28
Сонымен қатар, сыртқы көшіп-қонушылар балаларының білімге қол жеткізу мәселесінде
ата-аналарының Қазақстанда тұру бойынша құқықтық мәртебесі де маңызды болып саналады.
27 шілде 2007 жылғы Қазақстан Республикасы «Білім беру туралы» заңының 8-бабында
«Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың
білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының
азаматтарымен бірдей мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алуға құқығы
бар» деп көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 468 Бұйрығымен Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және
азаматтығы жоқ тұлғалардың мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу
ережесі бекітілді. Ережеде былай деп көрсетілген:
«Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ
тұлғалардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасында уақытша тұратын тұлғалардың (босқындар,
пана іздеген адамдар, консулдық лауазымды тұлғалар, дипломатиялық мекемелердің
қызметкерлері, маусымдық және шекарада жақын жұмыс істейтін еңбек үшін көшіп-қонушылары
басқалары) балалары мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу үшін білім
беру ұйымдарына қабылданады және Қазақстан азаматтарымен бірдей құқықтарға ие».
1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы
туралы» Заңының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын және
уақытша жүрген шетелдіктер Тұрақты тұруға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген
тәртіппен рұқсат және тұрақты тұру құқығына құжат алған шетелдіктер Қазақстан
Республикасында тұрақты тұрушылар деп танылады.
Қазақстан Республикасында өзгедей заңды негізде жүрген, сондай-ақ оларға қатысты
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес ауыр немесе аса ауыр қылмыстар деп
танылатын әрекеттер жасалуы салдарынан жәбірленуші деп танылған шетелдіктер Қазақстан
Республикасында уақытша жүрген деп есептеледі. Олар белгіленген тәртіппен тіркелуге және
өздеріне белгіленген болу мерзімі өткен соң Қазақстан Республикасынан кетуге міндетті.
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың Қазақстанда тұрақты тұру рұқсатын алу тәртібі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы №2102 қаулысына сәйкес
бекітілген.
Шетелдіктерді және азаматтығы жоқ тұлғаларды оқу мекемелеріне қабылдау үшін қажетті
құжаттар тізбесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 28
қыркүйектегі № 468 бұйрығында қарастырылған:
«16 жасқа дейінгі балалардың ата-аналары немесе заңды өкілі шетелдіктер және
азаматтығы жоқ адамдар өз баласын білім беру ұйымдарына оқуға берген кезінде тұратын жерінде
тіркелгені туралы белгісі бар Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға құқық берілген құжатты
ұсынады:
шетелдік - шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;
азаматтығы жоқ тұлға - азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
босқын - босқынның куәлігі;
паналатуды іздеуші тұлға - паналатуды іздеуші тұлғаның куәлігі;
оралман - оралман куәлігі немесе көші-қон органдарының анықтамасы.
Аталған талаптар Консулдық қатынастар туралы және Дипломатиялық қатынастар туралы
Вена конвенциясына сәйкес елшіліктер мен консулдықтардың қызметкерлеріне таратылмайды.
Қазақстан Республикасында уақытша тұратын тұлғалар төлқұжат көшірмесін және көші-қон
карточканың көшірмесін көрсетуі қажет».
Ұлттық заңнама «Қазақстан Республикасында уақытша тұратын» тұлғалардың және
маусымдық және шекарада жақын жұмыс істейтін жұмысшылардан басқа еңбек қызметі үшін
келетін көшіп-қонушылардың балаларына мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта
білімді тегін алу үшін білім беру ұйымдарына қабылдану құқығын беретінін атап көрсетуге
болады. Еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында келетін көшіп келушілердің санаттары 2011
жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы» Заңының 34-
бабында анықталған.
29
Бұл Барлық еңбек қызметі үшін келетін көшіп-қонушылардың және олардың отбасы
мүшелерінің құқығын қорғау туралы халықаралық конвенциясының 1, 30-баптарына және Балалар
құқығы туралы конвенцияның 2-бабына қайшы келеді, маусымдық жұмыс үшін келген көшіп-
қонушы отбасынан шыққан балаларға қатысты кемсітушілік болып табылады.
Жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясында, Экономикалық, әлеуметтік және мәдени
құқықтар туралы халықаралық пактіде, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық
пактіде белгіленген адам құқығына қатысты әмбебап кемсітпеушілік қағидалары Білім беру
саласындағы кемсітушілікпен күрес туралы конвецияда ескерілген.
3-бөлім. Құқық қолдану тәжірибесі
Шаруашылық өмірдің интернационализациялануы, интеграциялық процестердің дамуы, көші-
қон процесінің кеңеюі және басқа да себептер Қазақстанда келетін шетелдік азаматтар санының
заңға сыйымды артуына ықпалын тигізді.
Тек, Алматы қаласының өзіне 2011 жылы шамамен 200 мың шетелдік келген. Нақтырақ айтар
болсақ, 2011 жылдың 12 айында Алматыға уақытша келген шетелдік азаматтардың саны 189648
адамды құрады, соның ішінде ТМД азаматтары 149965 (көпшілік бөлігі РФ - 58622, Өзбекстан –
45169, Қырғызстан - 34608) және алыс шетел азамттары 39683 адам.
Сондықтан да шетеліктер және олардың отбасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі деген
мәселе Қазақстанда жоғарғы маңызға ие болуда.
Өз мемлекетінен шеткері жүрген шетелдік азамат өз елімен құқықтық байланыста болады,
құқықтық мәртебесін сақтайды, заңдарына бағынады, оның қамқорында және қорғауына болады.
Сонымен бірге шетелдік Қазақстанда болған кезде біздің мемлекеттің ерікті билігінің ықпалына
көнеді, біздің елдің заңнамасы мен әкімшілік ережелерін сақтауға міндетті болады.
Тиісті қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында Ішкі Істер департаменттері
қызметтерімен тығыз байланыста көші-қон полициясы бөлімшелері және басқа да мемлекеттік
органдар Қазақстанның барлық аумағында және оқиға орындарында шетелдік азаматтардың елге
келуін бақылау бойынша кешенді ұйымдық шараларды жүзеге асырады.
Мұндай шараларды өткізіп тұру өте қажет, себебі елге шетелдіктердің заңды келуі
фактілерімен қатар, изалық мерзімдері аяқталғанан кейін де құқықтық негізсіз Қазақстанда
жұмыстарын жалғастыратын жағдайлар да жиі орын алады. Сондай-ақ мұндай жолмен келетін
көшіп-келушілердің негізгі ағыны Ауғаныстан, Пәкістан, Қытай, Шри-Ланка, ТМД– Тәжікстан,
Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен байқалады.
Қолданылған алын алу шараларының нәтижесінде ІІД баспасөз қызметінің деректері бойынша
Алматы қаласының өзінде көші-қон заңнамасын бұзғандығы үшін әкімшілік жауапкершілікке
тартылған тұлғалардың саны 2011 жылдың 12 айында 37672 адамды құрады, соның ішінде алыс
шетел азаматтары - 3192 (көпшілік бөлігі ҚХР-дан – 1461, Түркия – 766, Ауғаныстан – 168) және
ТМД азаматтары 22165 (көпшілік бөлігі Өзбекстаннан – 14133, Ресей - 3175, Қырғызстан – 3347,
Тәжікстан – 821). Қамауға алынған шетелдік азаматтар саны 2072 , соның ішінде ТМД
азаматтары– 1969 адам (көпшілік бөлігі Өзбекстаннан – 1589 адам, Қырғызстан – 369 және
Тәжікстан – 83), алыс шетел азаматтары – 103 (көпшілік бөлігі ҚХР-дан - 77, Түркия – 11,
Нигерия - 4)
1
Сонымен қатар, Қазақстан
Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің
(бұдан әрі- ӘҚБтК) «Қазақстан Республикасында тіркеусіз не жеке басты куәландыратын
құжаттарсыз тұру» 377-бабын бұзған тұлғалар саны – 9942 құрады. ӘҚБтК «Шетелдiктiң немесе
азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасында болу ережелерiн бұзуы» ӘҚБтК 394-бабы
бойынша 24761 құқық бұзушы жауапқа тартылды. «Лауазымды адамның Қазақстан
Республикасы
азаматының,
шетелдіктің
немесе
азаматтығы
жоқ
адамның
Қазақстан
Республикасында шетелдiктердiң болу ережесiн бұзуы» ӘҚБтК 395-бабы бойынша 2499 құқық
бұзушы жауапқа тартылды.
1. 26 қаңтар 2012 жылғы www.zakon.kz ақпараттық порталын қараңыз. 2011 жылы Алматы қаласына шамамен 200
мың шетелдік уақытша тұруға келді