Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қаласы



жүктеу 498,33 Kb.
Pdf просмотр
Дата12.01.2020
өлшемі498,33 Kb.
#26379


Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің 

60 жылдығына арналған «Медициналық білім мен ғылымдағы интеграция, 

серіктестік және инновация» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференция 

Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қаласы 

5 - 6  қазан  2017 жыл 

Конференцияның ресми ұйымдастырушысы 

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті 

Конференция  жұмысына  қатысуға  медициналық  жоғары  оқу  орындарының, 

денсаулық  сақтау  басқармасының,  құрылымдық  бөлімшелердің  жетекшілері,  ғалымдар,  

қызметкерлер шақырылады. 



 

Конференцияның мақсаты: 

Білім  және  ғылымда  инновациялық  механизмдердің  жетістіктерін  талдау  және 

тиімділігін  бағалау,  медициналық  білім  сапасын  арттыру,  стратегиялық  серіктестікті 

дамыту  үшін  медицинаның  ғылыми  тәжірибесін  және  өзекті  мәселелерді  талдау  мен 

алмасу. 

 

Конференция барысында мынадай бағыттар бойынша жұмыстар жоспарлануда: 

1.  Қоғамдық денсаулық сақтау және әлеуметтік медицина. 

2.  Клиникалық медицина. 

3.  Сараптамалық медицина және фармация. 

4.  Медициналық  білім  беру  жүйесін  жаңарту  жағдайында  оқытудың  теориясы  мен 

әдістемелік басымдылығы. 

5.  Ағылшын тіліндегі жас ғалымдар секциясы. 

 

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын. 



Конференцияға  қатысу  үшін  2017  жылдың  10  маусымына  дейін  қатысуға  арналған 

өтінімдерді  және  басылымға  жіберу  үшін  мақаланың  мәтінін  ұйымдастыру  комитетіне 

электронды  түрде  жіберуіңіз  қажет  (1-2  қосымшаны  қараңыз).  Мақалалар 

journal@zkgmu.kz

 

электронды поштасына қабылданады. Мақаланың көлемі 5 бетке дейін 



болуы  тиіс.  Бір  бетке  арналған  басылымның  құны  -700  теңге  (төлемақы  басылымға 

қабылданғандығы  расталғаннан  кейін  ғана  жүргізіледі,  сканерден  өткізілген  түбіртектің 

көшірмесін  электронды  түрде  жіберу  қажет).  Ұйымдастыру  жарнасы  5000  теңгені 

құрайды.  

Мақалалар Марат Оспанов атындағы БҚММУ-нің 60 жылдығына арналған «Марат 

Оспанов    атындағы  БҚММУ  конференциялар  сериясы»  журналында  жарияланады. 

Аталмыш журнал РИНЦ дерек қорында тіркеледі. 

 

Байланыс телефондары:  



Баспақова Ақмарал Мұхамбетжанқызы – жұм. тел: 8 (7132) 55 18 08,  

Төрежанова Гүлнар Амангелдіқызы– жұм. тел: 8 (7132) 56 71 64. 

 

Конференцияның өткізілетін орны: 030019, Ақтөбе қ., Маресьев к., 68.                                           

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті  

Қосымша ақпарат 

www.zkgmu.kz

 сайтында «Жаңалықтар» бөлімінде орналасқан.  



1-ҚОСЫМША  

 

КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУ ҮШІН ТІРКЕУ ПАРАҒЫ  



Тегі _________________________________________________________________________ 

Аты _________________________________________________________________________ 

Әкесінің аты __________________________________________________________________ 

Ұйымның атауы (жұмыс орны) __________________________________________________ 

Лауазымы ____________________________________________________________________ 

Ғылыми дәрежесі/ғылыми атағы__________________________________________________ 

Толық пошталық адресі_________________________________________________________ 

Телефоны ____________________________________________________________________ 

Е-mail ________________________________________________________________________ 

Баяндаманың атауы ____________________________________________________________ 

□ Конференцияда жеке қатысымы (керектінің астын сызыңыз) 

□ Ауызша баяндама 

□ Постерлік баяндама 

□ Тек жарияланым  

Қонақүйді брондау (белгілеңіз): 

□ Қажет □ Қажет емес 



 

2-ҚОСЫМША  

Жалпы ереже: 

«Марат  Оспанов  атындағы  БҚММУ  конференциялар  сериясы»  іргелі  және 

клиникалық медицинаның, тәжірибелік денсаулық сақтау мен медициналық білімнің түрлі 

бағыттары бойынша түпнұсқа  зерттеулерді, шолу мақалаларын  жариялайды. 

Жұмыс жасалған мақаланың ресми жолдау болуы керек; автордың жеке бастамасы 

бойынша жазылған мақалаларға жарияланым туралы өтініш хат қоса тіркелуі керек. 

            Мақала  барлық  авторлармен  мақұлдануы  керек.  Міндетті  түрде  тегін,  атын, 

әкесінің атын, мекеменің ресми атауын, электронды адресін, байланыс телефонын немесе 

пошта адресін көрсетуі керек.  

Авторлар жасалған жұмыстың бұрын-соңды ешбір басылымдарда (диссертацияның 

түйіні  немесе автомәнжазба түріндегі  басылымдардан басқа) жарық көрмегенін жазбаша  

растауы керек.     

Басылымға ұсынылған барлық мақалалар міндеттелген тәртіппен рецензияланады.  

Редакциялық  ұжым  мақалаларды  қысқарту  және  редакциялауға  құқығы  бар.  Аталмыш 

талаптарға  сай  рәсімделмеген  қолжазбалар  қаралмайды.  Құпталмаған  мақалалар  

авторларға қайтарылмайды.  

 

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған мақалалар қабылданады. 

 

Мәтін Word мәтіндік редакторында, А4 форматында жолдар арасындағы интервал 



даралық  арқылы,  Times  New  Roman  шрифті,  кегль  14pt,  жиектер:  жоғарғы  және 

төменгі – 20мм, сол жақ – 30 мм, оң жақ – 10 мм  теріледі. Сөз тасымалы болмауы 

тиіс. 



 



Мақаланың басында жеке жолда сол жағында орналасқан УДК индексі көрсетіледі. 


 

Содан  кейін  авторлардың  инициалдары  мен  фамилиялары  жартылай  майлы  әріптермен 



көрсетіледі. Келесі жолда авторлардың жұмыстары жасалған мекеменің толық ресми атауы, 

қала,  ел  көрсетіледі.  Авторлар  әртүрлі  мекемеде  жұмыс  жасаған  жағдайда,  фамилия  мен 

сәйкесінше мекеменің атауы жол үсті цифрларымен нөмірленеді. 

 



Мақала  тақырыбы  жазба  әріптермен  теріледі;  ақпараттық  болуы  керек;  жалпы  бекітілген  

қысқартулар  ғана  қолданылады;  ағылшын  тіліне  аударғанда  меншікті  атаулары  бар 

аударылмайтын  жекелеген  аттар,  құралдар  мен  басқа  заттардан  басқа  транслитерацияға  

тыйым салынады. 

 

Келесі  орында    ұсынылып  отырған  жұмыстың  негізгі  мазмұнын  беретін  түсініктеме  мен 



негізгі сөздер жазылуы керек.  

 

Түпнұсқа   мақалалар келесі  құрылымдарды сақтай отырып 

ұстануы керек: 

Әдебиет  мәліметтерінің  негізіндегі  «Кіріспеде»  сұрақтың  немесе  мәселелердің  жағдайы 

мазмұндалады және  зерттеудің  маңыздылығы  негізделеді. 

«Материалдар мен әдістер» нәтиже алудың барлық рәсімдерінің қысқа, бірақ аяқталған 

сипаттауы  эксперименталды  зерттеулерде  «Эксперименталды  жануарларды  қолдану 

жұмыстарын  өткізу  ережелерін»  сақтау  керек,  жануарларды  эксперименттен 

жансыздандыру және алып шығу амалдарын  көрсету керек. Секциялық және клиникалық 

материалды қолдану барысында  этикалық және заңдық нормаларын есепке ала отырып, 

оны алу деректемелері туралы мәліметтерін  ұсыну керек. Барлық қолданылған  құралдар 

мен реактивтер үшін өндіруші фирманы, елді көрсету керек.  

«Зерттеу  нәтижелерінде»  олардың  талқылауынсыз  нақты  зерттеу  нәтижелерін  қысқа 

негіздеп мазмұндау келтіріледі.  



 «Алынған  деректерді  талқылауда»  нақты  қорытындылардың  мазмұнын  қайталамау  

керек, бірақ өзге авторлардың мәліметтерін тарта отырып,  олардың  сараптау нәтижелерін  

ұсынуы  керек;  талқылау  соңында  негізгі  ережелердің  мақсатты  есебін  шығару  немесе 

қорытындыларды тұжырымдау керек.    



«Әдебиеттер тізімі» бөлек парақта басылу керек. Библиография МЖМБС 7.1-2003 сәйкес 

рәсімделеді.  «Библиографиялық  жазба.  Библиографиялық  сипаттау.  Рәсімдеудің  жалпы 

талаптары  мен  ережелері».  Мәтінде  сілтемелер  авторларын  еске  салу  (алдымен  қазақ, 

орыс  тілдерінде,  сосын    ағылшын    тіліндегі  деректемелер)  өлшемі  бойынша  саналатын 

әдебиет  тізіміне  сәйкес  тік  жақшаларда  нөмірленеді.  Бір  дерекке  сілтеме  қайталанған 

жағдайдатік жақшаларда нөмірленуден кейін  беттің нөмірі  (мысалы [7.б:4]) көрсетіледі. 

Мақала  сипаттамасында  үш,  төртпен    қысқара  қоймай,    барлық  авторларды  және  т.с.с. 

енгізу  керек.  Барлық  тақырыптар  бойынша  мақалаларға  тек  соңғы  5-10  жылдағы 

библиография қолданылады және беттердің жалпы көлеміне кіреді.   

«Түйін». Мақала соңында түйін (мәнжазба) ағылшын және қазақ тілдерінде ұсынылады. 

Түйін  мазмұнды  болып,  мақаланың  тақырыбын  ашуы  керек;  Авторлардың  аты-жөндері 

ағылшын тіліндегі нұсқалы латын әріптерімен  (транслитерация) жазылады; негізгі сөздер;  

мақсаты, әдістері, нақты нәтижелер  мен зерттеу қорытындылары (көлемі 0,5 бетке дейін). 

Мақала тақырыбындағы  мәліметтер автор түйінінің мәтінінде қайталанбауы керек. 



Иллюстрациялар. 

           Түпнұсқа  мақалаларында  иллюстрациялардың  көлемі  журналдың  бір  бетінен 

аспауы  керек  (5  суреттен  аспауы  керек).  Суреттер  қара-ала  түрінде  беріледі. 

Фотографиялар  тік  бұрышты,  контрастты,  компьютерден  жасалған  және  алдағы  уақытта 

Word,  Excel,  Graph  бағдарламаларында  жасай  алатындай  болуы  керек.  Әрбір  кестенің 

(сурет, диаграмма, график) өзінің реттік нөмірі және тақырыбы болуы керек.  

            Мәтінде  суреттер  мен  кестелердің  нөмірлеріне  сілтемелер  дөңгелек  жақшада 

беріледі.  Кестенің  нөмірі  мен  тақырыбы  кестенің  жоғары  сол  жақ  бөлігінде  орналасады;  

иллюстрациялардың,  сызбалардың,  диаграммалардың  нөмірі  мен  тақырыбы  төменде, 

ортасында  орналасады.  Кестелер  немесе  басқа  суреттік  материалдар  бір-бірін 

қайталамауы керек.  

 

 Бір  бетте  бірнеше  суреттерді  монтаждауға  болады.  Иллюстрациялардың  екі 



данасын  салып,  оларға  түсініктемені  тек  біреуінде  жазу  керек.  Әр  иллюстрацияның 

сыртқы  бетінде  оның  нөмірі,  автордың  фамилиясы,  мақала  атауы,  суреттің  жоғары  және 

төменгі  бөлігі  жұмсақ  қарындашпен  белгіленеді.  Сандық  аппараттың  қолданылуымен 

жасалған  суреттер  300  dpi    кем  емес  tif,  jpg  форматында  болуы  керек.  Бұл  жағдайда 

түпнұсқалардан  басқа,  электрондық  нұсқасы  да  ұсынылуы  керек.  Суреттерге  жазбалар 

бөлек бетте екі данамен берілуі керек. Электронды микросуреттерде масштабты бөліктер 

салынуы  қажет,  микросуреттердегі  жазбаларда  объективтің,  окулярдің  үлкейтілуін, 

белгілерге  түсініктемелерді,  бояу  тәсілдері  немесе  препаратты  өңдеуді  көрсету  керек. 

Кестелердің  тақырыптары,  кестеде  көрсетілген  сандар  мәтінде  қайталанбауы  қажет. 

Мақала  мәтініндегі  сурет  немесе  кестенің  орны  ашық  жерде  сурет  (кесте)  нөмірімен  

квадратпен  белгіленеді.  Өлшемдер  СИ  жүйесі  және  Цельсия  шкаласымен  келтіріледі. 

Жекелеген  сөздерді,  терминдерді  (жалпы  қабылданғаннан  басқа)  қысқартуға  болмайды. 

Барлық қысқартылған сөздердің мәтіндегі бірінші қолданысында түсініктемесі толығымен 

жазылып,  келесі  кездесетін  қолданыстағы  қысқартуы  жақшаның  ішінде  көрсетіліп 

келтірілуі керек. Мақала атауында және түйінінде қысқартуларды  қолданбаған жөн.  

 

 



Ұйымдастыру жарнасына төлемақыға арналған реквизиттер: 

 

«Марат Оспанов атындағы БҚММУ түлектерінің қауымдастығы» 

БИН 110640021630 

KZ KZ (KZТ) 518560000004911058 (KZT) 

БИКKCJBKZKX 

КБЕ 18 


 «Банк центр кредит» АҚ 

 

Төлем  кезінде  тегі,  аты,  әкесінің  аты,  «Марат  Оспанов  атындағы  БҚММУ  ғылыми-



тәжірибелік  конференциясының  материалдарына  мақаланы  басып  шығаруға» 

және/немесе  «М.Оспанов  атындағы  БҚММУ  ғылыми-практикалық  конференциясының 

ұйымдастыру жарнасына» көрсетуіңіз қажет.  

 

 



 

жүктеу 498,33 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау