Қазақстан Республикасында көрсетілетін қызметтер саласын дамыту жөніндегі



жүктеу 4,13 Mb.
бет8/18
Дата26.05.2018
өлшемі4,13 Mb.
#17983
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18

Дереккөз: Measuring the Information Society Report 2016, ITU
Қазақстанда спутниктік және эфирлік цифрлық телерадиохабар тарату белсенді енгізілуде және дамуда. Бүгінгі күні 336 радиотелевизиялық станция енгізілген, олармен ел халқының 72%-ы қамтылған. Астана, Алматы қалаларында, облыс орталықтарында 30 телеарнаға дейін және облыс орталығытан төмен қалалар мен елдімекендерде 15 телеарнаға дейін хабар тарату жүзеге асырылады. 827 радиотелевизиялық станцияны салу және жаңғырту көзделген, соның нәтижесінде халықты цифрлық эфирлік хабар таратумен қамтуды 95%-ға жеткізу қамтамасыз етіледі.

Смартфондарды пайдаланушылардың саны бойынша Қазақстан әлемнің топ 50 еліне кіреді. Халықтың жалпы санының пайыздық үлесі 39,2% құрайды, бұл 7 миллионнан астам адам. Көшбасшы елдердегі көрсеткіш 54,7 %-дан (Ресей) 71,5 %-ға дейін (Оңтүстік Корея) өзгеріп тұрады.

Смартфондарды пайдаланушылардың үлесінің артуы дауыстық байланыс қызметтерінен деректерді беру қызметтерінің басым болуына мүмкіндік туғызатын факторлардың бірі болып табылады. Қазіргі кезде халық арасында смартфондардың қолжетімділігіне және олардың кең таралуына байланысты VoIP дауыстық қосымшалар ұялы байланыс операторларының дәстүрлі дауыстық қызметтерді пайдалануды алмастырады. Сарапшылардың болжамдарына сәйкес, дауыс байланысының қызметтері біртіндеп ығыстырылатын болады және 2020 жылға қарай көптеген дамыған елдер нарықтарында маңыздылығын жоғалтады.

ДЭФ «Global Information Technology Report 2016» есебіне сәйкес Қазақстан желілік дайындық индексі бойынша ТМД өңірінің көшбасшысы болып, 39-орынды алып отыр. 2015 жылмен салыстырғанда Қазақстан рейтингте бір позицияға өскенін көрсетті. Салыстыру үшін Ресей индексте 41-орынды алып отыр. ДЭФ деректері бойынша Қазақстанның аумағын ұялы байланыспен жабу деңгейі 86,6% (123-орынды) құрайды. Бұл ретте ұялы байланыс қызметтеріне арналған тарифтердің құны бойынша Қазақстан 29-орынды алып отыр. Салыстырып отырғанда, ұялы байланыстың құны бойынша Ресей 2-орынды алып отыр.

2016 жылдың қорытындысы бойынша АКТ дамыту индексіне сәйкес Электр байланысы Халықаралық одағының (ЭХО) соңғы есебінің нәтижелері бойынша Қазақстан 52-орын алды. Рейтингте Оңтүстік Корея, Исландия және Дания көшбасшылар болып табылады. ТМД елдерінің арасында көшбасшы орынды Беларусь (31-орын) алып отыр. Бұдан әрі Ресей (43-орын), Қазақстан (52-орын), Молдова (68-орын) келе жатыр.

АКТ қолжетімділігінің қосалқы индексі бойынша (компьютерлері мен Интернетке қолжетімділігі бар үй шаруашылықтарының үлесі) Қазақстан 42-орын алады. АКТ пайдаланудың қосалқы индексі бойынша (100 адамға шаққанда Интернет желісін пайдаланушылар саны, 100 адамға Интернет желісіне тіркелген жоғары жылдамдықты қолжетімділігі бар абоненттердің саны және 100 адамға шаққанда Интернет желісіне жоғары жылдамдықты ұялы қолжетімділігі бар абоненттердің саны) Қазақстан 62-орынды иеленіп отыр.

АКТ дағдылары қосалқы индексі бойынша (халықтың сауаттылық деңгейі) Қазақстан 55-орыннан 50-орынға орналасып, өзінің орнын жақсартты.

БҰҰ «E-Government Survey 2016» электрондық үкімет қызметтерін дамыту рейтингінде Қазақстан 33-орын алып отыр. Рейтингте алғашқы үш орында Ұлыбритания, Австралия және Оңтүстік Корея сақталып отыр. Сонымен бірге Қазақстан Ресейді (35-орын), Беларусь (49-орын), Әзірбайжан (56-орын), Украина (62-орын), Молдова (65-орын) және Өзбекстан (80-орын) басып озып, ТМД елдері арасында (33-орын) көшбасшы орынды алып отыр.

Қазақстанда бір айдағы ұялы байланыс құны 5,96 АҚШ долл. құрады. Бұл көрсеткіш ТМД елдерінің арасында орташа көрсеткіш болып табылады, ол айына 3 АҚШ долларынан бастап 8 АҚШ долларына дейін өзгеріп тұрады. Қытайда бір айдағы ұялы байланыстың құны біршама төмен және 4,01 АҚШ долларын құрайды, ал Канадада бұл көрсеткіш 25,07 АҚШ долл. деңгейінде белгіленді. ТМД елдеріндегі байланыстың салыстырмалы түрде жоғары емес құны MTS пен VimpelCom сияқты трансұлттық операторлардың басымдығымен түсіндіріледі.

      Соңғы жылдары Қазақстанда ұялы байланыстың таралу көрсеткіші арта түсті. 2016 жылы 100 адамға шаққанда ұялы байланыс абоненттерінің саны 143 адамды құрады. Қазақстан басқа елдердің арасында телефонмен сөйлесу көлемі бойынша анағұрлым төмен орында тұр - бір пайдаланушыға айына 132 минут. Бұл АҚШ-қа (625 минут) немесе Қытайға (415 минут) қарағанда біршама аз, алайда Австралияға, Бразилияға қарағанда көбірек.

17-сурет. Ұялы байланыстың даму көрсеткіштері


100 адамға шаққандағы абоненттер саны



Бір абонентке шаққандағы бір айдағы ұялы байланыс минутының саны


Нысаналы топ

Салыстыру тобы




Дереккөз: Measuring the Information Society Report 2016, ITU
3.7. Қаржы қызметтері

«Қаржы және сақтандыру қызметтері» секторын үшжылдық кезеңде талдау осы сектордың үлесі 2014 жылғы 3,6 %-дан 2016 жылғы 3,6 %-ға дейін 0,6 тармақтық пайызға ұлғайғанын көрсетті.

2014-2016 жылдар аралығында қаржы секторында жұмыспен қамтылғандар саны 2016 жылы 180,1 мың адамға жетіп, 12,5 мың адамға азайды. Осы ретте еңбек өнімділігі 2014 жылғы 6,2 млн. тг/адамнан 2016 жылы 9,1 млн.тг/адамға дейін 2,9 млн. тг/адамға өсті.

2014-2016 жылдары осы салаға 176,2 млрд. тг. инвестиция салынды. 2016 жылдың қорытындысы бойынша инвестициялар 62 млрд. теңгені құрап, 2015 жылдың деңгейіне қарағанда 9,8 %-ға өсті.

2016 жылы осы сектордағы қызметтер экспорты 76,9 млн. АҚШ долл. Құрады

Банк секторы. 2017 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында 33 банк қызмет істейді, олардың ішінде жарғы капиталында мемлекеттің 100% қатысуы бар 1 банк, шетелдік қатысуы бар 14 (жылдың басында 15) екінші деңгейлі банк, 11 екінші деңгейдегі еншілес банк. Екінші деңгейлі банктердің филиалдарының саны – 337 (жылдың басында 349).

Соңғы 3 жылда (2014 жылғы 1 тамыз – 2017 жылғы 1 тамыз) банк секторының активтері 23 823 млрд. теңгеге дейін 37 %-ға көбейді. 2017 жылдың 1 тамызында банк секторының кредиттік портфелі 14 492 млрд. теңгені құрады, 2014 жылдың 1 тамызынан бастап 7 %-ға көбейді. ЖІӨ-дегі кредиттер саны төмен деңгейде сақталуда – 27,9 %.

Корпоративтік сектор тарапынан кредиттік ресурстардың жоғары талабына қарамастан, банктер көбінесе қысқамерзімді жоғары табыс беретін, бірақ сонымен бірге тәуекелі тұтынушылық кредиттерді ұсынуға көп назар аударуда. Соңғы үш жылда жалпы жиынтық кредиттік портфельдегі тұтынушылық қарыздардың үлесі 2,7%-ға өсті, ал заңды тұлғалардың қарыздарының үлесі 21,2%-ға төмендеді.



2017 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша жұмыс істемейтін (90 күннен астам мерзімі кешіктірілген берешегі бар қарыздар) қарыздардың үлесі банктердің жиынтық кредиттік портфелінің 12,8 %-ын құрады, олардың едәуір үлесі міндеттемелеріне қайта құрылымдау өткізген банктерге тиесілі. Соңғы үш жылдың ішінде аталмыш көрсеткіш жеткілікті тар диапазон (6,7%-дан 8%-ға дейін) шегінде, салыстырмалы түрде тұрақты деңгейде орнықты. Бұл банктердің берешекті қайта құрылымдау сияқты активтердің сапасын жақсартудың «дәстүрлі» құралдарын пайдалану әлеуеті іс жүзінде жойылғанын куәландырады.
18-сурет. 2016 жылғы проблемалық кредиттер, кредиттердің жалпы көлеміндегі пайыздық үлесі



Дереккөз: Дүниежүзілік банк, 2016 жыл

2015 жылдың қорытындылары бойынша венчурлік және жеке капиталдың тартымдылығы индексі бойынша Қазақстан 71 орын, Ресей 39, Қырғызстан 103, Армения 87, Украина 78 орын алады. Алғашқы бестікке АҚШ, ҰБ, Канада, Сингапур, Жапония жатады.

Сақтандыру секторы. 2017 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстанда 32 сақтандыру ұйымы, олардың ішінде 7-еуі өмірді сақтандыру бойынша қызметін жүзеге асырады.

Сақтандыру ұйымдарының активтерінің қарқынды өсуіне қарамастан (2015 ж. – 825,7 млрд. тг., 2016 ж. – 856,5 млрд.тг., 2017 ж. 1 шілде – 895,4 млрд.тг.), олардың ЖІӨ-дегі үлесі едәуір төмен деңгейде қалуда (2%-дан төмен). 2013 жылы халықтың жан басына шаққандағы сыйақы көлемінің көрсеткіші 50 АҚШ долл. аспайтын мөлшерді құрады. Осының бәрі қазақстандық сақтандыру нарығының орасан зор әлеуетінің айғағы.

Осы көрсеткіш Финляндия (5060 АҚШ долл. ), Ұлыбритания (4063 АҚШ долл. ) және АҚШ (4174 АҚШ долл.) сияқты дамыған елдердің сақтандыру нарығының деңгейінен айтарлықтай төмен деңгейді құрады). Жалпы алғанда, елдердің рейтингінде халықтың жан басына шаққандағы сақтандыру сыйақысының сомасы бойынша Қазақстан 75 орынды алады.
19-сурет. Өзге елдердегі жан басына шаққандағы сақтандыру сыйақыларының сомасы, АҚШ долл.


Нысаналы топ



Салыстыру тобы



Дереккөз: Swiss Re, WORLD INSURANCE IN 2016
2016 жылғы сақтандыру сыйақысының көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 24%-ға көбейіп, 357 млрд. теңгені құрады. Бұл ретте, ЖІӨ-ге қарағанда сақтандыру сыйақысының өсу үлесі 0,77% құрады. Осы көрсеткіш бойынша Қазақстан Пәкістанның көрсеткішіне (0.89%) жақын. Ресейде осы көрсеткіш 1,38% құрайды. Финляндияда, Ұлыбританияда, сондай-ақ Оңтүстік Кореяда осы көрсеткіш 10%-дан асады.
20-сурет. ЖІӨ-ге қарағанда сақтандыру сыйақысының үлесі (%) және елдердің рейтингі


Сақтандыру сыйлықақыларының ЖІӨ-ге үлесі


Дереккөз: Swiss Re, WORLD INSURANCE IN 2016
Сақтандыру сыйақысының негізгі үлесін ерікті мүліктік сақтандыру (105 214 млн. теңге немесе сақтандыру сыйақыларының жалпы көлемінің 51,5%) алады. Міндетті сақтандыру бойынша 45 729 млн. теңге немесе сақтандыру сыйақысының жиынтық көлемінің 22,4%-ы жиналды, ерікті жеке сақтандыру бойынша – 53 496 млн. теңге немесе 26,2%.

Бағалы қағаздар нарығы. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы көбінесе институционалдық инвесторларға бағытталған, себебі сауда-саттықтың жалпы көлемінде мемлекеттік бағалы қағаздар мен репо операциялары бар мәмілелер басымдық көрсетеді.

Бағалы қағаздардың отандық нарығы қазіргі таңда сапалы қаржы құралдарының жеткіліксіздігіне байланысты төмен өтімділікпен, және, сәйкесінше, инвесторлардың бағалы қағаздар нарығы арқылы инвестицияларды тартуға мүддесінің болмауымен сипатталады.


жүктеу 4,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау