Қазақстан Республикасындағы білімге көшіп-қонушы отбасынан шыққан балалардың қол жеткізуі: ағымдағы жағдайды талдау


Көшіп-қонушы отбасылардан шыққан балалардың түсінігіндегі



жүктеу 1,9 Mb.
Pdf просмотр
бет10/32
Дата11.01.2020
өлшемі1,9 Mb.
#26279
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32

24 

 

Көшіп-қонушы отбасылардан шыққан балалардың түсінігіндегі  



материалдық молшылық 

 

Лейланың оқиғасы 

       Лейланың (15 жаста)  ата-анасы ажырасқаннан 

кейін,  анасы  қызды  өзінде  алып  қалады.  Ағасы  мен 

әпкесі  әкесінде  қалады,  ал  әкесі  екінші  рет  үйленеді. 

2008  жылы  әкесі  Лейланы  өзіне  алады,  қызын 

Қызылордадағы  өз  әке-шешесіне  жібереді.  Лейла 

осыдан  бір  жыл  бұрын  Қызылордадан    Астанадағы 

әкесіне  келеді.  Ол  бұл  жерге  келген  соң  анасы  да 

Астанада  тұратындығын  естіді.  Таныстар  арқылы 

анасын тауып алып, анасымен бірге тұру үшін үйінен 

кетіп  қалады.  Анасы  психикалық  аурумен  ауырады 

және  есінен  ауысып  қалады.  Анасы  3  жыл  көрмеген 

қызын әрең таныды. 2 жыл бұрын анасы үйді өртеп жіберіп, денесіне 2-ші дәрежелі күйік алған 

еді. Анасының туыстары күйіктен кейін емдеу және операция жасату үшін Астанаға қаласына 

әкелген  болатын.  Анасының  ағасы  жатақханадан  бөлме  жалдап  береді.  Оған  денсаулығына 

байланысты  тағайындаған  зейнетақы  19.000  теңге,  оның  18.000  теңгесі  жатақханадағы 

бөлмені жалдау ақысына кетеді. Жатақхана біреудің жеке меншігі. Ол жерде асханада жұмыс 

істейтін тәте тамақ және азық-түлік әкеліп қол ұшын беріп жүр. 

      Лейланың әкесі, туған ағалары мен туытсары анасына кетіп қалғаны үшін одан бас тартып, 

хабарласпай  қойды.  Олар  анасын  кінәлайды,  кезінде  балаларын  тастап,  Қостанайдағы  ата-

аналарына  кетіп  қалды  деп  есептейді.  Лейла  анасының  жағдайын  көргеннен  кейін  анасының 

жанында қалып, қиындыққа төзіп, ауру анасына күтім жасаймын деп шешті. Жазда жұмысқа 

тұрғысы келген еді, бірақ жеке куәлігі болмағандықтан, оны ешкім жұмысқа алмады. Лейланың 

мектептегі  үлгерімі  нашарлап  кетті,  себебі  ол  анасына  қарайды,  тамақ  пісіреді.  Анасы 

денсаулығына байланысты үй шаруасын істей алмайды. Биыл Лейла 9-сыныпты бітіреді, содан 

кейін  жеке  куәлік  алады.  Медицина  колледжіне  грантқа  оқуға  түсуді  армандайды.  Ол  оқуға 

түспесе  де,  мектепте  оқуын  жалғастыра  алмайды.  Өйткені  оған  жұмыс  істеп,  анасына 

көмектесуі керек.   

 

Қорытынды орнына  

 

Еңбек кәсібі үшін келген көшіп-қонушылардың білім алуы мәселесіне шолу жасау Қазақстан 

және  қазақстандықтар  (тек  қана  экономикалық  тұрғыдан  ғана  маңызды  емес,  ең  алдымен  – 

азаматтық  мәдениетті  қалыптастыратын,  оның  қазіргі  жағдайы,  болашағы)  үшін  маңызды  өмір 

көрінісін көрсетті.  

Қазақстан  үшін  –  олар  -  көшіп-қонушылар  және  олардың  балалары  кімдер?  Толық  құқығы 

бар,  әлеуетті  және  толық  азаматтары  ма,  уақытша  (маусымдық)  жалдамалы  жұмысшылар, 

аутсайдерлік  топтың  өкілдері  ме?  Көшіп-қонушы  отбасылардың  мәртебесін  кім  және  қалай 

анықтайды,  тұлғалық  азаматтық  қалыптасуы  үшін  мүмкіндік  және  тең  құқық  ұсына  отырып, 

балалар  мен  жасөспірімдердің  тиісті  деңгейде  әлеуттенуіне  кім  жағдай  жасайды?  Қоғам 

жасөспірім  және  жас  шағында  отбасының  ауыр  жүгін  көтерген,  үйдің  қамын  ойлауға  мәжбүр 

болған  тағдыры  қиын  балалардың  айтылмаған  өтінішерін  ести  ме?  Мемлекеттің  ресурсы 

жеткілікті  ме,  кәсіби  дағдылар  дұрыс  па  және  әлеуметтену,  жеке  өмірге  дайындалу  барысында 

көшіп-қонушы  отбасылардан  шыққан  балаларға  тиісті  жағдайды  жасауға  міндетті  тұлғалардың 

күштері  біріктірілген  бе?  Осы  және  басқа  да  сұрақтар  –  риторикалық  мәндегі  сұрақтар  емес, 

мемлекеттің азаматтар алдындағы, қоғамның  тұлғалар алдындағы жауапкершілігіне байланысты 

айтылып тұр, мемлекет өсіп келе жатқан ұрпаққа қамқорлық жасаса, ол ер жеткенде жақсылықты 

қайтаруға қадам жасайды: мысалы, ұлжандылар, кәсіби мамандар, жауапты ата-аналар.  

Көшіп-қонушылардың өздері, олардың балалары, сарапшылар сияқты зерттеу қатысушылары 

Қазақстандағы  көшіп-қонушылардың  және олардың  балаларының  жағдайына  қатысты  мәселелер 

шеңберін  атап  көрсетілген  проблемалар  бойынша  шоғырландырылған  пікірді  айтты.  Жүргізілген 



25 

 

зерттеу  қорытындысына  сәйкес  әртүрлі  топтағы  қатысушыларының  айтқан  пікірлері  мен  берген 



бағалары  көшіп-қонушылардың  менталитеті  бойынша  бөлінгендігін  анықтады.  Олардың  қоғамға 

бейімделуі  жылдам  шара  қолдануды  (мемлекеттік  және  өңірлік  бағдарламалар  деңгейінде)  және 

көшіп-қонушыларды,  оның  ішінде  балалардың  өмірлік  жағдайларын  жақсартатын  шешім 

қабылдауды талап ететін маңызды мәселеге айналып барады.  

Бұл  үшін  көшіп-қонушыларды  әлеуметтік  бейімдеу  бойынша  арнайы  бағдарламаларды 

дайындау  үшін  заң  шығарушы,  атқарушы  биліктің  мүдделері  мен  күштерін  ендіру 

шоғырландырып  қана  қоймай,  азаматтық  қоғам  институттарына  уәкілетті  шешімдерінің  –  яғни, 

ресурстарының басым бөлігін беру керек.  Қоғам мен мемлекеттің көшіп-қонушыларды жергілікті 

деңгейде  (өңірлік  деңгейде)  бейімдеу  бағдарламаларын  жүзеге  асыру  бойынша  әлеметтік 

тапсырыстарын орындайтын үкіметтік емес ұйымдардың жүйесін құру маңызды болып саналады.   

Көшіп-қонушылар  қазақстандық  қоғамның  сараланған  бөлігіне  айнлып  бара  жатыр,  оның 

себебі  бұл  жағдайға  көңілді  жеткілікті  дәрежеде  бөлмеу,  оның  маңызын  және  көлемін  дұрыс 

түсінбеу  болып  табылады.  Ықпалдасу  және  бейімделу  процесінің  орнына  көшіп-қонушылар 

әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени ортадан оқшауланып қалып жатыр.  

Жалпы  демографиялық  саясаттың  бір  бөлігі  және  әлеуметтік  саясаттың  бір  аспектісі  ретінде 

көші-қон саясаты адам әлеуетін дамыту бойынша ұзақ мерзімді үрдіс ретінде ағымдағы жағдайға 

ықпал  етуі  мүмкін.  Көші-қон  саясатын,  оның  ішінде  қабылдаушы  мемлекеттің  көшіп-

қонушылардың  тиімді  әлеуметтенуі  үшін  жағдайы  жасауы  мәселесін  кешенді  тәжірибелік-

бағытталған ғылыми-технологиялық зерттеуді қажет етеді.  

Көшіп-қонушылар  отбасынан  шыққан  баллардың  жағдайын  жақсарту  бойынша  маңызды 

бағыттардың  бірі  ретінде  сарапшылар  бірауыздан  білім  мен  денсаулық  сақтау  жүйесіне  қол 

жеткізу құқығын қорғау деп көрсетті.  

Қазақстандағы көші-қон ықпалынан туындаған мәселенің шешімін табу үшін бұл процестерді 

жүйелі басқару керек. Бақылау, ұйымдық, техникалық, гуманитарлық, құқықтық шаралар қолдану 

керек және көші-қон процесін құбылыс ретінде қабылдау, тұрақты дамудың болашағы, жаһандық 

трендтердің  ықпалы  тұрғысынан  жан-жақсы  бағалау,  азаматтық  теңдікті  көрсету,  Қазақстанға 

келуші  балалар  мен  жасөспірімдерді  әлеуметтендіру  тұжырымдамасы  аясындағы  көшіп-

қонушыларды  әлеуметтік  бейімдеу  бойынша  мемлекеттік  бағдарламаларды  жүзеге  асыру  және 

дайындау  арқылы  адам  әлеуетін  арттыру  және    мерзімі  бойынша  үйлестіру  тәсілдерін  қолдану 

қажет.  


Қазақстанның  әлемдік  қауымдастыққа  кіруі,  Республиканың  геосаяси  мәнен  өзгерту 

халықаралық  нормаларды  сақиауды  және  халықаралық  құқық  нормаларына  сәйкес  ұлттық 

заңнаманы қалыптастыруды талап етеді. Қазақстан Республикасын егеменді ету жағдайында көші-

қон  ағынын  мемлекеттік  реттеу  үшін  барлық  көші-қон  процестерін  заңнамалық  қамтамасыз  ету 

ғана  емес,  сондай-ақ  көшіп-қонушыларды  беретін  және  қабылдайтын  көршілес  елдермен,  көші-

қон 


жағдайы 

ұқсас 


елдермен 

заңнамалық 

үйлесімдік 

мәселелеріндегі 

халықаралық 

ынтымақтастықты  тиімді  ету  үшін  көші-қон  басқармаларымен  тәжірибе  алмасу  қажеттілігі  де 

туындайды.   

 

2-бөлім.  Білімге көшіп-қонушы отбасынан шыққан балалардың қол жеткізуі туралы 



Қазақстан Республикасы заңнамасын талдау  

 

§1. Қазақстан Республикасы білім беру жүйесі 

 

    27  шілде  2007  жылғы  Қазақстан  Республикасы  «Білім  беру  туралы»  заңы  білім  беру 



саласындағы  қоғамдық  қатынастарды  реттейді,  осы  саладағы  мемлекеттік  саясаттың  негізгі 

принциптерін  айқындайды  және  Қазақстан  Республикасы  азаматтарының,  сондай-ақ  Қазақстан 

Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың білім алуға 

конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған. 

Білім  беру  саласындағы  мемлекеттік  саясаттың  төмендегі  негізгі  бағыттары  Заңда 

белгіленген:  баршаның  сапалы  білім  алуға  құқықтарының  теңдігі;  психикалық-физиологиялық 

және  жеке  ерекшеліктері  ескеріле  отырып,  халықтың  барлық  деңгейдегі  білімге  қолжетімділігі; 



жүктеу 1,9 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау