Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы n 251 Кодексі



жүктеу 0,64 Mb.
Pdf просмотр
бет43/51
Дата16.01.2020
өлшемі0,64 Mb.
#26935
түріКодекс
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   51

акционерлеріне табыс етіледі. 
      4. Осы баптың 2, 3-тармақтарында кӛрсетілген рәсімдердің нәтижелерімен 
келіспеген жағдайда, қызметкерлер ӛз мүдделерін қорғаудың заңда кӛзделген, 
ереуіл ӛткізуге дейінгі ӛзге де барлық тәсілдерін пайдалануға құқылы. 
      
298-бап. Ереуіл ӛткізу қҧқығы
 
      1. Егер бітімгерлік рәсімдер арқылы ұжымдық еңбек дауын шешуге қол 
жеткізілмесе, сондай-ақ жұмыс беруші бітімгерлік рәсімдерден жалтарған не 
ұжымдық еңбек дауын шешу барысында қол жеткізілген келісімді орындамаған 
жағдайларда қызметкерлер ереуіл ӛткізу туралы шешім қабылдай алады. 
      2. Ереуіл ӛткізу жӛніндегі шешім қызметкерлердің (олардың ӛкілдерінің) 
жиналысында (конференциясында) ұйым қызметкерлері жалпы санының кемінде 
жартысы болғанда қабылданады және жиналысқа (конференцияға) қатысушылардың 
кемінде үштен екісі сол үшін дауыс 
берген жағдайда қабылданды деп есептеледі. 
      3. Ереуілді қызметкерлер (олардың ӛкілдері) уәкілеттік берген орган 
(ереуіл комитеті) басқарады. Бірнеше жұмыс берушілердің қызметкерлері 
(олардың ӛкілдері) бірдей талаптар қойып, ереуіл жариялаған жағдайда, оны осы 
қызметкерлер ӛкілдерінің бірдей санынан құрылатын бірлескен орган басқаруы 
мүмкін. 
      4. Ереуілге қатысу ерікті болып табылады. Ешкімді ереуілге қатысуға 
немесе ереуілге қатысудан бас тартуға мәжбүрлеуге болмайды. 
      5. Қызметкерлерді ереуілге қатысуға немесе ереуілге қатысудан бас 
тартуға мәжбүрлейтін тұлғалар Қазақстан 
Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылықта болады. 
      
299-бап. Ереуілдің басталуы туралы жариялау
 
      1. Осы Кодекстің 298-бабының 3-тармағында кӛрсетілген уәкілетті орган 
ереуілдің басталуы мен болжамды ұзақтығы туралы жұмыс берушіге, жұмыс 
берушілердің бірлестігіне (олардың ӛкілдеріне) оны жариялағанға дейін 
күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей жазбаша түрде ескертуге тиіс. 
      2. Ереуіл жариялау туралы шешімде: 
      1) тараптардың ереуіл ӛткізуге негіз болған келіспеушіліктерінің 
тізбесі; 
      2) ереуіл ӛткізілетін күн, орын мен уақыт, оның ұзақтығы және 
қатысушылардың болжамды саны; 
      3) ереуілді басқаратын органның атауы, бітімгерлік рәсімдерге қатысуға 
уәкілеттік берілген қызметкерлер ӛкілдерінің құрамы; 
      4) ереуіл ӛткізу кезеңінде орындалатын қажетті жұмыстардың (қызмет 
кӛрсетулердің) ең тӛменгі кӛлемі жӛніндегі ұсыныстар кӛрсетіледі. 
      
300-бап. Ереуілді басқаратын органның ӛкілеттіктері
 
      1. Ереуілді басқаратын орган ӛзіне осы Кодекспен берілген құқықтар 
шегінде және қызметкерлер (олардың ӛкілдері) берген ӛкілеттіктер негізінде 
әрекет етеді. 
      2. Ереуілді басқаратын органның: 
      1) қойылған талаптарды шешу мәселелері бойынша жұмыс берушімен, жұмыс 
берушілердің бірлестігімен (олардың ӛкілдерімен), мемлекеттік, кәсіподақ, 
ӛзге де заңды және лауазымды тұлғалармен ӛзара қарым-қатынастарда 
қызметкерлер мүдделерін білдіруге; 
      2) жұмыс берушіден, жұмыс берушілер бірлестігінен (олардың ӛкілдерінен) 
қызметкерлердің мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша ақпарат алуға; 
      3) қызметкерлердің талаптарын қарау барысын бұқаралық ақпарат 
құралдарында жариялап отыруға; 
      4) даулы мәселелер бойынша қорытындылар шығару үшін мамандарды тартуға; 
      5) қызметкерлердің (олардың ӛкілдерінің) келісімімен ереуілді тоқтата 
тұруға құқығы бар. 
      3. Бұрын тоқтата тұрған ереуілді қайта бастау үшін бітімгерлік 
комиссиясының, делдалдың немесе еңбек арбитражында дауды қайта қарауы талап 


етілмейді. Жұмыс беруші, жұмыс берушілер бірлестігі (олардың ӛкілдері) және 
еңбек дауларын реттеу жӛніндегі орган ереуілдің қайта басталуы туралы үш 
жұмыс күнінен кешіктірілмей ескертілуге тиіс. 
      4. Ұжымдық еңбек дауының тараптары оны реттеу жӛніндегі келісімге қол 
қойған, сондай-ақ ереуіл заңсыз деп танылған жағдайларда, ереуілді басқаратын 
органның ӛкілеттіктері тоқтатылады. 
      5. Ереуілді басқаратын органның ӛз ӛкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде 
жұмыс берушінің, мемлекеттік органдардың және қоғамдық бірлестіктердің 
құзыретіне жататын шешімдерді қабылдауға құқығы жоқ. 
      
301-бап. Ҧжымдық еңбек дауы тараптарының ереуіл
 
                
барысындағы міндеттері
 
      Ереуіл ӛткізу кезеңінде ұжымдық еңбек дауының тараптары осы дауды 
бітімгерлік рәсімдер жүргізу жолымен шешуді жалғастыруға міндетті. 
      Жұмыс беруші, мемлекеттік органдар және ереуілді басқаратын орган 
ереуіл кезеңінде қоғамдық тәртіпті, ұйымның мүлкін және қызметкерлердің 
қауіпсіздігін сақтау, сондай-ақ тоқтап қалуы адамдардың ӛмірі мен 
денсаулығына тікелей қатер тӛндіретін машиналардың және жабдықтардың жұмысын 
қамтамасыз ету жӛніндегі ӛздеріне байланысты шараларды қабылдауға міндетті. 
      
302-бап. Қызметкерлерге ереуіл ӛткізуге байланысты
 
                
берілетін кепілдіктер
 
      1. Ереуілді ұйымдастыру немесе оған қатысу (осы Кодекстің 303-бабының 
1-тармағында кӛзделген жағдайларды қоспағанда) қызметкердің еңбек тәртібін 
бұзуы деп қаралмайды және осы Кодексте кӛзделген тәртіптік ықпал ету 
шараларының қолданылуына әкеп соқпайды. 
      2. Ереуіл кезінде қызметкердің жұмыс орны (лауазымы), әлеуметтік 
сақтандыру бойынша жәрдемақы тӛлеміне құқығы, еңбек ӛтілі сақталады, сондай-
ақ еңбек қатынастарынан туындайтын ӛзге де құқықтарына кепілдік беріледі. 
      Ереуілді жалақының тӛленбеуіне немесе уақтылы тӛленбеуіне байланысты 
ӛткізуден басқа жағдайларда, ереуілге қатысушы қызметкерлердің ереуіл 
кезіндегі жалақысы сақталмайды. 
      
303-бап. Заңсыз ереуілдер
 
      1. Ереуілдер: 
      1) соғыс жағдайы немесе тӛтенше жағдай не тӛтенше жағдай 
туралы заңнамаға сәйкес айрықша шаралар енгізілген кезеңде; Қазақстан 
Республикасы Қарулы Күштерінің органдары мен ұйымдарында, елдің қорғанысын, 
мемлекеттің қауіпсіздігін, авариялық-құтқару, іздестіру-құтқару, ӛртке қарсы 
жұмыстарды қамтамасыз ету, тӛтенше жағдайлардың алдын алу немесе оларды жою 
мәселелерімен айналысатын басқа да әскери құралымдар мен ұйымдарда; құқық 
қорғау органдарында; қауіпті ӛндірістік объектілер болып табылатын ұйымдарда; 
жедел және шұғыл медициналық кӛмек кӛрсету станцияларында; 
      2) осы баптың 2-тармағында кӛрсетілген шарттар сақталмаған жағдайда, 
темір жол кӛлігі, азаматтық авиация, денсаулық сақтау ұйымдарында, халықтың 
тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарда (қоғамдық кӛлік, сумен, электр 
энергиясымен, жылумен, байланыспен қамтамасыз ету), жұмысының тоқтатыла тұруы 
ауыр және қауіпті зардаптарға әкеп соғуы мүмкін үздіксіз жұмыс істейтін 
ӛндірістерде; 
      3) осы Кодексте кӛзделген мерзімдер, рәсімдер және талаптар ескерілмей 
жарияланған жағдайда; 
      4) адамдардың ӛмірі мен денсаулығына нақты қатер тӛндіретін 
жағдайларда; 
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында кӛзделген ӛзге де жағдайларда 
заңсыз болып танылады. 
      Осы тармақта кӛрсетілген негіздердің біреуі болғанда, сот тиісті шешім 
шығарғанға дейін прокурор ереуілді тоқтата тұруға құқылы. 
      2. Темір жол кӛлігі, азаматтық авиация, денсаулық сақтау ұйымдарында, 
халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарда (қоғамдық кӛлік, сумен, 


жүктеу 0,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау