Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі



жүктеу 5,1 Mb.
Pdf просмотр
бет19/83
Дата28.12.2019
өлшемі5,1 Mb.
#25267
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   83

47 
 
қорлайтын  әрекеттің  құрбаны  болу  тәуекеліне  душар  болып,қалыптасқан 
жағдайдың тұтқыны болады. 
Бұл  мәселе  бойынша  Адам  құқықтары  жөніндегі  Уәкілдің  мекемесі  ҚР 
Парламент Мәжілісінің депутаты С.Ф.Бычковаға тиісті өтініш жіберді.  
Жоғарыда аталғанды түйіндей отырып, есептік 2018 жылы ұлттық құқық 
қорғау  институты  азаматтардың  еркін  жүріп-тұруына  және  азаматтық  алуына 
құқықтарын  қамтамасыз  ету  саласында  көптеген  сын-қатерлерге  тап  болды 
деген қорытындыға келуге болады. 
Шетелде еркін жүріп-тұруына құқықтарын шектеу жағдайына тап болған 
Қазақстан  азаматтарының  құқықтарын  қорғау  мәселелерінде  еліміздің 
мемлекеттік  және  құқық  қорғау  органдарының  арасында  өзара  әрекеттестікті 
орнату  маңызды  рөл  атқарды.  Қазақстан  азаматтарын  Сириядағы  жауынгерлік 
әрекеттер  аймағынан  қайтару  бойынша  арнайы  қызметтер  операциясының 
теңдессіздігін,  сондай-ақ  сыртқы  саяси  мекемелердің  еліміздің  азаматтарын 
шығыс  көршілес  елдердің  аумақтарында  орналасқан  лагерьлерден  қайтару 
бойынша едәуір күш-жігерін ерекше атап өткен жөн.  
Сонымен  бірге,  шет  елдерде  қазақстандықтардың  құқықтарын  бұзу 
санының  артуы  мемлекеттен  арнайы  қызметтердің  және  сыртқы  қатынас 
органдарының  бұл  бағытта,  сондай-ақ  азаматтарды  олардың  шет  елдегі 
қауіпсіздігінің  ықтимал  тәуекелдері  туралы  уақтылы  ақпараттандыру 
бағытында қызметін нығайтуды талап етеді.  
2018  жылы  азаматтық  және  құжаттау  мәселелері  бойынша  түскен 
шағымдар  мен  өтініштерді  талдау  өтініштерді  ұзақ  қарау,  мемлекеттік 
органдардың  тарапынан  оларды  қарау  мерзімдерін  бұзу,  лауазымдық 
тұлғалардың  біліксіздігі  мен  бұл  салада  құқықтық  нормаларды  білмеуі 
мәселелері өткен жылдарда сияқты орын алатынын көрсетті.  
Сонымен  қатар,  биыл  халықаралық  және  үкіметтік  емес  ұйымдар 
сарапшыларымен  өзара  әрекеттесу  форматын  жаңарту  және  жаңа  жобаларды 
ұйымдастыру  және  іске  қосу  арқасында  азаматтық  және  құжаттау  мәселелері 
бойынша  бірқатар  заңнамалық  кемшіліктерді  анықтау  мүмкін  болды.  Бұл 
мәселе  бойынша  берілген  сараптамалық  қорытындылар  тәжірибе  жүзінде, 
түскен шағымдар мен өтініштердің мазмұндарында расталды. 
Азаматтығы  жоқ  тұлғалар  мен  құжатталмаған  тұлғалар  мәселелерінің 
мәнін  асыра  бағалау  қиын,  өйткені  жеке  басын  куәландыратын  құжаттардың 
болуына  адамның  оның  құқықтары  мен  міндеттерінің  барлық  жиынтығын 
жүзеге  асыруға  қолжетімділігі  тәуелді  болады.  Аталған  мәселелер  оларды 
реттеудің жүйелі тәсілін бір мағыналы түрде талап етеді. 
 
7. Тұрғын-үй және жер құқықтары 
 
 
Тұрғын-үй  қолжетімділігін  және  ыңғайлылығын  арттыру  арқылы 
халықтың  жоғары  тұрмыс  сапасын  қамтамасыз  ету  Қазақстанның  2025  жылға 
дейінгі  Стратегиялық  даму  жоспарының  басым  міндеті  болып  табылады. 
Халықты тұрғын-үймен қамтамасыз етудің маңызды құралдары ретінде тұрғын-


48 
 
үй  құрылысына  жекеменшік  инвестицияларды  тарту  және  мемлекеттік-
жекешілік серіктестікті ынталандыру болып анықталды. 
 
2018  жылы  тұрғын-үй  ипотекасының  қолжетімділігін  арттыратын«7-20-
25»  жаңа  кең  ауқымды  бағдарламасы  іске  қосылды,.  Сондай-ақелімізде  2017 
жылдан бері «Нұрлы жер» Мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. 
Бұл  бағдарламалар  бір-бірін  толықтырады  және  азаматтардың  тұрғын-үй 
жағдайын жақсарту бойынша жаңа мүмкіндіктерді жасайды.  
 
«Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 2018 жылғы 9 ай 
қорытындыларына  сәйкес  республика  бойынша  8,8  млн.  шаршы  метр  тұрғын-
үй  пайдалануға  берілді,  бұл  2017  жылғы  ұқсас  деңгейінен  11,6%-ға  артық. 
Тұрғын-үйлерді  пайдалануға  беру  қарқынының  едәуір  өсімі  Алматы, 
Маңғыстау облыстарында, Шымкент қаласында тіркелді
3

 
4,5  мыңға  жуық  қазақстандық  «7-20-25»  тұрғын-үй  бағдарламасына 
қатысуға  өтініш  берді,  солардың  ішінде  банктер  35  миллиард  теңге  сомасына 
шамамен  үш  мың  өтінішті  мақұлдады
4
.  Елбасының  2018  жылғы  5  қазандағы 
Қазақстан халқына жолдауында аталған тапсырмасы шеңберінде ел өңірлерінде 
бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері үшін жеңіл ипотека бойынша бастапқы 
жарналарды  жергілікті  бюджеттен  субсидиялау  бойынша  жұмыс  өткізілді. 
Аталған  бағдарлама  шеңберінде  бастапқы  жарналарды  субсидиялау  өңірлерде 
қажетті  білікті  педагогтар,  медицина  қызметкерлері,  полиция  қызметкерлері 
мен басқа мамандар үшін ипотеканың қолжетімділігін арттыруға бағытталған. 
 
Азаматтардың  тұрғын-үй  құқықтарын  қорғау  ҚР-дағы  Адам  құқықтары 
жөніндегі  Уәкіл  қызметінде  маңызды  бағыттардың  бірі  болып  табылады.  Бұл 
бағыттарда  қызмет  өтініштерді  қарау,  азаматтарды  қабылдау,  сараптамалық-
талдау,  мониторингтік  жұмыс,  мемлекеттік  органдар  мен  үкіметтік  емес 
ұйымдармен өзара әрекеттесу арқылы іске асырылады. 
 
Түскен  шағымдармен  жұмыс  істеумен  қатар,  Уәкіл  адам  құқықтарын 
қамтамасыз етумен байланысты басқа маңызды мәселелерді қарауға өз бетінше 
бастамашылық ететінін атап өткен жөн.  
 
Есептік  жылы  Омбудсмен  ел  Үкіметіне  азаматтардың  тұрғын-үй 
құқықтарын  қамтамасыз  етудің  өзекті  мәселелері  бойынша  жүгінді.  Атап 
айтқанда,  Омбудсменмен«Алтын  алқамен»  марапатталған  көп  балалы 
аналардың қолданыстағы  «Мемлекеттік наградалар туралы»  ҚР Заңына сәйкес 
олармен  алынған  мемлекеттік  тұрғын-үй  қорынан  бірінші  кезекте  тұрғын-үй 
алу  құқығын  жүзеге  асыруда  қалыптасқан  құқықтық  коллизияны  жою 
ұсынылды. 
 
Кейін  қабылданған  «Тұрғын-үй  қатынастары  туралы»  ҚР  Заңымен 
«Алтын  алқамен»  марапатталған  көп  балалы  аналар«көп  балалы  отбасылар» 
санатына  жатқызылды,  осыған  байланысты  жоғарыда  аталған  құқықтан 
айырылды. Қалыптасқан құқықтық коллизияныпрокуратура органдары, сондай-
                                                             
3
http://www.mid.gov.kz
 «Қазақстанда тұрғын-үйлерді пайдалануға беру 11,6 пайызға артты», 06.11.2018ж. 
4
https://24.kz
 «7-20-25» бағдарламасы бойынша шамамен үш мың өтініш мақұлданды», 16.11.2018ж. 
 
 


жүктеу 5,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау