Қазақстан Республикасындағы білімге көшіп-қонушы отбасынан шыққан балалардың қол жеткізуі: ағымдағы жағдайды талдау



жүктеу 1,9 Mb.
Pdf просмотр
бет2/32
Дата11.01.2020
өлшемі1,9 Mb.
#26279
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32

 

Мазмұны  

 

Бет 

Кіріспе…...................................................................................................     6 

1-бөлім.  Әлеуметтік зерттеу: Қазақстан Республикасындағы білімге 

көшіп-қонушы отбасынан шыққан балалардың қол 

жеткізуі................................................................................................ 

 



2-бөлім.  Білімге көшіп-қонушы отбасынан шыққан балалардың қол 

жеткізуі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын 

талдау................................................................................................. 

 

25 



§1.  Қазақстан Республикасының білім жүйесі................................... 

25 


§2.  Ішкі көшіп-қонушылардың балаларының білімге қол жеткізуі... 

27 


§3.  Сыртқы көшіп-қонушылардың балаларының білімге қол 

жеткізуі...................................................................................................... 

 

27 



 

3- бөлім. Құқық қолдау тәжірибесі.........................................................  29 

Ұсыныстар...............................................................................................  36 

Қосымша.................................................................................................. 

37 


Глоссарий.................................................................................................  38 

 

       

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


 

Кіріспе  

Жиырмасыншы  ғасырдың  екінші  жартысынан  бастап  көші-қон  мәселесі  заманауи  қоғамның 

әлеуметтік,  саяси,  мәдени  өмірінің  ажырамас  бөлігіне  айнала  бастады.  Қазіргі  кезде  көші-қон 

айналымы 218 елді қамтиды, елден елге орын ауыстырып жүрген көшіп-қонушылардың саны жыл 

сайын  200 миллионға жуықтайды. БҰҰ КХҰ болжамы бойынша 2030 жылы тұрғындардың көші-

қон белсенділігі дүние жүзінде 300 млн. адамға жуық. Көшіп-қонушылардың басым бөлігін еңбек 

көшіп-қонушылары  құрайды.    БҰҰ  дамыған  елдердегі  әрбір  оныншы  тұрғын  көшіп-қонушы 

болса, дамушы елдерде әрбір 70 адамның бірі көшіп-қонушы болатындығын атап көрсетеді. 

 

Көші-қон  қабылдаған  және  кеткен  елдерде  де  макро  және  микро  деңгейдегі  маңызды 



әлеуметтік өзгерістердің себепшісі болады. Сондықтан да көші-қон саясаты әлеуметтік қорғаныс, 

әлеуметтік  бейімделу  және  көшіп-қонушылардың  ықпалдасуы  сияқты  әлеуметтік  бағыттағы  іс-

шаралармен тығыз байланысты. Қазақстанда бұл аспект ғылыми, ұйымдық-практикалық деңгейде 

әлі де толық қамтылмаған. Еуропа елдерінде, Ресейде және Қазақстанда жергілікті тұрғындар мен 

көшіп-қонушылардың  арасындағы  дау-жанжал  көшіп-қонушыларды  бейімдеу,  натурализациялау, 

аккультурациялау мәселесі, олардың қабылдаған мемлекеттің қалыптасқан дәстүрін дұрыс түсінуі 

өте күрделі екендігін дәлелдейді.  

 

КСРО  тарағаннан  кейін  кеңес  одағының  құрамында  болған  елдерден  шыққан  9  млн.  жуық 



адам көші-қон проблемасының сан қырлылығана көз жеткізді.  Бұл қиындықтар жаппай көші-қон 

ағынын  басқару  тәжірибесінің  болмауынан,  көші-қон  барысын  және  себептерін  құқықтық  реттеу 

механизмдерінің  болмауынан туындаған болатын. Оны шешу жолдары көші-қон ауқымын қамти 

алмады, сол себептен де заңсыз көші-қонның артуына жол ашты.  

 

Дүниежүзілік  банктің  бағалауы  бойынша  2007  жылы  Қазақстан  көші-қон  деңгейі  жоғары 



алғашқы  он  мемлекеттің  ішінде  тоғызыншы  орынды  иеленді.  Қазақстанның  табиғи  ресурстары 

бірегей,  бірақ  тұрғындарының  санын,  әлеуметтік-экономикалық және  геосаяси  себептерді  есепке 

алсақ,  экономикалық  дамудың  қарқынын  үдету  (басқа  да  себептер  мен  көші-қонның  факторын 

есепке алмағанда) үшін тек жекеменшік еңбек ресурстарын толықтыруға 1 млн. адам шамасында 

дайын тұру керек.  

 

Болашақтағы  көші-қонның  даму  үрдісі  (масштабы,  түрі,  типі,  салдары)  негізгі  екі  факторлар 



тобымен анықталады:  

 

1)  экономикасы,  өмір  сүру  сапасы,  қауіпсіздік  пен  экология  деңгейі  төмен  елдерден  көшіп-



қонушыларды «ығыстырып шығару»;  

 

2)  өмір  сүрі  сапасы,  қауіпсіздік,  еркіндік  деңгейі  жоғары,  жұмыс  күшіне  қажеттілік  бар, 



демографиялық жағдайын және басқа да мәселелері шешілген елдерге «тартылу».   

 

Сыртқы  көші-қонның  артуы  мен  қарқынын  келесі  себептер  анықтайды:  демографиялық 



жағдай,  экономикалық  мәселелер,  саяси,  экономикалық,  мәдени  өзгешеліктер.  Экономикасы 

өтпелі елдерде ішкі көші-қон ауқымды деңгейде жүреді, жақын болашақта осы жағдай төмендеуі 

екіталай, яғни бұл қазақстандық жағдайға да қатысты.    

 

Орталық  Азиямен  шекаралас  елдермен  салыстырғанда  қарқынды  экономикалық  даму 



бойынша  Қазақстан  көшіп-қонушылар  үшін  ыңғайлы  елдердің  қатарына  жатады.  Көп  жағдайда 

зерттеушілердің  назары  көші-қонның  әлеуметтік-гуманитарлық  жағын  зерттеуге  ауады,  

сондықтан көші-қон мәселесін заманауи деңгейге зерттеудің маңызы зор екендігі шындық.  

 

 



 

 


 

Жүргізілген зерттеудің әдістемесі 



 

Зерттелген  мәселенің  нақтылығын  қамтамасыз  ету  үшін  жоба  аясында  кешенді  әлеуметтік 

зерттеулер  жүргізілді  (жаппай  сауалнама  алу,  сарапшылармен  сұхбат  жүргізу,  бақылау). 

Әлеуметтік  зерттеу  құралдарын,  эмпириялық  ақпараттарды  жинақтау,  өңдеу  және  талдау  тәсілін 

дайындау  кезінде жалпы ғылыми және арнайы пәнаралық стратегиялар мен әдістер қолданылды: 

сандық  (сауалнама  алу)  және  сапалық  (сарапшылардың  бағасы,  сұхбат  алу  тәсілі)  өлшеу 

құралдары,  маңызды  контексті  -  зерттеу  тақырыбын  зерделеу-    сase  study  (балалар  мен 

ересектердің  басынан  өткен  оқиғалары)  тәсілі  арқылы  жүргізілді.  Зертеу  нысанының  үлгісін 

феноменологиялық түсіндіру  сұхбатта  айтылған  сөздер  мен  пікірлерді  контент-талдау,  сондай-ақ 

қазіргі заманғы  миграциология негізінде жүргізілді.   

 

Көшіп-қонушы  отбасының  балалары  мен  ата-аналарынан  алынған  сұхбаттардың  деректерін 



сандық өңдеу SPSS бағдарламасында жасалды, ол өзара байланысын анықтауға және процесстерді 

кесте және диаграмма форматында көрнекті түсіндіруге мүмкіндік  берді. «Сase  study» оқиғалары 

өз қалпында алынды, оларға аздаған өзгерістер енгізілді. Бұл әдіс өмірге қажетті кейбір мәндерді 

анықтауға  ықпалын  тигізді,  мысалы,  көшіп-қонушы  ата-аналар  мен  балалардың  өз  өмірін  түсіну 

парадигмасы.  Деректерді  өңдеу  нәтижесінде  отбасылық,  жас  шамасы  мен  танымдық  жағынан 

әлеуметтену барысында аға буынның жас ұрпаққа тапсыратын құндылықтары анықталды.  

 

Сарапшылар  әлеуметтік  мәртебесі  әртүрлі  мүдделі  субъектілердің  ұстанымына  тоқталады. 



Стандартты сұхбат барысында сарапшыларға төмендегілер ұсынылды:  

 

- еңбек үшін көшіп-қонушылардың және балаларының жағдайына жалпы баға беру;  



- ҚР Білім және ғылым министрінің № 468 бұйрығына сәйкес мерзімді көшіп-қонушылардың 

балалары мектептен тыс қалуына байланысты туындаған өзгерістер бағытын атау;  

-  балаларды  оқыту  жағдайын  сипаттау,  оқудың  қолжетімділігі,  олардың  мектепке  баруы, 

үлгеріміне қатысты ерекшеліктерін анықтау;  

- оқудың қолжетімсіздіне себеп болған жағдайларды талдау;   

-  көшіп-қонушылардың  балаларына  қатысты  балалар  құқықтарының  сақталу  жағдайын 

бағалау;  

- көшіп-қонушылардың оқитын балаларына көмек көрсетудің қажеттілігін анықтау;   

- көшіп-қонушылардың балаларына жергілікті тұрғындардың қарым-қатынасын бағалау;  

-  талқылауды  және  шешім  қабылдауды  талап  ететін  көшіп-қонушы  отбасынан  шыққан 

балалардың мәселелерін саралау.  

 

Сарапшылар  бағасын  беру  тәсілі  зерттеу  қатысушыларының  әртүрлі  ұстанымдарын 



жинақтауға,  мемлекеттік  орган  және  үкіметтік  емес  сектор  өкілдерінің  көзқарастарын  

салыстыруға, Қазақстаннан және сырттан келген көшіп-қонушылардың балаларын бейімдеу  үшін 

нақты тәсілдерді жинақтауға мүмкіндік берді.  

 

1-бөлім.  Әлеуметтік  зерттеу:  Қазақстан  Республикасындағы  білімге  көшіп-қонушы 

отбасынан шыққан балалардың қол жеткізуі  

 

Зерттеудің  мақсаты  еңбек  көш-қонының  көшіп-қонушы  отбасы  балаларының  әлеуметтенуі- 



Қазақстандағы білім беру қызметіне қол жеткізуіне қатысты аспектісін  зерттеу және талдау болып 

табылады.  Жүргізілген  зерттеу  жұмысы  балалар  мен  жасөспірімдердің  отбасылық  тәрбие, 

мектепте  білім  алу  және  мектептен  тыс  қарым-қатынас  жасау  процесіне  бейімделуіне  кедергі 

келтіретін маңызды себептерді анықтады. Зерттеу мынадай маңызды мәселелерге назар аударды: 

оқыту  процесі  –  азаматты  тұлға  ретінде  қалыптастыратын  басты    институт;  мектептегі 

қабылдаушы  ортаның  мінез-құлқы  және  қарым-қатынас  жасау  талабы;  тиісті  әлеуметтену 

жағдайын  жасаудағы  отбасының  мүмкіндігі;  көшіп-қонушы  отбасынан  шыққан  балалардың 

бейімделуі барысындағы мемлекеттің рөлі және қызметі және т.б. 

 



жүктеу 1,9 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау