Қазақстан Республикасында көрсетілетін қызметтер саласын дамыту жөніндегі



жүктеу 4,13 Mb.
бет6/18
Дата26.05.2018
өлшемі4,13 Mb.
#17983
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

3.3. Туризм


2016 жылдың қорытындылары бойынша «Тұру және тамақтану бойынша қызметтер» саласының елдің ЖІӨ салымы 1,1% құрады, бұл 2014 жылмен (1,7%) салыстырғанда 0,6 пайыздық пунктке аз.

2016 жылдың қорытындылары бойынша берілген салада жұмыс істейтіндердің саны 170,9 мың адамды құрады, бұл экономикалық белсенді халықтың 2%-ын құрайды.

2016 жылдың қорытындылары бойынша туризм саласындағы еңбек өнімділігінің деңгейі 3 104,5 мың теңге/адамды құрады, ал 2014 жылы болса осы көрсеткіш 2 191,1 мың теңге/адамды құраған болатын.

2014 жылдан 2016 жылға дейінгі кезеңде туристтік салаға 474,5 млрд. теңге инвестициялары негізгі капиталға тартылған болатын. 2016 жылы инвестициялардың келуінің өсімі алдыңғы жылмен салыстырғанда 8,9%-ды құрады.

2016 жылы Қазақстанда 2 031 туристтік ұйым, сыйымдылығы 138 062 төсек-орын болатын 2 754 орналасу орны қызмет жасады, бұл алдыңғы жылдың көрсеткішінен 16,6%-ға жоғары. Орналасу орындарының жалпы санынан 62,4%-ды қонақ үйлер құрағанын атап өту қажет, олардың ішінде 10,1% – санаты бар қонақ үйлер, 52,3% – санаты жоқтар, 37,6% – өзге орналасу орындары.

2016 жылы сыртқа шығу туризмі бойынша 6 506 мың адам тіркелген болатын, бұл ретте мақсаттары келесідей: 75% жеке сапар, 16% іс сапарлары, 8% транзиттік сапарлар және тек қана 1%-ы туристтік сапарлар. Сонымен бірге 2014 жылмен салыстырғанда 176 мың сапарға көбейгені байқалған болатын. Сыртқа шығу туризмі бойынша орташа чек 90 мың теңгені құрайды.

2016 жылы сыртқа шығу туризмі бойынша 11 302 сапар тіркелген болатын, бұл 2014 жылға қарағанда 852 мың сапарға көп. Сапар мақсаттары бойынша тағы да жеке сапарлар басым болып табылады (81%). Сонымен бірге шығындардың орташа чегі 145 мың теңгені құрады, бұл елге келушілердің шығындарынан 1,6 есеге көп.

Қазақстанда туристтік саланы дамыту тұжырымдамасы 2023 жылға дейінгі кезеңде 6 туристтік кластерді дамытуды қарастырады – Астананың, Алматының аудандарында, Шығыс, Оңтүстік және Батыс Қазақстанда. Бұдан басқа, дамыған және тұрақты елдердің азаматтары үшін визалық тәртіпті алып тастау жөніндегі мәселелер анықталады.

Қазақстанда туризм саласына мемлекеттік инвестициялардың деңгейі, The Travel & Tourism Competitiveness Report мәліметтері бойынша, өте жоғары – бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан рейтингте 136 елдің ішінен 46-орынды иеленеді. Сонымен бірге, туристтерді тарту жөніндегі маркетингтік іс-шаралар жалпы алғанда тиімділігі аз болып қалуда (136 елдің ішінде 102-орын). Сондай-ақ елдің тартымды туристтік әлеуеті туралы ақпараттық науқанды жүргізу жөніндегі жұмыс жеткілікті түрде тиімді болып табылмайды.
10-сурет. Туризмді дамыту үшін мемлекеттің шығындары және Қазақстандағы туристтік маркетингтің тиімділігі


Нысаналы топ



Салыстыру тобы

Прямоугольник 162Прямоугольник 171
Мемлекеттік бюджет құрылымындағы саяхат және туризм секторына жұмсалған шығындардың үлесі

Рейтинг (136 елдің ішінен), 2016 ж.



Туристтерді тарту жөніндегі маркетингтік іс-шаралардың тиімділігі

Рейтинг (136 елдің ішінен), 2016 ж.





Дереккөзі: The Travel & Tourism Competitiveness Report 2017
Қазіргі уақытты келетін туристтер саны бойынша Қазақстан салыстыру тобындағы Малайзия, Түркия және Ресей сияқты елдерден керіде қалуда. Алайда сектор елеулі өсу беталысын көрсетуде.

     

3-кесте. Туристтік саланың дамуының негізгі көрсеткіштері, 2016 жыл






Шетелдік туристтер, мың адам

Түсімдер, млн. $

1 туристтің орташа шығындары, $

ЖІӨ құрылымындағы туризм секторы, %

Жұмыспен қамтылу құрылымындағы туризм секторы, %

Қазақстан

6 509,4

1 533,6

280

1,9

3,5

Аустралия

7 444,4

28 872

3 878

2,8

4,4

Канада

17 977,3

16 557,80

921

1,8

3,7

Италия

50 731,8

39 449,20

777,6

4,2

5

Корея

13 231,7

15 214,30

1 149,80

1,8

2,2

Малайзия

25 721,3

17597,1

684,1

4,4

4,2

Ресей

31 346,5

8 465

270

1,5

1,4

Түркия

39 478,0

26 616

674,2

5

2,3

Ұлыбритания

34 435,8

45 463,60

1 320,20

3,7

5,3

Дереккөзі: ҚР ҰЭМ Статистика комитеті, The Travel & Tourism Competitiveness Report 2017
Қауіпсіздік және қорғалу сияқты аспектілер бойынша салыстырылатын елдер арасында Қазақстан тек Малайзиядан ғана қалуда, бірақ туристтік қызметтердің инфрақұрылымы бойынша Қазақстан Қытайдан басқа салыстырылатын елдердің (Бразилия, Түркия, Малайзия, Ресей) барлығынан керіде қалуда.

Қоршаған табиғи ортаның сапасы бойынша Қазақстан рейтингтің 136 мемлекетінің арасында тек 99 орынды ғана иеленді. Сол мезетте, елімізде туристтік әлеуеті әзірше толық көлемде іске асырылмаған көптеген табиғи және мәдени нысандар бар.

Бірақ туризм инфрақұрылымын дамыту баяу қарқынмен жүзеге асырылуда, бұл қонақ үй бизнесінің кеңею әлеуетін төмендетеді. Сондай-ақ, қонақ үй бөлмелерімен қамтамасыз ету деңгейі бойынша Қазақстан рейтингте 136 елдің ішінде тек 82-орынды иеленді.

     


11-сурет. Қазақстандағы туризм инфрақұрылымының сапасы және қонақ үй бөлмелерімен қамтамасыз етілу

Туризм инфрақұрылымының сапасы

Рейтинг (136 елдің ішінен), 2016



100 адамға шаққандағы қонақ үй бөлмелерінің саны

Рейтинг (136 елдің ішінен), 2016



Мақсатты топ

Салыстыру тобы

Прямоугольник 236


Дереккөзі: Travel and Tourism Competitiveness Дүниежүзілік Экономикалық Форумының есебі, 2017 ж.


Туризм саласындағы бағалардың бәсекеге қабілеттілігі рейтингінде Қазақстан 136 елдің ішінен 8-орынға ие. Теңгенің 2015 жылғы тамыз айында өзгермелі бағамға өтуі Қазақстан позициясының осы индекс бойынша кенет көтерілуіне септігін тигізді. Мысалға, туризм саласындағы бағалардың бәсекеге қабілеттілігі жөніндегі 2013 жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан тек 73 орында және қонақ үй бағаларының индексі бойынша – 102 орында еді. Ал 2016 жылдың қорытындылары бойынша қонақ үйлерде жайғасудың бағалары жөніндегі халықаралық рейтингте Қазақстан 136 елдің арасынан 25 орынға табан тіреген болатын (АҚШ – 56 орын, Түркия – 27 орын, Ресей – 11 орын).

  


3.4. Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар

Үш жылдық кезең үшін «Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар» секторын талдау осы сектордың ЖІӨ-дегі үлесінің іс жүзінде өзгеріссіз қалғанын көрсетеді, 2014 жылы - 8,3%, 2016 жылы – 8,7%.

Берілген салада жұмыс істейтіндердің саны 114,8 мың адамды құрады немесе экономикалық белсенді халықтың 2%-ын құрады.

2016 жылдың қорытындылары бойынша жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар саласындағы еңбек өнімділігі 33 969,1 мың теңге/адамды құрады, ал 2014 жылы болса осы көрсеткіш 37 540,7 мың теңге/адамды құраған болатын.

2014-2016 жылдар аралығында осы секторға 2 386,6 млрд. теңге инвестицияланған болатын. Бұл ретте, 2016 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда инвестициялардың өсімі 13,7% құрады. Бұл ретте, қызмет көрсету саласындағы инвестициялардың жалпы көлеміндегі жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялардың үлесі 12,1% құрады.

Құрылыс қызметтерін экспорттау көлемінде жыл сайынғы өсім сақталуда, осылайша, бес жыл ішінде құрылыс қызметтерінің үлесі 93%-ға өсті және 2016 жылы 276,3 млн. АҚШ долл. құрады. Импорт көлемі экспорт көлемін іс жүзінде 10 есеге асып түсуде және 2 млрд. АҚШ долл. деңгейін құрады.



Соңғы 5 жылдың ішінде Қазақстанда тұрғын үй-жайларды қолданысқа беру көлемі, сондай-ақ Қазақстанда пәтерлерді сатып алу-сату жөніндегі мәмілелердің саны оң тренд көрсетуде.

Тұрғын-үй құрылысының негізгі инвестиция көздері бұрынғыдай компаниялар мен халықтың жеке қаражаттары болып табылады, олардың үлесі 2016 жылы 71%-ды құрады (соның ішінде, халықтың қаражаттары – 48%, компаниялардың қаражаттары – 23%). Қазақстанның өңірлеріне қарағанда тұрғын-үй құрылысына бөлінетін инвестициялардың негізгі түрлері дәстүрлі түрде Алматы облысына, сондай-ақ экономикалық белсенділікті тарту орталықтары ретінде Алматы және Астана қалаларына тиесілі. Жинақтап алғанда, 2016 жыл үшін бұл үш өңірдің үлесі 54%-ды құрады.
12-сурет. Тұрғын-үй құрылысына бөлінетін инвестициялар, млрд. теңге 2012 ж. бағаларымен.

Дереккөзі: ҚР ҰЭМ СК
Елде көптеген ұлттық және халықаралық риэлторлық агенттіктердің болғанына қарамастан, Қазақстан жылжымайтын мүлік нарығының ашықтығының әлемдік индексінде (GlobalRealEstateTransparency) Ресейден, Қытайдан, Бразилиядан, Түркиядан және Малайзиядан едәуір артта қала отырып, соңғы орындардың біріне табан тіреді. 2016 жылы 2014 жылмен салыстырғанда ашықтық көрсеткіші бойынша Қазақстанның позициясының төмендегені байқалады. Қазақстан әлі де болса «ашық емес» жылжымайтын мүлік нарығы тобына жатады.
1
Нысаналы топ

Салыстыру тобы
3-сурет. Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығындағы жалпы жағдай




Дереккөзі: Jones Lang LaSalle жылжымайтын мүлік нарығының ашықтығының әлемдік индексі (108 ел)

2010 жылдан бастап жылжымайтын мүлік пен оны жалдау бағасы деңгейінің бірқалыпты өсуі байқалады. 2017 жылдың маусымында жаңа тұрғын-үйдің бір шаршы метрін сату бағасы 249 мың теңгені құрады. Алайда 2016 жылы бағалардың 247,4 мың теңгеге дейін (3,6%-ға) төмендеуі орын алды.



Әлемдегі ең ірі дерекқор «Numbeo» мәліметтеріне сәйкес Қазақстандағы жылжымайтын мүлік бағасының халықтың табыс деңгейіне қатынасы 11-ге, ал Қытайда болса осы көрсеткіш 23-ке, Сингапурде – 21-ге тең. Қазақстандағы жалдау бағасы салыстырмалы түрде төмен және айына 123 пен 1311 АҚШ долл. Арасында өзгереді (Ресейде – айына 252 және 2019 АҚШ долл. Қытайда – айына 266 және 1034 АҚШ долл. арасында).
1
Мақсатты топ

Салыстыру тобы
4-сурет. Жылжымайтын мүлік нарығының дамуының баға көрсеткіштері


Бірінші және әдемі әрлеу бар пәтерлердің жалпы көлемінің 1 ш.м. бағасы, мың тг.

Жылжымайтын мүлік бағасы мен кірістердің қатынасы, 2017 ж. индексі.
Прямоугольник 119 Прямоугольник 120



Дереккөзі: ҚР ҰЭМ, www.numbeo.com


жүктеу 4,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау