5.2. 2013 – 2015 жылдарға арналған бюджет шығыстарының басымдылықтары
Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына Жолдауындағы қойылған міндеттерін ескере отырып, 2013 – 2015 жылдарға арналған бюджет шығыстарының негізгі басымдылықтары мыналар болып табылады:
1. Халықты жұмыспен қамтуды арттыру
Халықты тұрақты және өнімді жұмыспен қамту ықпалдастығы арқылы халықтың табысын арттыру үшін Жұмыспен қамту - 2020 бағдарламасын іске асыру толық көлемде жалғасады.
Жұмыспен қамту - 2020 бағдарламасы шеңберінде оқыту, қайта оқыту және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, бизнес-дағдыларға үйрену арқылы ауылда кәсіпкерлікті дамыту және шағын кредиттер беру, сонымен қатар еңбек ресурстарының ұтқырлығын қамтамасыз ету шаралары қаржыландырылады.
2. Халықты қол жетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету
Халықты, бірінші кезекте жас отбасыларды қол жетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін тұрғын үй құрылысын дамыту жаңа бағыт алады.
Қол жетімді тұрғын үй құрылысы «Қол жетімді тұрғын үй - 2020» жаңа бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік қолдау мынадай негізгі бағыттар бойынша көрсетіледі:
- жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған азаматтар үшін тұрғын үй салу.
- «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ желісі бойынша:
- халықтың барлық санаттары үшін;
- жас отбасылар үшін.
- «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ салған тұрғын үй.
- Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын 2011 – 2020 жылдарға арналған жаңғыртудың бағдарламасы бойынша тұрғын үй қорын жөндеу (қайталама тұрғын үй).
- Апаттық тұрғын үйлерді бұзу жөніндегі пилоттық жобалар шеңберінде тұрғын үй салу.
- Жеке тұрғын үйлердің құрылысы.
- Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу.
- Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының шеңберінде тұрғын үй салу.
- «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның тұрғын үй салуы.
3. Өңірлерді дамыту
Моноқалалардың экономикасын әртараптандыруға бағытталған Моноқалаларды дамыту бағдарламасын іске асыру басталады. Моноқалаларда кәсіпкерлікті белсенді дамыту, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру, инвестициялық жобаларды іске асыру үшін республикалық бюджеттен жыл сайын трансферттер бөлінетін болады.
Өңірлік дамудың тағы бір бағыты қалалық Агломерацияларды дамыту бағдарламасын іске асыру болады. Бағдарлама шеңберінде экономикалық өсу орталықтары болатын Астана, Алматы, Актөбе, Ақтау, Шымкент қалаларының айналасында агломерацияларды дамыту бойынша шаралар қолданылатын болады.
Жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу жөніндегі өкілеттіктерді толық көлемде іске асыру үшін жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту саласында қаржы-экономикалық жағдайлар жасалатын болады. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде ауылдарда инфрақұрылымды және абаттандыруды дамыту үшін жергілікті өзін-өзі басқару қаржыландырылатын болады.
Сонымен қатар, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасын, «2030 жылға дейін Астана қаласының тұрақты дамуының стратегиялық жоспарын», «Астана қаласына іргелес елді мекендердің 2011 – 2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарын» іске асыру шеңберінде инфрақұрылымды, әлеуметтік саланы, ТКШ жаңғыртуды дамыту арқылы өңірлердің бәсекелестігін дамытуға бағытталған жобаларды іске асыру жоспарлануда.
4. Адами капиталдың сапалы дамуы
Әлеуметтік саланы одан әрі жаңғырту мақсатында бірінші кезекте «Саламатты Қазақстан» Денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту бағдарламасы, «Балапан» бағдарламасы шараларын қаржыландыру жүзеге асырылатын болады.
Денсаулық сақтау саласындағы басымдылықтардың бірі - Қазақстан Республикасында онкологиялық көмекті дамыту бағдарламасын іске асыру болып табылады. Бағдарлама шеңберінде халықтың онкоқырағылығын арттыруды, ерте және уақтылы диагностиканы, жаңа тиімді емдеу әдістерін қамтитын медициналық көмек көрсетудің барлық кезеңдерінде жүйелі шаралар қолданылатын болады.
Жоғары білікті кадрлар даярлау және озық медициналық технологияларды дамыту үшін қуатты Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық және болашақ госпиталін құру жоспарлануда.
Сонымен қатар, дене шынықтыру және спорттың материалды-техникалық базасын дамыту бойынша шаралар қаржыландырылатын болады.
Әлеуметтік инфрақұрылымды (балабақшаларды, мектептерді, ауруханаларды, емханаларды), Назарбаев зияткерлік мектептері желісін, «Кәсіпқор» холдингінің әлемдік деңгейдегі колледждерін, кадрлар даярлау мен қайта даярлау бойынша өңіраралық орталықтарды одан әрі дамыту жалғасады.
5. Халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту
Аталған бағыт шеңберінде тұрғын үй қорын жақсартуға, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге, су бұру және сумен жабдықтау жүйелерін дамытуға бағытталған 2011 – 2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, 2010 – 2014 жылдарға «Жасыл даму», 2011 – 2020 жылдарға «Ақ Бұлақ» бағдарламаларын іске асыру басымды болады.
Бұдан басқа, одан әрі электрондық форматқа көшу арқылы халыққа мемлекеттік қызметтердің сапалылығы мен қол жетімділігін арттыру бойынша шаралар қаржыландырылатын болады.
6. Индустриялық-инновациялық даму
Экономиканы одан әрі жаңғырту және әртараптандырудың басты құралы 2010 – 2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру болып қалады.
Бағдарлама шеңберінде Балхаш ЖЭС бірінші модулінің, «Жезқазған-Бейнеу» және «Арқалық-Шұбаркөл» жаңа екі темір жол желісінің, Қарашығанақ кен орнындағы газ өңдеу зауытының, орталық Қазақстанды газдандыру үшін газ құбырының, Атырау облысындағы химиялық мұнай және газ кешенінің құрылысы сияқты қайта бөлінісі жоғары шикізат ресурстары мен инфрақұрылым салаларында ірі инвестициялық жобаларды іске асыру басталады.
Бұдан басқа, Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін қабылданған, оның ішінде «Өнімділік 2020», «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламаларының іс-шаралары экономиканы энергетикалық, көліктік және газ инфрақұрылымдарымен қамтамасыз етуді, арнайы экономикалық аймақ құруды қоса алғанда салалық бағдарламалар басымды түрде қаржыландырылатын болады.
Аграрлық өнеркәсіптік кешенді қолдау бойынша іс-шараларды қаржыландыруға маңызды назар аударылатын болады.
Экономиканың аграрлық секторын әртараптандыру үшін 2014 жылдарға дейін аграрлық өнеркәсіп кешенін дамыту бойынша бағдарламаны іске асыру жалғасады. Бағдарлама шеңберінде етті мал шаруашылығын, жем өнеркәсібін және отарлы мал шаруашылығын дамыту бойынша жобаларды іске асыруды қаржыландыруға фермерлерге кеңейтілген мүмкіндік беру бойынша шаралар қолданылады.
7. Бюджет шығыстарының маңызды басымдылықтарының бірі мемлекеттің толық көлемде әлеуметтік міндеттемелерін орындау болып табылады.
Бұдан басқа, қорғаныс қабілеттілігін, ұлттық қауіпсіздікті, құқықтық тәртіп және төтенше жағдайларды жою және алдын алу шараларын күшейту бойынша шараларды іске асыру басым болады.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қайта аттестациялауды өткізу нәтижесі бойынша ақшалай үлесін жоғарылату және әлеуметтік пакетті кеңейту бойынша шаралар қолданылатын болады.
Жергілікті бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттарына білім беру, денсаулық сақтау, сумен қамтамасыз ету, газдандыру, табиғатты қорғау шаралары, тұрғын үй құрылысы, әлеуметтік қамтамасыз ету объектілері, мәдениет және спорт салаларындағы жобалар жатқызылған.
Бюджеттік инвестициялық саясаттың басым бағыттары (оның ішінде бюджеттік инвестициялар)
Алдағы кезеңге арналған бюджеттік инвестициялық саясат стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда және Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларында айқындалған мақсаттар мен міндеттерге бағытталатын болады.
Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін зияткерлік және инфрақұрылымды негізді құрайтын салалар басым болып табылады.
Мемлекеттің ұзақ мерзімді міндеттерін іске асыру үшін базаны қалыптастырудың, әлеуметтік, индустриялық-инновациялық инфрақұрылымды құру және халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша мемлекеттік бастамаларды әрі қарай жалғастыру және аяқтаудың үлкен маңызы болады.
Орта мерзімді перспективада мемлекеттің бюджеттік инвестицияларының басым бағыттары болып:
1. Әлеуметтік саланы жаңғырту
Осы бағыт шеңберінде Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы және Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту, 2010 – 2014 жылдарға арналған Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы және Жұмыспен қамту - 2020 бағдарламаларының іс-шаралары қаржыландырылады.
Білім беру саласында мектепге дейінгі ұйымдардың желісін кеңейту, Назарбаев зияткерлік мектептері желісін ұлғайту бойынша жаңа мектептер құрылысы есебінен апаттық және үш ауысымды мектептерді жою бойынша жұмыстар жалғастырылады.
Бұдан басқа жоғары оқу орындарының жатақханалары желісін ұлғайту бойынша іс-шаралар қаржыландырылады.
Денсаулық сақтау жүйесін дамытуға арналған бюджеттің негізгі мақсаты қазіргі бар койка қуатын ұтымды және тиімді қолдануға мүмкіндік беретін «100 аурухана құрылысы» жобасы шеңберінде салынатын жаңа денсаулық сақтау объектілерін қолданысқа енгізу және Астана қаласында онкологиялық орталық құрылысын қаржыландыру болып табылады.
2. Индустрияландыру бағдарламасы
Индустрияландыру бағдарламасы экономиканы жаңғыртудың басты бағдары болып қалады.
Осы бағдарлама шеңберінде «Өнімділік 2020», «Бизнестің жол картасы 2020», сондай-ақ басқа да энергетика, көлікті қоса алғанда ҮИИДМБ іске асыруда қабылданған басқа да салалық бағдарламалар басым қаржыландырылатын болады. Елдің оңтүстік аймақтарын энергия тапшылығы және энергия тәуелділігінен босату проблемаларын шешу жоспарлануда. Сондай-ақ «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізінің қазақстандық учаскесінің құрылысын аяқтау және Жезқазған – Бейнеу, Арқалық – Шұбаркөл жаңа тас жолдарын, Батыс – Солтүстік – Орталық газ құбырын бастау негізгі мәселе болып табылады.
3. Халықтың өмір сүру жағдайларын жақсарту, қол жетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту, тұрғын үй салу, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, сумен қамтамасыз ету және су бұру жүйесін дамыту арқылы жақсарту.
Осы бағыт шеңберінде бірінші кезекте 2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ», 2011 – 2020 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту, 2010 – 2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» бағдарламалары іске асырылады.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасында «Қол жетімді тұрғын үй 2020» бағдарламасы шегінде қол жетімді жалдамалы тұрғын үй салу жолымен тұрғын үй қорын ұлғайту жоспарлануда.
4. Нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жоспарлауды енгізу жөніндегі реформаларды тереңдету арқылы мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру және мемлекеттік функцияны іске асыру, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын жақсарту
Оны іске асыру шеңберінде қорғаныс қабілетін, ұлттық қауіпсіздікті, құқықтық тәртіпті нығайту бойынша кедендік қызмет саласында, «е-Үкімет», «е-Салықтар», «е-Лицензиялау» жобаларын іске асыру, ХҚКО дамытуға бағытталған мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын дамыту және мемлекеттік функцияларды іске асыру бойынша іс-шаралар басым қаржыландырылатын болады.
5. Ірі серпінді дамып келе жатқан қалалар негізінде Өңірлік даму, өсу нүктелерін қалыптастыру (Астана, Алматы қ.қ.) арқылы аймақтар үшін «локомотивтер» болатын озық өсу «нүктелерін» қалыптастыру, қалалық агломерацияларды дамыту.
Бұл жобалар Астана және Алматы қалалары бойынша 2030 жылға дейін Астана қаласының тұрақты даму стратегиялық жоспары, 2011 – 2014 жылдарға арналған Астана қаласына іргелес елді мекендерді әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешендік жоспары, сондай-ақ 2011 – 2015 жылға арналған өңірлерді дамыту бағдарламасы шеңберінде іске асырылады.
Бұдан басқа, осы бағыт қазіргі таңда 2012 – 2020 жылдарға арналған Моноқалаларды дамыту бағдарламасы арқылы моноқалалардың проблемаларын шешуді көздейді.
Достарыңызбен бөлісу: |