5. 2013 – 2015 жылдарға арналған бюджеттік параметрлердің болжамы
5.1. Мемлекеттік және республикалық бюджеттердің, Ұлттық қордың және Қазақстан Республикасының шоғырландырылған бюджетінің болжамдары
Экономиканың базалық сценарий бойынша дамуының болжанатын сыртқы шарттары мен экономика салаларын дамытудың болжанып отырған қарқынын ескере отырып, 2013 – 2015 жылдары мемлекеттік бюджет кірістерінің (трансферттерді есепке алмай) 2013 жылғы 5 011,2 млрд. теңгеден 2015 жылы 6 414,5 млрд. теңгеге дейін өсуі болжанады.
3-кесте
Мемлекеттік бюджет кірістерінің болжамы (трансферттерді есепке алмай), млрд. теңге
Атауы
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
Кірістер (трансферттерді есепке алмай)
|
5 011,2
|
5 633,9
|
6 414,5
|
Салықтық түсімдер
|
4 898,5
|
5 532,8
|
6 309,9
|
Салықтық емес түсімдер
|
66,0
|
67,5
|
69,5
|
Капиталымен қоса операциялардан түскен кірістер
|
46,7
|
33,7
|
35,2
|
2013 – 2015 жылдарға арналған мемлекеттік бюджет кірістерінің болжамы Салық және Кеден кодекстері мен басқа да нормативтік құқықтық актілердің ережелерін, Кеден одағының ықпалын ескере отырып, орта мерзімді кезеңге арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы негізінде есептелді және Кеден одағында кедендік баждардың сомаларын есепке жатқызу және бөлу тетігін қолдануды болжайды.
Бюджет кірістерінің өсуі негізінен салық түсімдерінің болжанатын ұлғаюымен қамтамасыз етілетін болады, ол мемлекеттік бюджеттің кірістерінде шамамен 97,8 %-ды қамтиды.
Салықтық түсімдердің ұлғаюына экономиканың болжанатын өсуі, тауарлар импортының өсуі, салалардағы өндірістің, оның ішінде Индустрияландыру картасының инвестициялық жобаларын іске асыру шеңберінде жаңа өндірістердің енгізілуін ескере отырып, ұлғаюына ықпал етеді.
Ұлттық қордан 2013 жылы 1 380,0 млрд. теңге және 1 188,0 млрд. теңге мөлшерінде, кепілдендірілген трансферттердің тартылуын ескере отырып, 2014-2015 жылдары мемлекеттік бюджетке түсетін түсімнің жалпы көлемі 2013 жылы 6 396,1 млрд. теңгеден өсе отырып, 2015 жылы 7 605,3 млрд. теңгеге дейін өсуі болжамдалады.
7-сурет
Бюджет тапшылығын азайту саясатына сәйкес болжанатын ЖІӨ-ге қатысты оны 2013 жылы 2,1%-дан 2015 жылы 1,5%-ға дейін қысқарту жоспарланып отыр.
Болжанатын түсімдер мен тапшылықтың жоспарланатын азаюын негізге ала отырып, мемлекеттік бюджет шығыстарын 2013 жылы 7 181,3 млрд. теңгеден 2015 жылы 8 341,1 млрд.теңгеге (ЖІӨ-нен 19,6-17,0%) дейін ұлғайту болжанып отыр.
8-сурет
Мемлекеттік шығыстардың жоспарланып отырған ұлғаюы экономиканың орнықты өсуі үшін қажетті ішкі сұраныс пен мемлекеттік инвестициялар есебінен негізгі капитал жинағын ұстап тұратын болады.
Мұнайдың күтілетін өндірілуін, Brent мұнайының әлемдік бағасы бойынша болжамды параметрлерін, АҚШ долларының есеп айырысатын айырбас бағамын, Ұлттық қорға тікелей салықтарды ескере отырып, 2013 жылы 2 740,0 млрд. теңге, 2014 жылы – 2 676,3 млрд. теңге, 2015 жылы – 2 735,1 млрд. теңге көлемінде болжанып отыр.
2013 – 2015 жылдары әлемдік мұнай бағасының аз ғана төмендеуінің күтілуіне байланысты Ұлттық қорға мұнай түсімдерінің болжанатын қысқаруына қарамастан Ұлттық қордан кепілдендірілген трансфертті шектеу және оны перспективада ұлғайтпау Қорда мұнай кірістерінің таза жинағына ықпал ететін болады.
9-сурет
Бұдан басқа, мемлекеттік бюджет түсімдерінің жалпы көлемінде Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт түрінде тартылатын қаражаттың үлесін азайту жоспарланып отыр.
10-сурет
Мемлекеттің мұнай кірістерін ұлғайту аясында бюджет пен Ұлттық қордың теңгерімділігі саясатына сәйкес кепілдендірілген трансферт көлемінде Ұлттық қордың қаражатын пайдалануды шектеу мұнай емес тапшылықтың 2015 жылы ЖІӨ қарағанда 3,9%-ына дейін қысқаруына ықпал ететін болады.
11-сурет
Осы фискалдық қағидаларды сақтау Ұлттық қордағы мұнай кірістерінің таза жиналуын және оның 2015 жылы болжам бойынша 101,8 млрд. АҚШ долларын (ЖІӨ-нің 30,8%-ы) құрайтын көлемінің ұлғаюын қамтамасыз ететін болады.
12-сурет
Осылайша, Қордың тұрақтандыру және жинақтау функцияларын орындау қамтамасыз етілетін болады.
Ұлттық қорды толықтыру елдің егемен рейтингін арттыруға ықпал етеді. Бұл өз кезегінде инвестицияларды ынталандыру үшін сыртқы қаржы ресурстарын неғұрлым тартымды және жеңілдікті шарттармен тартуға мүмкіндік береді.
Әлемдік және қазақстандық экономикадағы жағдай өзгерген кезде бюджет саясатын түзету, оның ішінде бюджет параметрлерін нақтылау жолымен жедел және икемді шаралар қабылданатын болады.
2013 – 2015 жылдарға арналған мемлекеттік және республикалық бюджеттер параметрлерінің болжамы 1-қосымшада келтірілген.
Достарыңызбен бөлісу: |