Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 2019



жүктеу 338,05 Kb.
Pdf просмотр
бет3/22
Дата29.12.2019
өлшемі338,05 Kb.
#25384
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

      Жеке бастама әлсіз күйінде қалуда, оған бірнеше фактор әсер етеді: мемлекеттің 

экономикаға  қатысуының  жоғары  болуы,  бірқатар  салалардың  жоғары 

монополиялануы,  жұмыс  істемейтін  кепілдеме  активтер  үлесінің  жоғары  болуы, 

қаржыландыруға  шектеулі  қолжетімділік,  қор  нарығының  дамымауы  және  жоғары 

валюталық тәуекелдер.

            Инфрақұрылымдық  шектеулер  мен  күрделі  кедендік  рәсімдер  экспорттық 

мүмкіндіктерді  төмендетеді.  Көлік  арналарының  жеткіліксіздігі,  логистиканың 

тиімсіздігі,  көлік  инфрақұрылымының  тозуы  және  сауда  инфрақұрылымының 

дамымағандығы,  жоғары  көліктік  шығындар  қазақстандық  бизнестің  бәсекелік 

артықшылықтарын айтарлықтай шектейді.

            Еңбек  ресурстарының  төмен  сапасы  және  шетелдік  қызметкерлерді  жалдау 

қиындығы  индустрияландыруды  жүргізу  мен  бизнесті  дамыту  үшін  шектеуші 

факторлар болып табылады.

            Металлургия  және  химия  өнеркәсібі  сияқты  салаларда  Бағдарлама  үшін 

мамандықтарға  деген  қажеттілік  жоғары  оқу  орындарын  аяқтаудың  межеленген 

мөлшерімен тиісінше 96% және 89% сәйкес келеді. Бұл ретте, тамақ өнеркәсібі және 

машина  жасау  сияқты  салаларда  оқытып  шығару  бойынша  жоспар  Бағдарлама 

салаларының қажеттігінен 1,5-2 есе жоғары.

      3.2. Индустриялық дамудың жаһандық трендтері

            Бағдарламаны  әзірлеген  кезде  100-ге  жуық  жаһандық  тренд:  жалпы  әлемдік, 

экономикалық, технологиялық және метаүрдістер ескеріліп, бағаланды. Қазақстан үшін

релеванттықты және Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестікті бағалау 

негізінде іріктеу процесінің нәтижесінде мынадай түйінді мегатрендтер айқындалды.

      1. Цифрлы технологияларға екпін жасай отырып, өндірістік тізбектерді түрлендіру. 

Жеткізушілердің  мамандануы,  сегменттер  бойынша  әртараптандыру  күшейеді  және 

трансұлттық компаниялар (бұдан әрі - ТҰК мен ірі өңірлік өндірушілердің құн тізбегін 

құруға кіру есебінен бүкіл әлем бойынша жеткізілімдер кеңейе түседі. Бұл ретте ТҰК 

жергілікті жеткізушілер экожүйесінің болуына және олардың сапасына мүдделі болады




.  Тіпті  еңбекті  көп  қажет  ететін  секторларда  еңбек  ресурстары  құнының  мәні 

төмендейді, олардың сапасы маңыздырақ факторға айналады.

      2. Көрсетілетін қызметтердің үлесі мен маңыздылығын арттыру және өнеркәсіптегі 

креативті  секторлардың  өсуі.  Өңдеуші  өнеркәсіптің  үлес  салмағы  бұдан  былай 

әртараптандырудың және экономикалық өсудің көрсеткіші болып табылмайды, себебі 

көрсетілетін қызметтер секторының озыңқы өсуі жаһандық трендке айналды. Өнімнің 

технологиялық  күрделілігінің  өсуіне  және  қазіргі  заманғы  өндіріс  секторларындағы 

модульдік конструкцияларға өту шамасына қарай көрсетілетін қызметтер маңызды рөл 

атқара  бастайды.  Экономикалық  белсенділік  өндірістен  адами  капитал  тұрғысынан 

ауқымды көрсетілетін қызметтер саласына ауысуда.

      3. Дамушы нарықтардан капиталдың жылыстауы. Тез дамушы елдерге капиталдың 

келуі 2000 жылғы 378 млрд. АҚШ долларынан 1,2 трлн. АҚШ долларына дейін 3 есе 

өсті,  бірақ  2014  жылдан  бастап  күрт  жылыстау  байқалуда.  Осы  үрдісті  болдырмау 

мақсатында  бұл  елдер  преференциялар  мен  субсидиялар  беру,  инвесторлардың 

құқықтарын  қорғау,  реттеушілік  шектеулерді  жұмсарту  және  капитал  мен  баламалы 

қаржы  құралдарының  нарығын  дамыту  бөлігінде  инвестицияларды  тартуға 

бағдарланған.

            4.  Елдердің  өндірісті  орналастыру  мен  дамыту  үшін  бәсекелестігі.  Дамушы 

елдердегі өндірістік алаңдардың маңыздылығы соңғы онжылдықтарда үнемі ұлғайып 

келеді және олардың арасындағы бәсеке күшеюде. Өндірістерді қайтару үшін дамыған 

елдер дамушы елдермен бәсекеге түсті және қайта индустрияландыру бағдарламаларын

әзірлеуде.  Өндіріс  шығындары  төмен,  ресурстық  базасы  дамыған  немесе 

жеткізушілердің экожүйесі дамыған әрі жаһандық қосылған құн тізбегіне (бұдан әрі - 

ҚҚТ) қатысу тұрғысынан қолайлы елдерге ауысуда.

            5.  Еңбек  өнімділігіне  назар  аудару.  Әлемдегі  бәсеке  өнімділіктің  өсуі  есебінен 

күшеюде: соңғы 20 жылда еңбек өнімділігінің әлемдік деңгейі 2,6 есе артты. Өнімділік 

елдердің  бәсекеге  қабілеттілігінің  бейнесіне  айналуда  және  технологиялар  мен 

инновацияларды,  адами  ресурстар  мен  машықты,  кәсіпкерлікті,  бәсекені, 

компанияларға корпоративтік қайта құрылымдауды жүргізуді дамытумен ұштасқан.



      6. Кәсіпкерлік рөлінің өсуі. Индустриялық даму бүкіл әлемде кәсіпкерлік әлеуетке 

сүйенеді.  Көптеген  секторларда  интеграцияланған  компаниялар  жеткізушілердің 

көпдеңгейлі  жүйелеріне  жол  береді,  шағын  және  орта  бизнестің  рөлі  өсуде.  Шағын 

және орта бизнесі дамыған елдер өз аумағында жаһандық салалық тізбектердің жаңа 

сегменттерін сәтті дамытуға ең көп мүмкіндіктерге ие.

      7. Халықтың ұтқырлығы. Бүкіл әлемде адамдар жаһандану, басқа мәдениеттерге 

қызығушылықтың  өсуі,  көлікке  қолжетімділік,  сондай-ақ  ел  мен  өңірдегі  жағдайдың 

нашарлауы есебінен қозғалуда ұтқыр бола бастады. Әлеуетті тәуекелдерді жою және 

тиімді  ден  қою  үшін  жоғары  білікті  шетелдік  кадрларды  тарту  мақсатында  көші-қон 

рәсімдерін  оңайлату,  таланттарды  ел  ішінде  сақтап  қалу  бойынша  шараларды  енгізу 

және HR функциялардың құзыреттілігін арттыру қажет.

            8.  Урбандалу  және  қалалардың  өсуі.  2000  жылдан  бастап  2050  жылға  дейін 

урбандалу  пайызы  47%-дан  70%-ға  дейін  ұлғая  отырып,  шамамен  3,5  млрд.  адам 

қалаларға  көшіп  келеді  деп  болжанады.  Бұл  ірі  қалалар  инфрақұрылымының 

жеделдетілген дамуын және өндірістік қуаттардың олардың айналасына шоғырлануын 

талап етеді.

      3.3. Өңдеуші өнеркәсіптің жекелеген салаларын дамытудың жаһандық трендтері

      Қара металлургия. Халықаралық нарықтарда дамушы елдердегі (Үндістан, Иран, 

Таяу  Шығыс  және  Африка  елдері)  тұтынудың  өсуі,  урбандалу,  экономиканың  жаңа 

секторларында (жаңартылатын энергия көздері (бұдан әрі - ЖЭК), жаңа көлік) артып 

келе  жатқан  тұтыну,  балама  өніммен  алмастырудың  қиындығы  сияқты  жаһандық 

трендтердің есебінен 2030 жылға қарай болатты тұтынудың 1,3 есе өсуі күтілуде.

            Жел  және  күн  энергиясының  көздері  энергетиканың  кез  келген  басқа  көздеріне 

қарағанда, болатты көбірек қажет етеді. Мысалы, әдеттегі жел турбинасына шамамен 

180  тонна  болат  пайдаланылады,  офшорлық  турбинаға  шамамен  450  тонна  болат 

пайдаланылады.  World  Steel  Association   деректері  бойынша  2050  жылға  қарай 

3

шамамен 1 млн. жерүсті турбина және 100 мың теңіз турбинасы орнатылатын болады.




жүктеу 338,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау