Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы
29
КТМАС ЮРИСДИКЦИЯСЫ ЖӘНЕ ОНДА ҚАРАЛАТЫН ІСТЕРДІҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА
ҚАТЫСТЫ ҰСЫНЫСТАР
ЮРИСДИКЦИЯ БАҒЫТЫ
•
Аса ауыр қылмыс бойынша күдікті/айыпталушы балалардың істері жөнінде құзыретті мамандандырылған
қылмыстық соттардан КТМАС-қа беру мүмкіндігін қарастыру.
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЮРИСДИКЦИЯ
•
КТМАС жүйесінде кәмелетке толмағандардың қатысуымен болған қылмыстық істер бойынша маманданды-
рылатын ерекше судьяларды тағайындау мүмкіндігін қарастыру қажет. Мұндай судьялар осы салада маман-
дануы және кәсіби біліктіліктерін арттыруы үшін мейлінше интенсивті дайындықтан өтуі керек (судьялардың
арнайы дайындығы туралы толық ақпаратты төмендегі 5.1 бөлімінен қараңыз).
•
Сонымен қатар, жеке меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылық үлесінің жоғарғы екені белгілі. Осыған
орай мынадай сұрақ туындайды: Істердің көбісін ымыраға келу, медиация немесе басқа да баламалы сотқа
дейінгі қылмыстық жауапкершілікті алмастыратын шаралар арқылы шешуге бола ма? Аталмыш шаралар
балаға сот барысында әсер ететін барлық негативті салдарларды алдын алатын еді.
ӘКІМШІЛІК ЮРИСДИКЦИЯ
•
Қараусыз балалар мен ата-аналық міндеттерін дұрыс атқармағандар жөніндегі кейбір әкімшілік әрекеттер
мен құқық бұзушылықтарды бағалау ұсынылады. Осы және балаларды қорғау мәселелері бойынша басқа да
сұрақтарды әрі зерттеу әрі бағалау мақсатында қамқоршылық және қорғаншылық органдарына жолдаған жөн.
Бұл КТМАС-тың сот қудалауға дейін немесе барысында жүргізілуі тиіс.
•
Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі заңнамаға өзгерістер енгізуді қарастыру ұсынылады. Ол бойынша
прокурорлар мен судьяларға әкімшілік құқық бұзған ата-аналарды сотқа тартудың және айыппұл ретінде жаза
тағайындаудың орнына балаларды тәрбиелеуде біліктіліктерін арттыруға, сол сияқты ата-аналарға кеңес бе-
руге ықпал ететін кәсіби қызметтер ұсынатын бағдарламаларға жолдама беру қажет
•
Әкімшілік құқық бұзушылық істерін қарау барысында КТМАС-тағы қолжетімді шараларын кеңейту, оның
ішінде балаларды қорғау бойынша ата-аналарға арналған шаралар, өз балаларының мінез-құлқына әсер етуге
бағытталған курстар және оларға қатысуды талап ету.
30
Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы
5. МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КАДРЛАР МЕН МЕКЕМЕЛЕР
БҰҰ бала құқығы туралы Конвенциясының 3(1) бабына
сәйкес, бала құқығы және оның ең басты мүдделерін
бағалау, оған әсер ететін кез келген әрекеттер не-
месе шешімдерді қабылдау барысында басымдық
беру бала құқығын қорғаудың негізгі қағидасы бо-
лып табылады және КТМАС-тың сот ережелерінде
қолданылуы тиіс. Әрбір бала өзіне тән ерекшеліктер
мен қажеттіліктерге ие. Баланың ең басты мүдделерін
анықтау тек қана балалар мен жасөспірімдердің да-
муы бойынша тәжірибесі бар мамандар тарапынан
бағалануы мүмкін
113
. БҰҰ бала құқықтары жөніндегі
Комитетінің пайымдауынша:
«Міне, сол үшін қалыптасқан бағалау бала психоло-
гиясы, баланың дамуы және адам мен қоғам дамуы
бойынша басқа да дайындық сабақтарынан өткен
мамандар тарапынан мейірімді әрі қауіпсіз ортада
арнайы жүргізілуі қажет. Олар балалармен жұмыс
жасауда тәжірибесі бар және келіп түскен ақпаратты
талдау мүмкіндігіне ие. Мүкіндігінше, баланың ең бас-
ты мүдделері бойынша жұмыс жасауға көпсалалы ма-
мандар тобын тартқан жөн»
114
.
Бала құқықтары туралы Конвенцияның 40(3) бабы
ювеналды әділсот бойынша қатысушы-мемлекеттің
заңмен қайшылықтағы балаларға қатысты органдар
мен мекемелер құруда көмек көрсетуін талап етеді.
БҰҰ бала құқықтары туралы Конвенциясы мұны бы-
лайша мәлімдейді: қатысушы-мемлекет полицияда,
сот жүйесінде, прокуратурада мамандандырылған
бөлімдер ашуы тиіс, сонымен қатар арнайы
қорғаушылар немесе балаға құқықтық немесе басқа
да көмек көрсететін өкілдерді тағайындауы тиіс
115
.
Консультанттар КТМАС істерін қарастыру үшін
мамандандырылған бөлімдер құрылды ма, сол сияқты
мамандандырылған кадрлар іріктелді ме, осы кадр-
лар кәмелетке толмағандармен жұмыс жасау бой-
ынша үздіксіз арнайы оқудан өтті ме, олар үшін бұл
оқу қаншалықты пайдалы (егер қамтамасыз етілген
жағдайда), олардың әрмен қарай оқулары үшін қажет
ететін қандай да бір сала бар ма деген сұрақтарға
талдау жасады.
113
БҰҰ Бала құқықтары комитеті. «Бала құқықтары және оның
мүдделерін өте жақсы қамтамасыз етуге ең бірінші болып көңіл
аудару туралы» № 14 (2013) Жалпы тәртіптегі ескертуі (3 баптың
1 тармағы, параграф 94).
114
БҰҰ Бала құқықтары комитеті. «Бала құқықтары және оның
мүдделерін өте жақсы қамтамасыз етуге ең бірінші болып көңіл
аудару туралы» № 14 (2013) Жалпы тәртіптегі ескертуі (3 баптың
1 тармағы, параграф 94).
115
БҰҰ Бала құқықтары комитеті. Жалпы тәртіптегі ескерту № 10
(2007) «Кәмелетке толмағандарға қатысты әділ сот жүргізу
шеңберіндегі бала құқықтары», параграф 92.
5.1. СУДЬЯЛАР
КТМАС судьяларының жұмысы оңай емес. Олар түрлі
істерді қарайды, оның ішінде кейбіреулері қиын және
өмірдің қиын жағдайларымен тікелей байланысты бо-
лып келеді. Қазахстанның заңнамасына сәйкес, КТМАС
судьясы болудың алдында, сондай-ақ кәмелетке
толмағандардың істерін қарау барысында қандай да
бір мамандандырылған дайындық талап етілмейді.
Интернет-сауалнамаға және жекелеген сұхбаттарға
қатысқан КТМАС судьяларының барлығынан балалар
құқығына, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі
әділсотқа және балаларды қорғауға қатысты өткен
дайындықтары жөнінде сұрақ қойылды. Интернет-
сауалнамаған қатысқан КТМАС судьяларының көбісі
(71%) кәмелетке толмағандардың қатысуымен
болатын қылмыстық істер бойынша осы салада
жұмыс жасаудың алдында ешқандай арнайы кәсіби
дайындықтан өтпеген
116
. Сол сияқты судьялардың
74,2%-ы кәмелетке толмағандардың қатысуымен
болатын әкімшілік немесе азаматтық істер бойынша
осы салада жұмыс жасаудың алдында ешқандай ар-
найы кәсіби дайындықтан өтпеген.
Қазақстанның заңнамасына сәйкес, КТМАС-тың
қазіргі судьяларынан бала құқықтарына, кәмелетке
толмағандардың істері жөніндегі әділсотқа және
балаларды қорғауға қатысты курстардан өту талап
етілмеген. Алдыңғы 12 ай бойы КТМАС судьяларының
көбісі
(77,4%)
кәмелетке
толмағандардың
қатысуымен болатын қылмыстық істер бойынша
мамандандырылған
курстардың
ешқайсысынан
өтпеген
117
. Дәл сондай, жауап берушілілердің 80,6%-
ы кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын
әкімшілік немесе азаматтық істер бойынша ешқандай
курстан өтпеген
118
.
ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару
академиясының (академия) хабарламасына сәйкес,
кәмелетке толмағандар істері бойынша әділсот
жүйесінде жұмыс жасайтын судьяларға арналған
мамандандырылған дайындық курстары болмауының
басты себебі КТМАС судьялары басқа ктаегориядағы
судьяларға қарағанда аз топты құрайды және
кәмелетке толмағандардың істері тек КТМАС-та ғана
қаралмайды. Сол үшін басқа соттардағы судьяларда
да осы салада дайындықтан өтуге қызығушылықтары
116
Алимбекова Ж . , республикалық
сарапшы.
Кәмелетке
толмағандардың
істері
жөнендегі
мамандандырылған
ауданаралық судьялармен болған сұхбат нәтижелерінің есебі,
4-5бб.
117
Алимбекова Ж . , республикалық
сарапшы.
Кәмелетке
толмағандардың
істері
жөнендегі
мамандандырылған
ауданаралық судьялармен болған сұхбат нәтижелерінің есебі, 5б.
118
Алимбекова Ж . , республикалық
сарапшы.
Кәмелетке
толмағандардың
істері
жөнендегі
мамандандырылған
ауданаралық судьялармен болған сұхбат нәтижелерінің есебі, 6б.