Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі



жүктеу 5,1 Mb.
Pdf просмотр
бет25/83
Дата28.12.2019
өлшемі5,1 Mb.
#25267
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   83

60 
 
 
Еңбек  жөніндегі  уәкілетті  орган  өткізген  тексерістің  нәтижелері  бойынша 
жазатайым  оқиға  20.07.2018ж.  жұмыс  уақытында  «Нұрлы  жол»  жаңа  вокзалының 
жанындағы құрылыс объектісінің аймағында болғаны анықталды. 
 
Медициналық  мекеменің  12.10.2018ж.ауырлық  дәрежесі  туралы  қорытындысына 
сәйкес, алынған өндірістік жарақат ауыр өндірістік жарақатқа жатпайды.  
 
Жазатайым  оқиғаны,  санитарлық-тұрмыстық  шарттарды  тиісті  деңгейде 
зерттеп  қарау  мәселелері  бойынша  тексерісті  өткізу  мүмкін  болмады,  өйткені 
жазатайым  оқиға  20.07.2018ж.  болды  және  жәбірленуші  құлаған  мұнаралы  кранға 
демонтаж жасалды. 
 
Өтініш  берушіге  тиісті  талап  арызбен  сотқа  жүгіну  құқығы,  еңбек  жөніндегі 
уәкілетті  органның  талап  арызды  жазуда  заң  көмегін  көрсетуге  дайын  екені  туралы 
түсіндірілді. 
 
 
Жоғарыда  аталғанның  мән-мәтінінде  еңбек  жөніндегі  уәкілетті 
органдарға  жұмысберушілердің  кәсіпорындарда  қауіпсіз  еңбек  жағдайын 
жасау,  өндірістік  жарақат  жағдайларын  тергеу  бойынша  уақтылы  шараларды 
қабылдау,  жұмыскерлерді  және  жұмысберушілерді  еңбек  қауіпсіздігі  мен 
еңбекті  қорғау  салаларында  жүйелі  оқыту  бойынша  тиімді  мониторинг  өткізу 
қажеттілігіне назар аудару керек. 
Жұмыскерлердің  мүдделерін  білдіруде  және  еңбек,  әлеуметтік-
экономикалық  құқықтарын  қорғауда  кәсіподақтар  маңызды  рөл  атқаратыны 
мәлім.  Сонымен  бірге,  жекелеген  жағдайларда  жұмыскерлердің  құқықтарын 
қорғауда  кәсіподақтардың  қызметінде  тиімсіздік  және  әрекетсіздік  байқалады. 
Сондай-ақ  жеке  меншік  кәсіпорындарды  жұмыскерлердің  құқықтарын  қорғау 
үшін  олар  уәкілеттік  берген  кәсіподақтық  немесе  өзге  органдар  жиі  болмай 
жатады. 
Жоғарыда аталғанның мән-мәтінінде үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін 
пайдалану  да  көпшілік  мақұлдаған  халықаралық  құжаттарға  және  ұлттық 
заңнама 
нормаларына 
сәйкес 
еңбек 
қатынастарының 
ашықтығына, 
жұмыскерлердің құқықтарын қамтамыз етуге жәрдемдесе алады.  
Осылайша,  еңбек  құқықтық  қатынастар  саласында  қалыптасқан  жағдай  
еңбек заңнамасының сақталуына жүйелі мониторинг өткізу, еңбек қатынастары 
субъектілерінің  білімін,  қиын  экономикалық  жағдайға  тап  болған 
кәсіпорындарға  көмек  көрсету  бойынша  жергілікті  атқарушы  органдардың 
маңызын  арттыру,  еңбек  саласында  мемлекеттік  кепілдіктің  орындалуын 
қамтамасыз ету қажеттілігін дәлелдейді.  
9. Әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру құқығы 
 
 
Қазақстанда  азаматтарға  жалақының  және  зейнетақының  минималды 
мөлшеріне,  жасы,  ауру  жағдайы,  мүгедектігі,  асыраушысынан  айырылу  және 
өзге  заңды  негіздер  бойынша  әлеуметтік  қамсыздандырылуына  кепілдік 
беріледі.  Ерікті  әлеуметтік  сақтандыру,  әлеуметтік  қамсыздандырудың 
қосымша нысандарын құру ынталандырылады. 


61 
 
 
Халықтың  тұрмыс  сапасын,  әл-ауқатын  арттыру  еліміздің  әлеуметтік 
дамуының  басты  басымдықтары  болып  табылады.  Қарқынды  экономикалық 
даму  тұрақты  әлеуметтік  төлемдерге,  олардың  жүйелі  артуына,  сондай-ақ 
жекелеген  әлеуметтік  және  медициналық  қызметтердің  ақысыз  көрсетілуіне  
кепілдік  беретін  әлеуметтік  қамсыздандырудың  тиімді  жүйесін  құруға 
мүмкіндік берді. 
 
ҚР  әлеуметтік  жаңғырту  бойынша  іске  асырылып  жатқан  кең  ауқымды 
бағдарлама  халықтың  сана-сезімін  өзгертуге,    арқа  сүйеушілік  кейпін  жеңуге, 
әлеуметтік  көмектің  мекенжайлылық  сипатын  нығайту  арқылы  оны 
оңтайландыруға бағытталған. 2030 жылға дейінгі Зейнетақы жүйесін ары қарай 
жаңғырту  концепциясы  шеңберінде  зейнет  жасында  лайықты  тұрмыс  деңгейі 
үшін  зейнетақы  төлемдерінің  барабарлығын  қамтамасыз  ету  бойынша  жұмыс 
өткізіліп  келеді.  2018  жылдың  басынан  жасы  мен  еңбек  сіңірген  жылдары 
бойынша  зейнетақы  мөлшері  8%-ға  артты,  сондай-ақ  2018  жылғы  1  шілдеден 
бері  негізгі  зейнетақы  жаңа  әдістеме  бойынша  –  еңбек  өтілі  мен  зейнетақы 
жүйесіне қатысу ұзақтығына байланысты тағайындалады.  
 
Заманауи  жағдайда  басым  елдердің  әлеуметтік  саясатында  ең  алдымен 
адамдардың  өмір  ұзақтығын  арттырумен  түсіндірілетін,  халықтың  жаһандық 
қартаюы  мәселесі  өзекті  болды.  Есептік  жылғы  қыркүйекте  ҚР-дағы  Адам 
құқықтары  жөніндегі  Уәкілхалықтың  қартаюы  және  қарт  адамдардың 
құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша  ASEMIII конференциясының 
жұмысына  қатысты.Конференция  шеңберінде  Ұлттық  құқық  қорғау 
мекемелерінің  жаһандық  альянсының  қартаю  жөніндегі  Жұмыс  тобының 
отырысы  өткізілді,  бұнда  бұл  саладағы  үздік  тәжірибелерді  пайдаланумен  аға 
буын  тұлғаларының  жағдайын  жақсартуда  жалпы  стратегияны  әзірлеу 
бойынша шаралар талқыланды.  
 
Қазақстандық 
Омбудсмен 
аталған 
іс-шараларда 
жасаған 
баяндамаларында  шетелдік  әріптестерді  қарт  адамдардың  тұрмыс  сапасын 
қамтамасыз  етудегі  мемлекетік  әлеуметтік  саясаттың  негізгі  бағыттарымен, 
ұлттық құқық қорғау мекемесінің бұл санатқа жататын біздің азаматтарымызды 
қорғау саласындағы тәжірибесімен, бұл бағытта мемлекеттік органдармен және 
азаматтық сектормен өзара әрекеттесуімен таныстырды. 
 
ASEM шешіміне сәйкес 2018 жылы Сеул қ. Қартаю мәселелері жөнінлегі 
халықаралық орталығының құрылғанын атап өткен жөн, оның қызмет саласына 
ұлттық құқық қорғау мекемелерінің өзара әрекеттесуін үйлестіру кіреді.  
 
 


жүктеу 5,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау