Қазақстан Республикасындағы білімге көшіп-қонушы отбасынан шыққан балалардың қол жеткізуі: ағымдағы жағдайды талдау



жүктеу 1,9 Mb.
Pdf просмотр
бет13/32
Дата11.01.2020
өлшемі1,9 Mb.
#26279
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32

30 

 

Сонымен  қатар  Қазақстан  бірқатар  әлемдік  қауымдастықтар  мен  халықаралық  ұйымдардың 



(БҰҰ; ЕҚЫҰ және т.б.) мүшесі  бола тұрып, шетелдіктердің  құқықтарына қатысты халықаралық 

шарттарды орындау бойынша міндеттерді өзіне жүктеді.  

ҚР  Негізгі  Заңында  Жалпыға  бірдей  адам  және  азамат  құқығы  декларациясында    ресми 

мәлімделген адам мен азаматтың барлық құқығы жария етілген, оның ішінде: өмір сүру  құқығы, 

жеке бас бостандығы, орын ауыстыру  бостандығы, жеке өмiрiне қол сұғылмау құқығы, ар-ождан 

бостандығығын қорғау құқығы, сөз бостандығы құқығы, еңбек ету бостандығы құқығы, білім алу 

құқығы және т.б. 

Көрсетілген  құқықтар  Республика  аумағындағы  шетелдік  азаматтарға  да  таралады.  Бірақ  бұл 

құқықтарды шетелдік азаматтардың қолдануы жүйесіз және басқаруға көнбейтін сипатта болмауы 

керек.  


 

Сол  себептен  де,  Конституция  талаптарын  жүзеге  асыру  барысында  елдің  экономикалық 

дамуы  мүддесінде  және  тұрғындардың  көші-қонын  есепке  алу,  әлеуметтік-экономикалық  және 

демографиялық  процестерді  реттеу,  заңдылық  пен    құқық  тәртібін  күшейту  мақсатында  1995 

жылдың  19  маусымында  «Шетелдіктердің  құқықтық  жағдайы  туралы»  Заң  қабылданды.  Заң 

шетелдіктердің  негiзгi  құқықтары  мен  мiндеттерiн,  олардың  Қазақстан  Республикасына  келуiнiң, 

аумағында  болуының,  жүрiп-тұруының  және  Қазақстан  Республикасынан  кетуiнiң  тәртiбiн 

айқындайды. Сонымен қатар заңда шетелдіктер екі санатқа бөлінеді: Қазақстан Республикасында 

тұрақты тұратын және уақытша жүрген шетелдіктер. Тұрақты тұруға Қазақстан Республикасының 

Үкіметі  белгілеген  тәртіппен  рұқсат  және  тұрақты  тұру  құқығына  құжат  алған  шетелдіктер 

Қазақстан  Республикасында  тұрақты  тұрушылар  деп  танылады.  Бұл  санаттарға  бөлудің  басты 

көрсеткіші  болу  мерзімі  емес,  шетелдіктің  мемлекетпен  құқықтық  байланысының  тұрақтылық 

деңгейі, Қазақстан аумағында тұру мақсаты мен сипаты болып табылады.  

Шетелдіктердің  Қазақстан  Республикасы  аумағында  тұруына  қатысты  заңнамада  жақсы 

жағдайлар жасалғанымен де, тәжірибеде құқықтық немесе саяси шешім қабылдауды талап ететін 

мәселелер  туындайды.  Осындай  сұрақтардың  бірі  еңбек  қызметі  үшін  келген  көшіп-қонушы 

ретінде  ата-аналары  уақытша  республика  аумағына  келген  балалардың  ҚР  білім  саласындағы 

заңнамасында белгіленген тәртіпте мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу 

құқығына  қатысты.  Қолданыстағы  білім  беру  заңнамасында  осы  тұлғалар  тиісті  құқықтық 

қорғаудан тыс қалғандығы мәселенің күрделі екендігін түсіндіреді.  

Балалар  мүддесіндегі  Қазақстанның  мемлекеттік  саясатының  мақсаты  балалардың 

құқықтары  мен  заңды  мүдделерін  қамтамасыз  ету,  кемсітушілікті  болдырмау  болып  табылады 

(08.08.2002  жылғы  ҚР  «Қазақстан  Республикасындағы  балалардың  құқығы  туралы»  №  345-ІІ 

заңының  6-бабы,  1-тармағы  ).  Білім  беру  саласындағы  мемлекеттік  саясаттың  негізгі 

принциптерінің  бірі  баршаның  сапалы  білім  алуға  құқықтарының  теңдігі  болып  табылады  (27 

шілде 2007 жылғы Қазақстан Республикасы «Білім беру туралы» № 319-III ЗРК заңының 3-бабы, 

1-тармағы).  

 

Ағымдағы  жағдайды  талдау  №468  бұйрық  маусымдық  жұмыс  істеу  үшін  көшіп-



қонушылардың балаларын Қазақстанда білім алуға құқығы бар субъектілер санатынан шығарып, 

балаларды ата-аналарының мәртебесіне тәуелді етеді.  

Экономикалық,  әлеуметтік  және  мәдени  құқықтар  туралы  халықаралық  пактінің  13-

бабында әрбір адам білім алуға құқылы екендігі бекітіледі. Тәуелсіз Елдер Достастығының құқық 

және адамның негізгі бостандықтары туралы конвенциясының (26 мамыр 1995 жылғы) 27-бабы, 1-

тармағында білім алу құқығын иеленуге ешкім қарсы бола алмайды деп жазылған.  Мемлекет осы 

норманы сақтау мақсатында ата-аналарының балаларына талап ететілген білімді иелену құқығын 

беруіне ықпал етуі керек.  

Бір  жағынан  алсақ,  жоғарыда  аталған  халықаралық  құжаттардың  негізінде  балалар  білім 

алу  құқығынан  айырылуға  тиіс  емес,  ал  екінші  жағынан,  қолданыстағы  ұлттық  заңнамалар 

балалардың бұл құқықтарын шектейді. Бірақ бұл күрделі мәселені мемлекеттің иығына арту дұрыс 

емес.  Балаларының  білім  алуына  ата-аналардың  өздері  тікелей  жауапты,  ол  Қазақстан 

Республикасына келу және еңбек қызметімен айналысуды заңды түрде ресімдеуге байланысты.  

 



31 

 

Балаларды мектепке қабылдау тәртібі  



 

Балаларының Қазақстан мектептерінде оқуға құқығы бар көшіп-қонушы ата-аналар немесе 

оны  алмастыратын  тұлғалар  білім  беру  ұйымдарына  қабылданар  кезде  Қазақстан  азаматтарынан 

талап ететін  құжаттарды ұсынады. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы орта 

білім беретін білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың 

үлгі ережесінде балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін мынадай құжаттар талап етіледі:   

  ата-аналарынан (заңды өкілдерінен) өтініш; 

  баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі; 

  денсаулық жағдайы туралы анықтама (медициналық паспорт); 

  тұратын жерінен анықтама немесе тұратын жерін растайтын басқа құжат; 

  3x4 фото - 2 дана. 

 

Құқық  қолдану  тәжірибесі  ата-аналар  талап  етілген  құжаттар  пакетін  толық  ұсыну 



алмайтындығын  дәлелдейді.  Бұл  алдымен,  баланың  туу  туралы  куәлігі  мен    тұратын  жерінен 

алынатын  анықтамаға  қатысты.  Көп  жағдайда,  ата-аналардың  қолында  перзертханада  берілген 

бала  туу  туралы  анықтама  ғана  болады.  Жеке  құжаттары  жоқ  ҚР  азаматымен  азаматтық  некеде 

тұратын  көшіп-қонушы  әйелдердің  бала  туу  туралы  куәлікті  ала  алмайтын  жағдайлар  жиі 

кездеседі.  

Бала туу туралы куәлікті уақтылы ресімдемей, олар табыс табу үшін басқа елдерге шығып 

кетеді.  Құжат  алу  үшін  шыққан  елдегі  тиісті  органдарға  тұратын  еліне  сұрау  жіберу  олар  үшін 

қиынға  түседі.  Бес  көшіп-қонушыларды  қолдау  орталықтарының  (Астана,  Алматы,  Ақтөбе, 

Шымкент,  Петропавл  қалалары)  қызметкерлері,  сондай-ақ  қолдау  көрсету  үшін  ата-аналары 

жүгінетін  Қарағанды  қаласындағы  және  Алматы  облысындағы  КХҰ  серіктес  ұйымдары  мұны 

растады.  Кейбір  жағдайларда,  еңбек  қызметі  үшін  келген  көшіп-қонушылар  шыққан  елдің 

дипломатиялық  өкілдіктерімен  жасалған  байланыстың  арқасында  ата-аналарға  тиісті  сұрауларды 

жіберуге қажетті құжаттарды ресімдеуге көмек көрсетіледі.  

 

Көшіп-қонушы  отбасынан  шыққан  балаларды  мектеп  тіркеуде  тағы  бір  қиындық  тұру 



орнына  қатысты  туындайды.  Қазақстан  Республикасы  «Білім  беру  туралы»  заңының  26-бабы,  2-

тармағында  барлық  балаларды  білім  беру  ұйымдарына  оқуға  қабылдау  тәртібі  білім  беру 

ұйымдарының  қызмет  көрсету  аумақтарында  тұратын  жергілікті  атқарушы  органдары  бекіткен 

қабылдау ережесімен белгіленеді.  

Тәжірибе  көрсеткендей,  сыныптардағы  бала  саны  толық  деген  себептен  ата-аналарға 

қабылдаудан бас тартылады. Тегін  білім беретін мемлекеттік мектептер мектепке жақын ауданда 

тұратын  оқушыларды  қабылдайды.  Қызмет  көрсетілетін  аумақта  тұратын  балаларға  тиісті  білім 

беру ұйымына қабылдаудан бас тартылмауы керек. Қазақстан Республикасы «Білім беру туралы» 

заңының  49-бабы,  1-тармағына  сәйкес  кәмелетке  толмаған  балалардың  ата-аналары  мен  өзге  де 

заңды өкілдерінің баланың тілегін, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып білім беру 

ұйымын таңдауға құқығы бар.  

 

2010  жылғы  жаздың  соңында  прокуратура  органдары  жалпы  және  орта  білім  беру 



бағдарламаларын жүзеге асыраушы білім  беру ұйымдары өз қызметінде Қазақстан Республикасы 

көші-қон  және  білім  заңнамаларын  сақталуын  тексерді.  www.zakon.kz  сайтына  жарияланған 

ақпараттар  бойынша  тек  Алматы  қаласы  бойынша  486 шетелдік  оқушы  анықталған.  Анықталған 

фактілердің  70%-да  мектеп  әкімшілігі  шетелдік  азаматтарды  қабылдау  ережесін  бұзғандығы 

айқылдалды. 486 оқушының 160-ның ата-анасы, яғни 33%, білім беру ұйымына балаларын тіркеу 

кезінде  тұрғылықты  жері  бойынша  тіркеу  белгісі  қойылған  Қазақстан  Республикасында  тұрақты 

тұру құқығын беру туралы құжатты ұсынбаған, ал мектеп әкімшілігі Ереженің 4-тармағын бұзып, 

құжаттарды  талап  етпеген.  Түрксіб  ауданында  ҚР  тұрақты  тұратындығын  растайтын  ешбір 

құжаты  жоқ  Өзбекстан  азаматы  Б.А.  атты  оқушының    оқып  жүргендігі  анықталды.    Алмалы 

ауданында  тиісті  құжаттарынсыз  шетел  азаматтарының  балаларын  қабылдау  бойынша  82  факті 

анықталды, Жетісу ауданында – 11 факті, Бостандық ауданында- 26, Медеу ауданында - 7, Алатау 

ауданында- 28, Әуезов ауданында- 33 факті тіркелді.  Тексеру нәтижесі бойынша Алматы қаласы 




жүктеу 1,9 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау