44
Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы
•
Халықтың КТМАС-қа қолжетімділігін жеңілдету үшін олардың санын бірте-бірте ұлғайтуға кеңес беріледі.
•
КТМАС саны бірте-бірте ұлғайтылған кезеңде басқа соттарға КТМАС юрисдикциясына жататын істерді
тыңдағанда өздерін КТМАС ретінде мәлімдеуге рұқсат беру мүмкіндігін қарастырған жөн.
•
Бала құқықтары мәселелері бойынша дайындықтан өткен судьялар, кәмелетке толмағандардың және ба-
лаларды қорғау істері бойынша әділ соттар істің кәмелетке толмағандардың істерімен жұмыс жасауға
мамандандырылған судьямен қаралуын кепілдендіру үшін өзін КТМАС деп жариялайтын әрбір сотта болғаны
жөн. Мұны КТМАС судьясына (судьяның өзі) КТМАС юрисдикциясына жататын істерді тыңдау мақсаттарында
басқа елді мекендерге баруға және КТМАС ретінде жарияланған соттардың мәжілістеріне қатысуға жағдай
жасау арқылы жүзеге асыруға болады.
КТМАС-ҚА ҚОЛ ЖЕТКІЗУГЕ ҚАТЫСТЫ
ҰСЫНЫМДАР
теңестірілген сотта қаралады
189
. КТМАС юрисдикция-
сына келіп түскен қылмыстық істер дәл осы деңгейде
басқа сотқа берілуі мүмкін. Ол мына жағдайларда бо-
лады: «істі жақтардың өтінімі бойынша жылдамырақ
әрі тезірек, сондай-ақ жан-жақты және объективті
қарау мақсатында
», немесе
жақтардың өтініш жа-
зуы бойынша
, ия болмаса судьялардың немесе сот
төрағасының ұйғарымы бойынша мына жағдайда
«егер соттағы судьялардың істі қарауда кедергі
келтіретін жағдайларға байланысты, сонымен
қатар істің жан-жақты және объективті қаралуын
қамтамасыз ету үшін сот үдерісіне қатысушылардың
жеке қауіпсіздігіне қауіп төнетіндей жағдайларға
байланысты сот істі қарай алмайтын болса, іс басқа
сотқа берілуі мүмкін»
190
.
Заң КТМАС ісінің басқа сотқа берілуі кезінде істі
қарайтын судьяның кәмелетке толмағандар істері
бойынша мамандандырылған судья болу мәселесін
нақтыламайды. Алайда Қазақстандағы 19 КТМАС-ты
өкіл еткен 19 судьяның жалпы пікірі бойынша бұл
әдістің соңғы он жылда кәмелетке толмағандар істері
жөнендегі мамандандырылған соттарды құруға кет-
кен күшті жоққа шығарады
191
. Сауалнамаға қатысқан
қатысушылардың көбісі КТМАС-ты құрудың ең
артықшылығы штатта кәмелетке толмағандар істерін
қарайтын, ерекше біліктіліктерге ие мамандардың
пайда болуы деп есептейді
192
.
КТМАС судьялары жұмыс барысында сотта
тыңдауларында қатысушылардан ұзақ отырмай,
189
Тағы да азаматтық іс жүргізу кодексін қараңыз. 30(1-3) бабына
ескерту.
190
Қылмыстық іс жүргізу кодексі 2014 ж., 317 бабы.
191
КБҚО қатысуымен сот мәселелері бойынша семинар және
Қазақстандағы 19 КТМАС-тан бірер судьялар бойынша, Астана қ.,
31 қазан 2014 ж.
192
Қосымша ақпарат алу үшін «КТМАС-тың енгізілуі және оның
юрисдикциясына қатысты көзқарастар» 4.4 бөлімін қараңыз.
оны өздері өткізу тетігін қолдана бастады
193
. Кейбір
КТМАС судьялары бұл әдістің, егер де қатысушы
тыңдалым үшін ұзақ жол жүруге тиіс болса, әрқашан
үнемді және тиімді бола бермейтінін айтты
194
. Алайда
КТМАС судьялары басқа өңірде болатын тыңдаулар
үшін арнайы кесте-жоспар құру мүмкіндігіне оңтайлы
қарады. Мысалы бір апта белгілі бір ауданда және бір
барғанда бірнеше істерді қарау сияқты. Бұдан басқа
өңірге шығатын судьяның жұмыс барысында соттың
балаға деген мейірімділігін қамтамасыз етеді және
халықаралық стандарттарға сәйкес баланың іске
қатысуына жол ашады (Осы есептің 6.9 бөлімінен
соттағы жағдайларға талдау және ұсыным-кеңестерді
қараңыз).
193
КБҚО қатысуымен сот мәселелері бойынша семинар және
Қазақстандағы 19 КТМАС-тан бірер судьялар бойынша, Астана қ.,
31 қазан 2014 ж.
194
КБҚО қатысуымен сот мәселелері бойынша семинар және
Қазақстандағы 19 КТМАС-тан бірер судьялар бойынша, Астана қ.,
31 қазан 2014 ж.
Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы
45
6.2. ІСТЕРДІ ҚАРАУ БОЙЫНША ІШКІ
ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚҰРЫЛЫМЫ
Әлем бойынша соттарды және сот өндірісінде
істердің санын басқару қиын тапсырма болып
есептелінеді. Интернет-сауалнамаға жауап берген
КТМС судьяларының 94%-ы олардың соттарындағы
істерді тиімді қарау жолында түрлі кедергілердің бар
екенін айтады. Олар осы істерді тиімді қарау үшін
ұсыныстар ұсынған болатын
195
. Олардың жауаптары
төмендегі Кесте 16 мен 17 -де.
Кесте 16-да көрсетілгендей жауап берушілердің
төрттен бір бөлігі (27,6%) КТМАС қарауында үлкен
көлемде істер жатыр, оларды тиімді шешуде
бірыңғай кедергілер баршылық. Бұл мәселе КТМАС-
та кадрлардың жетіспеушілігінен байқала бастады.
Шамамен жауап беруші КТМАС судьяларының жар-
тысы (44,8%) істерді тиімді қарау үшін судьялардың
санын арттыру қажет деп санайды. Жауап беруші
КТМАС судьяларының үштен бір бөлігі (34, 5 %) сотта
хатшылар мен басқа да әкімшілік қызметкерлердің
жетіспеушілігі істерді тиімді басқару жолында
кедергілердің орын алуына әкеліп соғады дейді.
Дәл осындай жауаптарды жекелеген және топтық
сұхбаттарды жүргізу барысында басқа да судьялар
берген еді
196
.
КТМАС істеріне тартылған түрлі мүдделі жақтардың
әрекеттерін үйлестіру және ұйымдастыру кешігулерді
азайтуда, сонымен қатар әділсот жүйесімен
қайшылықтағы баланың психологиялық жағынан
зардап шегу қаупін азайтуда үлкен рөл атқарады.
Сол сияқты баланың заңды талаптардың барлық
кезеңдерінен өту кезінде қажетті қолдау алуын
қамтамасыз ету қажет. Жекелеген сұхбаттарда кейбір
судьялар КТМАС-та істердің қаралуын ұйымдастыруды
жәнге олардың үйлестірілуін жетілдіру қажеттілігін
атап өтті
197
. Таңдалып алынған кейбір КТМАС-
тар судьялар мен мүдделі жақтардың істердің
қаралуын ұйымдастыруға және КТМАС-тың басқа да
жұмыстарына қатысты, мысалы балалардың жасаған
қылмыстарының себебі немесе немқұрайлылығы
(мектепке бармау) сияқты сұрақтарды талқылау бой-
ынша кеңестерін берді
198
. Жалпылай алғанда осын-
195
Жауап беруші КТМАС судьяларының жалпы саны 31, оның 29-ы
интернет-сауалнамаға жауап беру арқылы өз істерін тиімді
қабылдаудағы айтарлықтай кедергілерді білдірді; бұл сұраққа
қалған екеуі еш жауап бермеді.
196
Қараңыз, мысалы, жекелеген сұхбат, судья, Қызылорда қ. КТМАС
[мерзімі жоқ].
197
Жекелеген сұхбат, судья 1, Қарағанды қ. КТМАС, 19 қыркүйек
2014 ж.; жекелеген сұхбат, судья 2, Қарағанды қ. КТМАС, 19
қыркүйек 2014 ж.; жекелеген сұхбат, судья 1, Өскемен қ. КТМАС,
16 қыркүйек 2014 ж.
198
Мысалы, қолда бар мәлімет бойынша мынадай кеңес, Ақтау қ.
КТМАС, (жекелеген сұхбат, судья 1, Ақтау қ. КТМАС, 23 қыркүйек
2014 ж.; жекелеген сұхбат, судья 2, Ақтау қ. КТМАС, 23 қыркүйек
2014 ж.), бірақ Алматы қ. КТМАС-та емес. (жекелеген сұхбат, су-
дья, Алматы қ. КТМАС, 22 қыркүйек 2014 ж.), Астана қ. КТМАС
(жекелеген сұхбат, судья, Астана қ. КТМАС, 21 тамыз 2014 ж.),
Қарағанды қ. КТМАС (жекелеген сұхбат, судья, Қарағанды қ.
КТМАС, 19 қыркүйек 2014 ж.) және Өскемен қ. КТМАС (жекелеген
сұхбат, судья 1, Өскемен қ. КТМАС, 16 қыркүйек 2014 ж.).
дай кеңестер, әсіресе түрлі секторларды қамтитын
дисциплинараралық кеңестер форум ретінде қызмет
жасай алады. Мұнда істерді тиімді қарау, кедергілерді
жою және істерді тиімді ұйымдастыруға қатысты
көкейдегі сұрақтар талқыланып, шешілуі мүмкін.
Олар КТМАС жұмысына әсер ететін жаңа заңнаманы
талқылау үшін, сондай-ақ КТМАС-та қаралатын істер
бойынша ұтымды тәжірибе алмасу үшін арнайы фо-
руммен қамтамасыз ете алатын еді. Мұндай кеңестің
біліктілігі нақты істерді талқылауға емес, жалпылай
істердің қарастырылуын ұйымдастыруға қатысты
сұрақтарды қамти алатын еді.
Сұхбат кезінде қатысушылардан алынған кері бай-
ланыс КТМАС пен ювеналды әділсот органдары
арасында үйлестіру және ынтымақтастық тетіктерін
нығайтуға, сол сияқты балалардың құқықтарын
қорғауға, оның ішінде практикалық нұсқаулықтар
мен мультидисциплинарлық оқытуды енгізуге
бағытталған
199
. Осындай нұсқаулықтар үлкен рөлге
ие, өйткені КТМАС-қа келген бала түрлі құқық қорғау
органдарының өкілдерімен кездесу барысында
күйзеліске ұшырауы барысында қажетті құрал бола
алады
200
. Нұсқаулықтар кімнің және қашан іске қатыса
алатыны жөніндегі ақпаратқа қол жеткізуге, соны-
мен қатар қажетсіз әрекеттерден арылуға арналған
басқарма қағидаларымен қамтамасыз ете алады.
Сұхбатқа қатысқан қатысушылардың кері байланысы
қолданылатын шараларға арналған түрлі тәсілдерді
анықтады. Мысалы, егер КТМАС-та қаралып жатқан
істің қатысушысы болып табылатын баланың зардап
шегу қаупі бар ма немесе отбасы, ресми органдар та-
рапынан оған зардап келді ме деген жағдайдаларға
арналған тәсілдер. Практикалық нұсқаулықтар мен
оған қатысты білім беру баланың оны қорғайтын
қажетті қызметтерді алуына кепілдік болатын, соны-
мен қатар балалардың құқықтарын қорғау үшін қайта
бағыттау тетіктерінің даму жолындағы бірден бір
қадамы болып табылады
201
.
199
Судья 1, Өскемен қ. КТМАС, 16 қыркүйек 2014 ж.; судья 2, Өскемен
қ. КТМАС, 16 қыркүйек 2014 ж.; прокурор 1, Павлодар қ.КТМАС,
9 қыркүйек 2014 ж.; судья 1, Қызылорда қ.КТМАС [мерзімсіз]; су-
дья 2, Қызылорда қ. КТМАС [мерзімсіз]; әкімшілік істер бойынша
прокурор, Қарағанды қ. КТМАС, 18 тамыз 2014 ж.
200
Қызылорда қ. ҮЕҰ өкілі, 23 қыркүйек 2014 ж.
201
Жауаптар прокурорға бағытталған пікірлерді қамтиды (қорғаушы
2, Ақтау қ. КТМАС, 26 қыркүйек 2014 ж., қамқоршылық және
қорғаншылық органдарына бағытталған (судья 1, КТМАС Алма-
ты қ., 22 қыркүйек 2014 ж.) және ‘баланы арнайы мекемелерге
уақытша орналастыру туралы бұйрықтың басылымы’ (прокурор
1, Қызылорда қ.).