Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы n 251 Кодексі



жүктеу 0,64 Mb.
Pdf просмотр
бет50/51
Дата16.01.2020
өлшемі0,64 Mb.
#26935
түріКодекс
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51

      6) зертханалық және басқа зерттеулердің, эксперименттердің, 
сараптамалардың, талдаулардың нәтижелері және тағы сол сияқтылар; 
      7) бас мемлекеттік еңбек инспекторының қорытындысы (егер бар болса); 
      8) жұмыс берушіге келтірілген материалдық залал туралы мәліметтер; 
      9) жұмыс берушінің зардап шеккен адамға (отбасы мүшелеріне) оның 
денсаулығына келтірілген зиянды ӛтеу және жол берілген оқиғаға кінәлі 
лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту туралы бұйрығы; 
      10) қоса берілетін құжаттардың тізбесі болуға тиіс. 
      13. Зардап шеккен адам немесе қызметкерлердің ӛкілі жазатайым оқиғаны 
тергеп-тексерудің бүкіл материалдарымен танысуға және қажетті үзінді 
кӛшірмелер жасауға құқылы. 
      
327-бап. Жазатайым оқиғалардың дҧрыс, уақтылы
 
                
тергеп-тексерілуі мен есепке алынуын бақылау
 
      Жазатайым оқиғалардың дұрыс, уақтылы тергеп-тексерілуі мен есепке 
алынуын, сондай-ақ мұндай оқиғаларды туындатқан себептерді жою жӛніндегі іс-
шаралардың орындалуын бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары 
ӛз құзыреттері шегінде тексерулер жүргізу, азаматтардың шағымдарын, арыздары 
мен ӛтініштерін қарау және ұйымдарды тексеру арқылы жүзеге асырады. 
Ӛндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру, сондай-ақ мұндай оқиғаларды 
туындатқан себептерді жою жӛніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылау аясында 
мемлекеттік еңбек инспекторлары жүргізетін тексерулер Қазақстан 
Республикасының мемлекеттік құқықтық статистика мен арнайы есепке алу 
туралы заңнамасына сәйкес тіркеуге және есепке алынбайды. 
 
6-БӚЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫН
 
БАҚЫЛАУ
 
 
38-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ
 
      
328-бап. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының
 
                
сақталуын мемлекеттік бақылау
 
      1. Ұйымдарда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын 
мемлекеттік бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады. 
      2. Мемлекеттік еңбек инспекторларына: 
      1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы - 
Қазақстан Республикасының еңбек жӛніндегі уәкілетті мемлекеттік органының 
мемлекеттік еңбек инспекциясының басшысы; 
      2) мемлекеттік еңбек инспекциясының бас мемлекеттік еңбек инспекторлары 
- еңбек жӛніндегі уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік еңбек 
инспекциясының лауазымды адамдары; 
      3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бас мемлекеттік еңбек 
инспекторы - еңбек жӛніндегі уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік еңбек 
инспекциясының облыстық, республикалық маңызы бар қаладағы аумақтық 
бӛлімшесінің басшысы; 
      4) мемлекеттік еңбек инспекторлары - мемлекеттік еңбек инспекциясы 
органының облыстық, республикалық маңызы бар қаладағы аумақтық бӛлімшесінің 
лауазымды адамдары жатады. 
      3. Мемлекеттік еңбек инспекторлары қызметтік міндеттерін атқару кезінде 
заңмен қорғалады және Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан 
Республикасының заңдары мен ӛзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа 
алады. 
      4. Мемлекеттік еңбек инспекторына қызметтік міндеттерін орындауға 
кедергі келтірген тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты 
болады. 
      5. Ӛңірлік қаржы орталығы қатысушыларының Қазақстан Республикасының 
еңбек туралы заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды Алматы қаласы ӛңірлік 
қаржы орталығының қызметін реттеу жӛніндегі уәкілетті мемлекеттік 
орган жүзеге асырады. 
      Алматы қаласы ӛңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жӛніндегі 


уәкілетті мемлекеттік орган: 
      1) еңбек жӛніндегі уәкілетті мемлекеттік органды Қазақстан Республикасы 
еңбек заңнамасының бұзылу фактілері туралы ӛз құзыреті шегінде хабардар 
етуге; 
      2) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы талаптарының орындалу жай-
күйі туралы ақпаратты еңбек жӛніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген 
нысанға сәйкес еңбек жӛніндегі уәкілетті мемлекеттік органға тоқсан сайын 
беріп отыруға міндетті. 
      
Ескерту. 328-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 
2007.12.19. 
N 9
 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен 
соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      
329-бап. Мемлекеттік еңбек инспекциясы қызметінің
 
                
принциптері мен негізгі міндеттері
 
      Мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметі қызметкерлердің құқықтары мен 
бостандықтарын сыйлау, сақтау және қорғау, заңдылық, әділдік, тәуелсіздік 
және жариялылық принциптері негізінде жүзеге асырылады. 
      Мемлекеттік еңбек инспекциясының негізгі міндеттері: 
      ұйымдарда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын 
мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету; 
      қауіпсіз еңбек жағдайларына құқықты қоса алғанда, қызметкерлердің 
құқықтары мен бостандықтарын сақтауды және қорғауды қамтамасыз ету; 
      Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мәселелері бойынша 
қызметкерлер мен жұмыс берушілердің ӛтініштерін, арыздарын және шағымдарын 
қарау болып табылады. 
      
330-бап. Мемлекеттік еңбек инспекторларының қҧқықтары
 
      Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік 
бақылауды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік еңбек инспекторларының: 
      1) еңбек заңнамасының сақталуына тексеру жүргізу мақсатында ұйымдар мен 
кәсіпорындарда кедергісіз болуға; 
      2) жұмыс берушілерден ӛздеріне жүктелген функцияларды орындауға қажетті 
құжаттарды, түсініктемелерді, ақпаратты сұратуға және алуға; 
      3) жұмыс берушілер орындауға міндетті нұсқамалар, қорытындылар беруге, 
сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар мен қаулылар 
толтыруға, әкімшілік жазалар қолдануға
      4) ӛз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беруге; 
      5) ұйымдардың, жекелеген ӛндірістердің, цехтардың, учаскелердің, жұмыс 
орындарының қызметі және жабдықтардың, тетіктердің пайдаланылуы еңбек 
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы нормативтік құқықтық актілердің 
талаптарына сай келмейтіні анықталған жағдайда, оларды үш күннен аспайтын 
мерзімге, кӛрсетілген мерзім ішінде міндетті түрде сотқа талап-арыз бере 
отырып, тоқтата тұруға (тыйым салуға); 
      6) жұмыс орындарында белгіленген талаптарға сай келмейтін арнаулы 
киімнің, арнаулы аяқ киімнің және басқа да жеке және ұжымдық қорғану 
құралдарының берілуі мен пайдаланылуына тыйым салуға; 
      7) жұмыс берушіге (оның ӛкіліне) хабарлай отырып және тиісті акт жасау 
арқылы арнаулы киім үлгілерін, пайдаланылатын немесе ӛңделетін материалдар 
мен заттарды талдау жасау үшін алуға; 
      8) ӛндірістегі жазатайым оқиғаларды белгіленген тәртіппен тергеп-
тексеруге; 
      9) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқудан, 
нұсқау беруден, білімін тексеруден ӛтпеген қызметкерлерді жұмыстан шеттету 
үшін жұмыс берушілер орындауға міндетті нұсқамалар беруге; 
      10) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу, мемлекеттік еңбек 
инспекторларының актілерін жұмыс берушілердің орындамауы фактілері бойынша 
тиісті құқық қорғау органдарына және соттарға ақпарат, талап қою және ӛзге де 
материалдар жіберуге; 
      11) еңбек жӛніндегі уәкілетті орган белгілеген талаптарда кӛзделген 
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жӛніндегі білімді тексеруге қатысуға; 
      12) шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру кезінде белгіленетін 


жүктеу 0,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау