2. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің құзыреттерін жүзеге асыру, мемлекеттік органдармен, азаматтық қоғаммен, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекеттесуі
Ұлттық құқық қорғау мекемелері адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау және ынталандыру мәселелерінде, осы құқықтар мен бостандықтар туралы қоғамның кең түсінігін қалыптастыруда маңызды әрі конструктивтік рөлді атқарады.
Адамның құқықтары қорғаумен және ынталандырумен айналысатын ұлттық мекемелердің мәртебесіне қатысты Париж қағидаларына сәйкес (БҰҰ Бас Ассамблеясының 20.12.1993 жылғы 48/134 резолюциясымен бекітілген), ұлттық құқық қорғау мекемелері, соның ішінде шағымдарды алу, қарастыру және шешу, таластарда делдал болу және мониторингтік қызмет арқылы адамның құқықтарын қорғауға; сондай-ақ білім беру, ақпараттық-насихаттау қызметі, бұқаралық ақпарат құралдары, жариялымдар, кәсіби дайындық және әлеуетті дамыту, сондай-ақ кеңес беру және үкіметке көмек көрсету арқылы адам құқықтарына жәрдемдесугеміндетті.
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл мекемесі өз құзыреттерін, нысандарын және жұмыс тәсілдерінПариж қағидаларына сәйкес максималды жүзеге асыруға талпынады және есептің осы бөлімінде олар туралы жалпы ақпарат келтіріледі.
Есептік жылы Омбудсменге түскен өтініштер мен шағымдарда көрініс тапқан адам құқықтарын бұзу фактілерін тексеру дәстүрлі түрде уәкілетті мемлекеттік органдарға сұрау салу арқылы, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды тартумен шағымдар субъектілеріне шығумен бастамашылық тексерісті өткізу арқылы, ҮЕШ арнайы бару арқылы өткізілді.
2018 жылы түскен 1226 шағым мен өтініш бойынша ұлттық құқық қорғау мекемесі орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға, қоғамдық ұйымдарға, басқа елдердің омбудсмендеріне 1303 сұрау жіберді.
Азаматтардың құқықтары бұзу туралы шағымдарда көтерілген сұрақтарды талдау Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің лауазымдық тұлғаларға ұсыныстар мен өтініштерді жолдауына негіз болды, бұнда азаматтар құқықтарының бұзылуын болдырмау және әлеуметтік қанағаттықты қамтамасыз ету мақсатында басты назар нақты жағдайларды реттеу қажеттілігіне аударылды.
Есептік жылы мемлекеттік органдардыңұлттық құқық қорғау мекемесінің ұсыныстарын қарау бойынша тиісті емес жұмысы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің ҚР Премьер-Министріне жүгінуге мәжбүр еткенін атап өткен жөн, бұнда мемлекеттік органдардың ұлттық құқық қорғау мекемесінің тиімді өзара әрекеттесуін арттыру қажеттілігі аталды. Бұл Омбудсменнің ұсыныстарына жекелеген мемлекеттік органдардың жауаптарында қажетті және уақтылы реакциясының, сондай-ақ әлеуметтік тұрғыдан аса маңызды және кең қоғамдық резонансты тудыратын мәселелер бойынша негізделген позицияның болмауымен байланысты болды.
Омбудсменнің жауап беретін басым сұрақтардың спектрі азаматтардың денсаулығын сақтау, тұрғын-үй құқықтары, балалар құқықтарын және қоғамның басқа осал топтарының құқықтарын қамтамасыз ету, құқық қорғау және сот жүйесін реформалауға басым қатысты болды.
Мәселелік сұрақтар және жоғарыда аталған тақырыптар бойынша ұсыныстар Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне, Жоғарғы Сот Төрағасына, Бас прокурорға, білім және ғылым, денсаулық сақтау министрлеріне жолданған үндеулерде көрініс тапты.
Елбасыға құқық қорғау мекемесінің 2017 жылғы қызметі туралы есеп хат жолданды, бұнда адам құқықтарын қорғау саласындағы маңызды сын-қатерлер және бұл бағыттағы жұмыстың негізгі нәтижелері сипатталды.
ҚР Жоғарғы Сотымен ынтымақтастық туралы қолданыстағы меморандум шеңберінде дәстүрлі түрде сот тәжірибесін жалпылау тәртібімен оның төрағасына түскен шағымдарды талдау бойынша жүйелі ақпарат берілді, судьялардың шешімімен және олардың әрекетімен келіспеу бойынша олардың үлесі өтініштердің жалпы санынан 26%-дықұрады.
Жоғарғы сот органы басшысының назары азаматтардың тергеу және сот процестері барысында қылмыстық-процестік нормаларды бұзу, кінәсіздік презумпциясының қағидаларын сақтамау, сотқа дейінгі тергеу барысында азаптауларды қолдану, адвокатсыз тергеуді өткізу фактілері туралы өтініштеріне аударылды. Алқаби институтын ары қарай дамыту, сондай-ақ олардың судьялармен құқықтық қатынастарын нормативтік жетілдіру қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
Жоғарғы Сотқа жолдаған басқа үндеуінде Омбудсмен кепілдік мүлікке банктік қарызды өндіріп алу және аз қамтылған отбасылардың несие және ипотекалық қарыздарды төлеу қабілетсіздігімен байланысты мәжбүрлеп үйлерінен шығару сот тәжірибесін жан-жақты қарастыруды ұсынды. Үндеуде ипотекалық қарыз алушыларды қолдау бойынша мемлекет қабылдайтын шараларды халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына жататын азаматтардың жалғыз тұрғын-үйін сақтау бөлімінде максималды түрде ескеру ұсынысы көрініс тапты.
Есептік жылдың басында емделушілердің аса осал санаты, атап айтқанда, онкологиялық ауруларға, эпилепсияға, қант диабетіне, гемофилияға душар болған тұлғалар, еліміздің басым өңірлерінде емханалар мен дәріханаларда өмір үшін аса қажетті дәрі-дәрмектердің болмауы мәселесіне тап болды.
Осыған байланысты Омбудсмен Үкіметтің және Бас прокуратураның назарын «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде азаматтарды дәрі-дәрмектермен үзбей қамтамасыз ету жауапкершілігі жүктелген жергілікті атқарушы органдардың рөлін күшейту қажеттілігіне аударды.
Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының Абай ауылында тұратын балаға зорлық-зомбылық жасауға қатысты, қоғамдық резонансты тудырған инцидентпен байланысты Омбудсмен Бас прокуратураның назарын еркін жүріп-тұру, жеке адамның дербес құқықтылығы, заң және өзге көмекке қолжетімділік, сыртқы әлеммен коммуникациялау құқықтарына қатысты бірқатар процестік бұзушылықтардың болуына аударды.
Мектепке дейінгі мекеме персоналының оның тәрбиеленушілеріне қатысты қатыгездіктің жиеленген жағдайлары, бұны бұқаралық ақпарат құралдарындағы, соның ішінде шетелдік, бейне дәлелдемелер растайды, Омбудсменнің Білім және ғылым министріне бұл мекемелердің қызметкерлеріне қойылатын біліктілік талаптарды қайта қарастыру, сондай-ақ жақында мектепке дейінгі білім беру саласындағы қызметті лицензиялауды жоюдың нысаналылығын талдау қажеттілігі туралы ұсыныстармен үндеу жолдауға себеп болды.
Есептік жылы Үкіметке «Алтын алқамен» марапатталған көп балалы аналардың құқығын жүзеге асыруда ҚР қолданыстағы «Мемлекеттік наградалар туралы» Заңымен қарастырылған мемлекеттік тұрғын-үй қорынан бірінші кезектен тұрғын-үй алуға құқықтық коллизияны жою бойынша ұсыныс жолданды.
Азаматтардың тұрғын-үй құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы заңнаманың мінсіз болмауы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Үкіметке үндеу салудың басқа себебі болды.Тұрғын-үйі белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сәйкес келмейтін азаматтарды есепке алу туралы нақты заң нормалары болса да, тиісті қорытындыны беретін уәкілетті органның болмауы себебінен ұзақ уақыт бойы оны жүзеге асыратын тетік әрекет етпеді.
Мәскеуде қазақстандық студент қыздың өлімін тергеу барысында тергеу органдарының тарапынан бірқатар процестік бұзушылықтар, сондай-ақ болған оқиғаны анықтауға кедергі келтіргенқандай да бір ақпаратты беруден бас тарту ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің тиісті сұрауымен Ресей Федерациясының Омбудсменіне жүгіну қажеттілігін тудырды. Құқық қорғау мекемесі араласқаннан кейін тергеу жоғары тергеу органдарының іс жүргізуіне берілді және ерекше бақылауға алынды.
Омбудсмен мекемесінің назарында Сирияда және оған жақын аумақтарда жауынгерлік іс-қимыл аймағында болған қазақстандық балалармен байланысты мәселелер болды. Кәмелетке толмаған қазақстандықтарды сәйкестендіру және отанына қайтару мақсатымен бұл сұрақ бойынша Сыртқы істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетімен өзара әрекет орнатылды.
Азаматтардың түскен шағымдары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы және әлеуметтік желілердегі астанада қоғамдық көліктің қанағаттанарлықсыз жұмысы туралы кең резонанс Омбудсмен мекемесін нақты автобус бағдарларына шығумен жағдайды зерттеуіне түрткі болды. Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Астана қ. әкіміне үндеуі қорытындылары бойынша көлік қызметтерінің жаңа түрлерін енгізумен айналысатын уәкілетті органның қызметін бақылауды күшейту бойынша пәрменді шаралар қабылданды.
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің мониторингтік қызметі шеңберінде 2018 жылы өкілдері түзеу мекемелеріне, тергеу оқшаулағыштарына, әйелдер колониясы жанындағы бала үйіне, әлеуметтік мекемелерге, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына, ішкі істер органдарының арнайы мекемелеріне (қабылдаушы-бөлушілер, арнайы қабылдаушылар, УКО, полиция учаскелері) барды. Есептік жыл бойында еліміздің 4 өңірінің 10 мемлекеттік объектісіне миониторинг жасалды.
Достарыңызбен бөлісу: |