Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған


Орта білім және балалардың құқықтарын қорғау



жүктеу 1,53 Mb.
бет6/7
Дата05.03.2018
өлшемі1,53 Mb.
#11443
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7

Орта білім және балалардың құқықтарын қорғау

Мақсаты: сапалы орта білім беруге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету, зияткер, дене бітімі және рухани жағынан дамыған, табысты азаматты қалыптастыру.

Нысаналы индикаторлар:

1) НЗМ тәжірибесі бойынша жаңартылған білім беру мазмұнына өткен мектептердің үлесі, 2016 жылы – 1-сынып; 2017 жылы – 2, 5, 7-сыныптар; 2018 жылы – 3, 6, 8-сыныптар; 2019 жылы – 0, 4, 9, 10-сыныптар, 2020 жылы – 11 сынып;

2) қазақстандық оқушылардың халықаралық зерттеулердегі нәтижелері: 2017 жылы - PIRLS-2016: 4-сынып: оқу – 400 балл, PISA-2015: математика – 440 балл, жаратылыстану – 430 балл, оқу – 400 балл; 2019 жылы – PISA-2018: математика – 450 балл, жаратылыстану – 440 балл, оқу – 410 балл; ICILS-2018: 8-сынып оқушыларының компьютерлік және ақпараттық сауаттылығы – 350 балл;

3) балалардың жалпы санынан өмірлік қиын жағдайда жүрген балалардың үлесі.

Міндеттер:


  1. Педагог кәсібінің беделін және олардың сапалық құрамын арттыру.

Педагогтерге қойылатын талаптарды күшейту бойынша шаралар қарастырылуда. Өздігінен білім алу және өзін-өзі жетілдіру педагог қызметінің ажырамас бөлігіне айналады.

Бірінші және жоғары санаттарды алу үшін жағдай жасау мақсатында педагогтердің біліктілік деңгейіне қойылатын талаптар қайта қаралатын болады.

2019 жылдан бастап педагог кадрларды тәуелсіз сертификаттауға көшу мәселесі пысықталатын болады.

Біліктілікті арттыру курстары білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен білім беру бағдарламалары бойынша, оның ішінде 2019 жылдан бастап қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып жүргізілетін болады.

Мұғалімдердің табыстарын арттыру мақсатында үлгілік оқу жоспарларын және ақылы қызмет көрсетуді қайта қарау арқылы олардың нормативтік оқу жүктемесі төмендетілетін болады.

Ағылшын тілінде сабақ беретін мұғалімдердің жалақысына қосымша ақы қарастырылатын болады.

Қазақстандық мұғалімдер TALIS зерттеулеріне қатысады, оның нәтижелері бойынша еліміздегі мұғалімдер корпусының сапалық құрамын жақсарту бойынша ұсынымдар әзірленетін болады.

Жаңартылған білім беруге көшуді ескере отырып, жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының мазмұны жаңғыртылады.

2017-2018 оқу жылынан бастап жаратылыстану-математика бағытындағы
4 педагогикалық мамандық бойынша педагог кадрлар даярлауды жүзеге асыратын 15 базалық жоғары оқу орнында жоғары оқу орындарына арналған білім беру бағдарламаларын, оқулықтар мен ОӘК әзірлеу арқылы ағылшын тілінде оқытуға көшу жүзеге асырылатын болады.

Мектептер үшін мұғалімдерді іріктеу кезінде «білім беру магистрі» дәрежесі бар мамандар кеңінен тартылатын болады.

Мектеп педагогтерін кәсіби дамыту орта білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша біліктілікті арттыру курстары шеңберінде жалғастырылатын болады.


  1. Орта білім берудің инфрақұрылымдық дамуын қамтамасыз ету.

Авариялық жағдайдағы мектептердің орнына мектеп салу, сондай-ақ үш ауысымды мектептер мен орын тапшылығын жою республикалық және жергілікті бюджеттер, жекеменшік мектептер және МЖӘ тетігі есебінен жүзеге асырылатын болады.

Жергілікті бюджет және МЖӘ қаражаты есебінен моноқалаларда білім беру инфрақұрылымын дамыту жөнінде шаралар қабылданатын болады.

Жергілікті бюджет және МЖӘ қаражаты есебінен мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту жалғасуда.

Мектептегі білім беруді ақпараттандыру МЖӘ тетігі арқылы білім беру процесіне ақпараттық технологияларды одан әрі енгізу шеңберінде жүзеге асырылатын болады. Мектептер электронды журналдар мен күнделіктер жүйелеріне қосылатын болады.

Тұрғылықты жеріне (қала немес ауыл) қарамастан білім алушылардың деңгейі, сондай-ақ, барлық білім беру деңгейіндегі оқытушылар арасында теңестіріледі. Білім беру процесін жаңғырту жылдамдығы айтарлықтай өседі.

Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған балалардың жекелеген санаттары арасынан оқушыларды дәруменді тегін ыстық тамақпен қамту бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.

Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды инклюзивті ортада қолдау қамтамасыз етіледі.

Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің желісі


2019 жылы 149 бірліктен 185 бірлікке және психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестер 58 бірліктен 80 бірлікке дейін кеңейтіледі.

Орта білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық консилиумдар жұмыс істейтін болады.

ШЖМ проблемаларын шешу үшін балаларды мектепке және мектептен үйге жеткізу бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.

Тірек мектептерді (ресурстық орталықтарды) құру жұмыстары жалғастырылады. 2020 жылға қарай олардың саны 200 бірлікке дейін жеткізіледі. Сондай-ақ, оларды онлайн және офлайн режимдерінде цифрлық контентпен қамтамасыз ету мәселесі пысықталатын болады.

Мектептер жергілікті бюджет, МЖӘ тетіктері және Дүниежүзілік банк қарызы есебінен техникалық инфрақұрылыммен жарақтандырылатын болады.

Орта білім беру ұйымдарында бірыңғай коммуникациялық орта құру мақсатында мұғалімдерді ұялы жұмыс құрылғыларымен жабдықтау мәселелері пысықталады.

Ұялы байланыс ортасын бақылау және басқару үшін ұялы құрылғыны басқару жүйесін әзірлеу және енгізу жүзеге асырылатын болады.

Авторлық құқықты сақтау және зиянды бағдарламалық жасақтамалардан қорғану мақсатында БҒМ бағдарламалық жасақтамаларды және аппараттық құралдарды лицензиялау мәселесі пысықталады.



  1. Орта білім берудің мазмұнын жаңарту.

Жаңартылған орта білім беру мазмұнын ендіруді ескере отырып, білім беру жүйесінің халықаралық интеграциясы бойынша жұмыс жалғасатын болады.

Жаңартылған білім беру мазмұнына көшу жеке схема бойынша жүзеге асырылатын болады.

Орта білім беру мазмұнын жаңарту оқушының жұмысын, оның жетістіктерін бағалауға мүмкіндік беретін күтілетін нәтижелерге негізделетін болады. Күтілетін нәтижелерді тұжырымдау оқушылардың оқу жетістіктерін объективті түрде бағалауға, жеке қабілетін ескере отырып әрбір оқушыны дамытудың жеке траекториясын айқындауға мүмкіндік береді, сондай-ақ олардың функционалдық сауаттылығын, оқудағы білігі мен дағдыларын дамыту үшін ынтасын арттырады, білім беру процесінің сапасын жақсартады. Оқу бағдарламалары жаңа технологияларды, ғылыми инновацияларды, математикалық модельдеуді дамытуға бағытталған STEM-элементтерді (ғылым) қамтитын болады.

12 жылдық білім беру 0 + 11 сыныптар қағидаты бойынша енгізілетін болады. Әліпбиді, оқу мен жазуды үйрету (соның ішінде «Әліппе» - «Букварь»), сондай-ақ балаларда әлеуметтік, практикалық өмірлік дағдыларды және өз бетінше оқу дағдыларын ерте дамыту нөлінші сыныпта өтетін болады.

Орта білім беру деңгейлері бойынша оқулықтар мазмұнының сабақтастығын қамтамасыз етуге бірыңғай әдіснамалық тәсілдеме әзірленетін болады.

5 күндік оқуға көшу жалғастырылатын болады.

Жаңартылған білім беру мазмұнына көшу схемасына сәйкес білім алушыларды және білім беру ұйымдарын өлшемшартпен бағалау жүйесіне көшу кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын болады. 

Білім беру саясаты оқыту сапасындағы өңірлік теңсіздікті төмендетуге бағытталатын болады.

2018 жылдан бастап Дүниежүзілік Банк қарызы шеңберінде мектептегі білім берудің сапасын арттыруды және теңсіздікті азайтуды қолдау бойынша «Қазақстан Республикасында орта білімді жаңғырту» жобасы іске асырыла бастайды.

Жалпы білім беретін мектептерде оқушыларға ерте кәсіби бағдар беру мақсатында кәсіби бағдарлау кабинеттері ашылатын болады. Оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтау процесінде жұмыс берушілер мен ата-аналар белсенді қатысады.

Орта білімнің негізгі бөлігі 7 және 10-сыныптардың әр оқушысын жыл сайын кәсіптік диагностикалау және еңбек нарығында қажетті мамандықтарға бағдарлау болу қажет.

Қазақстандық мектептерде үш тілде оқытуды дамыту дарынды балаларға арналған 33 эксперименттік мектеп, 20 НЗМ және 27 «Білім-инновация» лицейлері тәжірибесі бойынша жүзеге асырылады.

2019-2020 оқу жылынан бастап оқушылардың қалауы және мектептердің мүмкіндіктері бойынша 10-11 сыныптарда жаратылыстану-математикалық цикл пәндерін (информатика, физика, химия және биология) ағылшын тілінде оқуға кезең-кезеңімен көшу басталады.

Үш тілдік оқыту процесінде қазақ тілінің мәртебесі күшейтіледі. Орыс тілінде оқытатын мектептерге арналған қазақ тілінің оқулықтары лексика-граматикалық минимумда құрастырылатын болады. Орыс тілі орыс тілінде оқытылатын мектептерде оқыту тілі ретінде және оқыту тіліне қарамастан барлық мектептерде міндетті пән болып сақталады.

Оқыту технологиясының жаңа сапаға жетуін, заманауи оқу-әдістемелік және ғылыми-педагогикалық базаның дамуын қамтамасыз ететін Үш тілде оқытудың бірыңғай тілдік стандартына сәйкес тілдік пәндер бойынша отандық оқулықтар мен ОӘК әзірленетін болады.

Төрт пән бойынша (информатика, физика, химия және биология) ағылшын тіліндегі шетелдік оқулықтар мен ОӘК бейімделетін болады.

Жаратылыстану-математикалық цикл пәндерін ағылшын тілінде оқыту және үштілділікті енгізу үшін педагог кадрларға деген қажеттілік:

1) «Болашақ» бағдарламасының түлектерін білім беру ұйымдарында сабақ беруге тарту тетіктері арқылы;

2) ЖОО-лар мен колледждерде мұғалімдерді мақсатты даярлау;

3) физика, химия, биология және информатика пәндерін ағылшын тілінде оқыту әдістемесі бойынша мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыру;

4) студеттермен алмасу және волонтерларды тарту есебінен шешілетін болады.

Үш тілде білім беруді оқу және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету CEFR негізінде (2016-2017 жылдар) тілді деңгейлеп оқыту (қазақ, орыс, ағылшын) бағдарламаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу шеңберінде жүзеге асырылатын болады.

Педагогикалық жоғары оқу орындарында педагогтердің тілдік құзыреттіліктерін дамыту бойынша кадрлар даярлау сапасын күшейту үшін НЗМ тәжірибесін енгізу тетіктері қарастырылатын болады.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту үшін оқулықтар мен ОӘК, сондай-ақ көзі көрмейтін балалар үшін рельефті-нүктелік (Брайль қарпі) және нашар көретін балалар үшін үлкейтілген қаріпті оқулықтар мен ОӘК әзірленіп, бейімделетін болады.

ЖАО арнайы білім беру ұйымдары мен сыныптарды көзі көрмейтін балалар үшін рельефті-нүктелік қаріпті (Брайль қарпі) және нашар көретін балалар үшін үлкейтілген қаріпті оқулықтармен және ОӘК-мен қамтамасыз етуді кезең-кезеңімен жүзеге асыратын болады.

Қазақстанның TIMSS, PIRLS, РІSА халықаралық зерттеулеріне қатысуы жалғасатын болады.

2018 жылы алғаш рет қазақстандық оқушылар ICILS халықаралық зерттеуіне қатысады.

ҰБТ-ның қолданыстағы форматын жетілдіру мақсатында ҰБТ рәсімін мектептегі қорытынды аттестаттау және ЖОО-ға түсу емтихандары етіп бөлу қарастырылған, сондай-ақ одан әрі оқуға қабілеттерін, логикалық ойлау, ағылшын тілін меңгеру, сондай-ақ базалық құзыреттілік (функционалдық сауаттылық) деңгейлерін айқындауға бағдарланған тестілерді пайдалануды кеңейту.

ҚР БҒМ-нің ақпараттық жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін, олардың әдіснамалық және техникалық сүйемелдеу мәселелерін қамтамасыз ету бойынша пысықталатын болады (электрондық журналдар мен күнделіктер жүйесі, электрондық құжат айналымы, көшбасшы тақтасы және т.б.)

Білім беру процесінде сандық теңсіздікті одан әрі қысқарту және осы сандық білім беру ресурстарымен мектептерді жарықтандыру, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарының мультимедиялық және компьютерлік техникасын автоматтандыру мәселесі пысықталатын болады.

4. Мектеп оқушыларының бойында «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту шеңберінде рухани-адамгершілік құндылықтарын және салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру.

Тұлғаның шығармашылық құзыреттіліктегі, үздіксіз білім мен тәрбиедегі, өзін-өзі кәсіби тұрғыдан айқындаудағы бәсекелі басымдықтарын қалыптастыру мақсатында балаларға қосымша білім берудің мазмұны мынадай негізгі бағыттар бойынша жаңартылатын болады: көркем-эстетикалық, ғылыми-техникалық, экологиялық-биологиялық, туристік-өлкетану, әскери-патриоттық, әлеуметтік-педагогикалық, білім беру-сауықтыру және т.б.

Орта білім беру адамгершілік құндылықтарды, ұлттық-мәдени дәстүрлерді нығайтуға және ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ өз Отаны үшін жауапкершілік алуға қабілетті тұлғаны қалыптастыруға бағытталатын болады. Құндылықты білім беру жағдайында мектеп патриоттыққа сезімге, туған жерді сүюге баули және өз елінің ақжарқын, адал азаматы етіп тәрбиелеуге ықпал ете отырып, қоғамдық сананы жаңғыртуға үлес қосады.

Жалпыға міндетті стандарттар мен оқу бағдарламаларының барлығына тұлғаның рухани-адамгершілік және зияткерлік қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ететін компоненттер енгізілетін болады.

Оқушылар «Өлкетану» бағдарламасын оқитын болады, өлкетану жобаларына (экскурсиялар, экспедициялар, сапарлар, жорықтар), облыстық, республикалық ғылыми жобалар конкурстарына, робот техникасы, техникалық шығармашылық пен өнертабыс, әдеби оқулар бойынша конкурстарға қатысатын болады.

Патриоттық тәрбиеге, ұлттық және жалпы адамгершілік құндылықтарды сіңіруге бағытталған НЗМ «Шаңырақ» әлеуметтік жобасының тәжірибесі таратылатын болады.

Қосымша білім беру педагогтерінің біліктіліктерін арттырудың білім беру бағдарламасы жетілдірілетін болады.

Қосымша білім беру ұйымдарының желісі жергілікті бюджет қаражаты және МЖӘ тетіктерін енгізу есебінен дамитын болады.

Бұдан басқа:

1) балалардың бос уақытын өткізу орталықтарының жұмыс істеуі үшін тұрғын үй құрылысы кезінде 1-қабаттан орынжайларды жоспарлау;

2) балалардың бос уақытын өткізу орталықтарының жұмыс істеуі үшін мектептерден бос орынжайлар беру есебінен желілерді дамыту жоспарлануда.

Жергілікті бюджет есебінен мектептегі спорт секцияларының желісі кеңейтілетін болады.

Тұрмысы төмен және көп балалы отбасылар балаларының, жетім балалардың, девиантты мінез-құлықты балалардың бұқаралық спорт түрлерімен айналысу үшін спорт объектілеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ мәдениет және спорт ұйымдарына бару мақсатында жеңілдіктер (тегін абонементтер) (ЖАО, демеушілер, меценаттар есебінен) беру көзделетін болады.

Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі үйірмелер мен секциялар санының өсуі қамтамасыз етілетін болады, бұл балаларды қосымша білім берумен қамтуды 70%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Мектептер арасында тұрақты түрде спорттық жарыстар өткізу іске асырылатын болады.

«Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының қағидаттары негізінде «Жас қыран» (7-9 жас, 2-4 сыныптар) және «Жас ұлан» (9-16 жас, 5-9 сыныптар) болып екі буынға бөлінетін «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының (бұдан әрі – ББЖҰ) телевидение, әлеуметтік жарнама, кино, концерттер, бұқаралық акциялар, экскурсиялар, саяхаттар арқылы патриоттық, волонтерлік, азаматтық-құқықтық іс-шаралар өткізу жұмысы жандандырылатын болады.

2016-2020 жылдары «Жас ұлан» ББЖҰ-ның тәлімгерлер мен үйлестірушілер қауымдастығы құрылады және жұмыс істейді.

Жыл сайын «Жас ұлан» ББЖҰ-ның патриоттық тәрбиені қалыптастыру бойынша іс-шаралары өткізілетін болады.

Жыл сайын:

1) біліктілігін және кәсіби дағдыларын арттыру мақсатында «Жас Ұлан» ББЖҰ-ның тәлімгерлері үшін слеттер, семинарлар, тренингтер;

2) «Көшбасшылар мектебі» балалар мен жасөспірімдер қозғалысының белсенділері үшін семинар-тренингтер мен шеберлік сыныптары;

3) «Ұланымыз ұлы елдің» республикалық көшбасшылар форумын ұйымдастыруға қатысу үшін жоғары курс студенттері арасынан волонтерлер тартылатын болады.

Мектеп оқушылары ізгілік, еріктілік, әлеуметтік теңдік, конфессияаралық және этникалық толеранттылық және т.б. әлеуметтік акцияларға, оның ішінде медиаресурстарды пайдалана отырып тартылатын болады.

Мектеп оқушыларының бойында тамақтану мәдениетін қалыптастыру, оның ішінде теңгерімді пайдалы тамақты насихаттау және олардың табиғи және жаңа піскен өнімдерді тұтынуын қамтамасыз ету арқылы қалыптастыру жөнінде шаралар қабылданатын болады.

5. Орта білім беру менеджментін және даму мониторингін жетілдіру.

Нәтижеге бағытталған қаржыландыру орта білім берудегі мемлекеттік шығыстарды басқару саласындағы реформалардың құрамдас бөлігіне айналады.

Мектептік білім беруді басқаруға мектептегі қамқоршылық кеңестерді дамыту арқылы көпшілік қоғам тартылатын болады.

2020 жылғы дейін әрбір толық жинақты мектептерде жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу шеңберінде сынақтан өткізіліп жатқан пилоттық мектептер моделі бойынша қамқоршылық кеңестер құрылатын болады.

2020 жылы сынақтан өткізудің оң қорытындысы бойынша барлық толық жинақты мектептерде жан басына қаржыландыруды енгізу процесі аяқталатын болады.

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО өкілдерінің қатысуымен ата-аналар қауымдастығының алдында әрбір оқу тоқсанының қорытындысы бойынша (жылына 4 рет) онлайн режимінде қоғамдық тыңдаулар (ашық баяндамалар) жалғастырылады.

Жыл сайын жалпы орта білім беру ұйымдары басшыларының 20%-ы оқытудан өтетін басқарудың инновациялық нысанын есепке ала отырып, менеджмент саласындағы біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламалары жаңартылатын болады.

Орта білім беру саласындағы бақылау жүйесін жаңғырту жүргізілетін болады – мемлекеттік аттестаттау мен іріктеп тексерудің орнына тәуекел дәрежесін бағалау негізінде профилактикалық бақылау тетігін ендіру мәселесі пысықталатын болады.

6. Өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Балалардың ата-аналарын құқықтық сауаттандыру мақсатында ақпараттық кеңістікте адамгершілік және отбасылық құндылықтарды танымал ету бойынша жұмыс жалғасатын болады.

Өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларға псхологиялық-педагогикалық, әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бойынша жұмыс жандандырылатын болады.

Балалардың девиантты мінез-құлқының профилактикасы үшін баланы адамгершілік-рухани дамытуға бағытталған шаралар кешені өткізілетін болады.

Балаларға қатысты және балалар арасындағы құқық бұзушылықтардың, кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу мақсатында ақпараттық-насихаттау жұмысы жандандырылатын болады.

Білім беру мекемелеріндегі қақтығыстар мәселелерін шешетін мектептегі татуластыру қызметін дамыту, балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы бойынша жұмыс ұйымдастырылатын болады.

Өмірлік қиын жағдайда жүрген балалардың проблемаларын шешу мақсатында азаматтық қоғамды, волонтерлік қозғалысты тарту жоспарлануда.

Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтендіру және оларды отбасына орналастыру үшін қорғаншы, қамқоршы, бала асырап алушы болуға үміткерлер үшін міндетті психологиялық тестілеу қолданылатын болады.

Өмірлік қиын жағдайда жүрген отбасылар мен балаларды қолдау түрлерін көрсетудің стандарттары мен қағидалары әзірленетін болады.

Балалардың демалуы мен сауықтырылуы мақсатында мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаттарында ұйымдардың моделін жетілдіру жөнінде шаралар қабылданатын болады.



Техникалық және кәсіптік білім

Мақсаты: техникалық және кәсіптік білім алу үшін жағдайлар жасау арқылы жастарды әлеуметтік-экономикалық интеграциялау

Мақсатты индикатор:

жұмыспен қамтылған халықтың құрылымында техникалық және кәсіптік білімі бар 18-28 жастағы жастардың үлесі.

Міндеттері:

1.ТжКБ жүйесінің беделін арттыру.

Кадрларды даярлау ұлттық біліктілік шеңбері мен кәсіптік стандарттар негізінде жүзеге асырылатын болады.

ТжКБ жүйесі басқарылатын оқу миграциясының тиімді құралына айналады. Ол үшін «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» әлеуметтік жобасы шеңберінде түлектерді жаңа тұрғылықты жерде бекіту арқылы білікті мамандарды даярлау жалғасады.

Жастарды өмірге деген сындарлы көзқарас қалыптастыруға және оларды міндетті жұмыс дағдылары мен біліктерді алуға бағыттайтын кәсіптік бағдарлау жұмысы жүйелендірілетін болады.

Мектеп оқушыларын жұмысшы біліктіліктерін алуға тарту үшін барлық мүдделі құрылымдардың: білім беру, жұмыспен қамту органдарының, жұмыс берушілердің, ата-аналар қоғамдастығының қызметін үйлестіруді көздейтін кәсіптік бағдарлау жұмысы жүйесін қалыптастыру туралы мәселе пысықталатын болады.

Кең ауқымды ақпараттық жұмыс жүргізу, еңбек адамының бейнесін жасау және оны насихаттау арқылы жұмысшы біліктілігінің беделіне жаңа серпін беріледі.

Жыл сайын WorldSkills Kazakhstan өңірлік және республикалық чемпионаты өткізілетін болады.

WorldSkills Kazakhstan чемпионаттарын өткізу халықаралық қозғалысқа интеграциялануға мүмкіндік береді, өйткені WorldSkills Kazakhstan республикалық чемпионатының жеңімпаздары World Skills халықаралық кәсіби шеберлік конкурстарына қатысатын болады.

ТжКБ беделін кеңінен жариялау бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық тапсырыс орналастырылатын болады.

2020 жылға қарай техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына қабылданған студенттердің жалпы санынан мемлекеттік тапсырыс бойынша қабылданған студенттер үлесі 68%-ды құрайтын болады.

2. ТжКБ қолжетімділігін және кадрларды даярлау сапасын қамтамасыз ету.

Жастардың кәсіптік білім алуға қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін бюджет есебінен, сондай-ақ МЖӘ-нің қатысуымен ТжКБ ұйымдарының құрылысын салу арқылы колледждерде оқушы орындарының саны арттырылатын болады.

Білім беретін оқу орындарының ақылы негізде ұсынатын көрсетілетін қызметтерінің тізбесін кеңейту мақсатында ТжКБ оқу орындарының ұйымдық-құқықтық нысаны өзгеретін болады. Бұл колледждерге қаржылық басқаруда еркіндік және дербес өздерінің білім беру қызметін іске асыруда тәуелсіздік береді.

Жұмыс істеп тұрған ТжКБ оқу орындарының базасында кәсіпорындармен бірге құзыреттілік орталықтары құрылатын болады.

Аталған орталықтар «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ-тың, оның ішінде «APEC Petrotechnic жоғары техникалық мектебі» ЖШС-нің халықаралық талаптар бойынша білім беру бағдарламаларын енгізу, инженер-педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру, озық технологияларды ескере отырып материалдық-техникалық базаны жаңарту тәжірибесін тарататын және сынақтан өткізетін болады.

Кадрлар даярлауды жүйелендіру мақсатында ТжКБ оқу орындарын бейімдендіру бойынша жұмыс жалғасатын болады.

2017 жылдан бастап барлық тілек білдірушілерге жұмысшы біліктіліктері бойынша тегін техникалық және кәсіптік білім алуға мүмкіндік беріледі. Бұл жастар үшін бірінші жұмысшы біліктілігін тегін алуға қол жеткізуді қамтамасыз ететін әлеуметтік лифт жасауға мүмкіндік береді.

Жұмысшы біліктілігі жоқ барлық тілек білдіруші 9, 11-сынып оқушылары колледждер базасында тегін бірінші жұмысшы біліктілігімен қамтамасыз етілетін болады. Жұмысшы мамандықтары бойынша білім алушылардың саны 40%-ға дейін ұлғаятын болады. Өңірлерді мамандандыру картасына сәйкес кадрлар даярлауды бейімдендіру жұмысы жандандырылады.

Курстық дайындықпен Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде, сондай-ақ жұмыс берушілердің есебінен оқу орталықтары мен колледждер базасында барлық тілек білдірушілер, оның ішінде біліктілігі жоқ жастар, аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар, жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қамтылатын болады.

Жалпы, жобаны іске асыру жастардың бірінші жұмысшы біліктілігіне қаржылай, бағдарламалық, аумақтық тең қолжетімділігі мәселелерін шешеді және еңбек қызметі саласында жастардың әлеуметтік интеграциялануын қамтамасыз етеді.

Ерекше білім беру қажеттілігі бар тұлғаларға жағдай жасау мақсатында мамандықтар бойынша оқу жоспары әзірленетін болады. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін мамандықтар тізбесі әзірленетін болады. Колледждерде білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында инклюзивтік білім беру бағдарламалары енгізілетін болады.



2020 жылға қарай ерекше білім беру қажеттілігі бар студенттер үшін тең жағдайлар мен кедергісіз қолжетімділік жасаған ТжКБ ұйымдарының үлесі
40
%-ды құрайды.

Ерекше білім беру қажеттілігі бар студенттер колледждер қаражаты есебінен Abilympics және DeafSkills кәсіптік шеберліктің халықаралық конкурсына қатысатын болады.

Бюджет есебінен, жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестер, Дүниежүзілік Банк қарызы есебінен, сондай-ақ лизинг тетігі есебінен мемлекеттік ТжКБ оқу орындарының оқу-өндірістік шеберханаларын, зертханалары мен арнайы пәндер кабинеттерін жарақтандыру және қайта жабдықтау жұмысы жалғастырылатын болады.

ТжКБ жүйесінде халықаралық талаптарға сәйкес «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ арқылы инженер-педагог кадрлардың біліктілігін арттыру бағдарламаларының деңгейлік моделін енгізу мәселелері пысықталатын болады.

Басшылар, арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері үшін кәсіпорындарда және үздік халықаралық ұйымдар мен шетелдік кәсіпорындар базасында білімді және озық технологияларды өзектендіру үшін, оның ішінде әлеуметтік әріптестер есебінен тағылымдама ұйымдастырылатын болады, сондай-ақ шетелде тағылымдамадан өту мәселесі пысықталатын болады .

Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру жүйесіне жан басына қаржыландыруды енгізу бойынша мәселелер пысықталатын болады.

Кадрлар даярлау сапасын арттыру және білім беру бағдарламаларын халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес келтіру үшін 2020 жылдан бастап ТжКБ оқу орындарын халықаралық аккредиттеу енгізілетін болады.

Колледждерді ынталандыру мақсатында кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды және мемлекеттік үлгідегі құжатты беру құқығын ТжКБ-ның аккредиттелген оқу орындары жүзеге асыратын болады.

Экономика салаларында салалық қауымдастықтар базасында мамандардың біліктілігін сертификаттаудың тәуелсіз жүйесін толыққанды енгізу есебінен білікті кадрлар даярлау сапасы қамтамасыз етілетін болады.

3. Елдің индустриялық-инновациялық даму сұраныстарын ескере отырып, ТжКБ мазмұнын жаңарту.

Халықаралық талаптарға және еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес Ұлттық біліктілік жүйесі қайта қаралатын болады. Ол үшін еңбек саласындағы уәкілетті орган біліктілік деңгейлерінің сабақтастығын ескере отырып, Ұлттық кәсіптер сыныптауышын әзірлейтін болады. Халықаралық білім беру сыныптауышы стандартының (бұдан әрі – ХБСС) талаптарына сәйкес ТжКБ кәсіптері мен мамандықтарының сыныптауышы қайта қаралады, жұмыс берушілер мен халықаралық стандарттардың талаптарын ескере отырып, жаңа мамандықтар енгізіледі.

Ұлттық біліктілік шеңберінің барлық деңгейін қамтитын экономика салаларының басым мамандықтары бойынша, оның ішінде ИИДМБ үшін ТжКБ-ның басым мамандықтары бойынша кәсіптік стандарттарды жетілдіру жұмысы жалғастырылатын болады. Кәсіптік стандарттарды әзірлеуді жұмыс берушілер бірлестіктері жүзеге асырады және Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бекітеді.

ТжКБ, орта білімнен кейінгі білім берудің МЖС-ның икемділігі оқу орындарына оқу жұмыс жоспарларының мазмұнын жұмыс берушілердің талаптарымен өзгертуге, модульдік, кредиттік, дуальді оқытуды енгізуге мүмкіндік береді.

Кәсіптік стандарттардың негізінде ТжКБ-ның білім беру бағдарламалары қайта қаралады және жаңартылатын болады. Аталған білім беру бағдарламаларын енгізу маманды даярлаудың өзіндік бағытын жасауға және оның еңбек нарығындағы кәсіби құзыреттілігін арттыруға мүмкіндік береді. ТжКБ жүйесін кредиттік-модульдік оқыту технологиясына кезең-кезеңімен көшіру жүзеге асырылатын болады, бұл орта білім беру, ТжКБ, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру деңгейлерін интеграциялауға мүмкіндік береді.

Орта білім беру мазмұнын жаңарту ТжКБ, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлау кезінде ескерілетін болады. Орта білім беру мазмұнын жаңартудың жаңа стандарты негізінде педагогикалық мамандықтар бойынша білім беру бағдарламалары қайта қаралатын болады.

ТжКБ жүйесінде WorldSkills халықаралық стандарттарын ескере отырып жаңартылған білім беру бағдарламалары енгізілетін болады.

ТжКБ жүйесінде халықаралық және кәсіптік стандарттарға сәйкес келетін білім беру бағдарламаларын әзірлеу және тарату базалық колледждер мен құзыреттілік «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ-ы арқылы жүзеге асырылатын болады.

Жастарды кәсіпкерлік қызметпен айналысуға ынталандыру үшін жағдай жасау мақсатында кәсіпкерлік негіздері бойынша білім алған студенттер саны ұлғайтылатын болады. Барлық техникалық және кәсіптік білім мамандықтары бойынша «Кәсіпкерлік қызметтің негіздері» факультативтік курсы оқытылатын болады.

Кадрлық әлеуеттің дайындығы ескеріле отырып, ағылшын тілінде оқытылатын пәндер саны көбейтілетін болады. Цифрлық құзыреттілік саласында кадрларды даярлауға ерекше көңіл аударылатын болады.

Колледждерді кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету, білім беру процесіне ақпараттық-коммуникативтік оқыту технологияларын енгізу, ТжКБ жүйесінің бірыңғай электрондық кітапханасын құру бойынша шаралар қабылданатын болады.

2020 жылға қарай модульдік-құзыреттілік тәсілін ескере отырып барлық типтік оқу жоспарлары мен бағдарламалары жаңартылатын болады.

Сондай-ақ кадрларды даярлау сапасын қамтамасыз ету колледж кітапханаларын заманауи оқу әдебиеттерімен және ОӘК-пен толықтыру арқылы жүзеге асырылатын болады. Бұл мақсатта шетелдік оқу әдебиеттері аударылып, бейімделетін болады.

Колледждерде экономиканың жоғары технологиялық салалары үшін білікті кадрлар даярлау қолданбалы бакалавриат бағыттары бойынша жүзеге асырылатын болады. Қолданбалы бакалавриат білім беру бағдарламасының практикалық бағдарланған бөлігін ұлғайта отырып, нақты біліктілікке бағытталатын болады.

Кадрлар даярлау бойынша әріптестікті дамыту үшін ТжКБ оқу орындарында дуальді оқытуды енгізу жұмыстары жалғастырылатын болады. Дуальді оқытуға қатысушылардың (оқу орнының, кәсіпорынның, білім алушының, тәлімгердің, ЖАО және т.б.) негізгі функциялары дуальді оқытуды ұйымдастыру қағидаларымен реттелетін болады. ТжКБ-ны дамыту жөніндегі Ұлттық, өңірлік және салалық кеңестердің өзара іс-қимылы бойынша жұмыс күшейтілетін болады, ҰКП-мен дуальді оқытуға кәсіпорындарды тарту бөлігінде байланыс нығаятын болады. Практикадан өту үшін орындар ұсыну және түлектердің жұмысқа орналасуына көмек көрсету оқу орындары мен кәсіпорындар арасында жасалған меморандумдар, келісімдер негізінде жүзеге асырылатын болады.

Нәтижесінде 2020 жылға қарай дуальді оқытудың негізгі қағидаттарын енгізген колледждердің үлесі 60,7%-ға жетеді.

4. Қоғамдық сананы жаңғырту шеңберінде рухани-адамгершілік құндылықтарын және салауатты өмір салты мәдениетін нығайту;

Жастар саясаты тұжырымдамасын іске асыру жастарды қазақстандық патриоттыққа тәрбиелеуде аса маңызды рөл атқарады.

ТжКБ ұйымдарындағы тәрбие процесіне қазақ халқының тарихы мен дәстүрілерін білу арқылы белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыру құндылықтары енгізіледі.

Білім алушылар тарихи-мәдени ескерткіштер мен жергілікті танымал тарихи тұлғалар негізінде туған жердің тарихын зерттейді, өлкетану жобаларына (экскурсиялар, экспедициялар, сапарларға шығу, жорықтарға шығу), өлке тарихы бойынша зияткерлік іс-шараларға, өлкетану және экологиялық үйірмелерге, әдеби оқу бойынша конкурстарға, кәсіби дағды бойынша облыстық, республикалық конкурстарға, жоғары технологиялық әдістемелер мен сандық технологиялар саласындағы жобаларға қатысады.

ТжКБ ұйымдарында студенттерді қоғамдық қызметке, патриотизмді дамытуға, әлеуметтік жауапкершілікке, салауатты өмір салтын насихаттауға, өзін-өзі басқаруды дамытуға интеграциялайтын жастар ісі жөніндегі комитеттерді құру жұмыстары жалғасатын болады.

Колледж студенттері волонтерлік қызметке белсенді түрде тартылатын болады. Жыл сайын патриоттық тәрбиені дамыту, қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту бойынша іс-шаралар жүргізілетін болады.

ТжКБ оқу орындарында балалар үйлеріне, онкологиялық ауруханалар мен мүгедектер үйлеріне, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне көмек көрсету үшін, ірі халықаралық іс-шараларды дайындау үшін волонтерлер мектептері жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ, «Үздік волонтер» конкурсы өткізіледі. ТжКБ оқу орындарының студенттері «Жасыл ел» еңбек жасақтарының қызметіне белсенді араласатын болады.



2020 жылға қарай қоғамдық пайдалы (волонтерлік және т.б.) қызметке тартылатын студенттердің үлесі 60 %-ды құрайды.

Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша бірінші кезектегі міндеттер қатарында мемлекеттік қолдау күшейтіледі, дене шынықтыру үйірмелерінің желісі, оның ішінде спорттық секциялар нығайтылады және дамиды, бұл жастар арасындағы құқық бұзушылықтар санын азайтуға мүмкіндік береді.

2020 жылға қарай спорттық секциялармен қамтылған студенттердің үлесі 70%-ды құрайтын болады.

Білім алушыларға дұрыс және сапалы тамақтануды насихаттау, олардың тамақтану мәдениетін қалыптастыру, оның ішінде табиғи және жаңа піскен өнімдерді тұтынуы арқылы қалыптастыру жөнінде жұмыс жүргізілетін болады.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын іске асыру шеңберіндегі іс-шараларға қатысқан ТжКБ ұйымдарының үлесі 60%-ды құрайды.

5. ТжКБ менеджментін және даму мониторингін жетілдіру.

«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ-тың, оның ішінде «APEC Petrotechnic жоғары техникалық мектебі» ЖШС-нің тәжірибесін ТжКБ-ның барлық жүйесіне тарату жалғасатын болады.



Қамқоршылық және өңірлік кеңестердің қызметі күшейтіледі.

ТжКБ ұйымдарының басшылары біліктілікті арттыру курстарынан, оның ішінде бюджеттен тыс қаражат есебінен өтеді.

Тәжірибелі және жас инженер-педагог жұмыскерлердің қатысуымен конкурстар, сондай-ақ «Үздік педагог» республикалық конкурсы өткізілетін болады.

Кадрларды даярлау сапасын арттыру үшін «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы колледждер рейтингісін өткізетін болады.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мақсаттары: экономика салаларын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар бәсекеге қабілетті кадрлармен қамтамасыз ету, білім беруді, ғылымды және инновацияларды интеграциялау.

Нысаналы индикаторлар:

1) Жұмыспен қамтылған халықтың құрылымында жоғары білімі бар 22-28 жастағы адамдардың үлесі;

2) QS-WUR рейтингінде атап өтілген Қазақстан ЖОО-ларының саны: топ-200, топ-300, топ-500, топ-701+.



Міндеттері:

1. Бәсекеге қабілетті кадрларды сапалы даярлауды қамтамасыз ету.



Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес 3 жылға жүзеге асырылады. 2017 жылдан бастап мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемін мемлекеттік және салалық бағдарламалар қажеттілігі, оның ішінде индустрияландыру карталары, өндіруші күштерді орналастыру, өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламалары, ауыл шаруашылығы өнімдерінің нақты түрлерін өндіру үшін ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды пайдалану бойынша өңірлерді мамандандыру схемасы және т.б. негізінде жұмыс берушілердің салалық бірлестіктері айқындайтын болады. Бұл жоғары оқу орындары түлектерінің қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, тиісінше экономиканың барлық салалары білікті кадрлармен қамтамасыз етілетін болады.

11 базалық ЖОО-да жоғары білікті кадрларды даярлау және инновациялық қызметті дамыту ИИДМБ басым бағыттары мен кәсіпорындардың қажеттіліктерін ескере отырып, бейіндік магистратураға мемлекеттік тапсырысты орналастыруды, инновациялық оқыту технологияларын енгізу және шетелдік әріптес ЖОО-мен практикаға бағытталған жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сондай-ақ зертханаларды МЖӘ және лизинг тетіктерінің көмегімен қолдау табатын заманауи жабдықтармен жарақтандыру құралдары ретінде заманауи білім беру ортасын құруды көздейді.

11 базалық ЖОО-ның жанынан ИИДМБ басым бағыттары бойынша қазіргі заманғы жабдықпен жинақталған 48 жаңа зертхана жұмыс істейтін болады, сондай-ақ ИИДМБ салаларын және басымдықтарын жандандыруды ескере отырып, білім беру бағдарламларының құрылымы мен мазмұны жаңартылатын болады. Бұл өндірістің инновациялық технологияларын көрсететін және құзыреттілік беретін, заманауи технологиялардың негізгі міндеттерін шешуге мүмкіндік беретін жаңа пәндерді енгізуді қарастырады.

Бұдан әрі магистратураның жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеу мен енгізудің оң тәжірибелері бакалавриат бағдарламасына кезең-кезеңмен таратылатын болады.

2017-2018 оқу жылынан бастап ИИДМБ ЖОО базасында 6 мамандық бойынша және педагогикалық ЖОО-да 4 мамандық бойынша ағылшын тіліндегі білім беру бағдарламаларын, оқулықтар мен ОӘК әзірлей отырып, ағылшын тілінде оқытуға көшу жүзеге асырылатын болады. Одан әрі магистратурада бейіндеуші пәндерді ағылшын тілінде оқу басым болады.
      ИИДМБ базалық жоғары оқу орындары ЖОО, ғылыми ұйым және бизнес арасында үшжақты келісім жасау арқылы қаржыландырылатын ғылыми жобаларды іске асыруға қатысатын болады. Оқыту бағдарламасының сапасы арттырылатын және өндіріспен неғұрлым өзара тығыз іс-қимыл қамтамасыз етілетін болады.

Жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және ИИДМБ базалық ЖОО-да оқытуға өндірістен тәжірибелі мамандар тартылатын болады.

Кадрлар даярлау нәтижелілігі:

  1. студенттерді нақты кәсіпорындарда кәсіби практикадан өткізе отырып, оқыту;

  2. кәсіптік стандарттар негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлеу;

  3. кәсіби қауымдастықтың білім беру бағдарламалары сапасын сараптамалық бағалауы;

  4. оқу процесіне өндіріс мамандарын тарту арқылы қамтамасыз етіледі.

Түлектердің ИИДМБ шеңберінде жұмыс істеу дайындығы деңгейіне жұмыс берушілердің қанағаттануын анықтау мақсатында 2017 жылдан бастап әлеуметтік зерттеулер (сұраулар, сауалнама, сұхбат және т.б.) жүргізілді.

Кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы көлемінде магистратура мен докторантураның үлесі, оның ішінде Назарбаев Университеті үшін артады. Орта білімнің жаңартылатын білім беру бағдарламаларын қамтамасыз ету мақсатында магистратурада мұғалімдерді даярлау бойынша педагогикалық мамандықтарға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы ұлғаятын болады.

Педагогикалық білім беруді жаңғырту шеңберінде педагогикалық мамандықтарға түсу, атап айтқанда, ЖОО-ға педагогикалық мамандықтарға түсу кезінде жаңа өлшемшарттар енгізудің тетігі әзірленетін болады, талапкерлердің педагогикалық қызметке бейімділігін анықтауға арналған арнайы емтихан енгізіледі. Болашақ мұғалімдердің кәсіби дағдыларын дамыту мақсатында 2019 жылы педагогикалық интернатура енгізу мәселесі пысықталатын болады.

2017 жылдан бастап ҰБТ-ның жаңа форматы енгізіледі. Одан әрі ЖОО-ға түсеу кезінде талапкердің оқу тілін таңдау құқығын беру мәселесі, сондай-ақ ақылы негізде оқу үшін түсу емтиханының баламалы нысаны пысықталады.

ҰБТ-мен, пәндік олимпиадаларға қатысумен қатар жоғары оқу орындарына қабылдау рәсімдерінің баламалы тізбесіне SAT, ACT тестілерін енгізу мәселесі пысықталатын болады.

Докторантураға қабылдау IELTS, TOEFL, DELF, DALF, TestDaF, DSD II сертификаттары негізінде (2018 жылдан бастап), үміткерге жоғары оқу орнын таңдау құқығын ұсыну арқылы (2019 жылдан бастап) кемінде 3 жыл практикалық жұмыс өтілі болған жағдайда жүзеге асырылатын болады, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасының ғылыми компоненті деңгейіне қойылатын талаптар күшейтіледі (2017 жылдан бастап). 2017 жылдан бастап докторантурада кадрлар даярлау мемлекет пен жұмыс берушілер әріптестігінде жүзеге асырылатын болады.

2017 жылдан бастап жыл сайын ЖОО дайындық бөлімдеріне тілдік дайындық деңгейін арттыру үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінеді. Сондай-ақ бейінді магистратура мен бакалавриатта ағылшын тілінде оқыту үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қабылдау жүзеге асырылады. Оқытушылар мен ОПҚ «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқытылатын болады.

Меншік нысандарына қарамастан ЖОО-да мемлекеттік білім беру тапсырысы көлемін нарықтық реттеумен бакалавриатта, магистратурада және докторантурада қабылдау тетігі мен кадрлар даярлау жетілдірілетін болады.

2017 жылдан бастап жұмыс берушілерді тарту арқылы игерілетін академиялық кредиттер көлемін ескере отырып, мемлекеттік білім беру тапсырысын қаржыландыру бойынша ұсыныстар әзірлей отырып, жоғары білімді кредиттік жан басына қаржыландыруға көшу мәселесі пысықталатын болады.

Жұмыс күші тапшы өңірлердің өндірістері мен кәсіпорындарын кадрлармен толықтыру мақсатында «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» әлеуметтік жобасын іске асыру жалғастырылады. Жыл сайын жұмыс күші мол өңір жастары қатарынан кадрлар даярлауға жұмыс күші тапшы өңірлердің ЖОО-лары үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы қарастырылатын болады.

Бұл міндеттің маңызды элементтері ұлттық жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілік моделін әзірлеу (2016 жылдан бастап), шетел азаматтары үшін ақылы негізде жоғары оқу орындарына қабылдау қағидаларын жетілдіру (2017 жылдан бастап), одан әрі академиялық ұтқырлықты, оның ішінде шетел студенттерінің келуі есебінен дамыту.

Қазақстанды Орта Азиядағы білім беру хабы ретінде қалыптастыру шеңберінде шетелдік студенттерді қазақстандық ЖОО-ға тарту жұмыстары жүргізіледі. Шетелде форумдар, көрмелер мен қазақстандық білім күндерін өткізу практикасы кеңейтілетін болады. ЖОО-лар ағылшын тіліндегі білім беру бағдарламаларын әзірлейді, сондай-ақ шетелдік әріптестермен қос дипломды білім беру бағдарламаларын іске асыратын болады. 2020 жылға қарай жоғары білім жүйесінде, оның ішінде коммерциялық негізде білім алушы шетелдік студенттердің үлесі 5 %-ға жетеді.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттер үшін тең жағдай мен кедергісіз қолжетімділікті (пандустар, көтергіш, лифт, сондай-ақ ақпараттық және кітапхана ресурстарымен және т.б. қамтамасыз ету) жасау жұмыстары жалғастырылатын болады. Сонымен бірге бұл білім беру қажеттіліктері ерекше студенттермен жұмыс жасау үшін қашықтықтан оқу технологиясын одан әрі кеңейтуді, онлайн курстарын жаппай ашуды, арнайы білім беру бағдарламалары мен оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуді, сондай-ақ ЖОО ОПҚ-ны қайта даярлауды көздейді.

2020 жылға қарай аталған санаттағы студенттерге тең жағдай мен кедергісіз қолжетімділікті жасаған ЖОО-ның үлесі 100 %-ды құрайды.

2. Әлемдік үрдістер аясында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мазмұнын жаңғырту.

Түлектердің жұмыс берушілер ойынан шығатын құзыреттіліктері ЖОО түлектері қажеттілігінің шарты болып табылады. Сондықтан бакалавриаттың білім беру бағдарламаларына өндірістің инновациялық технологияларын көрсететін және еңбек нарығында сұраныс бар біліктілік беретін жаңа пәндер енгізілетін болады. Білім беру бағдарламалары басқару дағдыларын игеретін практикаға бағдарланған сипатқа ие болады.

Бакалавриаттың білім беру бағдарламаларының мазмұнына кәсіпкерлік білім беру имплементацияланады, бұл ЖОО студенттеріне кәсіпкерлік құзыреттер беретін пәндердің (модульдердің) енгізілуін көздейді.

Қазіргі заманғы ІТ құзыреттілігін қалыптастыру үшін ЖОО-лар шетелдік ЖОО-лар мен трансұлттық компанияларды тарта отырып, цифрлық мамандықтар бойынша жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлейтін болады. Цифрлық технологияларды ескере отырып, ЖОО оқытушылары үшін біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылады. Астана қаласында халықаралық ІТ университетін және басқа да кампустары бар университеттерді ашу мәселесі пысықталатын болады.

Педагогикалық білім беруді жаңғырту жобасына сәйкес педагогтің кәсіптік стандарты әзірленеді, соған сәйкес педагогикалық білім беру мазмұны жаңартылатын болады. Педагогикалық кадрлар даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасы нығайтылатын болады. Бұл педагогикалық мамандықтар бойынша, оның ішінде ағылшын тілінде бакалавриат пен магистратураның 47 жаңа білім беру бағдарламасын әзірлеуді көздейді.

2020 жылғы қарай еңбек нарығында сұранысқа ие перспективалық, жаңа кәсіптерді ескере отырып, әзірленген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары енгізілетін болады.

«Атамекен» ҰКП жұмыс берушілердің сауалнамасының негізінде барлық білім беру бағдарламалары мен ЖОО-лардың рейтингісі өткізілетін болады.

2017 жылдан бастап гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемнің әртүрлі тілдерінен 100 үздік оқулықты қазақ тіліне аудару жұмысы басталады. Бұл студенттерге әлемнің үздік үлгілері бойынша оқуға мүмкіндік береді.

ҚР мемлекеттік тілді жаңа латын графикасына көшіру мәселелері бойынша ОПҚ біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастуру жөнінде шаралар қабылданатын болады.

Бұл үшін аудармашы кадрлар, авторлық құқық, оқу-әдістемелік бағдарламалар, оқытушылық-профессорлық құрам бойынша мәселелер пысықталатын болады.

Жалпы гуманитарлық пәндер кафедрасын қайта қалпына келтіру және философияны оқытудың жаңа әдістерін енгізу мәселелері пысықталатын болады.

Сонымен қатар тілдік курстарда ОҚП біліктілігін арттыру, жоо-лар үшін ағылшын тіліндегі шетелдік оқулықтар мен ОӘК-ты бейімдеу және т.б. жөнінде мәселелер пысықталатын болады.

Студенттер қазақ тіліндегі «Жаңа гуманитарлық білім» 100 жаңа оқулықпен танысып, оқу бойынша іс-шаралармен (бейне лекция, коментариилер, ақпараттық сүйемелдеу, дөңгелек үстелдер, презентациялар, шыққан кітаптарды танымал ету бойынша қоғамтанушы-ғалымдармен, қоғам қайраткерлерімен кездесулер) қамтылатын болады.

2017 жылдан бастап жұмыс берушілермен бірге жоғары білімі бар мамандарды тәуелсіз сертификаттау тетігі әзірленетін болады. 2019 жылға дейін педагогикалық кадрларды тәуелсіз сертификаттау және тілдік құзыреттілік бойынша студенттердің емтихан тапсыру талаптарын енгізу мәселелері пысықталатын болады.

Назарбаев Университетінде мамандар даярлау халықаралық стандарттарға сәйкес жалғастырылады.

Оқытушыларды даярлау және біліктілігін арттырудың сапалы жүйесі құрылады. Әлемдік деңгейге қол жеткізу үшін педагогикалық мамандықтарда оқытуды менеджмент және педагогтер даярлау саласындағы үздік халықаралық стандарттар негізінде отандық және шетелдік мамандар жүргізеді.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру құрылымы ЮНЕСКО 2013 Білім беру сыныптауышының халықаралық стандартына сәйкес келтірілетін болады:

1) 6-деңгей (БСХС 6) – бакалавриат және оның баламасы;

2) 7-деңгей (БСХС 7) – магистратура және оның баламасы;

3) 8-деңгей (БСХС 8) – докторантура және оның баламасы.

Жоғары оқу орнынан кейінгі деңгейде халықаралық практиканың тәжірибесі бойынша ел ғалымдарының ғылыми мансабын дамытуға бағытталған постдокторлық бағдарламалар енгізілетін болады.

2017 жылдан бастап жоғары оқу орындарының мемлекеттік аттестаттаудан аккредиттеуге толық көшуі жүзеге асырылады. Бұл сапаны іштен қамтамасыз етуден, сондай-ақ сапаны сырттан қамтамасыз етуден тұратын білім сапасын қамтамасыз етудің тиімді жүйесін жасауды көздейді.

ЖОО-ның білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша халықаралық еуропалық желілердің толық құқылы мүшесі болып табылатын және білім беру саласындағы уәкілетті органның тізіліміне енгізілген ұлттық немесе шетелдік агенттіктерде білім беру бағдарламаларын халықаралық аккредиттеу қызметі жалғастырылады.

Еуропалық жоғары білім беру кеңістігінің толық құқылы мүшесі ретінде Қазақстан жоғары мектебінің Болон процесінің міндетті, ұсынымдық және факультативтік параметрлерін, жоғары білім беруді дамытудың басым бағыттарын, оның ішінде ЕСТS типінде кредиттік оқыту жүйесін, академиялық және кредиттік ұтқырлықты одан әрі имплементациялауды, сондай-ақ студенттердің білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға тартылуын іске асыруы қамтамасыз етілетін болады.

Академиялық ұтқырлықты, оның ішінде шетелдік студенттердің қазақстандық ЖОО-ларға білім алуға келуі есебінен дамыту жалғастырылады.

Академиялық дербестікті кеңейту шеңберінде таңдау компоненті бакалавриатта 75%-ға дейін, магистратурада – 85%-ға дейін, докторантурада – 95%-ға дейін ұлғайтылатын болады. Бұл жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын, оның ішінде жалпы білім беретін пәндер циклі бойынша жасаудағы, ықпалдастырылған модульдері немесе пәндер бағдарламаларын әзірлеудегі дербестігін көздейді.

3. ЖОО білім алушыларын қоғамдық сананы жаңғырту шеңберінде рухани-адамгершілік құндылықтарын және салауатты өмір салты мәдениетін нығайтуға тарту.

Жоғары оқу орындарында тәрбие жұмыстарын жүргізу «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қағидаттарының аясында рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде, салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру білім алушыларды әртүрлі әлеуметтік іс-әрекеттерге тарту арқылы жүзеге асырылады.

Жоғары оқу орындары студенттерінің оң дамуы адамгершілік, эстетикалық тәрбиеге және коммуникативтік мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шараларға, қоғамдық өмірге, оқудан жұмыспен қамту өнімділігіне көшу үшін қажетті, өмірлік маңызды дағдыларды дамытуға, толеранттық тәрбиеге, конфессияаралық және этникалық әртүрлілік жағдайында қоғамда, келісімде өмір сүруге студенттерді тартуды қамтитын шаралар кешенін қарастырады. Студенттер оқу бойынша әдеби конкурстарға, өңірлік олимпаидаларға және кәсіпкерлік негіздер бойынша конкурстарға қатысатын болады.

Халықаралық тәжірибе негізінде еліміздің жоғары оқу орындарында студенттік өзін-өзі басқару енгізілетін болады, студенттер академиялық және зерттеу қызметіне белсенді тартылатын болады, олардың жоғары оқу орнын алқалы басқару органдарындағы рөлі арта түседі.

Белсенді азаматтық ұстанымды дамыту үшін ЖОО студенттері ірі халықаралық іс-шараларға дайындыққа белсенді түрде тартылады. ЖОО студенттері арасында дебаттық қозғалыс дамытылады. Шығармашыл жастарға қолдау көрсету үшін жыл сайын «Студенттік көктем» жастар шығармашылығы фестивалі өткізілетін болады.

Салауатты өмір салты мәдениетін нығайту студенттерді спорттық іс-шараларға жаппай тарту есебінен қамтамасыз етілетін болады.

ЖОО-лардың спорт клубтары институционалды мәртебеге, оның ішінде МЖӘ есебінен ие болады.

Ұлттық студенттер лигасының шеңберінде спорт федерацияларымен өзара ынтымақтастықта бұқаралық, ойын және жастар арасында танымал спорт түрлері дамитын болады.

Білім беру ұйымдарында спорт залдарды кезең-кезеңімен жаңғырту, спорттық жабдықтармен, оның ішінде МЖӘ шеңберінде жабдықтау, спорттық жарыстарда студенттік лигаларды дамыту бойынша іс-шараларды іске асырудың 2016-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары әзірленетін болады. Студенттер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруда жоғары оқу орындарының спорт клубтарының рөлі арта түседі.

Студенттердің бойында тамақтану мәдениетін қалыптастыру, оның ішінде теңгерімді пайдалы тамақты насихаттау және олардың табиғи және жаңа піскен өнімдерді тұтынуын қамтамасыз ету арқылы қалыптастыру жөнінде шаралар қабылданатын болады.

4. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру менеджментін және даму мониторингін жетілдіру.

Институционалды деңгейді қоса алғанда, білім берудегі менеджмент одан әрі жетілдіріледі. Бұл корпоративтік басқару қағидаттарына ие ЖОО-лар санын ұлғайту шараларын өткізуді (байқау немесе қамқоршылық кеңестері, директорлар кеңестері), жоғары оқу орындарының топ-менеджментіне шетелдік мамандарды тартуды, меншік нысанына қарамастан барлық азаматтық жоғары оқу орындарының басшылық құрамының жоғары білімдегі заманауи менеджмент бойынша біліктілікті арттыру курстарынан, оның ішінде бюджеттен тыс қаражат есебінен өтуін көздейді.

Ректорлардың жұртшылық алдындағы жыл сайынғы есептілігі арқылы іске асырылатын ашықтық пен қоғамға есеп беру қағидаты енгізіледі.

ЖОО-лардың академиялық, басқарушылық және қаржылық дербестігін кезең-кезеңмен кеңейту арқылы корпоративтік қағидаттары енгізіледі, сондай-ақ ЖОО-лардың эндаумент-қорларын қалыптастыру тетігі әзірленеді.

Мемлекеттік және ұлттық ЖОО корпоративтік басқару органдарын құруды көздейтін коммерциялық емес ұйымдарға айналдырылатын болады.

ЖОО-лардың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары өзгергеннен кейін бірыңғай ашық бухгалтерияны енгізу арқылы қаржылық дербестік мәселелері пысықталады.

ЖОО әкімшілігі мен оқытушылары тиісті біліктілікті арттыру курстары арқылы, оның ішінде бюджеттен тыс қаражаттар есебінен академиялық және басқару дербестігі жағдайында жұмыс істеуге үйренетін болады.

Барлық мүдделі тараптар 2016 жылдан бастап жаңа ұйымдастырушылық-құқықтық нысанға көшу бойынша ақпараттық науқан өткізеді.

Оның ішінде жоғары оқу орындарымен белсенді түрде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру (бейнероликтер, бейнедәрістер, пікірлер, дөңгелек үстелдер, жұртшылықпен кездесулер, және т. б.) саласындағы жаңашылдықтар туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-имидждік жұмыстар жүргізіледі.

Білім беру жүйесін цифрландыру шеңберінде білім беруді басқару жүйесін одан әрі құру арқылы білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде (орта, кәсіптік және техникалық, жоғары) білім процесін автоматтандыру жоспарлануда. Ол білім беру мен мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінің бірыңғай деректер базасын интеграцияланатын болады.

Сондай-ақ, Big Data (үлкен деректерді өңдеу технологиясы) технологиясын қолдана отырып, білімнің жан-жақты цифрлық сервистері интеграцияланатын болады.

Осылайша, білім беруді басқару жүйесі «білім алушының ID» құру және оны әрі қарай қолдану артқылы процестің барлық қатысушыларының электрондық деректер банкін қамтамасыз ететін болады, онда қажетті ақпарат электрондық формата қамтылатын болады.

Білім беруді басқару жүйесін іске қосу бала туралы деректерді жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізу арқылы жүзеге асырылады және білім берудің әрбір деңгейінде оқыту, оның ішінде  медициналық картасымен толық енгізе отырып толтырылады.

Білім беру деңгейі (балабақша, мектептер, колледжер, ЖОО-лар)  бойынша келесі әрбір қозғалыс ЖСН деректері бойынша электронды түрде жүзеге асырылатын болады.


жүктеу 1,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау