туындыны ерікн қолдануға жол береді (ҚР заңының 18-22 баптары; бұрын әрекет еткен Қазақ ССР АК-нің 488-490 баптары). Еркін қолдану автордың келісімінсіз және оған сыйақы төленбей жүзеге асады. Жарияланбаған туынды автормен шарттық негізде ғана қолданылуы мүмкін.
Екіншіден, кей бір туындылардың түрлеріне халыққа жария ету немесе жариялау сәті мерзімнің басталуы болып табылады, ол мерзім өткен кезде бұл туындыны пайдалануға құққтың әрекеті тоқтайды. Бұрын әрекет еткен заңда бұндай ережелер фотографиялық туындылардың жинағына таралған. Қазақ ССР АК-нің 492-бабы 2-ші тармағына сәйкес «Фотографиялық туындыға авторлық құқық он жылға дейін әрекет етеді, ал бұл туындының жинағына
туындыларды қайта шығару жолымен жарыққа шыққан сәттен бастап 15 жылға дейін әрекет етеді». Жаңа заң қорғау мерзімінің ұзақтығын туындының халыққа жария ету немесе жариялау сәтімен, жасырындықпен немесе лақап атпен жарияланған (ҚР заң 28-б 4т) және автордың өлімінен кейін алғаш рет жарыққа шыққан (ҚР заң 28-б 6т), сондай-ақ фонограмма, радио және телебағдарламаларды орындау (ҚР заң 42-бабы) сәтінен басталады деген. Осыған қарай, туынды қанша кеш халыққа жария етілген немесе жарияланған болса, қорғаудың жалпы мерзімі сонша ұзақ болады, өйткені өндіру сәтінен және халыққа жария ету сәтіне дейін туынды бәрібір де қорғалады.
Сабақтас құқықтар үшін егер олар белгілі бір мерзімде жарыққа шықпаса, қорғау мерзімі оны өндіру сәтінен басталады.
Қазақ ССР АК-нің 472-бабы, авторлық құқық туралы заңға қарағанда автордың келісімімен жарыққа шыққан туындыны тануды жариялаған жоқ.
Қазақ ССР АК 488-490 баптары, жарыққа шыққан туындыны еркін қолданатын жағдайды қарастырады, онда, міндетті шарт ретінде еркін пайдалану туынды автордың келісімімен жарыққа шыққан кезде талап етілмеген.
Бұндай ереже автор мүддесіне толықтай жауап берген жоқ, өйткені, автордың өзі жалпыға таныстыруға дайын деп таныған туындылардан басқа, автордың еркінсіз, жиі еркіне қарамастан, тұлғалардың кең тобына танымал болған туынды да бірдей еркін қолданылатын болып шықты.
Осыған байланысты В.И.Серебровский «туындыны жарыққа шықты деп танудың шешуші факторы автордың қоғамды өз туындысымен таныстыру еркі болуы тиіс». Бұл еріктің объективті көрінісі, - оның ойынша, - туындыны жариялау болып табылады.
Бұл көзқарасты басқа ғалымдар да қолданған. Э.П.Гаврилов «туындыны жариялауды оны жалпыға жеткізуді қамтамасыз етудегі фактілік әрекетке ғана сілтеуге болмайды» және ол өзіне автордың еркін де қосуы тиіс деп жазған. Ол автордың жариялауға құқығы «әрекет ететін заңда тікелдей көрсетілмеген» деп санағандықтан, Азаматтық кодексіндегі жарыққа шығарудың анықтамасын, «автордың келісімімен» деген сөзбен толықтыруды ұсынған.
Көріп отырғандай, бұл көзқарас авторлық құқық туралы жаңа заңды құрастыруда ескерілген.
Салыстыратын болсақ, авторлық құқық туралы жалпы әлемдік конвенция, өзінің «жарыққа шығару» анықтамасында автордың келісімі туралы көрсетілмеген, ал Берндік конвенция (4-ші баптың 3-ші тармақшасы) бұндай келісімді талап етеді. Бұндай келісім «жарыққа шығару» түсінігіне В.И.Серебровский, Э.П.Гаврилов, т.б. айтқан пікірлеріне ұқсас негіздермен тек 1967 жылы толықтырып енгізіледі. Берндік конвенциясының коментаторлары көрсеткендей, бұл толықтырудың мақсаты – авторлық құқық бұзушылық болатын қандай да бір жариялауды жою, өйткені қолжазбаны келісімсіз жариялағанда, конвенциядағы жариялау актісіне сәйкестей құқықтық нәтиже беретін болса, дұрыс емес болар еді/25,с.48/.
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес автордың келісімі халыққа жария ету кезінде (автордың келісімімен әрекетті жүзеге асыру), жариялау (туындының авторының, фонограмманы шығарушының келісімімен даналарды айналысқа шығару) кезінде де талап етіледі. Бірақ, заңның 18-22 баптарында, (автордың мүліктік құқықтарын жүзеге асырудың шегі бекітілген) заңды түрде халыққа жария етілген және заңды жарияланған туындыны еркін қолдануға жол берілетіндігі көрсетілген (Қазақ ССР-нің 488 және 490-баптарында бір айырмашылығы, «шығарылған» және «жарыққа шыққан» туындыны оның шығарылуының заңды немесе заңсыздығын көрсетпей, еркін пайдалану туралы айтылған).
Бұл баптардағы туындыны халыққа жария етудің заңдылығы деп не түсіндіріледі? Халыққа жария ету түсінігінен, авторға тиесілі халыққа жария ету құқығының мағынасынан және субъективтік құқықтың жалпы түсінігінен заңдылық деп автордың құқығын сақтай отырып, яғни оның келісімімен туындыны жалпы жұрттың назарына арнап хабарлау деп ұсынуға болады.
Бірақ, автордың келісімі, туындыны жарияланған деп танудың міндетті шарты деп заңмен белгіленгендіктен, автордың келісімінсіз жалпы жұрттың назарына арнап хабарланған туынды (алғаш шыққан немесе орындалған) «заңсыз жарияланған» деп емес, тіпті «жарияланбаған» деп саналуы тиіс. Осылайша, автордың келсімі, жариялаудың міндетті шарты деп көрсету, заңды және заңсыз деп бөлуді өз мағынасынан айырады.
Бұл жағдайды заң шығарушы келесідей әдіспен шешіуне болады.
а) жарияланған туындының заңмен жол берілген еркін қолданылуына, тек автордың келісімімен кең топқа таралғандарын ғана қамту үшін халыққа жария ету түсінігіне автордың келісімінің міндетті түрде болуын қосу.
б) Туындыны еркін пайдалану жағдайларын белгілейтін баптарда, бұндай пайдалану тек «заңды жарияланған» туындыға қатысты жол беріледі, яғни жалпы жұрттың назарына жеткізілген туындыны жарияланған деп санауды қарастыру. Тек қана автордың келісімімен жарияланғанын ғана заңды жарияланған деп санау қажет және сәйкесінше оның еркін қолданылуына рұқсат ету.
Негізінде бұл әдістің қайсысы болсын таңдауға мүмкіндік болады, бірақ заңда тек біреуі көрсетілген.
Бірақ В.И.Серебровский, Э.П.Гаврилов және басқа бірінші әдісті қолданғандарға қарағанда, біз екіншісі ғана заңды дұрысы деп ойлаймыз.
Шынында да жариялауға құқық (бұрын әрекет еткен заңның терминологиясы бойынша) заңда қарастырылмаған. Бірақ жеткізілген туынды жария орындалған, және т.б. ақиқатты түрде белгісіз тұлғалар тоб ына танымал болды. Бұл туындының ақиқатты танымалдығы, «жариялылық» жариялау деп танылған.
Құқықтық реттеу әр қашан фактілік және заңдылыққа қатысты шығуы қажет. Мысалы, автордың қайта шығару құқығы заңда ашылмаған және ашылмайды. Бірақ туындының қандай да бір материалдық нысанда бір немесе көп даналарын жасап шығару, егер ол құқық иесінің келісімінсіз жүзеге асса да қайта шығару деп танылады. Тек келісімсіз қайта шығару заңсыз деп танылады, және құқық иеі өзінің бұзылған қайта шығаруға құқығын қорғауды талап етеді.
Егер біз ұсынғандай, жариялау деп туындыны жалпы жұрттың назарына жеткізлетін әрекет деп санасақ, жариялау құқығының мағынасы, тек автор ғана бұндай әрекетті жүзеге асырады, ал басқа тұлғаларға бұл тыйым салынады дегендей болады.
Бірақ халыққа жария етудің заңда көрсетілген түсінігіне қарасақ, басқа тұлғаларды туындымен таныстыруға баытталған және автордың еркінен тыс жүзеге асқан қандай да бір әрекет халыққа жария ету болып табылмайды, ол формальді автордың құқығын бұзбайтын басқа әрекет, яғни өз өзініен халыққа жария ету құқығы өзінің нақты мазмұнынан айырылады.
Автордың келісіміндей туындыны халыққа жария ету жағдайына байланысты тағы бір сұрақ туады.
Айтылып кеткендей, еркін пайдалану заңмен тек қана «заңды жарияланған» туындыға қатысты жол беріледі, яғни, автордың келісімімен жалпы жұрттың назарына жеткізілгендеріне.
Бірақ, туынды белгісіз тұлғалар тобына белгілі болғанда іс жүзінде (кітапта немесе журналда басылған, сахнада немесе радио бойынша орындалған), бұндай жариялау заңды немесе заңсыз жүзеге асқандығы туралы әрқашан нақты белгілі бола бермейді.
Басқа сөзбен, кітаптан немесе газеттегі мақалдан үзінділерді пайдаланбақшы болған, теледидардан көрсетіліп жатқан фильмді бейне таспаға және т.б. жазбақшы болған тұлға баспа немесе телекомпанияның бұл туынды автормен арақатынастары туралы білмейді және білуі мүмкін емес, яғни туындыны басқа тұлғалардың назарына жеткізуге келісім алынған немесе алынбағандығы туралы. Іс жүзінде осыған байланысты әдетегі әдіспен туындыны пайдалану заңды болып табылады.
Бірақ, басылым немесе радиодағы хабарлама өзінен өзі автордың келісімінсіз жүзеге асырылған жағдайларда, заң талабын сақтай отырып, барлық пайдаланушыларды, мысалы, өзінің ғылыми еңбегінде басқа ғалымның кітабынан алынған үзіндіні келтірген ғалымды немесе ұнаған өлеңін магнитофонға жазып алған тұлғаны құқық бұзушылар – деп тануға мәжбүр болатын едік.
Осыған байланысты, сондай-ақ кінә болған жағдайда, жауаптылық көзделеді деген жалпы құқықтық принципке қарай, заңда бұндай пайдаланушылардың адал ниеттілік призумпциясын бекіту қажет.
Бұндай тәртіпке сәйкес тек қана жариялау автордың келісімінсіз жүзеге асқаны туралы пайдаланушыға алдын ала белгілі болған жағдайда еркін қолдануды ғана іс жүзінде заңсыз деп тануға болатын еді.
Автордың жеке құқығы, қарастырылып отырғанға ұқсастық, авторлық-құқықтық заңдарда және басқа бірқатар мемлекеттерде бар.
Мысалы, Францияның заңының 19-шы бабында «тек автордың өзі ғана өз туындысын жария етуге құқылы» деп бекіткен және, одан басқа, «ол туындыны жария етудің әдісі мен жағдайын белгілейді».
Автордың жеке құқықтарының қатарында, ГФР-ң §12-де, халықа жария ету құқығын, «оның туындысы жариялана ма? және қандай әдіспен жарияланатындығын автор өзі шешуге құқылы» (1-тармақ) және, одан басқа, «автордың келісімімен туындыны халыққа жария етпес бұрын, немесе оның мазмұнын жеткізбес бұрын, авторда өз туындысының мазмұнын халыққа айту немесе беру құқығы сақталады» (2-тармақ).
Жапония заңы моральдік құқықтар арасында туындыны халыққа танымал ету туралы авторлық құқықты қарастырған. Бұл заңның 18-ші бабына сәйкес автор әлі халыққа танымал болмаған туындысын, халықа танымал етуге немесе оны ұсынуға құқылы (бұл автордың келісімінсіз халыққа танымал болған туындыларға да қатысты). Дәл осындай құқықты автор, әлі халыққа танымал болмаған, оның шығармаларынан туындаған шығармаға қатысты да иеленеді.
Кейбір заңдарда (мысалы Франция және Жапония) тек қана автор барлық жағдайда жария етуге байланысты сұрақты шешуге құқылы делген. Бұндай жағдай, дыбыс туындыларына жиі қарастырылады.
Халықаралық конвенцияларда халыққа жария ету құқығына ұқсас қандай да бір құқық көрсетілмеген. Берндік конвенцияға мүліктік емес құқықтар туралы ережені қосу кезінде (1928ж) «туындыны жарыққа шығару мүмкіндігін шешу құқығын» қарастыру туралы ұсынылған, ол сондай-ақ «жариялауға құқық» деп те белгілі. Бірақ бұл сұрақты талқылауда, әр түрлі мемлекеттерде бұл құқықа қатысты әр түрлі ұсыныстар болғандықтан, пікірлер бөлініп кетті де бұл құқықты қосу туралы қолдау таппады, ал әрі қарай бұл қаралмаған.
Достарыңызбен бөлісу: |