Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған



жүктеу 1,53 Mb.
бет1/7
Дата05.03.2018
өлшемі1,53 Mb.
#11443
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2017 жылғы ___________

№ ______ қаулысымен

бекітілген

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың

2016-2019 жылдарға арналған

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
1. Бағдарламаның паспорты

 


Бағдарламаның атауы

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама)

Әзірлеу үшін негіздеме

«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі
Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан
Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы
№ 922 Жарлығы;

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы;

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың
2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауы;

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауы;



Мемлекет басшысының 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы;

«100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспары.



Бағдарламаны әзірлеуге және

Бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – ҚР БҒМ)

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері

 

 

Бағдарламаның мақсаты

Экономиканың орнықты дамуы үшін білім берудің және ғылымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адами капиталды дамыту:

мектепке дейінгі сапалы тәрбие мен оқытуға тең қол жеткізуді қамтамасыз ету;

сапалы орта білім беруге тең қол жеткізуді, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету және зияткер, дене бітімі және рухани жағынан дамыған, табысты азаматты қалыптастыру;

техникалық және кәсіптік білім алу үшін жағдайлар жасау арқылы жастарды әлеуметтік-экономикалық интеграциялау;

экономика салаларын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар бәсекеге қабілетті кадрлармен қамтамасыз ету, білім беруді, ғылымды және инновацияларды интеграциялау;

ел экономикасының қарқынды әртараптануы және тұрақты дамуы үшін ғылымның нақты үлесін қамтамасыз ету




Бағдарламаның міндеттері

мектепке дейінгі ұйымдардың педагог кадрларының сапалық құрамын жақсарту және педагог кәсібінің беделін арттыру;

демографиялық жағдайды ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымдардың желісін ұлғайту;

балаларды мектепке сапалы дайындауға бағдарланған мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту мазмұнын жаңарту;

мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту менеджментін және даму мониторингін жетілдіру;

педагогтер кәсібінің беделін және олардың сапалық құрамын арттыру;

орта білім берудің инфрақұрылымдық дамуын қамтамасыз ету;

орта білім берудің мазмұнын жаңарту;

оқушыларда «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту шеңберінде рухани-адамгершілік құндылықтарды және салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру;

өмірлік қиын жағдайда жүрген балалар үшін арнайы әлеуметтік қызметке қол жеткізуді қамтамасыз ету;

орта білім беру менеджментін және даму мониторингін жетілдіру;

техникалық және кәсіптік білім беру (бұдан әрі – ТжКБ) жүйесінің беделін арттыру;

ТжКБ қолжетімділігін және кадрларды даярлау сапасын қамтамасыз ету;

елдің индустриялық-инновациялық даму сұраныстарын ескере отырып, ТжКБ мазмұнын жаңарту;

«Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту шеңберінде рухани-адамгершілік құндылықтарды және салауатты өмір салты мәдениетін нығайту;

ТжКБ менеджментін және даму мониторингін жетілдіру;

бәсекеге қабілетті кадрларды сапалы даярлауды қамтамасыз ету;

әлемдік үрдістер аясында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мазмұнын жаңғырту;

жоғары оқу орындарында (бұдан әрі – ЖОО) білім алатын жастарды «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту шеңберінде рухани-адамгершілік құндылықтарды және салауатты өмір салты мәдениетін нығайтуға тарту;

жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру менеджментін және даму мониторингін жетілдіру;

ғылымның ел экономикасын дамытуға қосатын үлесін ұлғайту;

ғалымның ғылыми әлеуетін және мәртебесін нығайту;

ғылымның инфрақұрылымын жаңғырту;

ғылым менеджментін және даму мониторингін жетілдіру


Іске асыру мерзімдері

2016-2019 жылдар



Нысаналы индикаторлар


мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған 3-6 жастағы балалардың үлесі, 2017 жылы – 87,5 %, 2019 жылы – 100 %;

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының (бұдан әрі – НЗМ) тәжірибесі бойынша білім берудің жаңартылған мазмұнына өткен мектептердің үлесі, 2016 жылы – 100 % (1-сыныптар), 2019 жылы – 100 % (0-10 сыныптар);

қазақстандық оқушылардың халықаралық зерттеулердегі нәтижелері, 2017 жылы – PIRLS-2016: 4-сынып: оқу – 400 балл, PISA-2015: математика – 440 балл, жаратылыстану – 430 балл, оқу – 400 балл; 2019 жылы – PISA-2018: математика – 450 балл, жаратылыстану – 440 балл, оқу – 410 балл; ICILS-2018: 8-сынып оқушыларының компьютерлік және ақпараттық сауаттылығы – 350 балл;

ҚР-дағы балалардың жалпы санынан өмірлік қиын жағдайда жүрген балалардың үлесі, 2017 жылы – 11 %, 2019 жылы – 8 %;

жұмыспен қамтылған халықтың құрылымында техникалық және кәсіптік білімі бар 18-28 жастағы жастардың үлесі, 2017 жылы – 56,3 %, 2019 жылы – 57%,

жұмыспен қамтылған халықтың құрылымында жоғары білімі бар 22-28 жастағы адамдардың үлесі, 2017 жылы – 43,9 %, 2019 жылы – 45,9 %;

QS-WUR рейтингінде белгіленген Қазақстан ЖОО-ларының саны:

топ-200


топ-300

топ-500


топ-701+




2017 жылы

0

2



2

7


2019 жылы

2

2



3

9






ҒЗТКЖ қаржыландырудың жалпы көлеміндегі тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерге жұмсалатын шығындардың үлесі, 2017 жылы – 21,2 %, 2019 жылы – 22,3 %;

қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарының жалпы санынан коммерцияландыруға жолданған жобалардың үлесі,
2017 жылы – 10 %, 2019 жылы – 11 %.

Қаржыландыру көздері және көлемі

Бағдарламаны іске асыру үшін 2016-2019 жылдары бюджет қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да қаражат жұмсалады. Бағдарламаны іске асыруға бюджеттен жұмсалатын жалпы шығындар 1 621,2 млрд. теңгені (РБ 1 045,9 млрд. теңге, ЖБ 575,2 млрд. теңге) құрайды.


2. Кіріспе

Әлем жаһандық сын-тегеуріндер кезеңінде өмір сүруде. Бұл жаңа технологиялық жетістіктер мен инновацияларды енгізу, IT-технологиялардың қарқынды дамуы және адам ресурстарының ұтқырлығы.

Осы жағдайда білім және ғылым өзгерістердің алдыңғы қатарында тұруы тиіс. Әлемнің жетекші экономикалары жоғары деңгейдегі адам капиталы есебінен ғана өркендеуге қол жеткізуде. Оған жаңа білім беру стратегиялары мен саясаты ықпал етеді.

Қазақстандық білім беру мен ғылым жүйесін жаңғыртудың қазіргі заманғы кезеңі әрбір адамның сапалы мектепке дейінгі тәрбие мен мектептегі білімге қолжетімділігін, колледж бен университетте жаңа кәсіби дағдыларды алу, зерттеу және шығармашылық құзыреттерін дамыту мүмкіндіктерін көздейді.

Адамның бәсекеге қабілеттілігін арттыру ұлт жетістігінің факторы болып табылады. Сондықтан әрбір қазақстандық жаңа жаһандық сын-тегеуріндерге, заманауи технологияларға, еңбек нарығының өзгермелі талаптарына және жаңа кәсіптерге табысты бейімделу үшін қажетті құзыреттілікке ие болуы қажет.

Төртінші өнеркәсіптік төңкеріс жағдайында проблемаларды шешу дағдылары, сыни ойлау, креативтілік, эмоционалдық интеллект басты қасиеттер болды. Сондықтан білім беру жүйесі белсенді, шығармашыл, сыни, аналитикалық тұрғыда ойлай алатын, бұрын белгісіз проблемаларды шешуге, өзгерістерге тез бейімделуге, жаңаны құруға қабілетті креативті адамдарды дайындауға ден қоюы тиіс. Сондай-ақ функционалдық, ІТ сауаттылық, ағылшын тілін білу, адамгершілігі мол азаматтық кемелдену де маңызды.

Білім беру жүйесінің жаһандық ортаға интеграциялануы жағдайында ұлттық кодты сақтай отырып, еліміздің мәдениетін ескеруіміз қажет.

Сондықтан патриоттық тәрбиенің ерекшелігі білім алушыларда белсенді азаматтық ұстаным мен өзінің үлкен және кіші отанының тарихына, мәдениетіне, салты мен дәстүріне деген құрмет сезімін қалыптастыру болмақ.

Бақытты және қорғалған балалық шақты қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының негізгі ұлттық басымдықтарының біріне айналды.

Қазақстан Республикасының заңнамасында барлық санаттағы балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету шаралары қарастырылған.

2011 жылы қабылданған «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңы алдыңғы қатарлы ғылыми жетістіктер үшін жаңа мүмкіндіктер ашты.

Қазақстандық ғылымды экономика мен бизнестің мүддесі үшін дамыту «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген.

2015 жылы «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Мектептегі білімнің жаңартылған мазмұнына кезең-кезеңімен көшу, дуальді оқыту, колледждерде алғашқы жұмысшы кәсібін тегін алу, колледждер мен жоғары оқу орындарының мемлекеттік аттестаттаудан тәуелсіз аккредиттеуге өтуі заңнамамен регламенттеледі.

Жастардың ерекше мәртебесі және оларды мемлекеттік қолдау жаңа «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген.

Сол арқылы жаңа білім беру стратегиялары мен ғылыми жетістіктерді іске асыру үшін негіз жасалды.

Бағдарлама әлемдік жетекші трендтерді ескере отырып, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары негізінде әзірленді.

Бағдарлама педагогикалық және ғылыми қауымдастықта кеңінен талқыланды. Жұмыс берушілердің, бизнес-қауымдастықтардың және халықаралық сарапшылардың ұсыныстары ескерілді.

Бағдарламада белгіленген мақсаттар мен міндеттер осы Бағдарламаға қосымшаға сай Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес іске асырылады.


3. Ағымдағы жағдайды талдау

Дүниежүзілік экономикалық форумның (бұдан әрі – ДЭФ) 2016-2017 жылғы Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде Қазақстан әлемнің 140 елінің арасында 53-орынды иеленді. Білім және ғылым саласындағы


12 индикатордан орта біліммен қамту, математика және жаратылыстану-ғылыми білім берудің сапасы, ғылыми-зерттеу ұйымдарының сапасы, мектептердегі интернетке қолжетімділік, зерттеу және білім беру қызметтеріне қол жеткізу, университеттер мен бизнестің ҒЗТКЖ саласындағы ынтымақтастығы, ғалымдар мен инженерлерге қолжетімділік бойынша 7 индикаторға қол жеткізілді.

ЮНЕСКО елдің мыңжылдықтың даму мақсаттарына қол жеткізудегі прогресін атап өтеді. Қазақстан Білім беруді дамыту индексі бойынша көшбасшы елдердің ондығына кіреді.

Білім – Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасының (бұдан әрі – БҰҰДБ) адами даму рейтингінің негізгі үш индексінің бірі. Қазақстан 2016 жылы даму деңгейі жоғары елдердің тобына кіріп, әлемнің 188 елінің арасында 56-орынды иеленді.

ЮНЕСКО 1-ден 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтудағы Қазақстанның елеулі прогресін «2000-2015 жылдар. Баршаға арналған білім: жетістіктер мен сын-тегеуріндер» баяндамасында атап өтті.



15 жастағы қазақстандық білім алушылардың математика және жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы бойынша PISA-2015 нәтижелері біршама жақсарды.

Қазақстандық оқушылар халықаралық зияткерлік олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда өздерімен қатар шетелдік құрдастарына мықты бәсекелес бола алды. 2016 жылдың өзінде елдің ұлттық қоржынында 204 алтын, 378 күміс және 665 қола медаль болды.

Балаларға қатысты мемлекеттік саясат балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың құқықтық және әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз етуге бағытталған.


жүктеу 1,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау