5
бостандығынан
айыруы бары-жоғы т.б.) көптеген елдердің есірткіге қарсы қылмыстық заң
құжаттарын
батыс жəне шығыс түріне бөлуге мүмкіндік береді.
Нидерландтар
мен Швейцариядан басқа, Еуропа мемлекеттерінің ұлттық заң құжаттары мен
құқық
қолдану тəжірибелері қылмыстық ретке сəйкес жазаланатын əрекеттер топтамасы
жағынан
да, оларды жазалауын жіктеу жағынан да есірткі құралдары туралы халықаралық
конвенциялардың
талабына сəйкес келеді.
Осы
елдердің заң құжаттарындағы қылмыстық кодекстері не басқа заңдары тиісті
баптарының
мазмұнды құралған диспозициялары, елеулі түрде жіктелген санкциялар,
шартты
түрде соттау мүмкіндіктер т.б. бар.
Ал
, мемлекеттік құрылымы, билік түрі, экономикалық жəне мəдени даму деңгейі,
географиялық
орналасуы мен аумақ кеңдігі, əлемдегі саяси деңгейі мен басым діні жағынан
көп
айырмашылықтары бар
Шығыс мемлекеттерінде (мысалы, Қытай, Иран, Сауд
Аравиясы
, БАƏ, Малайзия, Сингапур) есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстар
үшін
қылмыстық жауапкершілігі туралы аса қатаң, репрессиялық заң құжаттары орнатылған.
Осы
елдердің заң құжаттарына айтылмыш қылмыс түрлерінің жалпы құрастырылған
құрамдар
, жауапкершілікті жіктеп, жазаны жекелендіру, белсенді өкіну (кінəні мойнына алу
мəмілесі
) шектелген мүмкіндіктер бекітілген. Санкция ретінде өлім жазасы (оның ішінде
айуандық
түрде), дене жазасы жəне ұзақ мерзімге бас бостандықтан айыру көзделеді.
Қылмыстық
жауапкершілікке осындай көзқарас халықаралық конвенциялар талаптарынан
асыра
қатаң болып табылады жəне адам құқықтары стандарттарына сəйкес келуі туралы
сауал
туғызады.
Жалпы
, есірткі құралдарының заңсыз айналымы саласындағы əрекеттер үшін қылмыстық
жауапкершілікті
реттейтін шетелдік заң құжаттарының салыстырмалы сараптамасы
7
, келесі
тұжырым
жасауға мүмкіндік береді:
Біріншіден
, соңғы онжылдықтар ішінде қаралатын заң құжаттары есірткінің заңсыз
айналымымен
күресу үшін жеткілікті қатаң қылмыстық құқықтық шараларды бекітіп, қолдану
бағытын
сақтап келген.
Екіншіден
, аталмыш бағыттың, оның ішінде қылмыстық жазалауды біртіндеп əрі қарай
қатаңдатудың
сақталуы аның көрінеді. Бірінші кезекте ол есірткі құралдарының заңсыз
айналымы
жəне қылмыскерліктің ұйымдасқан түрлері саласындағы ең ауыр қылмыстарға
қатысты
. Əртүрлі елдерде ең қатаң қылмыстық құқықтық санкциялар əдеттегідей, есірткіні
өндіру
, оған іс жүзінде ірі мөлшерде ие болу жəне əсіресе, сатқаны үшін көзделген. Бұл
қылмыстар
есірткі құралдарына қатысты басқа қылмыстық əрекеттерге қарағанда, ауырлау
болып
қаралады.
Үшіншіден
, шетелдік заң шығарушылардың пікірі қылмыстық жауапкершілікті жіктеу
керектігіне
негізделеді. Оған көбінесе, есірткінің заңсыз айналымы саласындағы
қылмыстардың
арнайы құрамдары тізімін кеңейту арқылы қол жеткізуге болады.
Төртіншіден
, репрессиялық, ең алдымен, қылмыстық құқықтық шараларды қолдану көптеген
елдердің
құқық қолдану тəжірибесінде ұзақ уақыт бойы есірткіні заңсыз таратумен күресу
саласындағы
басым стратегия болып келе жатқанына қарамастан, шетелдік заң
шығарушылар
қылмыстық репрессияны үнемдеу ұстамын жеткілікті кең пайдаланады. Осы
ұстамды
енгізу белгісі белсенді өкіну, кінəні мойнына алу мəмілесі, шартты соттау (пробация)
мен
шартты түрде мерзімнен бұрын босату сияқты қылмыстық құқықтық институттарды
пайдалану
, сонымен қатар, тағайындалған жазаны іс жүзінде қолданбау немесе осындай
жазаның
баламасы болу шарты ретінде міндетті түрде нашақорлықтан емделуді тағайындау
болып
табылады. Есірткі құралдарының заңсыз айналымы саласындағы қылмыстарға жауап
7
«Наркологиялық көмек көрсету, АҚТК/ЖҚТБ-ң алдын алу, есірткінің заңсыз айналымына қарсы
əрекеттену
саласындағы құқықтық реттеу: халықаралық тəжірибе», Мəскеу, 2002 қараңыз.
6
берудің
нəтижелілеу түрлерін іздеу қылмыстық юстиция жүйесі шеңберінде қолданылатын
дəстүрлі
əдістердің төмен нəтижелілігіне байланысты.
8
Мысалы
, 2004 ж. қабылданып, есірткінің заңсыз трафигіне қатысты қылмыстық əрекеттер
мен
жазалаудың елеулі элементтеріне қатысты ең төмен талаптарды белгілейтін Еуропа
Одағынаң
Шектеуіш шешімінде
9
былай деп айтылған:
•
мемлекеттер
көздейтін жазалар нəтижелі болып, сəйкестендірілген жəне көз жеткізерлік
болуы
тиіс, оның ішінде бас бостандығынан айыру жазасы енгізілуі тиіс. Жазалау
мөлшерін
белгілегенде, трафик нысаны болып табылатын есірткінің түрі мен мөлшері
сияқты
фактілік элементтер, сонымен қатар, осындай қылмыс ұйымдасқан қылмыскерлік
шеңберінде
жасалғаны ескерілуі тиіс;
•
мемлекеттер
құқық бұзушы құзырлы органдарға құнды ақпарат берген жағдайда жазаны
қысқарту
ережесін өз заң құжаттарына енгізу мүмкіндігіне ие болуы тиіс;
•
осы
Шектеуіш шешімде айтылған қылмыстарды жасау барысында алынған табысты
тəркілеу
мүмкіндігіне ие болу үшін шара қолдану керек;
•
осы
Шектеуіш шешімде айтылған қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны жəне өз
пайдасына
істелген қылмыстар үшін заңды тұлғалардың жауапкершілігін енгізуге шара
қолдану
керек.
Осы
құжаттың жазалау түрлеріне қатысты 4-б. ауырлығы аздау қылмыстар қылмыстық ретке
сəйкес
ең азы бірден үш жылға дейін бас бостандығынан айырумен, ал, ауыр қылмыстар 5-
тен
10 жылға дейін бас бостандығынан айырумен мынадай мəн-жайлар бар болған жағдайда
жазалануы
тиіс деп айтылған:
•
егер
қылмыс көп мөлшердегі есірткігеа байланысты болса;
•
егер
қылмыс денсаулыққа ең ауыр зиян əкелетін немесе бірнеше тұлғалардың
денсаулығына
елеулі зиян əкелген есірткіге қатысты болса.
Қылмыс
ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында жасалған болса, жаза оь жыл не оан аса бас
бостандығынан
айыру болуы тиіс.
Одан
басқа, əр мемлекет заңды тұлғаларды өз пайдасына кез келген жеке тұлға əлде осы
заңды
тұлғаның қызметкері жасаған кез келген қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікке тарту
үшін
керекті шара қолдану керек.
Мемлекеттер
жауапты болып табылған заңды тұлғаны нəтижелі, сəйкестендірілген жəне көз
жетерлік
санкция арқылы жазалауға керекті шара қолдануы тиіс. Санкцияларға қылмыстық
жəне
қылмыстық емес айыппұлдар жəне басқа да санкциялар енгізуі мүмкін, оның ішінде:
•
салыққа
жəне басқа да төлемдерге жеңілдік, мемлекеттік көмек берілетін ұйымдар
тізімінен
алып тастау;
•
коммерциялық
қызмет істеуге уақытша не тұрақты тыйым салу;
•
сот
бақылауын тағайындау;
•
жою
туралы сот бұйрығын шығару;
•
қылмыс
жасағанға пайдаланған ұйымдарды уақытша не тұрақты жабу.
Осыған
қарамастан, Шектеуіш шешімнің 5-б. сəйкес, құқық бұзушы есірткі жəне прекурсорлар
трафигі
бойынша қылмыстық əрекеттен бас тартып, əкімшілік не сот органдарына басқа
жолмен
алынбайтын жəне жасалған қылмыстың салщдарын жойып əлде азайтуға
көмектесетін
ақпарат берген жағдайда əр мемлекет 4-б. көрсетілген жазаны төмендетуге,
8
«Наркологиялық көмек көрсету, АҚТК/ЖҚТБ-ң алдын алу, есірткінің заңсыз айналымына қарсы
əрекеттену
саласындағы құқықтық реттеу: халықаралық тəжірибе», Мəскеу, 2002 қараңыз.
9
Нашаның
заңсыз трафигіне қатысты қылмыстық əрекеттер мен жазалаудың елеулі элементтеріне
қатысты
ең төмен талаптарды белгілейтін Еуропа Одағы Кеңесінің 2004 ж. 25 қазандағы
№
2004/757/JHA Шектеуіш шешімін қараңыз. Еуропа Одағының ресми журналы, L335/8-11, EN,
11.11.2004 (орыс тіліне бейресми аудармасы)