Нысаналы индикаторлар:
Ескерту. Тарауға өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 02.11.2012
№ 423
Жарлығымен.
Жұмыс берушілер қоғамдастығында біліктілікті тәуелсіз бағалаудан бірден өткен
жоғары оқу орындары түлектерінің оған қатысқандардың жалпы санынан үлесі (2020 жылы – 80
%).
Мемлекеттік тапсырыс бойынша жоғары оқу орындары түлектерінің мамандығы бойынша
жоғары оқу орнын бітірген жылы жұмысқа орналасқанының үлесі (2015 жылы – 78 %, 2020 жылы
– 80 %).
Әлемнің таңдаулы университеттері рейтингінде көрсетілген Қазақстанның жоғары оқу
орындарының саны (2015 жылы – 1, 2020 жылы – 2).
Халықаралық стандарттар бойынша тәуелсіз ұлттық институционалды аккредиттеуден
өткен жоғары оқу орындарының үлесі (2015 жылы – 50 %, 2020 жылы – 65 %).
Халықаралық стандарттар бойынша тәуелсіз ұлттық мамандандырылған аккредиттеуден
өткен жоғары оқу орындарының үлесі (2015 жылы – 20 %, 2020 жылы – 30 %).
Отандық ғылыми зерттеулердің нәтижелерін өндіріске енгізудің негізінде білім мен
ғылымды біріктіру жолымен инновациялық қызметті жүзеге асыратын жоғары оқу орындарының
үлесі (2015 жылы - 10%, 2020 жылы - 13%).
Соңғы 5 жыл ішінде импакт-факторлы ғылыми журналдарда жарияланымдары жарық көрген
профессор-оқытушы құрамының және ғылыми қызметкерлердің үлесі (2015 жылы – 1 %, 2020 жылы
– 5 %).
Еліміздің индустриялық-инновациялық дамуының жобаларына сәйкес келетін жоғары және
жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлармен қамтамасыз ету
Мемлекеттік білім беру тапсырысының құрылымы үдемелі индустриялық-инновациялық
дамудың сұраныстарына сәйкес өзгертілетін болады.
Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламаның (бұдан әрі – ҮИИДМБ) басымдықтарына сәйкес келетін мамандықтар
бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы ұлғайтылады.
Білім ұйымы, кәсіпорындар мен ҮИИДМБ жобалары үшін мамандар даярлауды жүзеге
асыратын жоғары оқу орындарында мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын студенттермен
практикадан өту және жұмысқа орналасу жөнінде шарттар жасалатын болады.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру
тапсырысының көлемі: магистратурада және PhD докторантурада, оның ішінде Назарбаев
Университеті үшін ұлғаяды.
«Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша стипендиаттардың 100 %-ы магистратурада,
докторантурада, ғылыми тағылымдамаларда оқитын болады, бакалавриатта – бір семестрден
академиялық бір жылға дейін.
ЖОО-ның кафедрааралық байланысы негізінде жоғары және жоғары білімнен кейінгі
білімді мамандар даярлау қарастырылады.
Жоғары білім беру жүйесінде педагогикалық және техникалық мамандықтардың
студенттеріне өндірісте кеңейтілген практика енгізілетін болады.
ЖОО-лар базасында ғылымды қажетсінетін өнімдер мен қызметтер жасау үшін ЖОО-лардың,
бейінді ғылыми ұйымдар мен кәсіпорындардың консорциумдары құрылатын болады.
Әлеуметтік әріптестер ҮИИД-ға кадрларды даярлау үшін гранттар мен стипендиялар (
ҮИИДМБ-дің әр жобасынан 5 грант/стипендия) бөледі.
ҮИИД-ің жобаларын іске асыратын кәсіпорындарда өндірістік практика базалары
құрылатын болады.
Жоғары білімнің мазмұны мен құрылымын Болон процесінің параметрлеріне сәйкес
келтіру арқылы жоғары білімнің еуропалық аймаққа кірігуін қамтамасыз ету
Ескерту. Тарауға өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 02.11.2012
№ 423
Жарлығымен.
Болон процесінің шеңберінде мынадай міндетті, ұсынымдық параметрлері орындалады:
академиялық еркіндік – білім беру бағдарламаларының құрылымы
мен мазмұнында таңдау
бойынша компонент көбейеді: бакалавриатта 70 %-ға дейін, магистратурада 80 %-ға дейін,
докторантурада 90–95 %-ға дейін;
Болон декларациясы принциптерінің бірі ретінде академиялық ұтқырлықты дамыту
мақсатында білім алушылар оқудың барлық кезеңінде кемінде бір академиялық кезеңде шетелде
, оның ішінде Президенттің "Болашақ" бағдарламасының гранты есебінен оқытылады;
ЖОО-лардағы тәрбие жұмыстарын күшейту;
сыбайлас жемқорлық деңгейін едәуір төмендету;
ЖОО-лардың академиялық, қаржылық және басқарушылық қызметінде ЖОО-лардың автономдық
ұстанымдары іске асырылады;
12 жылдық білім беруді іске асыру шеңберінде бакалавриаттың білім беру
бағдарламаларының құрылымындағы жалпы білім беретін пәндер циклінің үлесі 25 %-дан 15 %-
ға дейін азаяды;
еңбек нарығының сұраныстарына арналған еліміздің жоғары оқу орындарының білім беру
бағдарламаларының икемді әрекет ету тетігі енгізіледі – модульдік білім беру
бағдарламалары әзірленеді;
Болон процесінің және академиялық ұтқырлық орталығы құрылады.
Еңбек және жұмыспен қамтудың уәкілетті органымен бірлесіп, салалық министрліктер
мен жұмыс берушілердің қатысуымен Ұлттық біліктілік жүйесі құрылады:
білім берудің түрлі деңгейлеріндегі қазіргі біліктіліктер ұлттық және халықаралық
еңбек нарықтарында танылатын көпдеңгейлі біліктілік жүйесіне біріктіріледі;
жұмыс берушілер бірлестіктері нақты мамандықтар шеңберінде біліктілік талаптарына
сай келетін кәсіптік стандарттарды әзірлейді;
мамандардың кәсіби дағдылары мен біліктіліктерінің сапасын тәуелсіз бағалау мен
сертификаттау жүйесі енгізіледі.
Салалық қауымдастықтар базасында пилоттық режимдегі бірқатар тәуелсіз біліктілікті
растау орталықтары құрылады.
ЖОО-лар әзірлеген білім беру бағдарламалары Ұлттық біліктілік жүйесі талаптарына
сай келетін болады.
Білім беру бағдарламаларын іске асыруға және ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру
көлеміне байланысты мынадай республиканың ЖОО жіктеуішінің жүйесі құрылады: ұлттық
зерттеу университеттері, ұлттық жоғары оқу орындары, зерттеу университеттері,
университеттер, академиялар мен институттар.
Назарбаев Университеті моделі негізінде білім, ғылым, қаржы, халықаралық және басқа
қызметті жүзеге асыруда дербес болу деп түсіндірілетін жоғары оқу орындары автономиясының
принциптері әзірленетін болады. Мемлекеттік ЖОО-лар автономды коммерциялық емес ұйымдар
болады. Сонымен қатар ЖОО-лар есеп беруге тиісті қамқоршылық кеңестер, сондай-ақ жоғары
оқу орындарының қызметі айқындалатын тетіктер құрылады. Мемлекеттік ЖОО-лар үшін
ректорларды тағайындау тетігі жетілдіріледі.
Елдің ЖОО-ларына кезең-кезеңімен дербестік беру үшін жағдай жасалады. 2013 жылғы
қыркүйектен бастап ұлттық зерттеу университеттеріне, 2014 жылғы қыркүйектен бастап -
ұлттық жоғары оқу орындарына, 2015 жылғы қыркүйектен - қалған жоғары оқу орындарына
дербестік беріледі.
2016 жылдан бастап үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың басым салаларының
салалық біліктілік шеңберіне сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеу жұмысы
жалғастырылатын болады.
Жоғары білім сапасын бағалау жүйесінің жоғары тиімділігін қамтамасыз ету
Уәкілетті органның тізіліміне енгізілген аккредиттеу ұйымдары жоғары оқу орындарын
аккредиттеуді жүргізеді.
2020 жылға қарай ұлттық аккредиттеу органдары Аккредиттеу агенттіктерінің
тізіліміне енеді (Еуропалық сапаны қамтамасыз ету агенттіктерінің тізілімі).
2012 жылдан бастап аккредиттеуді коммерциялық емес үкіметтік емес аккредиттеу