Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы n 251 Кодексі



жүктеу 0,64 Mb.
Pdf просмотр
бет1/51
Дата16.01.2020
өлшемі0,64 Mb.
#26935
түріКодекс
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51


Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы N 251 Кодексі 
 
Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 9, 65-құжат; "Егемен 
Қазақстан" 2007 жылғы 22 мамыр N 132-135 (24710) 
 
 
 МАЗМҰНЫ 
 
ЖАЛПЫ БӚЛІМ
 
 
1-БӚЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
 
 
1-тарау. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
 
      
1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ҧғымдар
 
      1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 
      1) азаматтық қызмет - азаматтық қызметшілердің қазыналық 
кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын іске 
асыруға, мемлекеттік органдарға техникалық қызмет кӛрсетуді жүзеге асыруға 
және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған лауазымдық 
ӛкілеттіктерді орындау жӛніндегі кәсіптік қызметі; 
      2) азаматтық қызметші - Қазақстан Республикасының заңнамасында 
белгіленген тәртіппен қазыналық кәсіпорындарда, мемлекеттік мекемелерде ақылы 
штаттық лауазымда істейтін және олардың міндеттері мен функцияларын іске 
асыру және мемлекеттік органдарға техникалық қызмет кӛрсетуді жүзеге асыру 
мен олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында лауазымдық ӛкілеттіктерді 
жүзеге асыратын адам; 
      3) айлық жалақының ең тӛменгі мӛлшері - біліктілікті қажет етпейтін 
қарапайым (онша күрделі емес) еңбек қызметкері осы Кодексте белгіленген 
қалыпты жағдайда және жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы кезінде еңбек 
нормаларын (еңбек міндеттерін) орындаған кезде бір айда оған тӛленетін 
ақшалай тӛлемдердің кепілдік берілген ең тӛменгі мӛлшері; 
      4) арнаулы киім - қызметкерді зиянды және (немесе) қауіпті ӛндірістік 
факторлардан қорғауға арналған киім, аяқ киім, бас киім, қолғап, ӛзге де 
нәрселер; 
      5) ауыр жұмыстар - қызметкердің ауыр заттарды қолмен кӛтеруіне немесе 
жылжытуына байланысты қызмет түрлері не 250 ккал/сағаттан астам күш-қуат 
жұмсалатын басқа да қол жұмыстары; 
      6) ауысымдық жұмыс - тәулік ішінде екі не үш немесе тӛрт жұмыс 
ауысымындағы жұмыс; 
      7) әлеуметтік әріптестік - қызметкерлер қызметкерлердің ӛкілдері, жұмыс 
берушілер (жұмыс берушілердің ӛкілдері), мемлекеттік органдар арасындағы 
еңбек қатынастарын және олармен тікелей байланысты ӛзге де қатынастарды 
реттеу мәселелері бойынша олардың мүдделерін үйлестіруді қамтамасыз етуге 
бағытталған ӛзара қатынастар жүйесі; 


      8) бас, салалық (тарифтік), ӛңірлік келісім (бұдан әрі - келісім) - 
әлеуметтік әріптестік тараптарының арасында жасалатын, келісімнің мазмұнын 
және республикалық, салалық және ӛңірлік деңгейлерде қызметкерлер үшін еңбек 
жағдайларын, жұмыспен қамту және әлеуметтік кепілдіктерді белгілеу жӛніндегі 
тараптардың міндеттемелерін айқындайтын құқықтық акт; 
      9) бос тұрып қалу - экономикалық, технологиялық, ұйымдастырушылық, ӛзге 
де ӛндірістік немесе табиғи сипаттағы себептер бойынша жұмыстың уақытша 
тоқтап тұруы; 
      10) біліктілік санаты (разряды) - орындалатын жұмыстардың күрделілігін 
кӛрсететін, қызметкердің біліктілігіне қойылатын талаптар деңгейі; 
      11) бітімгерлік комиссиясы - ұжымдық еңбек дауын тараптарды бітімге 
келтіру жолымен реттеу үшін жұмыс берушілер мен қызметкерлер (олардың 
ӛкілдері) арасындағы келісім бойынша құрылатын орган; 
      12) бітімгерлік рәсімдері - ұжымдық еңбек дауын алғашында - бітімгерлік 
комиссиясында, ал онда келісімге қол жетпеген кезде еңбек тӛрелік сотында ӛз 
кезегімен қарау; 
      13) делдал - еңбек қатынастарының тараптары еңбек дауын шешу жӛнінде 
қызмет кӛрсету үшін тартатын жеке немесе заңды тұлға; 
      14) демалыс - жұмыс орны (лауазымы) мен осы Кодексте белгіленген 
жағдайларда орташа жалақысын сақтай отырып, қызметкердің жыл сайынғы 
үзіліссіз тынығуын қамтамасыз ету немесе әлеуметтік мақсаттар үшін 
қызметкерді белгілі бір кезеңге жұмыстан босату; 
      15) еңбек - адам мен қоғамның ӛміріне және қажеттіліктерін 
қанағаттандыруға қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтарды 
жасауға бағытталған адам қызметі; 
      16) еңбекке ақы тӛлеу - осы Кодекске және Қазақстан Республикасының 
ӛзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ келісімдерге, еңбек 
шартына, ұжымдық шартқа және жұмыс берушінің актілеріне сәйкес қызметкерге 
еңбегі үшін берілетін сыйақының міндетті тӛлемін жұмыс берушінің қамтамасыз 
етуіне байланысты қатынастар жүйесі; 
      17) еңбекке ақы тӛлеудің ең тӛменгі стандарты (ЕАТС) - ауыр жұмыстарда, 
еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауіпті жұмыстарда істейтін 
қызметкердің айлық жалақысының сақталуына кепілдік берілген«ең тӛменгі 
мӛлшері, бұған жұмыс процесінде зиянды және (немесе) қауіпті ӛндірістік 
факторлардың әсеріне ұшырайтын қызметкердің ӛмірлік күші мен қуатын қалпына 
келтіруге қажетті азық-түлік ӛнімдерінің, тауарлар мен кӛрсетілетін 
қызметтердің ең тӛменгі жиынтығы кіреді; 
      18) еңбек гигиенасы - қызметкерлердің денсаулығын сақтау, ӛндірістік 
орта мен еңбек процесінің қолайсыз әсерінің алдын алу жӛніндегі санитарлық-
эпидемиологиялық шаралар мен құралдар кешені; 
      19) еңбек дауы - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, 
келісімдердің, еңбек шартының және (немесе) ұжымдық шарттың, жұмыс беруші 
актілерінің талаптарын орындау немесе ӛзгерту мәселелері бойынша қызметкер 
(қызметкерлер) мен жұмыс берушінің (жұмыс берушілердің) арасындағы 
келіспеушіліктер; 
      20) еңбек делдалдығы - халықты жұмысқа орналастыруда жұмыспен қамту 
мәселелері жӛніндегі уәкілетті орган, сондай-ақ жеке жұмыспен қамту агенттігі 
кӛрсететін жәрдем; 


жүктеу 0,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау