Қазақстан Республикасында көрсетілетін қызметтер саласын дамыту жөніндегі



жүктеу 4,13 Mb.
бет5/18
Дата26.05.2018
өлшемі4,13 Mb.
#17983
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

3.2. Көлік және логистика


«Көлік және қаттау» секторын ұш жылдық кезеңде талдау, бұл сектордың елдің ЖІӨ-гі үлесі 2014 жылы 7,9%-дан 2016 жылы 8,3% дейін артқанын көрсетті.

2016 жылдың қорытындылары бойынша бұл саладағы жұмыспен қамтылғандар саны 619,5 мың адамды немесе экономикалық белсенді халықтың 7,2% құрады.

2016 жылдың қорытындысы бойынша «Көлік және қаттау» секторындағы еңбек өнімділігі бір адамға 6 256,8 мың теңгені құрады және 2014 жылмен салыстырғанда бір адамға 880,8 мың теңгеге артты.

Негізгі капиталға жұмсалатын инвестиция көлемі бойынша оң динамика байқалады. 2016 жылы өткен жылға қатысты инвестицияның артуы 3,3% құрады. Осымен бірге қызметтер саласына жұмсалатын инвестицияның жалпы көлеміндегі көлік және қаттау секторындағы инвестиция үлесі 37,7% құрайды.

Көлік қызметтерінің экспорты 2016 жылы 2015 жылмен салыстырғанда болмашы төмендеуді көрсетіп, 3,5 млрд. АҚШ долларын құрады. Көлік қызметтерінің экспорты алты негізгі көлік түрлерімен ұсынылған, олар құбыр желісі, темір жол, әуе, автомомбиль және теңіз көлігі, пошта қызметі және курьерлік байланыс қызметі.

Көлік қызметтері экспортының негізгі көлеиі құбыр желісі және темір жол көлігімен тасымалдау үлесіне келеді (жиынтығында 2016 жылғы көлік қызметтері экспортының 83% құрайды).

2016 жылдың қорытындысы бойынша ел аумағындағы транзиттік тасымалдау көлемі 14,5 млн. тоннаны құрады, бұл 2015 жылғы көрсеткіштен 5%-ға төмен. Транзиттік тасымалдардан түсетін кіріс 267 млрд. теңгені құрады, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 84 млрд. теңгеге артық.

ДЭФ «The Global Competitiveness Report 2016-2017» есебінде «Базалық инфрақұрылымның сапасы» өлшемшарты бойынша Қазақстан әлемнің 144 елдерінің ішініде 62-і орынды алады. Осыған байланысты елдегі экономиканың тиімділігін жоғарылату мен іскерлік белсенділікті арттыру мақсатында базалық инфрақұрылымды бұдан әрі дамыту қажет.


9-сурет. «Инфрақұрылым» көрсеткішінің қосалқы индикаторлары

Прямоугольник 43023
Автожолдардың сапасы

Т/ж сапасы

Авиа инфрақұрылымының

сапасы

Порттардың сапасы


Дереккөзі: «The Global Competitiveness Report 2016-2017» ДЭФ есебі
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарының ұзындығы 128,3 мың км құрайды, оның 97,4 мың км-дан астамы - жалпыға ортақ пайдаланылатын автожолдар (оның ішінде, 23,5 мың км - республикалық маңызы бар жолдар және 73,9 мың км - облыстық және аудандық маңызы бар жолдар).

Қолданыстағы көлік инфрақұрылымының негізгі проблемасы оның тозу жоғарылығы мен төмен өткізу қабілеті болып табылады, бұл елдегі жүк тасымалын дамытуға мүмкіндік бермейді.

Жеткізу тізбегін оңтайландыру мен көлік шығындарын қысқартуға макроөңірлерді дамыту бағдарламасынан шығарып, «сәулелік» тәсілдеме бойынша көлік-логиситикалық жүйесін құру мүмкіндік туғызады.

Қазақстан темір жолдардың салыстырмалы төмен тығыздығы болатын ел ретінде сипатталады - 1000 ш.м.- ге 5,6 км. Соңғы жылдар ішінде теміржол желісінің ұзындығы 1 854 км-ге ұлғайды. Осымен бірге, теміржол төсемінің барлық желісінің 60 % олардың «біржолды» болуы себепті өткізу қабілетінің төмендігімен сипатталады. Бұл фактор теміржол желісінің әлеуетін толық пайдалануға мүмкіндік бермейді. Темір жолдардың шамамен 70 %-да электрлендірілген желілері болмайды.

Қазақстан темір жол жүк айналымы бойынша елдердің алғашқы ондығына кіреді. Ел аумағымен қолданыстағы көлік инфрақұрылымына негізделген төрт халықаралық көлік дәліздері өтеді -- Трансазия теміржол магистралінің Солтүстік және Оңтүстік дәліздері, ТРАСЕКА (Еуропа-Кавказ-Азия көлік дәлізі) және Солтүстік-Оңтүстік, бұлар Батыс-Шығыс қатынастарында арақашықтықты және жүктерді жеткізу мерзімдерін едәуір қысқартуға жағдай жасайды.

Қазақстанның Каспий теңізіндегі жағалау көлік инфрақұрылымы екі жұмыс істеп тұрған теңіз порттарын - Ақтау және Баутиноны енгізеді. Осымен бірге Ақтау порты экспорттық-импорттық және транзиттік қатынастағы жүктерді ауыстырып тиеу істеріне қосылған, оның Каспий алабындағы жүк тасымалдарын қамтамасыз етудегі үлесі 25% шамасында құрайды. Баутино порты теңіз мұнай операцияларын қолдау базасы ретінде маманданған.

Ақтау порты паромды тасымалдау мүмкіндігі бар, Қазақстандағы жалғыз порт болып табылады. Осымен бірге жұмыс істейтін порт аумағында жаңа теміржол-паромды терминалын орналастыру оның құрылысын салатын аумақтың болмауына байланысты мүмкін емес, жаңа паромды қуаттарды салу қажет.

Қазақстандағы көлік логистикасын дамыту деңгейі біртіндеп жақсаруда. Дүниежүзілік банк Логистикасының тиімділік индексі (LPI) рейтингінде 2016 жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан көрсеткіштерін 88-ден 77 орынға дейін 11 позицияға жақсартты (2014 жылмен салыстырғанда). «Инфрақұрылым сапасы» көрсеткіші бойынша 106-дан 65 орынға дейін позициясын жақсартты.


2- кесте. Дүниежүзілік Банк логистикасының тиімділік индексі, 2016ж.

Мақсатты топ Салыстыру тобы Талдау тобы



Рей-тинг

Ел

Жыл

Балл

Кеден қызметі

Инфра-құрылым

Халық-

аралық

тасымалдар

Логистика саласындағы білім мен дағдылар

Жүктерді қадағалау мен іздестіру

Уақытты-

лылық

1

Германия

2016

4,23

4,12

4,44

3,86

4,28

4,27

4,45

2

Люксембург

2016

4,22

3,90

4,24

4,24

4,01

4,12

4,80































10

АҚШ

2016

3,99

3,75

4,15

3,65

4,01

4,20

4,25































14

Франция

2016

3,90

3,71

4,01

3,64

3,82

4,02

4,25































19

Аустралия

2016

3,79

3,54

3,82

3,63

3,87

3,87

4,04































77

Қазақстан

2016

2,75

2,52

2,76

2,75

2,57

2,86

3,06































99

Ресей

2016

2,57

2,01

2,43

2,45

2,76

2,62

3,15































158

Сомали

2016

1,75

1,29

1,57

1,86

1,85

1,51

2,35

160

Сирия Араб Республикасы

2016

1,60

1,11

1,24

1,36

1,39

2,10

2,40

Дереккөзі: Дүниежүзілік банк

Сонымен бірге, елдегі әуежайлардың тығыздығы өте жоғары, әуежайлар арасындағы қатынастарды жақсарту қажет. Қазіргі уақытта Қазақстанды әлемнің шетелдік қалаларымен байланыстыратын 88 халықаралық бағдар бар. Бірақ қазақстандық әуе компанияларының ұшу географияларын жеткілікті түрде белсенді кеңейтуі байқалмайды.



Республикада республикалық және облыстық маңызы бар 23 әуежай қызмет етеді. Бүгінгі таңда халықаралық рейстерге қызмет көрсетуге рұқсат берілген 17 әуежайдың ішінен 14-і Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ІСАО) стандарттары бойынша санатталған.

2017 жылы ЭКСПО-2017-ге дайындық аясында Астана әуежайының өткізу қабілеті арттырылды.

Сонымен бірге, Қазақстандағы көлік және логистика секторы көрсетілетін қызметтердің бағасының жоғары болуымен сипатталады. Тасымал үдерісін жүзеге асыру кезінде көлік-логистика қызметтерінің тар сұрыпталымы, сонымен қатар жүктерді сақтау мен өңдеудің заманауи жүйесінің жоқтығы негізгі мәселе болып табылады.

Қазақстан Жібек жолының Экономикалық белдеуінің түйіндік орталығы болып табылады. Қазақстанның өз аумағы арқылы өтетін жүктердің транзитінен келетін жыл сайынғы кірісі шамамен 1 млрд. долл. құрайды. құрады. ЕО және Қытай арасындағы жылдам өсіп келе жатқан өзара сауда көлемі Қазақстанның транзиттік әлеуетін нығайтады.

Халықаралық тәжірибе ақпараттық жүйелерді енгізу, сонымен қатар көлік қызметінің тасымалдаушылары мен тұтынушылары үшін көлік-логистика орталықтарының жүйелерін құру және дамыту уақытша шығындарды азайтуға және жүктерді тасымалдау үшін сенімді логистикалық тізбектерді құруға мүмкіндік бергенін көрсетеді.


жүктеу 4,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау