Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы



жүктеу 1,14 Mb.
бет2/5
Дата21.05.2018
өлшемі1,14 Mb.
#15548
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
Техникалық және кәсіптік білім

      Әлемдік практикада техникалық және кәсіптік білімнің әлеуметтік бағыты айқын. Жетекші елдерде ТжКБ жүйесі жастар мен ересектерді табысты әлеуметтік бейімдеудің факторы болып табылады.
      Германияда әлеуметтік әріптестік Еуропадағы жастар жұмыссыздығы төмендеуінің үздік көрсеткіштерін қамтамасыз етті. Қазақстанмен салыстырғанда оқушыларды дуальді оқытумен қамту 3,5 есе жоғары. Кадрларды даярлау процесіне кәсіпорындарды тарту көрсеткіштері 27,5 есе артып отыр.
      ЭЫДҰ елдерінде ТжКБ білім беру мен жұмыс берушілердің, мүдделі тараптардың ұжымдық жауапкершілігі негізінде дамиды.
      Еуропалық Одақта 2020 жылға дейін ТжКБ-нің басты мақсаттарының бірі дуальді оқытуды ілгерілету болып мәлімделді. Жұмысшы кәсібін алумен қатар жастарға кәсіпкерлік дағдыларды дарыту қамтамасыз етіледі.
      2011 – 2015 жылдары елдегі ТжКБ-ні қайта құрылымдау бойынша едәуір жұмыс жүргізілді. 2012 жылы Қазақстан ТМД елдерінің алғашқысы болып ТжКБ жүйесінің білім беру қызметін қайта форматтады. Бұл кадрларды даярлауға техникалық бағыт беруге мүмкіндік берді. Осылайша ТжКБ біліктіліктерінің сабақтастығы қамтамасыз етілді. Колледж студенттері бір оқу орны шеңберінде бірнеше қолданбалы біліктіліктерді алу мүмкіндігіне ие болды.
      2015 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 807 колледж жұмыс істейді, оның ішінде 462-сі мемлекеттік. Оның 20 %-ы ауылдық жерде орналасқан. Барлығы 500 мың студент оқиды. ТжКБ-да 43 112 инженер-педагог қызметкер жұмыс істейді. Кадрлар даярлау 183 мамандық және 465 біліктілік бойынша жүзеге асырылады.
      Индустриялық-инновациялық дамудың басым жобаларын іске асыру үшін 10 базалық колледж айқындалған.
      2015 жылы дуальді оқытудың қағидаттары заңды түрде бекітілген. Еліміздің кәсіпорындарымен әріптестікте білім беру қызметін 348 колледж жүзеге асыруда. Колледждер мен жұмыс берушілердің ынтымақтастығы туралы 27 200 шарт жасалған. Кадрларды нысаналы даярлау шеңберінде 5 мың адам оқиды.
      «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» оқу миграциясы арқылы еңбек ресурстарының өңірлік теңсіздігін реттеу тетігі іске қосылды. Солтүстік, орталық және шығыс өңірлердегі 34 колледжде 2200 студент оқиды.
      Білім беру қажеттіліктері ерекше жастардың техникалық және кәсіптік білім алуға қолжетімділігі қамтамасыз етілуде. Қабылдау квотасы белгіленген (2012 жылдан бастап мүгедектер үшін квота мөлшері 1 %-ды құрайды.
      ТжКБ білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңартуда жаңа тәсілдер әзірленуде. Қазақстан Турин процесінің қатысушысы болды. Бұл ТжКБ жүйесін дамытудың нақты қадамдарын әзірлеуге мүмкіндік береді.
      Бірінші жұмысшы мамандығын тегін алу заңнамалық деңгейде бекітілді. Бұл қадамдық іс-қимылдарды жеделдетіп әзірлеуді талап етеді.
      ТжКБ-ның оқу орындарын халықаралық аккредиттеу заңды түрде бекітілді.
      Қабылданып жатқан қадамдарға қарамастан, Қазақстанда ТжКБ-мен қамту дамыған елдердің көрсеткіштерінен айтарлықтай төмен. Халықтың
22 %-ы ғана ТжКБ-ны беделді деп санайды. Ал Еуроодақ елдерінде жұмысшы кәсібін алу халықтың 71 %-ы үшін жағымды имиджге ие. Бұл – қамту, жұмысқа орналастыру, еңбекақы мөлшері және халықтың ой-пікірінің көрсеткіштері.
      Қазақстандағы ТжКБ-ға жұмсалатын шығыстар әлемнің дамыған елдерінің көрсеткіштерінен 2,5-3 есеге төмен.
      Проблемалар:
      1) кәсіптік бағдарлау жұмысының тиімді жүйесі жоқ. 2015 жылы ТжКБ-дағы типтік жастағы (14-24 жас) жастардың үлесі 16,1 %-ды ғана құрайды;
      2) ЭЫДҰ сауалнама қорытындылары бойынша Қазақстандағы компаниялардың 70 %-ы кадрлар даярлау деңгейінің төмендігі бизнесті дамытуға айтарлықтай кедергі келтіреді деп санайды. Еліміздің жұмысшы кадрлары компьютерлік жобалау дағдыларын, күрделі дәнекерлеу конструкцияларымен жұмыс істеуді, техникалық ағылшын тілін игермеген. Жыл сайын 30 мың шетелдік жұмыскер, оның 24,9 мыңы (83 %) – өнеркәсіп үшін тартылады;
      3) мамандарды даярлау сапасын растайтын колледждердің көрсеткіштері төмен болып отыр. Олардың 16 %-ы ғана ұлттық аккредиттеуден өткен;
      4) салалық қауымдастықтар базасында ТжКБ студенттерінің біліктілігін тәуелсіз сертификаттау тетіктері әзірленбеген. Түлектердің кәсіби даярлық деңгейінің сертификаттарын бизнес-қоғамдастық мойындамайды. Бұл ретте жұмыс берушілердің бірде-бір кәсіби қауымдастығы осы уақытқа дейін түлектерді өздері тәуелсіз сертификаттауды бастамаған;
      5) инженер-педагог кадрлар мен өндірістік оқыту шеберлерінің тапшылығы байқалады. Жалақы деңгейінің төмендігі оқыту үшін өндірістен тәжірибелі жұмыскерлерді тартуға мүмкіндік бермейді;
      6) ТжКБ жүйесіндегі өндірістік оқыту шеберлері инженер-педагог қызметкерлердің жалпы санынан 13,1 %-ды ғана құрайды. Дамыған елдерде оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері тәжірибелі мамандар болып табылады немесе 3 жылда 1 рет өндірісте тағылымдамадан өтіп тұрады;
      7) колледждердің ескірген материалдық-техникалық базасы кадрларды даярлау сапасы мен ТжКБ жүйесінің тартымдылығын қамтамасыз етпейді. Басқа қалалардан келген білім алушыларға жағдай жасау мәселелері толығымен шешілмеген. Ауылдан келген студенттердің 70 %-ы ғана жатақханаларда орын алу мүмкіндігіне ие.
      Жұмысшы еңбек нарығының дамуы ТжКБ жүйесінің алдына жаңа талаптар қойды. ТжКБ жүйесі әлеуметтік тиімділік үшін, ең алдымен, жалпы адам және қоғам үшін тиімділік аясында басты рөлді ойнауға бағытталған.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім



      Инновациялық экономиканың тиімді көрсеткіші болып жоғары оқу орындары ғылымын дамыту тренді көрсетілген. Университеттер мен бизнес-құрылымдарды интеграциялау күшеюде.
      IMD рейтингінде жоғары білім экономиканың қажеттіліктеріне сай келетін жетекші елдер тобына Швеция, Сингапур, Дания, Канада, Финляндия кіреді. Қазақстан әлемнің 60 елінің ішінде 44-орынды иеленіп отыр.
      Зерттеу ЖОО-ның даму жобалары іске асырылуда. Қытайдың зерттеу университеттеріне салған инвестициясы жоғары білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттырды.
      Ұлыбританияда зерттеу университеттеріне көңіл бөлу елдің орнықты экономикалық дамуын қамтамасыз етті. 2010 жылы Ұлыбританияның Russel Group тобына біріктірілген 20 ЖОО 22,3 млрд. көлемінде табыс әкеліп, 243 мың жұмыс орнын қамтамасыз етті. Russel Group университеттерінің ҒЗЖ нәтижелерінің 2/3-інен астамы елдің экономикасына, денсаулық сақтау, мәдениет және әлеуметтік салаларына енгізілуде.
      Қазақстанда жоғары және ЖОО-дан кейінгі білім берудің басымдығы білім, ғылым және өндірістің үштұғырлылығы болып табылады. Елдің жоғары мектебін институционалдық қайта құру процесі басталды. Бірінші зерттеу университеті – Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті құрылды. Мұнда іргелі және қолданбалы ғылыми-білім зерттеулерін орындайтын еліміздің жетекші ғалымдарының пулы қалыптасты.
      Коммерцияландырудың 16 кеңсесі, 3 технопарк және 4 бизнес-инкубатор жұмыс жасауда. «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы (бұдан әрі – Назарбаев Университеті) ғаламдық білім мен ғылыми жаңалықтардың флагманына айналды. ЖОО-ның инженерлік мектептерінде инновациялық білім беру мен ғылыми жобалар табысты іске аса бастады. 2015 жылы Университет шептен өтті. Алғашқы болып 594 жоғары білікті жас маман (446 бакалавр және 148 магистр) бітірді.
      Қазақстанның жоғары мектебін 125 жоғары оқу орны құрайды
(2013 – 2014 оқу жылы – 132, 2014 – 2015 оқу жылы – 127), оның 9-ы ұлттық, 31-і мемлекеттік, 13-і азаматтық емес, 1-уі дербес білім беру ұйымы, 1-уі халықаралық, 16-сы акционерленген, 54-і жекеменшік.
      2015 – 2016 оқу жылында ЖОО-да білім алушылар контингенті 455 101 адамды құрайды (2013 жылы – 606,1 мың адам, 2014 жылы 506,4 мың адам), оның ішінде бакалавриатта – 425 700 адам, магистратурада – 27 400 адам, докторантурада – 2001 адам.
      Оқытушы-профессор құрамы (бұдан әрі – ОПҚ) саны
40 844 адамды құрайды (2013 жылы – 41 635, 2014 жылы – 40 320).
      Мамандарды даярлау әлеуметтік тапсырыс ескеріле отырып жүзеге асырылады. 11 жоғары оқу орны Индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – ИИДМБ) жобаларын табысты іске асыру үшін жоғары білікті кадрлар даярлауда база ретінде айқындалды. Кәсіби құзыреттер Дублин дескрипторларына және жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне сәйкес әзірленген білім беру бағдарламалары шеңберінде қалыптастырылады.
      Жоғары және ЖОО-дан кейінгі білімнің үш деңгейлі моделінің білім беру бағдарламаларының сабақтастығы қамтамасыз етілді. ЖОО-ның білім беру бағдарламаларының мазмұнын анықтаудағы академиялық еркіндігі бакалавриатта 55 %-ға, магистратурада 70 %-ға, докторантурада 90 %-ға дейін ұлғайтылды. ЖОО-ның білім беру қызметі нарығында олардың бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге ықпал ететін білім беру бағдарламаларының кең спектрін ұсына алады.
      Магистратура гранты санының бакалавриат грантына арақатынасы жоғары оқу орындары контингентінің әлемдік құрылымына (1:5) сәйкес келеді.
      Еуропалық жүйемен салыстырмалы Ұлттық біліктілік жүйесінің негізінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлайтын 70 кәсіптік стандарт әзірленді.
      Қазақстандық ЖОО-ның әлемнің жетекші университеттерімен білім беру байланысы кеңейтілуде. Халықаралық ғылыми-зерттеу жобалары шетелдік әріптес ЖОО-мен бірлесе отырып іске асырылуда. Елдердің қарым-қатынасы жоғары білім беру біліктілігінің тартымдылығы мен салыстырмалылығын қамтамасыз етеді.
      Жоғары оқу орындарын аккредиттеудің ұлттық моделі енгізілді. 2015 жылы қазақстандық аккредиттеу агенттіктерінде институционалдық аккредиттеуден 72 жоғары оқу орны, ұлттық мамандандырылған аккредиттеуден 55 жоғары оқу орны өтті. Мемлекеттік аттестаттаудан қоғамдық-кәсіптік аккредиттеуге біртіндеп көшу басталды.
      Студенттер мен ОПҚ академиялық ұтқырлығы дамуда. 2011 – 2015 жылдары әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында қазақстандық жоғары оқу орындарының 4 913 студенті оқудан өтті.
      ЖОО-ның 100 қызметкері Ұлыбритания, Жапония, АҚШ және Сингапур елдерінде тағылымдамадан өте отырып, Назарбаев Университетінің базасында менеджмент саласында курстық даярлаудан өтті. Ғылыми-педагог кадрлары «Болашақ» бағдарламасы бойынша әлемнің 30 елінде кәсіптік құзыреттер деңгейін арттыруда.
      2011 жылмен салыстырғанда ЖОО-дағы ОПҚ мен ғылыми қызметкерлердің жоғары импакт-факторы бар жарияланымдарының саны 2 еседен астам өсті.
      Сонымен қатар, ЖОО-дағы ОПҚ дәрежелілігі әлі де болса төмен деңгейде қалып отыр және 50,4 %-ды құрайды. Олардың жалпы санының 2 %-ының ғана PhD докторы дәрежесі бар.
      Жоғары оқу орындарының ғылыми әлеуеті тиімсіз пайдаланылуда. Ведомствоаралық кедергілер, қаржыландырудың жеткіліксіздігі, жеке сектордың экономикалық ынтасының болмауы білім, ғылым және өндірістің табысты интеграциясына кедергі келтіруде.
      Инновациялық құрылымдарды қолдаудың институционалдық нысандары қажетті деңгейде дамымаған. Ғылыми әзірлемелердің үлес салмағы дамыған елдердің деңгейінен он еседен астам төмен. Жоғары оқу орындары қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу әзірлемелерінің 0,1 %-ын ғана коммерцияландыруда.
      Мемлекеттің дамуын барлық кезеңде жастар айқындайды. Мемлекеттік статистика деректері бойынша 2015 жылдың басында республика жастарының (14-29 жас) саны 4 511,5 мың адамды немесе халықтың жалпы санынан 25 %-ды құрады.
      Жастардың табысты әлеуметтенуі мен азаматтық белсенділігі мәселелері Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің отырыстарында қаралады. Өңірлік бағдарламалар арқылы жастардың әлеуметтік проблемалары және жұмыспен қамтылу мәселелері шешіледі. Жастардың бастамалары 213 өңірлік ресурстық орталықта қолдау табады.
      1000-нан аса үкіметтік емес жастар ұйымы жұмыс істеуде. 115 жоғары оқу орнында жастардың өзін-өзі басқару органдары құрылған.
      Футбол және баскетбол бойынша Ұлттық студенттер лигасы құрылды. Бүкіләлемдік Универсиадада 2015 жылы қазақстандық студенттердің құрама командасы 5 алтын және 6 күміс медальді жеңіп алды.
      Республикалық жастар форумы, «Жастар – Отанға!» жастар лагері», Парламенттік пікірсайыстар бойынша республикалық турнирлер және т.б. әлеуметтік жобалар табысты іске асырылуда.
      Проблемалар:
      1) әлеуметтік сауалнамаларға қатысқан қазақстандық жұмыс берушілердің 66,3 %-ы ҒЗТКЖ саласында жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық тәжірибесінің жоқтығын атап көрсетті. Жоғары оқу орындарында кадрлар даярлау әлі де болса практикалық дағдыларды дамытуға бағытталмаған. Білім беру бағдарламалары жұмыс берушілердің күткен үміттерін қанағаттандырмайды;
      2) жоғары оқу орындарын техникалық мамандықтар бойынша бітірген бітірушілер деңгейінің төмендігі байқалуда. Жоғары оқу орнын бітірген бітірушілердің бірінші жылы жұмысқа орналасу, оның ішінде ауылдық жерлерде жұмысқа орналасу көрсеткіші төмен (71%). Жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – ЖАО) жас мамандарды «Дипломмен ауылға» жобасы шеңберінде тарту жұмыстарын нашар жүргізуде. Ауыл жастарының әртүрлі жобаларға қатысуы төмен деңгейде қалып отыр;
      3) педагог кәсібі беделінің болмауы үлгерімі төмен талапкерлерді қабылдауға әкеледі. Педагогикалық мамандықтарға қабылдауға қойылатын арнайы талаптар жоқ. Педагогикалық мамандықтарды бітірушілер оқу практикасында оқытудың жаңа технологияларын пайдалануға бағдарланбаған. Студенттерді үш тілде оқыту бағдарламаларымен қамту төмен деңгейде болып отыр. Студенттердің де, сондай-ақ оқытушылардың да тілдік құзыретін жоғарылатуға қажеттілік бар. Ағылшын тілінде оқытуды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету жеткіліксіз дәрежеде әзірленген;
      4) IMD рейтингінде Қазақстан әлемнің 56 елінің ішінде «студенттерді импорттау» көрсеткіші бойынша 44-орынды алады. Шетелдік студенттердің үлесі 2,5 %-ды ғана құрайды, ЭЫДҰ елдерінде олардың үлесі 9-10 %-ға дейін жетеді;
      5) корпоративтік басқарудың қолданыстағы институттарында негізгі шешімдерді қабылдауға әсер ететін нақты өкілеттіктер жоқ. ЖОО-лар студенттері және ата-аналар қоғамдастығы алдында есеп беруі тетіктерін реттемеген;
      6) жоғары оқу орындарының инфрақұрылымы және бос уақытты ұйымдастыруы басқа қаладан келген және шетелдік студенттердің қажеттіліктеріне сәйкес келмейді және ойдағыдай емес;
      7) кедергісіз оқыту ортасы Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Астана және Алматы қалаларында құрылған. Онда ерекше білім беру қажеттіліктері бар 570 студент білім алады. Заңнама деңгейінде оларды жұмысқа орналастыру тетіктері жасалмаған;
      8) ауыл жастарының әлеуметтік жобаларға қатысуы төмен деңгейде қалып отыр. Қала жастары мен ауыл жастарының арасында бос уақытты өткізу жағдайларында айтарлықтай айырмашылықтар бар. Волонтерлік қозғалыс толық таралмаған. Жастардың 9 %-ы ғана спортпен айналысады (қалада – 6,7 %, ауылда – 11,8 %).
      Қол жеткізілген нәтижелерді және әлі де бар проблемаларды ескере отырып, Қазақстанның жоғары мектебінің сапалы көрсеткіштерінің өсуі барынша маңызды болып табылады.

Ғылым



      2011 жылы қабылданған «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңы озық ғылыми жетістіктер үшін жаңа мүмкіндіктер ашты. «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) Қазақстан ғылымының жаңалығына айналды. Негізгі ережелерде экономика және бизнес мүддесі үшін қазақстандық ғылымның дамуына жағдай жасау заңды түрде регламенттеледі.
      Ғылымды басқарудың түбегейлі жаңа моделі құрылды. Ғылыми зерттеулерді қаржыландырудың мынадай тетіктері айқындалған: базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы. Тәуелсіз сараптаманы Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы жүргізеді.
      Бес ұлттық ғылыми кеңес (бұдан әрі – ҰҒК) алқалы шешім қабылдау органы болып табылады.
      2015 жылы қазақстандық ғылым мен Дүниежүзілік банктің «Технологияларды коммерцияландыру» жобасы сәтті аяқталды. 65 ғылыми жоба іске асырылды. 6 лицензиялық келісім жасалды.
      Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды 392 ғылыми ұйым, оның ішінде 245 ғылыми зерттеу институттары (бұдан әрі – ҒЗИ) орындайды. Онда 25 мыңнан астам ғылыми қызметкер жұмыс істейді.
      Еліміздің ғалымдары әлемдік ақпараттық ресурстарға қол жеткізе алады. Ең ірі Thomson Reuters, Springer, Elsevier шетелдік компанияларымен және баспаларымен лицензияларға және келісімдерге қол қойылған.
      Халықаралық рейтингтік басылымдарда қазақстандық ғалымдардың жариялау белсенділігінің едәуір өскендігі байқалады. 2015 жылы әлемнің жетекші рейтингтік журналдарындағы жарияланымдардың саны 1995, оның ішінде Scopus (Elsevier) – 976, Web of Core Collection (Thomson Reuters) – 327 және бір уақытта екі базада – 692 жарияланым.
      Ғылымның кадрлық әлеуеті нығайып келеді. Ғылымда қазақстандық жастардың саны өскені байқалады. 35 жасқа дейінгі ғалымдардың үлесі
1,5 есеге артты. Ғалымдар үшін ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлық, ҚР БҒМ-нің 6 атаулы сыйлығы, мемлекеттік ғылыми стипендиялар (50 жас және 25 көрнекті ғалым үшін) елеулі ынталандыру болды.
      Проблемалар:
      1) ғылым мен білім беру арасында алшақтық сақталып отыр. Ғылыми нәтижелер білім беру саласына шоғырланбайды;
      2) ғылыми-зерттеу инфрақұрылымының материалдық-техникалық жарақталуы төмен күйінде қалуда;
      3) ғылыми-техникалық қызметті қаржыландырудың басымдықтары көбінесе индустрияның қатысуынсыз қалыптастырылады;
      4) ғылыми кәсіпкерлік нашар дамыған. Ғылыми-техникалық қызмет нәтижелері бизнес үшін сұранысқа ие болмай отыр және кәсіпорындар өндірістік процестерде қолданбайды;
      5) іргелі білімдерден оларды практикалық іске асыруға көшу нашар қамтамасыз етілген. Бұл қоғам мен экономика көзқарасы тұрғысынан ғылыми еңбек нәтижелерінің құндылығын барынша төмендетеді;
      6) халықаралық ғылыми жобаларды әкімшілендіруді және бақылауды жүзеге асыратын бірыңғай оператор жоқ;
      7) тәуелсіз сараптамаға тартылатын ғылыми қызметкерлердің ұлттық кәсіби қоғамдастықтары дамымаған;
      8) Қазақстан дамыған елдерден ҒЗТКЖ нәтижелерінің көрсеткіштері бойынша айтарлықтай артта қалып отыр. 5 жыл ішінде тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелер шығындары 3 есе артты, алайда ЭЫДҰ елдеріне қарағанда айтарлықтай төмен;
      9) Қазақстанда зияткерлік меншік құқықтарын сату Ресей мен Сингапурға қарағанда әлдеқайда төмен. Зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалатын ішкі шығындар ЭЫДҰ елдеріне қарағанда 14 есе төмен;
      10) экономиканың инновациялық дамуы ғылымның сапалық көрсеткіштерінің өсуін көздейді. Бұл ЖОО-ның ғылыми-зерттеу қызметінің жедел дамуы, ғылымның экономикаға нақты үлесі, бизнеспен кооперация және халықаралық ғылыми қоғамдастықпен интеграция;
      11) ғылыми зерттеулерді іске асыру мониторингінің жүйесі жоқ;
      12) Қазақстанның білім және ғылым саласында икемсіз мемлекеттік бақылау жүйесі жұмыс істейді;
      13) мемлекеттік бақылау рәсімдері бюрократтандырылған (15 НҚА-ның 551 параметріне міндетті түрде сәйкес болу);
      14) бақылау іс-шараларының жүйелендірілген ақпараттық деректер базасы жоқ. Бұл білім беру ұйымдары қызметінің мониторингі мен талдауын шектейді;
      15) білім беру ұйымдарын іштей және сырттай бағалаудың арасында айтарлықтай алшақтық бар. Өзін-өзі бағалау бойынша 100 %-ы өздерінің қызметтерін қанағаттанарлық деп санайды. Бұл ретте балабақшаның 58 %-ы, мектептің 59 %-ы, колледждің 11 %-ы, ЖОО-ның 46 %-ы мемлекеттік аттестаттаудан өтеді;
      16) ҒЗЖ нәтижелерінің сапасын, тиімділігі мен мониторингін бағалаудың бірыңғай әдістемесі жоқ.
      Білім беру саласындағы жаңа міндеттер бақылау және бағалау жүйесін жетілдіруді, оның ішінде Ofsted үздік тәжірибесін зерделеуді және енгізуді талап етеді.
      Осылайша, білім мен ғылым саласында іске асырылған қадамдық іс-қимылдарды талдау мыналарды айқындайды:
      1. Күшті жақтары:
      1) білім мен ғылымның, мемлекеттік жастар саясатының заңнамалық базасының жаңартылуы;
      2) инфрақұрылымдық шешімдердің жеделдетілген қарқыны;
      3) мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің дамуы;
      4) НЗМ мен Назарбаев Университеті тәжірибесінің таратылуы;
      5) білім сапасының халықаралық рейтингтердегі орнының жақсаруы;
      6) педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру жүйесінің қайта құрылымдалуы;
      7) ТжКБ жүйесінде дуальді оқыту элементтерінің енгізілуі;
      8) ЖОО-лардың академиялық еркіндігінің кеңейтілуі;
      9) инновациялық жобаларда ЖОО ғылымының көбеюі;
      10) ОПҚ мен ғалымдардың жариялау белсенділігінің өсуі;
      11) Назарбаев Университетінің және Инновациялық технологиялар паркінің базасында зияткерлік кластерлердің дамытылуы.
      2. Әлсіз жақтары:
      1) педагог пен ғалым мәртебесінің төмендігі;
      2) жоғары арнайы мектепке дейінгі білімі бар педагогтердің тапшылығы;
      3) ағылшын тілінде жаратылыстану-математикалық циклі (бұдан әрі -ЖМЦ) пәндерін оқытатын мұғалімдер үлесінің төмендігі;
      4) үш ауысымды және авариялық мектептердің болуы;
      5) оқушылардың қосымша білім берумен жеткіліксіз қамтылуы;
      6) мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылық деңгейінің төмендігі;
      7) мектептерді ақпараттандыру деңгейінің төмендігі;
      8) ҰБТ-ның жетілдірілмеуі;
      9) мектептердің нәтижелерін теңестіру тетіктерінің жоқтығы;
      10) мектептердегі кәсіби бағдарланған жұмыстың жеткіліксіздігі;
      11) ТжКБ беделінің төмендігі;
      12) жұмыс берушілердің кәсіптік даярлық деңгейді бағалауының заңнамалық нормаларының жоқтығы;
      13) өндірісте жұмыс тәжірибесі бар инженер-педагог кадрлардың тапшылығы;
      14) ТжКБ жүйесінің сапасын растау тетіктерінің жоқтығы;
      15) инклюзивті білімнің жеткіліксіз дамуы;
      16) педагог кадрларды даярлау сапасының жеткіліксіздігі;
      17) коммерцияландыруға мамандандырылған кадрлардың тапшылығы;
      18) ЖОО инновациялық құрылымдарының өңірлік сәйкессіздігі;
      19) төмен патенттік белсенділік пен ЖОО-дағы ОПҚ-ның жоғары жариялау белсенділігінің арасындағы теңгерімсіздік;
      20) шетелдік азаматтар үшін жоғары және ЖОО-дан кейінгі білімнің тартымсыздығы;
      21) білім мен ғылымдағы менеджмент деңгейінің жоғары еместігі;
      22) білім беру бағдарламаларының мазмұнын әзірлеуге жұмыс берушілердің қатысу деңгейінің төмендігі;
      23) білім мен ғылым ұйымдарының материалдық-техникалық базасының әлсіздігі;
      24) білім мен ғылым саласындағы бақылаудың бюрократталған және икемсіз жүйесі.
      3. Мүмкіндіктер:
      мемлекет үшін:
      1) қазақстандық білім мен ғылымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
      2) адами капиталдың сапасын арттыру;
      3) балалардың өмір сүру сапасының әлеуметтік және құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз ету;
      4) халықаралық ұйымдар мен жұмыс берушілер тарапынан білім мен ғылымды инвестициялық қолдау;
      5) білім мен ғылым саласындағы басқарудың жаңа тиімді әдістері;
      6) білім беру және ғылым саласының қолжетімділігі, тартымдылығы, сапасы және ашықтығы;
      7) халықаралық рейтингтердегі көрсеткіштерді жақсарту;
      8) ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;
      9) әзірленген инновациялық жобаларды өндіріске енгізу.
      4. Қауіп-қатер:
      1) қаржыландыру деңгейінің төмендігі;
      2) педагог еңбегін ынталандырудың төмендігі;
      3) ғалымдар үшін шетелде жұмыс істеу жағдайларының барынша тартымды болуы;
      4) педагог кадрлардың арасында өздігінен білім алуға және кәсіби өсуге ұмтылыс деңгейінің төмендігі;
      5) білім беру объектілерін пайдалануға енгізу мерзімдерінің бұзылуы;
      6) Бағдарламаны іске асыру барысында бірлесіп орындаушылардың үйлесімсіздігі.
      Бағдарлама шеңберінде жоспарланған шаралар жүйенің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оны ЭЫДҰ елдерінің үздік тәжірибесіне жақындату перспективасымен білім және ғылым жүйесін одан әрі жаңғырту үшін аталған проблемаларды шешуге ықпал ететін болады.

4. Бағдарламаны іске асырудың мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері



      Басты мақсаты: білім беру мен ғылымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экономиканың орнықты өсуі үшін адами капиталды дамыту.
      
жүктеу 1,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау