Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы



жүктеу 0,51 Mb.
Pdf просмотр
бет18/20
Дата16.02.2018
өлшемі0,51 Mb.
#9838
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

түлектердің оқуды бітіргеннен кейінгі алғашқы жылы жұмыспен қамтылғандардың және жұмысқа 

орналасқандардың үлесі (2015 жылы – 78 %, 2020 жылы – 80 %).

      Ұлттық институционалды аккредиттеу рәсімінен өткен колледждердің үлесі (2015 жылы –

10 %, 2020 жылы – 30 %).

      Техникалық және кәсіптік білімнің құрылымы мен мазмұнын экономиканың 

индустриялық-инновациялық дамуының сұраныстарын ескере отырып жаңарту

      


Ескерту. Тарауға өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 02.11.2012 

№ 423


 Жарлығымен.

      Ұлттық және салалық біліктілік шеңберінің негізінде кадрлар даярлау құрылымы ретке 

келтірілетін болады.

      Мамандар даярлау еңбек нарығының болжанған қажеттіліктеріне сәйкес жүзеге 

асырылатын болады.

      Кәсіптік стандарттардың талаптарына сәйкес:

      ТжКБ мамандықтары бойынша типтік оқу жоспарлары мен бағдарламалары жаңартылады;

      арнайы пәндер бойынша типтік оқу бағдарламалары, оқу әдебиеті әзірленеді;

      бірнеше біліктілік алу үшін модульдік бағдарламалар әзірленеді, модульдік 

бағдарламалардың дерекқоры құрылады.

      Білім алушылардың практикалық дағдыларын дамыту үшін оқу жоспарларындағы кәсіптік 

практиканың үлесі 60 %-ға дейін ұлғаятын болады. Бұл үшін практика базасы жұмыс 

берушілермен әріптестік есебінен кеңейтіледі.

      Білім алушылардың бойында қажетті құзыреттіліктерді қалыптастыратын заманауи білім 

беру технологиялары оқу процесіне енгізілетін болады.

      Озық әлемдік тәжірибе мен қолданбалы зерттеулер жүргізудің негізінде ТжКБ жүйесін 

ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету жетілдірілетін болады. Республикалық және облыстық 

ғылыми-әдістемелік кабинеттер тиімді жұмыс істейтін болады, ТжКБ ұйымдарының 

кітапханалары қажетті оқу әдебиетімен толықтырылады.

      Экономика салалары үшін кадрлар даярлаудың инфрақұрылымын дамыту

      

Ескерту. Тарауға өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 02.11.2012 



№ 423

 Жарлығымен.

      Жастардың кәсіптік білім алуына қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін колледждер мен 

жатақханалар салу есебінен оқушы орындарының саны ұлғаяды. Атырау қаласында мұнайгаз 

саласы үшін, Екібастұз қаласында отын-энергетика саласы үшін, Шымкент қаласында өңдеу 

және Өскемен қаласында машина жасау салалары үшін 4 өңіраралық кәсіптік орталық жұмыс 

істейтін болады.

      Оқу орындары шарт негізінде өндірістік практикадан, тағылымдамадан өту үшін базалық

кәсіпорындарға бекітілетін болады.

      ТжКБ-ның 70 %-дан астам мемлекеттік оқу орындары заманауи оқу-өндірістік және 

технологиялық жабдықтармен, ақпараттық технологиялармен қайта жарақтандырылады. Оқу 

орындарын заманауи оқу-өндірістік және технологиялық жабдықтармен жаңартуға және қайта 

жарақтандыруға жергілікті, республикалық бюджет, жұмыс берушілер қаражаты, халықаралық 

ұйымдардың заем қаражаты есебінен тартылады.

      Экономика салаларына мамандардың біліктіліктерін сертификаттаудың тәуелсіз жүйесін 

енгізе отырып, жоғары білікті жұмысшы кадрлар даярлау сапасын реттеу, оның ішінде 

жергілікті жерлерде «оқушылық» түрінде қамтамасыз етілетін болады.

      Кадрлардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, қосымша қаражат тарту үшін ТжКБ 

оқу орындары мамандар даярлау бейініне сәйкес, оның ішінде тең құрылтайшылық арқылы 

ұлттық холдингтер мен компанияларға, транс-ұлттық корпорациялар мен шетелдік 

инвесторларға бекітілетін болады.

      Дүниежүзілік Банктің займы шеңберінде инновациялық даму бағдарламаларын іске 

асыратын оқу орындарын атаулы қаржылай қолдау жүйесі құрылатын болады.



      ТжКБ-да оқыту беделін арттыру

      


Ескерту. Тарауға өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 02.11.2012 

№ 423


 Жарлығымен.

      ТжКБ жүйесінде оқытудың тартымдылығы мен беделділігін арттыру үшін:

      әлеуметтік-педагогикалық қызметтер жоқ ТжКБ оқу орындарының жанынан мансаптық 

басшылық орталықтары (білім беру ұйымдарының құрылымдық бөлімшелері) құрылады;

      білім алушылардың, өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пән оқытушыларының 

арасында «Үздік оқу орны», «Ең үздік маман» республикалық конкурстары өткізіледі;

      үздік білім алушылар халықаралық кәсіби шеберлік конкурстарына қатысатын болады.

      Өнертапқыштық және өнертабыстық қызметке, техникалық шығармашылыққа бейім талантты 

білім алушылар анықталады және оларға қолдау (гранттар мен жұмыс берушілердің атаулы 

стипендиялары, жұмыс берушілер ұйымдастыратын және қаржыландыратын конкурстар арқылы) 

көрсетілетін болады.

      Жұмысқа орналастыруға ықпал ету үшін еңбек нарығындағы бос орындар базасымен өзара 

байланысты сертификатталған түлектердің дерекқоры құрылатын болады.

      ТжКБ-ны дамыту жөніндегі республикалық, өңірлік және салалық кеңестердің өзара 

іс-қимылы ТжКБ-ны дамытуға, кадрлар даярлауға және білім ұйымы, кәсіпорын мен студент 

арасында келісім жасау арқылы жұмысқа орналастыруға бизнес пен кәсіби қоғамдастықтың 

белсенді қатысуын қамтамасыз етеді.

      2020 жылға қарай:

      Кадрларды ұлттық біліктілік жүйесі негізінде даярлау толықтай еңбек нарығының 

сұраныстарына сәйкестендіріледі.

      Оқу орындарының оқу-өндірістік шеберханалары мен зертханалары заманауи 

оқу-өндірістік және технологиялық жабдықтармен, ақпараттық технологиялармен 

жарақтандырылады.

      Кәсіпорындардың нақты сұраныстарын ескере отырып, кооперативтік оқыту кең түрде 

енгізіледі.

      ТжКБ оқу орындарындағы оқыту жастар үшін тартымды және беделді болады.

      Бизнес пен кәсіби қауымдастық ТжКБ-ны дамытуға және кадрлар даярлауға белсенді 

қатысады.

      Экономика салаларында жұмыс берушілердің қатысуымен біліктілікті сертификаттаудың 

тәуелсіз орталықтары жұмыс істейтін болады.

      Әлемдік деңгейдегі колледждер құрылатын болады, олардың қызметін басқаруды "

Кәсіпқор" холдингі" коммерциялық емес акционерлік қоғамы жүзеге асырады. Олардың 

тәжірибесі ТжКБ бүкіл жүйесіне тарайтын болады.

 Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім

      Мақсаты:

      Еңбек нарығының, еліміздің индустриялық-инновациялық даму міндеттерін және жеке 

тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыратын және білім беру саласындағы үздік әлемдік 

тәжірибелерге сай келетін жоғары білім сапасының жоғары деңгейіне қол жеткізу.

      Міндеттері:

      1. Еліміздің индустриялық-инновациялық даму жобаларына сай келетін жоғары және 

жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлармен қамтамасыз ету.

      2. Жоғары білімнің еуропалық аймағына кірігуді қамтамасыз ету.

      3. Білімнің, ғылымның және өндірістің кірігуін қамтамасыз ету, зияткерлік меншік 

пен технологиялардың өнімдерін коммерцияландыру үшін жағдай жасау. Жоғары білікті ғылыми 

және ғылыми-педагог кадрларды даярлау.




жүктеу 0,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау