49
ақ «Алтын алқамен» марапатталған көп балалы аналардың пайдасына шешілген
оң сот шешімдері растады.
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің аталған өтініште қозғаған басқа
мәселе азаматтардың тұрғын-үй құқықтарын қамтамасыз ету саласында
заңнамалық нормаларды тежеуші факторлар болды. Тұрғын-үйі белгіленген
санитарлық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға жауап бермейтін
азаматтарды есепке алу бойынша нақты заңнамалық нормалар болсада, ұзақ
уақыт бойы оны жүзеге асыру тетігі әрекет етпеді, өйткені санитарлық-
эпидемиологиялық қорытындыны беру жөнінде уәкілетті орган болмады.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде уәкілетті мемлекеттік орган белгіленген
мәселелерді шешу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы
ақпараттандырды.Жоғарыда аталған өтініштің толық мәтінімен осы Есептің
қосымшасында танысуға болады.
2018 жылы Омбудсменге мемлекеттік тұрғын-үй қорынан тұрғынжай
беру, оны жекешелендіру, қанағатсыз тұрмыс жағдайлары, банктердің
әрекетімен, тұрғын-үй таластары бойынша сот актілерімен келіспеу мәселелері
бойынша 57 өтініш түсті.
ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге Қызылорда қ. тұрғын-үй қатынастары
саласындағы жергілікті атқарушы органның оның тұрғын-үйді жекешелендіру
құжаттарын ұзақ қарауынаБ.Р.шағымданды.
Уәкіл мекемесі бұған араласқаннан кейін Қызылорда қ. Тұрғын-үй-коммуналдық
шаруашылық және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі өтініш берушінің құжаттары тұрғын-үй
комиссиясының 2018 жылғы 9 қазанда өткен отырысында қаралғаны, оның
қорытындылары бойынша Б.Р. қатысты оң шешімнің қабылданғаны туралы
ақпараттандырды.
Қызылорда қ. әкімінің 10.10.2018ж. қаулысымен Қасымхан көшесі, 3Б-үй, 10-пәтер
мекенжайы бойынша орналасқан пәтер өтініш берушінің атына жекешелендірілді.
Халықтың осал топтары мемлекеттік тұрғын-үй қорынан тұрғынжайға
мұқтаждартізімдерінде олардың кезегінің баяу жылжуы, ұзақ күту мерзімдері
көрсетілген өтініштер жеке топты құрайды. Өтініш берушілер қиын
материалдық жағдай, мүгедектік, ата-анасының, жақын туысқандарының
болмауы және басқа жағдайлар туралы мәлімдеп, уақытша тұрғын-үй алуда
көмек көрсетуді сұрады. Жекелеген жергілікті атқарушы органдардың
халықтың осал топтарына уақытша тұрғын-үй беру бойынша шараларды
қабылдағанын атап өткен жөн.
Омбудсменге кәмелетке толмаған екі баланы жалғыз тәрбиелеп жатқан М.Д.
тұрғын-үй беруде көмек көрсетуді сұраумен өтініші түсті.
Өтініш беруші тұрақты тұрғын-үйінің болмауына байланысты ол балаларымен
жалдамалы пәтерде тұруына тура келетінін мәлімдеді, оларды жақында пәтерден
шығаруына байланысты жағдай қиындады. Ол тұрғын-үйге мұқтаждар есебінде тұрды,
алайда кезек баяу жылжыды.
Ұлттық құқық қорғау мекемесінің сұрауына Алматы облысының әкімдігі М.Д.
мемлекеттік тұрғын-үй қорынан тұрғын-үй алуға мұқтаждар есебінде «толық емес
50
отбасы» санаты бойынша тұрғаны, оның кезек нөмерінің 827 екені туралы
ақпараттандырды.
«Тұрғын-үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 74-бабына сәйкесмұқтаждар
есебiнде тұратын азаматтарға мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғынжай барлық
қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген кезден бастап тiзiмдерде белгiленген
кезектілік тәртібімен берiледi. Бұл тізімге кірген басқалардан бұрын тұрғынжай алуына
ешкімнің басым құқығы жоқ
Сонымен
бірге,
өтініш
берушінің
қиын
жағдайын
ескеріп,
2018 жылғы 28 ақпанда Панфилов ауданының әкімдігі М.Д. мен балаларына Жаркент қ.
жатақханадан бөлме бөлді.
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге екінші топ мүгедегі И.С. мемлекеттік тұрғын-үй
қорынан тұрғынжай беру мәселесі бойынша өтініші түсті.Өтініш берушінің айтуынша,
мүгедектігі бойынша жәрдемақы оның жалғыз кіріс көзі болып табылады, оның пәтер
жалдауға қаражаты жоқ.
Ұлттық құқық қорғау мекемесінің сұрауына Батыс Қазақстан облысының әкімдігі
И.С. мемлекеттік тұрғын-үй қорынан тұрғынжайға мұқтаждар есебінде «1, 2 топ
мүгедектері» санаты бойынша 2004 жылғы 19 тамыздан бері тұрғаны туралы
ақпараттандырды. Оның кезек нөмері – 289.
Осылайша, өтініш беруші тұрғынжайға мұқтаждар есебінде 14 жыл тұр.
Жоғарыда аталған әкімдіктің мәлімдеуінше, «Тұрғын-үй қатынастары туралы» ҚР
Заңына сәйкес мемлекеттік тұрғын-үй қорынан тұрғынжай кезек тәртібімен берілетін
болады.
Мәлім болғандай, 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына
Жолдауында Елбасы ірі қалаларда халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтары
үшін жалдамалы тұрғынжай салуды арттыру қажеттілігін атады. Бұл шаралар
250 мыңнан астам отбасыға тұрғын-үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.
Жергілікті атқарушы органдардың осы тапсырманы тиімді жүзеге асыруы
еліміздің өңірлерінде жылдар бойы қалыптасқан тұрғынжайға кезектер
мәселесін шешуге мүмкіндік береді деп ұйғарылды.
Жекелеген өтініштер ауылдық елді-мекендерге еңбек қызметін іске
асыруға келген жас мамандарға тұрғынжай беруге қатысты болды.
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге А.Е. шалғай ауылдық елді-мекенге еңбек қызметін
іске асыруға келген жас маман ретінде тұрғынжай беру мәселесі бойынша өтініші түсті.
Солтүстік Қазақстан облысы Ғ.Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің ақпаратына
сәйкес, А.Е. 2017 жылғы 19 қазаннан бері жоғарыда аталған ауданның Чистопольск
дәрігерлік амбулаторияда тіс дәрігері болып жұмыс істеп келеді. Жас маманға көтермеақы
және бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау алу үшін «Дипломмен – ауылға!»
бағдарламасына қатысу ұсынылды. Уәкіл мекемесінің сұрауы бойынша қабылданған
шаралардың нәтижесінде А.Е. 2019-2021 жж. тұрғынжайға бюджеттік несие алу үшін
мамандар тізіміне енгізілді.
Достарыңызбен бөлісу: |