§ 87. Газтұтқыш қораптарын зарядтаушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Газтұтқырлардың газға қарсы қораптарын зарядтау және қайта зарядтау. Сору қабілетіне, герметикалық пен кедергіге қорапты бақылау- өлшеу аспаптарының көмегімен сынау. Ауаны үрлеумен газтұтқырлардың газға қарсы қораптарын регенерациялау.
Білуге тиіс: газға қарсы қораптардың маркалары, олардың белгіленуі; әрбір марка үшін сорғыштардың құрамы және сорғыштардың қасиеттері; газға қарсы қораптардың соғу құрамдарын, сондай-ақ адсорбенттер мен олардың орнын басушыларды зарядтау, қайта зарядтау және регенерациялау ережесі.
§ 88. Суыту аппараттарын зарядтаушы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қанықтыру резервуарларының натрий хроматының сулы ерітіндісімен құю. Вакуум-сорғылардың, қанықтыру резервуарлардның, су аммиак ерітіндісін суыту қондырғыларының,зарядтенген құбырларменжұмысын қадғалау. Сутегі және аммиактық баллондарды ауыстыру. Заряд станциасының аппараттарының жұмысы туралы жазулар жүргізу. Суыту аппараттарын зарядтау үшін жақындату. Заряд станциясының аппаратурасын ағымдағы жөндеуге қатысу.
Білуге тиіс: зарядтау станциясының жабдығының жұмыс істеу қағидасы; суыту қондырғыларының, вакуум-сорғылардың, зарядтау стенділерінің; қанықтыру резервуарларын натри хроматының су ерітіндісімен құю және сутегі мен аммиак баллондарын ауыстыру тәсілдері.
§ 89. Суыту аппараттарын зарядтаушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Суыту аппаратының су аммиактық ерітіндімен, сутегімен зарядтау және олардытолтыру сапасые тексеру. Қанықтыру резервуарларында су аммиактық ерітіндіні дайындау. Қанықтыру резервуарларында қысымды реттеу және ерітіндіні қанықтыру үшін суытатын суды беруді реттеу. Зарядтауға суыту апараттарын дайындау (вакумм, сутегімен үрлеу,екінші рет вакумдау). Зарядты штуцердігерметикалыққатексеру. Зарядты станцияны ағымдағы жөндеу және жөндеуден кейін сынау.
Білуге тиіс: Зарядтау станциясының негізгі бөліктерінің құрылысы және белгіленуі зарядтау стенділерінің, суыту қондырғыларының, вакуум-сорғылардың, коллекторлардың, реттеу аспаптардың құбырлардың және арматураның; тұрмыстық тоңазытқыштардың суыту аппараттарының құрылысы; ерітіндіні қанықтыру үшін суыту суын беруді реттеу ережесі; зарядтау кезінде суыту аппараттарын ұстай біілу ережесі; су аммиактық ерітіндіні дайындау тәсілдері; аммиакты, сутегіні және ерітінділерді орындалатын жұмыс шегінде физмкалық химиялық қасиеттері.
§ 90. Суыту аппараттарын зарядтаушы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Су аммиактық ерітіндіні араластыруүшін қанықтыру резервуарларына сутегіні беруді реттеу. Талдауға сынабалар алу. Аммиактың жоғары консентрциясы кезінде ерітіндіні қосу немесеталдау деректері бойынша ерітіндінің коннцентрациясы жетпеген кезде аммиак қосу
Білуге тиіс: Зарядтау станциясы жабдығының құрылысы: зарядтау стендерлердің, суыту қондырғыларының, вакуум-сорғылардың, коллекторлардың, реттеу аспаптарына, құбырлардың және арматураның; қызмет көрсетілетін бақылау- өлшеу аспаптарының құрылысы; талдауға су аммиактық ерітіндінің сынамаларыналу алу ережесі және реттілігі;қалақтыру резервуарларында сі аммиактық ерітіндіні қосу кезінде сутегі мен аммиакты беруді реттеу ережесі.
§ 91. Трафареттер, шкалалар мен платалар даярлаушы
1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Престерде және реттелген станоктарда әр-түрлі аспаптарға және бұйымдарға арналған шкалалар дайындау. Фотобасу әдісімен шкалалармен қалқамдар дайындау. Анағұрлым жоғары білікті дайындаушының басшылығымен трафаретті пайдаланумен платаға немесе станокта сызбалар түсіру. Платалар мен шкалаларды немесе басқа суреттерді басуға дайындау. Торды рамаға пішу, керу және оны бекіту. Торларды майсыздандыру және кептіру. Кейіннен кептірумен және өңдеуменқағаз шкалаларынплаталарға жабыстыру. Трофарет бойынша немесе басылған контурмен шкаланың секторларын лакпен немесе тушпенбояу. Анағұрлым жоғары білікті дайындаушының басшылығымен берілген рецептура бойынша фото басуға арналған арнайы ерітінділерді құру. Сурет шаблондарды дайындау. Сырттай қараумен дайындалған шкалалардың сапасын тексеру.
Білуге тиіс: Клишеге және пуансонға басу бояуын жағу ережесі; қолданылатын желімдердің, бояулар мен лактардың белгіленуі және қасиеттері; сурет басу үшін ерітінділерді құрастыру ережесі және оларды пайдалану; шкалалармен платаларды сызбаларды басуға дайындау тәсілдері.
§ 92. Трафареттер, шкалалар мен платалар даярлаушы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Өз бетімен реттеумен сызу, сызу-бөлу немесе жазу станоктарында әр түрлі аспаптармен бұйымдарға арналған шкалалар дайындау, сондай-ақ қолмен бояумен немесе тушпен шкалаларға белгілер, әріптер, сандар және басқа белгілеулер жағу. Сызуға сәйкес фотобасу және өңдеу әдісімен аспаптар мен бұйымдарға арналған шкалалар кестелермен қалқандар дайындау. Қажетті компоненттерді таңдау және берілген рецептура бойынша фотобасуға арналған ерітінділер құрастыру. Трафаретті іс пайдаланумен қолмен немесе станокта платаларға сызбалар түсіру. Басу платаларының шкалаларына айналған дайындамаларға путурезистер және жарық сезімтал эмулсия жағу. Жарық сезімтал қабатты экспонирлеу дайындау, бекіту және қайталау. Пленка негативтерін дайындау. Металды гольбаникалық өсіруге платаларды жинақтау. Сеткаларды дайындау және суреттің көшірмелерін торға көшіру. Айна шкалаларымен әртүрлі платалаларына қағаз платаларды жабыстыру. Айна қоюмен шкаланың фасондық терезесін ашу. Басылған шкалалармен платаларды ретуштау.
Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтың жұмыс істеу қағидасы; жарық сезімтал эмульсиялардың және басуға арналған бұйымдардың биссектурасы және дайындау тәсілдері; қолданылатын бояулар мен лактардың қасиеттері; бояулар мен лактарды жағу тәсілдері; негативтердің белгіленуі және оларды дайындау ережесі; шкалаларға, платаларға, кестелер мен қалқаншаларға қойылатын талаптар; қолданылатын материалдарды сақтау шарттары.
§ 93. Трафареттер, шкалалар мен платалар даярлаушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сызу және арнайы шкалалық машиналарда әр түрлі аспаптар мен бұйымдарға арналған шкалалар дайындау. Рилевтік суретімен фото хим граверлеуәдісімен кестелерді, талқандарды, сызбаларды, пластиналарды және пенельдерді дайындау. Жалпақ көшіру станоктарында, жартылай автоматтарда және автоматтарда шкалаларды, платаларды сызбаларды және он панельдерді басу. Электрониктерді түзету. Торлы трафореттерді дайындау. Платалардың дайындамаларын химиялық және голваниялық мыстау. Гальваникалық өңдеуден кейін платаларды өңдеу. Фотобасуларды белтуштау. Екі жақтық басу сызбаларын көшіру. Әр түрлі аспаптардың шкалаларына белгілеуді, әртүрлі сандармен суреттерді жабыстыру. Фото өңдеу әдісімен санблаттарды басу үшін матрицаларды дайындау. Қызмет көрсететін жабдықты жөндеу.
Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтың құрылысы және жөндеу тәсілдері; орындалатын жұмыс шегінде химиямен электротехникада негізгі мәліметтер; металды голбаникалық тұндыру және өңдеу процесі; суретхим гравирлеу тәсілдері; өңдеу ерітінділерінің құрамы және дайындау тәсілдері.
§ 94. Трафареттер, шкалалар мен платалар даярлаушы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Басу сызбаларын, маскаларды, сандық және әріптік трафареттерді дайындау. Фотохимиялық, электрохимиялық және құрастырылған әдістермен платалар дайындау. Ферриттік дайындамаларға басу сазбаларын жағу. Микроскоппен басу платаларын бақылау және түзету. Фотохимгаверлеу әдісімен және дөнес суретпен әртүрлі аспаптар мен бұйымдарға арналған сызбаларды манганиндік фольгада дайындау. Электролиттер құру. Қызмет көрсететін жабдықты жөндеу және реттеу.
Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтың құрылымы және жөндеу ережесі; әр-түрлі әдістермен платалар дайындау ережесі; басу платаларын бақылау және түзету тәсілдері; манганиндік фольгада сызбаларды дайындау ерекшеліктері; бақылау- өлшеу аспаптарының белгіленуі және пайдалану ережесі.
§ 95. Баллондарды сынаушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. 15 МПа (150 кгс/кв. см дейін) дейін қысыммен баллондарды сынау. Баллондарды байқауға сынау: байқау, жарамдылығын анықтау өнім қалдықтарын алып тастау, баллондардың бетін тазалау, булау, тазарту, және кептіру өлшеу. Баллондардың көлемін тексеру. Сынау процесінде табылған ақауларды жою. Баллондарға сынау деректерін жазу: нөмірін, сынау күнін, көлемін, массасын. Паспорт бойынша баллондарды тіркеу. Шұраларды баллонға кигізу және тексеру. Баллондарды қатарлап жинау.
Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтың құрылысы және құрылымы; баллондардың жіктемесі, баллондарды сынау бойынша қазан бақылау ережесі; техникалық шарттарға сәйкес баллондарды сынау және таңбалау ережесі; сынау барысында табылған ақаулықтарды жою әдістері; әр-түрлі әдістермен платалар дайындау ережесі; басу платаларын бақылау және түзету тәсілдері; манганиндік фольгада сызбаларды дайындау ерекшеліктері.
15 артық 30 МПа дейін (150 артық 300 кгс/кв. см дейін) қысыммен баллондарды сынаған кезде - 4-разряд;
30 МПа артық (300 кгс/кв. см артық) қысыммен баллондарды сынаған кезде - 5-разряд.
§ 96. Пеш жағушы
1- разряд
Жұмыс сипаттамасы. Пештерді қатты және газды отынмен жағу және тұрғын үйлердегі, мідени-тұрмыстық, оқу, қызметтік және өзге де мекемелердегі пештерге қызмет көрсету. Пештің ошақтарына отын салу, көсеу және оларға ұсақ жөндеу жасау. Пештер мен мұржалардың дұрыс күйде болуын байқау, пеш ошақтарын күл мен шлакты арнайы бөлінген жерге шығару. Жылытатын жайларда тиісті температураны ұстап сақтау. Ағаш кесу және жару, көмірді ұсақтау, отынды әзірлеп пештерге жеткізп отыру. Отынға тапсырыстар жасау.
Білуі тиіс: жылыту пештерін қатты жіне газды отынмен жағу ережелерін; отынның түрлерін және оларды жағу ережелерін; мұржалардың орналасуын; пештерді көсеу мен тазарту әдістерін; отынды жұмсау нормаларын; өрт сөндіру құралдарынын қолдану ережелерін; отынға тапсырыс жасау ережелерін.
§ 97. Пеш жағушы
2- разряд
Жұмыс сипаттамасы. Пештерді қатты және газды отынмен жағу және тұрғын үйлердегі, мідени-тұрмыстық, оқу, қызметтік және өзге де мекемелердегі пештерге қызмет көрсету. Ағаш кесу және жару,қысқы уақытта қатқан көмірді жару, ұсақтау,көмірдің әртүрлі сорттарын араластыру, отынды дайындау және пештерге жеткізу, көмір қабатының биіктігін бір қалыпты ұстап пештің шойын торына шағын порциялармен көмек лақтыру. Пештер мен мұржалардың дұрыс күйде болуын бақылау, пеш ошақтарын күл мен шлактан тазарту. Пештің шойын торынын күл мен тшлакты арнайы бөлінген жерге шығару. Жылытатын тұрғын жайларда тиісті температураны ғстап сақтау. Ағаш кесу және жару, көмірді ұсақтау, отынды әзірлеп пештерге жеткізіп отыру. Отынға тапсырыстар жасау.
Білуі тиіс: жылыту пештерін қатты жіне газды отынмен жағу ережелерін; отын түрлерін және оларды жағу ережелерін; мұржалардың орналасуын;пеш ошақтарын көсеу мен тазарту әдістерін; отынды жұмсау нормаларын; өрт сөндіргішті және де өртке қарсы құралдарын қолдану ережелерін; отынға тапсырыс беру ережелерін.
§ 98. Билет кассирі
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Көлікке (әуе, теңіз, өзен, темңржол, автокқлік, қалалық электрлі көлік және т.б.), тетрларға кинотетрларға, цирктерге, клубтарға, парктерге, стадиондарға және өзге де сауық – думан мекемелеріне билеттер, абонементтер, отырғызу талондарын, жолақы және тасымалдау құжаттарын қолдан және дилет басып шығаратын машиналар мен автоматартарды, автоматтандырылған сату және броньдау жүйлерінің терминалдық аппаратурасын қолдану арқылы рәсімдеу және сату. Билеттерді (абонементттерді) және өзге де жолақы және тасымалдау құжаттарын рәсімдеу, алдын ала сату және тапсырыстар бойынша сату. Белгіленген тәртіппен ақшаларды, құжаттар бланкілерін және өзге де материалдық бағалы заттарды алу, сақтау және тапсыру. Жол жүруден, ұшудан және т.б. бас тартқан азаматтардан жолақы және өзге де құжаттарды қабылдау және олар тқлеген ақшаны белгіленген тәртіппен қайтару.
Білуі тиіс: жолаушылар мен жүктерді тиісті көлік түрімен тасымалдау ережелерін: тарифтер мен белгіленген үстемақылар мен алымдарды қолдануды; көліктің бір түрін екіншісіне ауыстырғанда жол жүру бағасын қайта есептеу тәртібін; жолақы құжаттардың түрлері; жеңілдікті билеттерді беру ержелері; вагондардағы, кемелердегі, автобустардағы, ойын – сауық залдардағы және т.б. орындардың орналасу схемаларын; тиісті көлік желілдерің схемаларын; көліктің негізі жүріс маршруттарын және қозғалыс кестелерін; ақшаларды құжаттар бланклерін және өзге де материалдық құндылықтарды алу, сақтау және тапсыру нұсқаулықтарын.
§ 99. Билет кассирі
3- разряд
Жұмыс сипаттамасы. Халықаралық, аралас, тікелей (каботажды), жергілікті және қала маңайларына қатынайтын көлік түрлеріне, экскурсиялық – серуендік және туристтік бағыттарға, круиздік рейстерге алдын ала жасалған тапсырыстар, ұжымдық тапсырыстар бойынша, «тікелей плацкартпен» және кері қайту жолына жолақы және тасымалдау құжаттарын рәсімдеу. Кассалар арасында орындарды бөлу және поезд, автобус, ұшақ аттанғаннан кейін қалаған бос оындар туралы мәліметтерді тапсырады. Театрларда, кинотетрларда, цирктерде, клубтарда, парктерде, стадиондарда және өзге де ойын – сауық мекемелерінде кассалар (кассирлер) бойынша билеттер мен абонементтерді үлестіру. Белгіленген жүйелікке сәйкес билеттерді сату жөніндегі кассалық есептерді тапсыру. Тарифтік және қосалқы нұсқамаларға бекітілген өзгерістер енгізу. Қолданыстағы құрал – жпбдыққа қызмет көрсетуге, реттеуге және жөндеуге қатысу.
Білуі тиіс:кассалық және банк операцияларының есеп жүргізу және есеп беруді жүргізу ережелерін; ішкі және халықаралық тасымалдағы жолақы құжаттарының түрлерін; арнайы аймақтарға жол жүруге арналған билеттерді рәсімдеу және сату тәртібі; қолданыстағы құрал – жабдықтың қызметін, оның құрылымын және пайдалану ережелерін; ішкі және халықаралық тасымалдағы жолақы құжаттарының түрлерін; арнайы аймақтарға жол жүруге арналған билеттерді рәсімдеу және сату тәртібі; қолданыстағы құрал – жабдықтың қызметін, оның құрылымын және пайдалану ережелерін; поездарда, автобустарда, ұшақтардағы бос орындарды есепке алу және олар туралы мәлеметтерді тарату ережелерін; белгіленген есеп пен оны жасаудың тәртібін.
§ 100. Кастелянша
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Пайдалануда болған киімді; ішкиімді және т.б. сұраптау, белгі қою, оларды жууға, жөндеуге және жуылғаннан кейін үтіктеуге тапсыру. Пайдалануға жарамсыз болып қалған арнайы және санитарлық киімді, аяқ киімді, ішкиімді және өзге де заттарды есептен шығару жөніндегі актілерді жасауға қатысу.
Білуі тиіс: арнайы және санитарлық киімді, аяқ киімді, ішкиімді кию, ауыстыру мерзімдерін және оларға белгі қою ережелерін.
§ 101. Кастелянша
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Арнайы киімді, арнайы аяқ киімді, санитарлық киімді, ішкиімді, ауыстырмалы инвеньтарьді (заттардың тыстары, портьералар және т.б.) және сақтандыру құралдарын алу, тексеру және беру. Арнайы киімді, ішкиімді және т.б. есепке алу және олардың дұрыс пайдалануын бақылау. Белгіленген құжаттаманы жүргізу тәртібін.
Білуі тиіс: тозған арнайы киімді, аяқ киімді, ішкиімді, сақтандыру құралдарын алу, беру, сақтау және есептен шығару тәртібін; белгіленген құжаттаманы жүргізу тәртібін.
§ 102. Қоймашы
1- разряд
Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі материалдық құндылықтарды: отынды, шикізатты, жартылай фабрикаттарды, дайын өнімді, бөлшектерді, аспаптарды, заттарды және т.б. қоймаға қабылдау, өлшеу, сақтау және оларды қоймадын беру. Қабылданатын бағалы заттардың ілеспе құдһжаттарға сәйкестігін тексеру. Материалдық құндылықтарды түрлеріне, сапасына, мақсатына және өзге де белгілеріне қарай жинақтап (сұрыптау) оларды сақтау орындарына қолымен немесе штабелерлер және өзге де механизмдердің көмегімен тасымалдау. Бүлінуден және шығынданудан қорғану мақсатымен материалдар мен өнімнің сақталуын ұйымдастыру. Материалдық құндылықтардың бүтіндігін қамтамасыз ету.
Білуі тиіс: сақтауды материалдық құндылықтардың номенклатурасын, сортаментін және ассортиментін; олардың қасиеттері мен мақсатын; жұмыс аспаптардың, құралдардың жұмысқа жарамдылығын тексеру әдістерін; заттарды, өнімдерді және шикізатты көліктен түсіргенде, қоймаға тиегенде және сақтағанда бүлінуден қорғау; материалдарды сақтаудың және қызметтік бөлмелердің өрт қаупсіздігі ережелерін; улы, өртену және жарылу қауіпті бар материалдарды, отын мен жағар майларды сақтау және тасымалдау барысында еңбекті қорғау ережелерін.
§ 103. Қоймашы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жүкті тиеу, түсіру және қойма ішінде орналастыру жұмыстарын басқару. Тұтынушылардың сұранысы бойынша материалдық құндылықтарпартияларын іріктеп жинақтау. Бүлінген құралдарды, аспаптарды іріктеп, олар бойынша ақаулар ведомосін, жөндеуге тапсыру және есептен шығару актілерін құрастыру. Тиісті құжаттарды рәсімдеп тұрғындардың автокөліктерін уақытша сақтауға қабылдау. Қоймада сақталудағы материалдық бағалы заттарды есепке алу және олардың жылжуы бойынша есептік құжаттаманы жүргізу. Мүлікті түгендеуге қатысу.
Білуі тиіс: қойма шаруашылығын жүргізу ережелерін; қоймадағы материалдық құндылықтады есепке алу, сақтау, жылжыту ережелерін және олардың ілеспе құжаттарын рәсімдеу ережелерін; түрлі материалдық құндылықтарды іріктеп жинақтау ережелерін; қоймадағы өлшегіш аспаптарды, құрылғыларды, механизмдерді қолдану ережелерін және олардың жұмысқа жарамдығын тексеру әдістерін; автотұрактарда тірегіш автокөлік құралдарын қолдану ережелерін; түгендеу жүргізу ережелерін; иатериалдарды сақтау мен жылжыту және қызметтік жайларды ұстау кезінде өрт қаупсіздігі ережелерін.
§ 104. Желім қайнатушы
1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Антисептиктерді пайдаланумен әр түрлі дайын желімдерден жабысатын ерітінді булау, жібіту, еріту: декстрин, казеиндік, силикатты, ағаш шеберлігі және т.б. Желім ерітінділерін құрайтын компоненттерді жақындату, ұсақтау, тиеу, түсіру, және себу, араластыру. Желім ерітінділерін дайындау анықтау. Дайын желім ерітінділерін қыздыру және құю. Қазандарды, бактарды, ванналарды, желім қайнатқыштарды және желім ерітінділерін дайындау үшін қолданылатын басқа заттарды жуу және тазалау.
Білуге тиіс: желім ерітінділерін дайындау ережесі; желім ерітінділерін дайындау мен пісіруге арналған жабдықтың құрылысы туралы негізгі мәліметтер және жұмыс істеу қағидасы.
§ 105. Желім қайнатушы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Дайын желімдерден салқын немесе ыстық тәсілмен желім ерітінділерін әр-түрлі түрлерін дайындау. Желім заттарды өңдеу үшін рацептурамен режимдерді таңдау. Таңдалған режимге сәйкес температураны ранареттеу. Жекеленген компоненттерді қосымша енгізу арқылы концентрацияны ретттеу. Ариометрмен немесе желім өлшегішпен ерітінділердің концентрациясын текесеру. Дайын ерітіндіні өндіріске беру. Желім ерітінділерін дайындау үшін материалдардың жарамдылығын анықтау.Сыртқы белгілері бойынша желімдерді іріктеу.
Білуге тиіс: желім ерітінділерінің ристептурасы; желім ерітінділерін дайындауережесі және оларды қайнату режимдері; желім заттарының және желім ерітінділерінің қасиеттері; желім ерітінділерінің қасиеттері; желім ерітінділерін құрайтын негізгі материалдарға, сондай-ақ жабыстырылатын бұйымдардың құрылымы ол белгіленуіне байланыстыжелімдік ерітінділерге қойылатын талаптар; қазандардың, баптардың, ванналардың, желім қаятқыштарды құрылысы; реттеу аспаптардың белгіленуі және пайдалану ережесі,температураны және сигнал беруді бақылау.
§ 106. Желім қайнатушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Дайын желімдерден желім ерітінділерінің әр-түрлерін дайындау (синтетикалық шайырлардан жасалған желімдерден басқа). Қысыммен желім еттерін пісіру процесін жүргізу. Дайындалатын желімдерденжәне желім ерітінделерінтұтқырлыққа, жабысқақтыққа, желімдік пленканың беріктігіне сынау. Желімді агрегаттың ванналарына құю. Агрегаттың ванналарында желімнің қажетті консентенциясынұстау. Шикізат пен материалдарды өлшеу. Дайындалған желімді құю және беру. Пісіру процесін қадағалаужәне желімдік дайындауды анықтау. Анағұрлым жоғары білікті желім қайнатушының басшылығымен битумдық –каниолды және жабысатын эмульсияларды дайындау технологиялық процесін жүргізу. Желімдік материалдармен ерітінділерді сақтау және пайдалануды бақылау.
Білуге тиіс: Қысымен жұмыс істейтін желім қайнататын қазандардың құрылысы; желімдік материалдарға мемлекеттік стандарттармен техникалық шарттар; желімдерді және желім ерітінділерін тұтқырлыққа, жабысқақтыққа, желім қабыршағын беріктікке сынау тәсілдері;мақсатына байланысты желім мен желім ерітінділерін түрлері; әр-түрлі желімдерді, желім материалдарын ерітінділермен эмульсияларды сақтау және пайдалану ережесі.
§ 107. Желім қайнатушы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Берілген режимге сәйкес желім қайнататын қазандармен реакторларда әр-түрліжәне мақсаттағы синтетикалық шайырлардан желімді дайындау және қайнату.компоненттерді(есепнарды, формалинді, этилен-глюконды, уланатырды,аммиакты) мөлшерлеу. Битмді коннифолды және жабыстыратын эмульсияларды дайындау технология процесін жүргізу. Бақылау- өлшеу аспаптарының көмегімен желімді дайындау технологиялық процесін реттеу. Желімді, шайырды және эмульсияларды қайнату процесінің барысын бақылау. Дайындалған желімдерді тұтқырлыққа, жабысқақтыққа, желімдік қабыршақты беріктігіне, сумен сүртілуіне сынау. Дайын эмульсияларды сақтау бағыттарына түсіру.
Білуге тиіс: затардың физикалық- химиялық және технологиялық қасиеттері, желімнің және эмульсиялардың рецептурасы және дайындау тәсілдері; желімдер мен әкті сақтау ережесі; дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптар.
§ 108. Кондуктор
3- разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жол жүру және жүк тасымалдау үшін ақы жинау. Жол журуге және жүк тасымалдауға бекітілген үлгідегі жол жүру билеттерін беру. Жолаушыларда ұзақ мерзімді пайдаланылатын жол жүру билеттерінің немесе жеңілдікпен жол жүруге құқық беретін құжаттардың болуын тексеру. Аялдама атауларын хабарлау. Жолаушылардың автобустарды, трамвайларды, тройлебустарды пайдалану ережелерін сақтауларына бақылау жасау. Жылжымалы составтың ішін тиісті санитарлық күйде ұстау. Жол жүруге және жүк тасымалдау билеттерінің, оның ішінде ұзақ мерзімді пайдаланылатын билеттерді жұмсаудың ағымдығы есебін жүргізу. Аялдама пункттеріде белгіленген тәртіппен кіретін және шығатын жолаушылардың мерзімді есебін жүргізу (жолаушылар ағынын зерттеу күндері). Қажет болғанда жолаушыларға автобус, трамвай, троллейбус салонынан шығарда, кірерде көмек көрсету. Сатылған билеттерден түскен түсімді есептеу және оны белгіленген тәртіппен тапсыру.
Білуі тиіс: жолаушыларды, жүкті жолаушылар көлігінің тиісті түрімен тасымалдау ережелерін:жол жүру ережелерінің автобустардың, трамвайлардың және троллейбустардың тоқтау тәртібіне қатысты бөлігін; автобустарды, трамвайларды, троллейбустарды пайдалану тәртібін; жолаушыларды отырғызу және шығару ережелерін; автобустарды, трамвайларды, троллейбустарды техникалық пайдалану ережелерінің тиісті көлік құралының салонын санитарлық күйде ұстауға қатысты бөлігін; жол жүру құжаттарының түрлерін; көлікте тегін жүру құқығына ие немесе жол жүру ақысы бойынша жеңілдіктер пайдаланатын жолаушылар тізімін;жолаушылар зерттеу кезінде аялдама пункттерінде кіретін және шығатын жолаушыларды есепке алу жөніндегі құжаттарды толтыру тәртібін; билеттерді есепке алу құжаттарын, оның ішінде жол жүруге және жүк тасымалдауға билеттерді жұмсаудың ағымдағы есебі бойынша, түсімді тапсыру бойынша құжаттарын жүргізу тәртібін; тиісті каланың (кенттің) ішкі бағыттарында жолаушылар мен щ
Жүк тасымалдаудың тарифтік ақысын; билетсіз жүру мен ақысыз жүк тасымалдау үшін тағайындалатын айыппұлдың мөлшерін, көлік кәсіпорыны қызмет көрсететін автобустардың, трамвайлардың,троллейбустардың жүру бағыттарының схемасын; көлік кәсіпорны қызмет көрсетеін бағыттардағы аялдамалардың, оның ішінде көлікті ауыстыруға мүмкіндік бар жерлердің де атауларын; міндеттерін атқару барысында өндірістік санитария мен өртке қарсы қаупсіздік ережелерін; автобустың, трамвайдың, троллейбустың құрылымы бойынша ескерілген қосымша шығатын жерлерді ашу тәртібін.
Жол жүру және тасымалдауға билеттер беру үшін қолданылатын тиісті портативтік бақылау кассалық аппраттарды және қолданыстағы портативтік бақылау – кассалық аппаратарды пайдалану ережелерін білу – 4 разряд.
Достарыңызбен бөлісу: |