Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы



жүктеу 0,51 Mb.
Pdf просмотр
бет17/20
Дата16.02.2018
өлшемі0,51 Mb.
#9838
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің, арнайы жеке техникалық және компенсаторлық 

құралдардың болуы).

      Үйде білім алатын мүгедек балалар жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктері ескеріле 

отырып, компьютерлік техникамен және компьютерлік қамтамасыз ету жинақтарымен қамтамасыз 

етіледі.

      Жоғарыда айтылған міндеттерден басқа өзге де бірқатар мәселелерді шешу қажет.

      Қосымша білім беру мазмұны жетілдірілетін болады.

      Тұлғаның шығармашылық құзыретіндегі, үздіксіз білім беру мен тәрбиелеудегі, кәсіби 

өзін-өзі анықтаудағы бәсекелі артықшылықтарын қалыптастыру мақсатында негізгі бағыттар: 

шығармашылық-эстетикалық; ғылыми-техникалық; экологиялық-биологиялық; 

туристік-өлкетанушылық; әскери-патриоттық; әлеуметтік-педагогикалық; білім беру-сауықтыру

және т.б. бойынша балаларға қосымша білім беру мазмұны жаңартылады.

      Қосымша білім беретін педагогтерді және аралас мамандықтардың педагог 

ұйымдастырушыларын даярлау бағдарламасы жетілдіріледі.

      2015 жылға қарай қосымша білім беру ұйымдарының желісі ұлғайып, 625-ке жетеді.

      Бұл балаларды қосымша біліммен қамтуды 23 %-ға дейін көбейтуге мүмкіндік береді.

      Мектептерде спорт секцияларын құру арқылы дене шынықтыруды ұйымдастырудың мектептен

тыс нысандары жетілдірілетін болады.

      Құқық бұзушылықтар мен басқа да бейәлеуметтік құбылыстардың алдын алу бойынша әрбір

білім алушыны жекелей психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз ету жолымен 

қосымша білім беру конкурстары мен олимпиадаларының жүйесі арқылы оқушылардың қоғамдық 

және әлеуметтік белсенділігін қалыптастыратын балалар қоғамдық бірлестіктері дамиды.

      Жалпы оқытудың, мектептегі тамақтану мен медициналық қызмет көрсетудің тиімді 

менеджментін ұйымдастыру

      Жалпы оқыту

      2015 жылы оқушылардың қозғалыс мониторингінің бірыңғай ведомствоаралық кешенді 

ақпараттық жүйесі «Жалпы оқытуды», оның ішінде оқумен қамтылмаған «тәуекел топтарының» 

балаларын дербес есепке алу бойынша деректер базасымен бірге енгізу жоспарлануда.

      «Жалпы оқыту» жүйесін пайдалану жалпы оқытуды қамтамасыз етуге функционалды түрде 

тартылған түрлі басқару органдарының келісілген іс-қимылдарын қамтамасыз етеді және 

балаларды міндетті орта біліммен қамту туралы нақты ақпаратты алуға мүмкіндік береді.

      Мектептегі тамақтану

      2011 жылдан бастап облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім беру 

органдарының жанынан мектепте тамақтануды ұйымдастырудың, оның ішінде білім беру 

ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің тамақтану сапасы мен қауіпсіздігінің 

мониторингі бойынша ведомствоаралық сарапшы топтар құрылады.

      Мектеп оқушыларын тегін тамақтанумен қамту көрсеткіші барлық деңгейдегі әкімдер 

рейтингін бағалауға енгізіледі: 2012 жылы – табысы аз отбасылардан шыққан оқушыларға, 

2020 жылы – бастауыш және мектепалды сыныптар оқушыларына.

      2015 жылға қарай табысы аз отбасы оқушыларының 100 %-ы және 2020 жылға қарай 

мектептердің бастауыш және мектепалды сыныптар оқушыларының 100 %-ы ыстық дәрумендірілген

тамақпен тегін қамтамасыз етіледі.

      2020 жылға қарай орта жалпы білім беретін ауыл мектептерінің 100 %-ында күрделі 

жөндеуден өткен және жаңа жабдықтармен жарақтандырылған толық кезеңдік асхана жұмыс 

істейтін болады.

      2020 жылға қарай мектептің барлық оқушысы мектептерде стационарлық су тазартқыштар,

спенсерлер, диспенсерлер және басқа да құралдар орнату арқылы экологиялық таза ауыз сумен

қамтамасыз етіледі.



      Медициналық қызмет көрсету

      2015 жылға қарай мектеп жасындағы, оның ішінде ауылдық жерлердегі балаларды 

медициналық тексеру 100 % қамтамасыз етіледі.

      Диспансерлік есепте тұрған мектеп жасындағы балалардың үлесі 70 %-дан 50 %-ға дейін

, оқушылардағы асқазан-ішек жолының ауруы – 28,2 %-дан 18 %-ға дейін, сколиозбен (

мүсінінің бұзылуы) ауыратындар – 2 %-дан 1 %-ға дейін төмендейді.

      Денсаулығы нашар 60 %-ы балалардың арнайы медициналық топтардағы дене шынықтырумен 

шұғылдануға мүмкіндік алады.

      Осылайша «Орта білім» бағыты бойынша 2020 жылға қарай:

      барлық мектептерге 12 жылдық білім беру моделі енгізіледі;

      орта білімнің инфрақұрылымын дамыту жалғасады және мектептер техникалық 

жарақтанумен қамтамасыз етіледі;

      ШЖМ бірыңғай ақпараттық желіге қосылады;

      қосымша білім беру білім алушылар үшін беделге ие болады және тұлғаның кәсіби 

қалыптасуына ықпал етеді. Қосымша білім берумен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің 30–

50 %-ы қамтылады;

      инклюзивті білім жүйесі енгізіледі:

      инклюзивті білім үшін жағдай жасайтын мектептердің үлесі мектептердің жалпы санынан

70 %-ға ұлғаяды;

      мүгедек балалар үшін «кедергісіз қол жеткізуді» жасайтын мектептердің үлесі 

мектептердің жалпы санынан – 20 %;

      инклюзивті біліммен қамтылған балалардың үлесі даму мүмкіндігі шектеулі балалардың 

жалпы санынан – 50 %.

      медициналық қызмет көрсету мен мектептегі тамақтанудың тиімді менеджменті 

ұйымдастырылады;

      оқушылар жалпы білім беретін мектепте сапалы медициналық қызмет ала алады. Жалпы 

білім беретін мектептерде медициналық кабинеттерді ашу және оның қызмет етуін қамтамасыз 

ету бойынша шаралар қабылданады;

      мемлекеттік-жеке әріптестік негізінде облыс орталықтарында, Астана және Алматы 

қалаларында мектептегі тамақтанудың 16 энергия үнемдегіш комбинаты салынады, республика 

мектептерінің 50 %-ының мектептегі ас блоктарының материалдық-техникалық базасы 

жаңартылады. Сапалы, дәрумен қосылған және қауіпсіз мектептегі тамақтануды ұйымдастыру 

мониторингінің жүйесі енгізіледі.

 Техникалық және кәсіптік білім

      Мақсаты:

      Қоғамның және экономиканың индустриялық-инновациялық даму сұраныстарына сәйкес ТжКБ

жүйесін жаңғырту, әлемдік білім беру кеңістігіне кірігу.

      Міндеттері:

      1. Экономиканың индустриялық-инновациялық даму сұраныстарын ескере отырып, 

техникалық және кәсіптік білім (бұдан әрі – ТжКБ) мазмұнының құрылымын жаңарту.

      2. Экономика салалары үшін кадрлар даярлаудың инфрақұрылымын дамыту.

      3. ТжКБ-да білім алудың беделін арттыру.

      Нысаналы индикатор:

      

Ескерту. Тарауға өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 02.11.2012 



№ 423

 Жарлығымен.

      Қатысушылардың жалпы санына шаққанда кәсіби даярлық деңгейін бағалаудан және 

біліктілікті беруден алғашқы реттен өткен ТжКБ бітірушілерінің үлесі (2015 ж. - 75%, 2020

ж. - 80%).

      ТжКБ оқу орындарында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алған 




жүктеу 0,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау