Қазақстан республикасының 2013 – 2017 жылдарға арналғАН


Дамудың сыртқы жағдайлары



жүктеу 1,36 Mb.
бет2/7
Дата25.05.2018
өлшемі1,36 Mb.
#17091
1   2   3   4   5   6   7

1.2. Дамудың сыртқы жағдайлары

2012 жылы әлемдік экономиканың баяу өсуі күтілуде. Дүниежүзілік Банктің болжамына сәйкес 2012 – 2013 жылдары әлемдік экономика 2,5-тен 3,0%-ға дейінгі қарқынмен өседі. Келесі 2014 – 2017 жылдардағы өсу қарқыны дамушы елдердегі дағдарыс құбылыстарының созылуына және дамыған ел Үкіметтерінің дамудағы жинақталған құрылымдық тепе-теңсіздікті жою бойынша қабылдаған шараларының тиімділігіне байланысты болады.

Көптеген халықаралық ұйымдар өздерінің болжамдарын төмендеу жағына қарай қайта қарады. Әлемдік экономикадағы негізгі мәселелер: Еуроаймақтағы шиеленістің күшеюі, қаржылық жағдайлардың төмендеуі, сондай-ақ жұмыссыздық деңгейінің өсуі және өсудің төмендеу тәуекелдері болып қалады.

Еуроаймақтың тәуекелдері. Орта мерзімді перспективада әлемдік экономиканың дамуына негізгі теріс ықпал ететін Еуроаймақ экономикасы болып табылады. Еуроодақтың ең бірінші деңгейлі тәуекелі жекелеген ЕО елдеріндегі тәуелсіз қарыздарға қызмет ету проблемаларының туындауына байланысты, ішкі тәуелсіз міндеттемелерге қызмет ету құнының тез өсуі жағдайында шиеленісіп кетеді, осының салдарынан бұл өңірдің банк жүйесіне теріс ықпалын тигізеді.

Ағымдағы кезеңде Еуроаймақтағы түпкілікті проблема Греция төңірегіндегі жағдай болып табылады. Қаржылық қолдау алу үшін бюджеттік шығыстарды қысқартудың қабылданып жатқан шаралары ЕО, ЕОБ, ХВҚ өкілдерінің сеніміне ие болу үшін әлі де жеткіліксіз.

Бұдан басқа, дағдарыстың дәл ортасында Испания мен Италияның қалу қаупі бар. Италиялық және Испаниялық 10 жылдық облигациялар табыстылығының өсуі ЕО бүкіл экономикасын қолайсыз салдарға әкелуі мүмкін.

Еуроаймақ елдерінің экономикалық қиындықтарын көріп отырған облигациялар бойынша табыстылықтың артуы дағдарысынан туындайтын келесі тәуекел банк жүйелерінің нашарлауы болып табылады. Облигациялар бойынша табыстылықтың жоғарылауы аясында олардың құнының төмендеуі мүмкін, соның салдарынан мемлекеттік борыш ұстауыштарына кері әсер етеді, көптеген реттерде ішкі банктер болып табылады. Банктердің әлсіреуі кредит белсенділігін күрт төмендетеді және банк жүйесін қолдауға арналған мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды талап етуі мүмкін, бұл қосымша тапшылықтың ұлғаюына немесе экономиканың басқа салаларындағы мемлекеттік шығыстардың қысқаруына әкеліп соқтырады.

Дүниежүзілік Банктің болжамы бойынша 2012 жылы еуроаймақ экономикасына рецессия келіп жетеді, ол өңірдің ЖІӨ 0,3%-ға қысқартып, еуроаймақ экономикасының нақты өсуі 2013 жылы 0,7%-ды құрайды.

АҚШ-тың тәуекелдері. Еуроаймақтың келеңсіз салдары басқа нарықтарға ықпалын тигізеді, өйткені олар сауда және қаржы арналары бойынша таратылады. Экономикасы дамыған көптеген елдерде өсу қарқындары бәсеңдейді. АҚШ-тағы экономикалық белсенділік жұмыссыздықтың жоғары деңгейі және салық-бюджет саясатының күшеюі салдарынан төмендейді. БҰҰ деректері бойынша дағдарыстың басынын бастап АҚШ-тағы экономикалық белсенді халық үлесі тұрақты төмендеуде. Ұзақ уақыт бойы жұмыссыз қалған қызметкерлер санының көбі жұмыс көзін іздеуді тоқтатуда және енді жұмыс күшінің бөлігі ретінде қаралмайды. 2007 жылдың 10 пайызымен салыстырғанда бір жылдан астам жұмыссыз қалған АҚШ-тағы жұмыссыздардың пайызы шамамен 29 пайызды құрады. Осындай жұмыссыздықтың ұзақ болуы, әдетте, экономикаға елеулі ұзақ мерзімді теріс ықпалын тигізеді. Осыған ұқсас ахуал барлық әлемде байқалуда.

АҚШ экономикасына ғана емес, әлемдік ЖІӨ өсіміне теріс ықпалын тигізетін АҚШ-тағы экономикалық белсенділіктің төмендеуіне әсер ететін басқа тәуекел қатаң бюджеттік шоғырландырумен және салықтардың ұлғаюымен байланысты болады. Осындай жағдайларда АҚШ-тың экономикалық агенттерінің көбі өздерінің шығыстарына абайлап қарайды, осылайша экономиканы одан әрі әлсіретеді. Егер де АҚШ бюджетінің шоғырлануы және Евроаймақтағы рецессия бір мезгілде келетін болса, америкалық өнімдердің экспорты бойынша компаниялар сыртқы өткізу нарықтарының күрт азаюы, АҚШ бюджетінен қажетті қолдаудың жоқтығы, сондай-ақ ғаламдық дағдарыс құбылыстары келген уақытта жалғыз резервтік әлемдік валюта де-фактосы ретінде доллардың жоғары бағамына байланысты әлсіреген бәсекелестік проблемаларына тап болады.

Мемлекеттік борыштың ерекше қатты ұлғаюымен байланысты АҚШ экономикасында қосымша тәуекелдер пайда болуда. Осы себеп бойынша 2011 жылдың екінші жартыжылдығында беделді рейтингтік агенттіктер АҚШ-тың рейтингін төмендетті. Қысқа мерзімді перспективада АҚШ қабылдап жатқан кез келген салық-бюджет саясаты борыштың өсуіне әкеп соғады, бұны таяу болашақта анағұрлым қатаң шаралармен реттеуге тура келеді.

Дамушы елдердің тәуекелдері. Дамушы елдерде де сыртқы ахуалдың нашарлауынан және ішкі сұраныстың әлсіреуінен экономика өсуінің төмендеуі күтілуде. Дамушы елдер үшін негізгі тәуекел экономикасы дамыған елдердің тарапынан сұраныстың төмендеуі болып табылады. Сондай-ақ, әлемдік ауқымда күшейіп келе жатқан дағдарыстың басталу тәуекелдері салдарынан дамып келе жатқан экономикада тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі төмендейді.

Сонымен бірге, экономикасы дамып келе жатқан елдердің экономикасының осалдығы алдыңғы дағдарыс кезеңінен бастап біршама өсті. Бұл алдыңғы дағдарыс кезеңінде өскен бюджет тапшылықтары көлемдерінің сақталуымен байланысты. Жаңа дағдарыс басталған жағдайда дамушы елдер жеке меншік және мемлекеттік секторларда экономикалық белсенділікті қолдау үшін бюджет ресурстарының аз көлеміне ие.

Тауарлар нарығындағы бағалар. Алдағы келешекте биржалық тауарлар бағаларының серпіні әртүрлі іргелі факторлардың әсерінен дамитын болады. Халықаралық ұйымдардың болжамдары бойынша геосаяси тәуекелдері салдарынан орта мерзімді перспективаларда шикізат тауарларының бағасы жоғары деңгейде болады, бірақ дағдарыс құбылыстары асқынған жағдайда қысқа мерзімді құлдырау болуы мүмкін.

Бағаларды қолдаудың негізгі факторлары мыналар:



  • Монетарлық факторлар. АҚШ сандық жеңілдетудің екі бағдарламасынан кейін болғандай акция мен шикізат нарықтарына капиталдың ағынына алып келетін экономиканы қолдау үшін дамыған елдерде сандық жеңілдетудің жаңа бағдарламалары ретінде дағдарысқа қарсы күрес құралдары.

  • Геосаяси тәуекелдер. Иран мен Сирия айналасындағы қобалжушылық, әлемнің мұнайлы өңірлеріндегі соғыс.

  • Өндірудің технологиялық құрылымы. Қазіргі уақытта өңделіп жатқан жеңіл мұнай кен орындарының таусылуының басталуы нәтижесінде мұнай ұсыныстарын қысқаруының ықтималды тәуекелдері бар. Осыған байланысты, бүгінгі күні анағұрлым күрделі жобалар болып табылатын жаңа көздерді іздеу жұмыстары жүргізілуде. Жобаларды іске асырудың тиімділігі көбінесе мұнайдың жоғары бағаларына тәуелді болады.

Осы факторлардың қосындысы жақын арадағы перспективада шикізат тауарлары бағасының тұрақты жоғары деңгейде болуына септігін тигізеді.

2. Дамудың сценарийлік нұсқалары

Әлемдік экономиканың даму үрдістерінің, мұнайдың әлемдік бағалары деңгейінің және әлемдік қаржы нарықтарындағы ахуалдың өзгеруіне байланысты дамудың ықтимал үш сценарийі қарастырылды.



Оптимистік сценарий 2013 – 2017 жылдары әлемдік экономиканың серпінді дамуын, Еуроаймақ елдерінің борыш проблемаларының шешілуін, елдің берешектерінің көп бөлігін есептен шығаруды көздейді. АҚШ-та және басқа дамыған елдерде сандық жеңілдету саясатының кезекті кезеңін өткізу, дамушы елдерден жеке сектор мен импорттың сұранысын қалпына келтіру. Осы сценарийде әлемдік экономиканың өсімі дағдарысқа дейінгі 4,0-4,3% қарқынына сәйкес болады.

Шикізат тауарларының бағалары дамыған елдердің тарапынан да, дамушы елдердің тарапынан да өсіп келе жатқан сұраныспен нығайтылған жеткілікті жоғары деңгейде болады. 2013 – 2017 жылдары оптимистік сценарийде әлемдік мұнай бағалары, бағалау бойынша, бір баррелі үшін 120 АҚШ долл. деңгейінде болады.



1-сурет


Базалық сценарий орташа есеппен алғанда 4% қарқынмен 2013 – 2017 жылдары әлемдік экономиканың бәсең, бірақ үдемелі өсуін болжайды. Бағалау бойынша 2013 – 2017 жылдары мұнайдың бағалары 90 АҚШ долл. деңгейінде болады, металл бағалары ағымдағы деңгейден 15% төмендеуі болжануда.

Базалық сценарий кезінде Грецияның ойдағыдай борыш құрылымын қайта құрылымдауы және несие берушілердің алдында өз міндеттемелерін өтеуі күтілуде.



АҚШ-та бюджеттік шоғырландыру жалғасын табады, еңбек нарығында жағымды өзгерістер байқалады, QE3 (3 сандық жұмсарту) өткізілуі мүмкін.
2-сурет


Пессимистік сценарий 2013 – 2017 жылдары әлемдік экономика өсуінің орташа алғанда ағымдағы болжамдардан 2% дейін бәсеңдеуін жобалайды.

Бұл сценарийде әлемдік экономика кезекті рецессия шегінде теңгеріледі. Ең өткір проблема жоғары жұмыссыздық, төмен табыстар және соның салдарынан тұтас сұранысты кеңейтудің негізгі факторларының болмауы болып қала береді.

Бұл сценарий кезінде бақыланбайтын дефолт және Грецияның Еуроаймақтан шығуы, кейіннен Португалияда және Ирландияда ахуалдың нашарлауы және Испания мен Италия экономикаларының күрт нашарлауы күтілуде. Дағдарыстың асқынуы еуро аймағының толық ауқымды рецессиясына әкеп соқтырады.

Сондай-ақ, 2008 жылғы бағаның күрт төмендеуіне ұқсас шикізат нарығында бағалардың күрт төмендеуі болжануда. Мұнайдың бағасы 60 АҚШ долл. дейін төмендейді, металдардың бағасы ағымдағы деңгейден 50% төмендейді.



3-сурет

Жылдың басынан бастап ел экономикасының қалыптасқан даму үрдістерін және әлемдік экономиканың ахуалын ескере отырып, Болжамды қалыптастыру кезінде негіз ретінде бастапқы параметрлері ағымдағы болжалдан болмашы ауытқулармен анағұрлым мүмкін болып табылатын базалық нұсқа алынды.





жүктеу 1,36 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау