Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы



жүктеу 0,51 Mb.
Pdf просмотр
бет16/20
Дата16.02.2018
өлшемі0,51 Mb.
#9838
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

Жылдар

Оқытудың 12 жылдық бағдарламасы

бойынша

Оқытудың 11 жылдық 



бағдарламасы бойынша

2015 – 2016

1, 5, 11

2, 3, 4, 6, 7, 8, 9, 11

2016 – 2017

1, 2, 5, 6, 11, 12

3, 4, 7, 8, 9

2017 – 2018

1, 2, 3, 5, 6, 7, 11, 12

4, 8, 9


2018 – 2019

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 11, 12

9

2019 – 2020



1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 11, 

12

      11 жылдық мектептің 9-сыныбынан 12 жылдық мектептің 11-сыныбына көшу 2015 – 2016 



оқу жылынан 2019 – 2020 оқу жылына дейін жүзеге асырылады. Оқытудың 12 жылдық моделінің 

11 және 12-сыныптарында оқыту ақысыз болады.

      Алдын ала деректер бойынша 2015 жылғы 1 қыркүйекте оқушылардың жалпы саны шамамен 

2,7 млн. баланы құрайды.

      Олардың ішінде 12 жылдық бағдарлама бойынша: 1-сыныпқа – 600 мың баладан аса (

шамамен 6 жастағы балалар – 450 мың және 7 жастағы балалар 150 мың). Сынып-жинақтардың 

болжамды саны – шамамен 30 мың;

      5-сыныпқа – 260 мыңнан астам, сынып-жинақтардың болжамды саны – шамамен 13 мың;

      11-сыныпқа – шамамен 175 мың бала, сынып-жинақтардың болжамды саны – 8 мыңнан астам

.

      2015 жылдан бастап жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың, 



зияткерлік мектептердің, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің жоғары 

сыныптарында «Бейіндік мектеп» бейінді оқу бағдарламасы іске асырылады. Бейіндік мектепке

қабылдау ұлттық тестілеу негізінде жүзеге асырылады.

      Бейіндік мектепте оқуды 10-сынып бітірушілерінің 60 %-ы жалғастырады деп 

болжамданып отыр. Осы ретте бейіндік мектеп ашу, оның ішінде жатақханамен, оның 

жартысынан көбін ауылдық жерлерде ашу қарастырылып отыр. Сонымен, бір уақытта жоғары оқу 

орындарының базасында бейінді оқыту бағдарламасын іске асыратын мектептер құрылады. 

Бейіндік мектепте (11 – 12-сыныптар) оқу мен орналастыру мүмкіндігі қарастырылатын 40 

жоғары оқу орны анықталған.

      Жинақталған тәжірибе мен халықаралық тәжірибені ескере отырып, 2015 жылдан бастап 

Қазақстанның білім жүйесінің құрылымы ХББСК-ға сәйкестендіріледі. Техникалық және 

кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтар жіктеуіші қайта қарастырылатын 

болады. Орта кәсіптік білімнің бөлек білім бағдарламалары үшінші білім жүйесіне (

қолданбалы бакалавриат) ауыстырылады, колледждердің мәртебесі артады. Қолданбалы 

бакалавриаттың бағдарламаларына түсу үшін толық орта білімді аяқтау қажет.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің құрылымы



      Оқушылардың оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүйесі әлемдік тәжірибені ескере 

отырып дамиды.

      Ұлттық тестілеу бастауыш, негізгі және бейіндік мектептерді бітіргеннен кейін:

      бастауыш мектепте – ішінара, оқушылардың оқу жетістіктеріне мониторинг жүргізу 

мақсатында;

      негізгі мектепте (10 сыныптан кейін) – оқытудың одан әрі жолын анықтау мақсатында;

      бейіндік мектепте – алған білім-білігінің деңгейін бағалау мақсатында өткізіледі.

      2015 жылға қарай жазба тапсырмаларын қоса алғанда, білім алушылар 

құзыреттіліктерінің қалыптасу деңгейін анықтауға бағытталған тестілеу тапсырмаларының 

базасы құрылатын болады.

      Сыртқы емтихандар жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып, компьютерлік 

тестілеу әдісімен өткізіледі.

      Жоғары білім алуға үміткерлер тәуелсіз ұлттық тестілеу нысанында қосымша бейінді 

емтихандар тапсыратын болады.

      Білім берудің инновациялық, көптілді моделін жасау мақсатында білім беруді үш тілде

ұсынатын мектептердің саны 33-тен 700-ге дейін көбейеді. Оның ішінде, «Назарбаев 

Зияткерлік мектептері» мектептер желісінің саны 6-дан 20-ға дейін көбейтіледі. Бұл 

мектептер білім берудің көптілді моделін, білім берудегі инновацияларды сынақтан өткізу 

үшін базалық алаңдар болады.

      Қазақстан оқушыларының білім беру сапасының халықаралық зерттеулеріне қатысуы 

қамтамасыз етіледі: PISA (15–16 жастағы оқушылардың математика сауаттылығы мен оқу және 

жаратылыстану бойынша сауаттылығын бағалау), TIMSS (4 және 8-сынып оқушыларының 

математика және жаратылыстану бойынша білімінің сапасын бағалау), PIRLS (оқу деңгейі мен 

сапасын салыстыру, әлем елдеріндегі бастауыш мектеп оқушыларының мәтінді түсінуі), TIMSS 

ADVANSED (11-сынып оқушыларының математика және жаратылыстану (физика) пәндерін 

тереңдетіп оқытатын сыныптарда сол пәндер бойынша сауаттылығын бағалау), ICILS (8-сынып 




оқушыларының компьютерлік және ақпараттық сауаттылығын бағалау).

      Оқытудың 12 жылдық моделінің талаптарына сәйкес материалдық-техникалық база 

жаңартылады.

      Мектептердің спорт залдарын қазіргі заманғы жабдықтармен жарақтандыру мәселесі 

шешіледі.

      Жергілікті бюджет қаражаттары есебінен мектептерге сервистік қызмет көрсете отырып,

оларды физика, химия, жаңа түрлендірілген биология кабинеттерімен, лингафондық және 

мультимедиалық кабинеттермен жарақтандыру жалғастырылатын болады, олардың үлесі 35,6 %-

дан 80 %-ға дейін ұлғаяды.

      2011 жылдан бастап бейіндік мектептерге, оларды жарақтандыруға қойылатын талаптар 

әзірленеді.

      Бұдан басқа, мектептердің үш ауысымдығы мен апаттылығын жою мақсатында мектептер 

салынатын болады.

      ШЖМ проблемаларын шешу

      ШЖМ-дағы білім беру сапасын арттыру проблемаларын шешуге мынадай іс-шаралар ықпал 

ететін болады:

      2011 жылы:

      Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясының базасында ШЖМ-ды дамытудың 

республикалық орталығы, педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын 

ұйымдардың жанынан 14 өңірлік орталық құрылады, ШЖМ қызметінің үлгі ережесі әзірленеді;

      «Мектепке және мектептен тегін әрі қауіпсіз жеткізетін мектептер жоқ елді 

мекендерде тұратын білім алушылар мен тәрбиеленушілерді қамтамасыз ету» стандарты 

әзірленеді және қабылданады.

      2011 жылдан бастап:

      оқушылар саны 10 және одан көп барлық ШЖМ жаңа түрдегі компьютерлермен және кең 

жолақты Интернетке қол жеткізумен қамтамасыз етіледі. Қашықтықтан оқыту «e-learning» 

электрондық оқыту шеңберінде ұйымдастырылады;

      160 тірек мектеп ашылады.

      Тірек мектеп (ресурстық орталық) – базасында жақын маңдағы ШЖМ-ның білім беру 

ресурстары шоғырланатын білім беру ұйымы. Әрбір ресурстық орталыққа бірнеше ШЖМ 

бекітіледі. ШЖМ-дағы балалар үш рет (оқу жылының басында, ортасында және соңында) он 

күннен (сессия) тірек мектепте білім алады әрі онда аралық және қорытынды аттестаттау 

тапсырады. Сессияаралық кезеңде ШЖМ-да оқыту тірек мектеп мұғалімдерінің қатысуымен және 

қашықтықтан оқыту технологияларының көмегімен жүргізіледі. Осылайша, ресурстық орталықтар

ШЖМ оқушыларының сапалы білімге қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

      2020 жылға қарай ШЖМ, негізінен, бастауыш және негізгі орта білім деңгейлері үшін 

жұмыс істейді.

      ШЖМ проблемасы тірек мектептер (ресурстық орталықтар), интернаттар, жеткізу 

есебінен шешіледі.

      Инклюзивті білім жүйесін дамыту

      2015 жылға қарай аталған міндетті шешу үшін:

      мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары;

      мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту 

ережесі әзірленеді, түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады;

      мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру қағидалары әзірленеді.

      2020 жылға қарай мектептерде мүгедек балалар үшін көтергіш жабдықтар, пандустар, 

санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен, арнайы парталармен

үстелдермен және басқа да арнайы компенсаторлық құралдармен жарақтандыру арқылы «

кедергісіз аймақтар» құрылады.

      3030 мектепте мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға және тәрбиелеуге тең қол 

жеткізу үшін жағдайлар жасалады (мектептерде педагог-дефектологтардың, балаларды 



жүктеу 0,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау