Қазақстан Республикасы Президентінің



жүктеу 0,61 Mb.
бет3/4
Дата25.11.2017
өлшемі0,61 Mb.
#1752
1   2   3   4

11-стратегиялық бастама. Іскерлік және инвестициялық ахуалды жақсарту

Елдің табысты дамуының ұзақ мерзімді негізі кәсіпкерлік бастамалар мен жеке капиталды дамытуға бағытталған сапалы институционалдық орта болып табылады. Бұл үшін дәйекті әкімшілік және институтционалдық реформалар жүргізу жолымен, дамыған елдермен салыстыруға болатын қолайлы кәсіпкерлік орта қалыптастырылатын болады.

Кәсіпкерлік қызметті дамыту мақсатында шағын және орта бизнестің экономикаға қатысу үлесін ұлғайту жөніндегі негізгі бағыттар айқындалатын болады. Бұл мемлекеттің кәсіпкерлікті қолдау және іскерлік климатты жақсартуды бірыңғай стратегиялық пайымға шоғырландыруына мүмкіндік береді. Қолайлы кәсіпкерлік және инвестициялық ортаны қалыптастыру үшін 2020 жылға қарай бизнестің операциялық шығасыларын қысқарту қамтамасыз етілетін, сондай-ақ монополистер мен квазимемлекеттік сектор кәсіпорындарға беретін рұқсаттамалық құжаттар жүйелендірілетін болады.

Бұдан басқа, бизнеске салынатын жүктемені төмендету мақсатында кәсіпкерлердің әртүрлі есептілік түрлері мен ақпарат беру жөніндегі шығасыларын төмендетуге ықпал ететін ақпараттық құралдар реформаланатын болады.

2020 жылға қарай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналған барлық рұқсат түрлерін беру, сондай-ақ мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі тәуекелдерді басқару жүйесін автоматтандыру жүргізілетін болады.

Сонымен қатар мемлекеттік функциялардың бір бөлігін 2017 жылдан бастап өзін өзі басқаратын ұйымдарға кезең-кезеңмен беру қамтамасыз етілетін болады. Бизнестің күрделі шығыстарын қысқарту үшін АЭА негізгі инфрақұрылымын салу жалғастырылады.


12-стратегиялық бастама. Құқық үстемдігін қамтамасыз ету

Азаматтардың құқықтарын қорғау деңгейін арттыру мақсатында кәсіби құзыреттілік пен ғылыми негізделген еңбек нормативтеріне негізделген, құқық қорғау органдарының құрамын қалыптастырудың ашық және объективті тәсілдерін енгізу жалғастырылады. Құқық қорғау қызметі мемлекеттік қызмет стандарттарына жақындатылатын болады.

Қоғамдық қауіпсіздікті, оның ішінде техникалық құралдарды дамыту арқылы қамтамасыз етудің жаңа нысандарын енгізу бойынша жұмыс жалғастырылатын болады. Заңның үстемдігі қағидатын сақтау мақсатында 2020 жылға қарай электронды сот ісін жүргізуге толық көшумен сот жүйесін жаңғырту жүргізіледі. Сонымен қатар жеке сот орындаушылары институтын дамыту арқылы сот актілерін орындаудың тиімділігі арттырылатын болады.

Заңнама мен норма шығармашылықты жетілдіру мақсатында 2020 жылға қарай халықаралық нормативтік құқықтық актілер жобаларының сапасын бағалау стандарттарына және қоғамның, кәсіпкерлік пен биліктің мүддесін теңгерімді есепке алуға мүмкіндік беретін, оларды жария талқылау рәсімдеріне негізделген заң шығарудың тиімді тетіктері енгізілетін болады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі мақсаты - оның салдарларымен күреске емес, сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы үшін алғышарттарды жою бойынша превентивті сипаттағы кешенді шараларды іске асыру.

Мемлекет пен қоғамның тиімді ынтымақтасуы азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа шыдамсыздық көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Бұл ретте, мемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі шаралар жүйесіндегі жетекші орынды енгізілген этика жөніндегі уәкіл институты иеленуі тиіс.
13-стратегиялық бастама. Кәсіби, транспарентті және есеп беретін мемлекет қалыптастыру

Бизнес-сектордың тиімді практикаларынан алынған және азаматтардың қанағаттанушылығына бағдарлануын болжайтын мемлекеттік менеджменттің жаңа қағидаттарын енгізу мемлекеттік басқару мен мемаппаратты жетілдірудің негізі басымдығына айналуы тиіс.

Тез және сапалы, әсіресе жергілікті деңгейде мемлекеттік қызмет көрсетулерді ұсыну, басты міндет ретінде клиенттің мүддесі мен мұқтаждықтары қойылатын, клиентке бағдарланушылыққа негізделетін болады. Сондықтан мемлекеттік қызмет көрсету жүйесі 2020 жылға қарай сервистік тәсілге көшетін болады.

Одан әрі, «бір өтініш» қағидаты бойынша нақты өмірлік жағдайлар ескеріле отырып, сапалы мемлекеттік қызмет көрсететін «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы - бірыңғай мемлекеттік қызмет көрсету провайдері дамиды. Азаматтың тіркелген жері не байланыссыз мемлекеттік қызмет көрсету қағидаты кезең-кезеңмен енгізілетін болады. Автоматтандырылуға жататын мемлекеттік қызмет көрсету онлайн-режимге ауыстырылатын болады және оларды «Электрондық Үкімет» веб-порталы арқылы алуға болады. Мемлекеттік қызмет көрсету процестері оңайлайды, атап айтқанда, қайталанатын рәсімдер алынып тасталады, мерзімдері мен азаматтардан сұратылатын құжаттар тізбесі қысқарады.

Әрбір адамның дауысы ескерілетін, мемлекет пен қоғам арасындағы «кері байланыс» процесі өзгереді. Есеп беретін және ашық мемлекетті қалыптастыру үшін мемлекеттік органдардың жұмысы туралы ақпараттың қолжетімділігі арттырылатын, сондай-ақ, әсіресе, жергілікті жерлерде, шешімдер қабылдау кезінде азаматтық қоғамның қатысу мүмкіншіліктері кеңейтілетін болады.

Жергілікті деңгейде басқаруды одан әрі жаңғыртуға ерекше көңіл бөлінетін болады. Жергілікті деңгейде мемлекеттік функцияларды атқарудың тиімділігін арттыру үшін жергілікті басқару органдарының кадрлық және қаржылық әлеуетін тиісті күшейту жүргізіледі. Осыған орай, жергілікті биліктің функцияларды тиімді орындауына, оның ішінде азаматтардың көрсетілген қызметке қанағаттанушылығын бағалау арқылы айқындау үшін, құзыреттерді орталықтан өңірлерге беру нәтижелеріне бағалау жүргізілетін болады.

Жергілікті билік жұмысын бағалауда азаматтық қоғамның белсенді және толық түрде қатысуы оның нәтижелілігіне, халықтық қажеттілігіне жауап қайтару қабілетіне және ашықтығына ықпал етуі тиіс.

Азаматтардың, азаматтық қоғамның компаниялары мен ұйымдарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы туралы пікірлерін пікіртерімдер және басқа да зерттеу әдістерінің көмегімен зерделеу бойынша жұмыс басым мәнге ие болады. Прогресті қадағалау және қанағаттану нәтижелері түзету шараларын қабылдау үшін пайдаланылады.

Халықтың хабардарлығын және ақпараттандырылуын арттыру мақсатында ақпараттық науқан өткізу және БАҚ-тың кең ауқымды қатысуын ынталандыру бойынша жұмыс жалғасатын болады. Мемлекеттік органдардың есептілігі жүйелі есептілік және үкіметтің ашықтығы көмегімен қамтамасыз етілетін болады. Мемлекеттік басқарудың ашықтығын және риясыз адалдығын арттыруға бағытталған шаралар жоғары басымдықты алады.

Мемлекеттік органдардың күрделі жабдықтарды мемлекеттік сатып алу және мемлекеттік келісімшарттар жасауын тиімді басқару бойынша әлеуетін арттыруға ерекше назар аударылатын болады.

Мемлекеттік басқарудың барлық салаларында сыбайлас жемқорлықты азайту үшін оның себептері мен шарттарын айқындауға мүмкіндік беретін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалау практикасы жалғасады.

Мемлекеттік қызметтің мансаптық моделін дамыту шеңберінде мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктерін күшейту арқылы мемлекеттік аппараттың тартымдылығын жоғарылату, олардың кәсптік дамуы бойынша шаралар қабылданатын болады. Мемлекеттік қызметтің дербестілігін және ауыспалдылығын қамтамасыз ету үшін «А» корпусы лауазымын иелену жолындағы тәсілдер жетілдірілетін болады.

Ұлттық индикаторлар:


  1. ЖІӨ-дегі ШОБ үлесі 2020 жылы 30%, 2025 жылы 35%-ды құрайды.

  2. 2020 жылы экономикадағы мемлекеттің үлесі ЖІӨ-ге қатысты 15%-дан аспайды және 2025 жылға дейін осы деңгейде сақталады.

  3. Мұнай емес экономикаға ТШИ-ді 2015 жылғы деңгейге қарағанда 2020 жылы – 1,3 есеге, 2025 жылы – 1,6 есеге ұлғайту.

  4. World Justice Project нұсқасы бойынша құқық үстемдігі индексіндегі позицияны 2020 жылы 65 орынға дейін, 2025 жылы 55 орынға дейін арттыру.

  5. Тұтынушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасымен қанағаттандырылу деңгейі 2020 жылы 85%-ды, ал 2025 жылы 90%-ды құрайды.

  6. «Заңсыз төлемдер мен пара алу деңгейі» атты ДЭФ индексі бойынша Қазақстанның позициясы 2020 жылы – 57 орын, 2025 жылы – 52 орын.


3 – стратегиялық басымдық. Нәтижелі жұмыспен қамту үшін білім мен дағдылар

Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі факторы еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес дағдылары бар жоғары білікті еңбек ресурстары болып табылады.

Жұмыспен қамту саласындағы саясат тиімді және ұзақ мерзімді жұмыспен қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

Адами капиталдың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін алдағы онжылдықта мемлекеттің күш-жігері экономикалық және географиялық жағынан ұтқыр болып табылатын, білікті және нәтижелі жұмыс күшін қалыптастыруға бағытталады.

Білім беру сапасын арттыру, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту азаматтардың әл-ауқатының өсуінің маңызды факторына айналатын кең орта класты қалыптастыруға мүмкіндік береді.
14 – стратегиялық бастама. Барлығын қамтитын және сұранысқа ие білімге қол жеткізу

Тиімді білім беру жүйесі ел экономикасының орнықты өсуін және әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз ететін негізгі факторлардың бірі болып табылады. Осыған байланысты білім беру саласына инвестициялардың бәсекеге қабілетті адами әлеуетті қалыптастыру арқылы бүкіл қоғам үшін жоғары қайтарымы болады.

Жаңа білім беру сапасына көшу өз бетінше іздеу, сыни талдау және бағалау дағдыларын, білімін практикада қолдана алуын, көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыра алуын, ІТ-құзыреттілігін, қаржылық және азаматтық сауаттылығын дамытуға бағытталған функционалдық сауаттылықты арттыруға бағытталатын болады.

Мемлекет денсаулығы бұзылған, аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға және тәуекел тобына кіретін балаларға білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастырады.

2020 жылға қарай 3-тен 6 жасқа дейінгі барлық балалар мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен толық қамтылатын болады, 1-ден 6 жасқа дейінгі балалардың қамтылуы 70%-ды құрайды. Балабақшалар жүйесін кеңейту мемлекет есебінен және жеке секторды тарту арқылы қамтамасыз етілетін болады.

Мектепке дейінгі білім берудің оқыту бағдарламалары балалардың, оның ішінде ерте жастағы балалардың жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді.

Орта білім берудегі оқу бағдарламаларының мазмұны дағдылардың кең спектрін дамытуға бағытталатын болады, олардың жиынтығын функционалдық сауаттылықты қамтамасыз етеді.

Оқу бағдарламалары жаңа технологияларды, ғылыми инновацияларды, математикалық модельдеуді дамытуға бағытталған ғылым элементтерін қам0иды.

2019 жылдан бастап 10-11 сыныптарда оқушылардың таңдауы бойынша ағылшын тілін пәндік оқытуды кезең-кезеңмен енгізу басталады. Үш тілде оқыту процесінде қазақ тілінің мәртебесі қолдауға ие болады. 2017 жылдан бастап мемлекеттік тіл «Жалпыға ортақ қазақ тілі» жаңа әдістемесі бойынша оқытылатын болады. Орыс тілінде оқыту жүргізілетін барлық мектептерде орыс тілі оқыту тілі ретінде сақталады.

2025 жылғы қарай цифрлық мазмұнды қолданатын мектептердің үлесі және кең жолақты Интернетке қолжетімділігі бар мектептер оқушыларының үлесі 100%-ды құрайды.

Мектептерге ашық білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жетімділік қамтамасыз етіліп, желілік өзара іс-қимылға жағдайлар жасалады. Сатылы түрде онлайн-ресурстарды пайдалану арқылы пәндерді оқыту енгізілетін болады.

2020 жылға қарай барлық ағымдағы авариялық және үш ауысымды мектептер жойылады. 2025 жылға қарай оқушы орындарының тапшылығының мәселесі кезең-кезеңімен шешілетін болады.

Жастардың кәсіпкерлік әлеуетін дамыту мақсатында және өз бетінше өнімді жұмыс жасауға қабілетті кәсіпкерлердің жаңа (креативті) буынын дайындау үшін кәсіпкерлік негіздері білім беру жүйесінің барлық кезеңдеріне кіріктірілетін болады.

Кадрларға қажеттілікті болжау жүйесін енгізу мақсатында техникалық және кәсіби, жоғары білім беруде оқыту бағдарламалары экономика қажеттіліктеріне нақты бағдарланатын болады.

2017 жылдан бастап «Тегін кәсіби-техникалық білім беру» жобасы енгізілетін болады, оның шеңберінде мектеп түлектері, кәсіби біліктілігі жоқ жастар тегін жұмысшы мамандықтарын игеру мүмкіндігіне ие болады.

Жобаны іске асыру жастардың бірінші жұмыс біліктілігіне тең қол жетімділігі мәселелерінің шешімін тауып, жастарды еңбек қызметі саласына әлеуметтік интеграциялауды қамтамасыз етеді.

ТжКО жүйесінде жоғары білім беру жүйесімен бірдей оқу процесінде теориялық және кәсіби дайындықты үйлестіретін қосарлы құрамдауыш күшейтіледі.

Жұмыс берушілер кадрларды оқытуға және білім беру бағдарламаларын әзірлеуге белсенді қатысатын болады.

ЖОО ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін коммерцияландыру офистерін, технопарктер, бизнес-инкубаторлар мен басқа да инновациялық құрылымдар ашу арқылы коммерцияландыруға жағдай жасалады.

Дамыған елдер университеттерінің тәжірибелері бойынша Қазақстанның ЖОО академиялық саладағы дербестікке ауысу жүзеге асырылады, ол оқуға қабылдау тәртібін жеке анықтауға, білім беру бағдарламаларын еңбек нарығына бейімдеуге, профессорлық-оқытушылық құрамды күшейтуге мүмкіндік береді.

Бала құқықтарын қорғаудың тиімді тетігін құру үшін отбасылық қолайсыздықты ерте анықтау және отбасы мен балаға уақтылы көмек көрсету бойынша жаңа технологиялар енгізіледі.

Балаларды отбасына беру процесін жандандыру және оның ашықтығын қамтамасыз ету үшін Республикалық жетім балалар деректер банкі жұмыс жасайтын болады.

Балалар үйлері Балаларды қолдау орталықтары болып өзгертіледі.

Оқыту сапасын арттыру үшін МЖӘ тетіктерін пайдаланып, қосымша білім беру жүйесін дамыту қамтамасыз етіледі. Мектептердің спорт залдарын және қосымша білім беру ұйымдарын заманауи құрылғылармен жабдықтау мәселелері шешімін табады.

Қазақстан ғылымын қолдау мақсатында қаржыландыру жүйесі жетілдіріліп, гранттардың тиімділігі арттырылады, халықаралық патенттерді жылдам алу үшін толық жағдай жасалады. Ғылыми зерттеулер нәтижелерін коммерцияландыру үшін бизнес тарапынан қоса қаржыландыруды тарту үшін стимул жасалып, ғылымды мемлекеттік қаржыландырудың жалпы көлеміндегі тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелер шығыстарының үлесі ұлғайтылады.

2016-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы білім және ғылым мемлекеттік бағдарламасын одан әрі іске асырылуын, экономиканың тұрақты өсуі үшін адами капиталдың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз етеді.


15-стратегиялық бастама. Нәтижелі жұмыспен қамтуды қолдау және жаппай кәсіпкерлікті дамыту

Мемлекеттің жұмыспен қамту саласындағы саясаты халықтың кірістерін арттыруға және оқыту арқылы тұрақты және нәтижелі жұмыспен қамтуды ұйымдастыру жолымен жұмыссыздық деңгейін азайтуға, жұмысқа орналастыруға жағдай жасауға және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған.

Жұмыссыз және нәтижесіз жұмыспен қамтылған халық үшін жұмысшы мамандықтары бойынша және кәсіпкерліктің негіздері бойынша қысқа мерзімді курстарда жаппай оқыту ұйымдастырылады. Бұл курстар кәсібі бойынша практикалық дағдыларды тікелей өндірісте қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Бұл кірісі төмен халықтың біршама бөлігіне кәсіби өсу жолындағы алғашқы қадамын жасауына және өзінің материалдық жағдайын жақсартуға жағдай жасайды. Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту қалыптасқан табысты бизнесмендерді және практиктерді тарту арқылы ұйымдастырылады.

Жаппай кәсіпкерлікті дамытуды ынталандару үшін кепіл мүлікпен қамтамасыз ету бөлігінде қалалар мен ауылдарда кредит беру шарттарын теңестіру, кредит беру мөлшерлемесін коммерциялықтан төмен белгілеу арқылы микрокредит беру жүйесі кеңейтіліп, жетілдірілетін болады.

Микрокредит беру көлемі айтарлықтай кеңейтіледі және өз ісін, әсіресе, ауылды жерде ұйымдастыру және кеңейтуге арналған кредиттік ресурстардың қолжетімділігі артады. Қарыздарды кепілдендіру мен субсидиялау жүйесі, кепілсіз кредиттер беру тәжірибесі дамиды, микрокредиттер берілген жобаларды сүйемелдеу практикасы жалғасады.

Ауылды жерлерде кірісті арттыру мақсатында ауыл шаруашылығы өнімінің ұйымдастырылған өндірісіне жеке қосалқы шаруашылықтарды тарту шаралары қабылданады.

Жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің еңбек заңнамасы және дағдыларды дамыту мәселелері бойынша сауаттылықтарын арттыруға баса назар аударылады.

Халықты жұмыспен қамтудың институционалдық негізі жетілдіріліп, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыруға, білікті мамандардың экономикалық өсу орталықтарына жылыстауын ынталандыруға бағытталаған шаралар іске асырылады.

Халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды іске асыру тпрактикасы жалғасын табады. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін арнайы жұмыс орындарын, әлеуметтік жұмыс орындарын ашуға, ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға және кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектеріне арналған «Жастар практикасын» ұйымдастыруға баса назар аударылады.

Жұмысқа орналастыруға жағдай жасау шеңберінде халықтың және жұмыс берушілердің еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс туралы ақпараттандырылуын арттыру мақсатында бірыңғай ұлттық жұмыспен қамту платформасы құрылатын болады.

Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, елге білікті мамандардың жылыстауына мүмкіндік беретін көші-қон процестерін ұтымды басқаруға назар аударылатын болады.

Еңбекті қорғауды дамыту мақсатында ірі және орта кәсіпорындарда сәйкес еңбекті қорғау мен қауіпсіздіктің халықаралық және мемлекетаралық стандарттарын енгізу жұмыстары жалғасын табады.

Нысаналы индикаторлар:


  1. Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған 3-тен 6 жасқа дейінгі балалардың үлесі 2020 жылы 100% - ды құрайды және одан әрі осы деңгейде сақталады, 1-ден 6 жасқа дейін балаларды қамту 2020 жылы 70%-ға, 2025 жылға қарай 80%-ға ұлғаяды.

  2. PISA-2012 қатысты барлық бағыттар бойынша PISA рейтингінде Қазақстанның позициясы 2020 жылы 2 орынға, 2025 жылы 4 орынға жақсарады.


4-стратегиялық басымдық. «Мәңгілік Ел» болашағы біртұтас ел: қазақстандықтар өміріндегі сапалы өзгерістер

Бейбітшілік пен келісімді сақтау, тұрақтылық пен қазақстандық қоғамның тұрақты дамуы қоғамдық дамудың негізгі басымдығы болып қалып отыр. Бұл үшін қоғамдық келісімнің өзіндік моделін нығайту және дамыту жалпыұлттық патриоттық идеялар құндылықтарын насихаттау бойынша жұмыс жүргізілетін болады.

Азаматтық теңдікті дамыту әлеуметтік қорғау шаралары арқылы азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуды, денсаулығын нығайтуға және тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу мәселелерін де қамтиды.

Әлеуметтік саясат кірістерді қорғау мен халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобы үшін әлеуметтік қызмет көрсетуге бағдарланатын болады.

Халықтың өмір сүру стандарттарын арттыру үшін медициналық қызметтерге қолжетімділік қамтамасыз етіледі және сапасы арттырылатын болады, қазақстандықтардың тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін жағдай жасалатын болады.

Мемлекеттік тұрғын үй саясатының басты мақсаты Қазақстан дамуының жаңа кезеңінде мемлекеттің тұрғын үй құрылысына қатысуын азайту болады, бұл ретте, осы салаға жеке капиталды тартуға мүмкіндік беріледі, бұл азаматтарға қолжетімді бағамен тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік береді.


16-стратегиялық бастама. «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарына негізделген қазақстандық қоғамды шоғырландыру

«Мәңгілік ел» жалпы ұлттық патриоттық идея және болашағы біртұтас ұлт қалыптастыру қазақстандық қоғамды шоғырландыру, қазақстандық ұқсастық пен бірлікті нығайтудың негізі болып табылады.

Қазақстан халқының мәдениетін, тілдерін және салт-дәстүрін дамытудың шоғырландырушы факторы ретінде мемлекеттік тілдің рөлі нығайтылып, қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын одан әрі дамыту үшін жағдайлар жасалатын болады.

Мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ету бойынша және Қазақстанда тідердің әртүрлігін сақтау бойынша шараларды іске асыру Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың


2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жалғасатын болады.

Қоғамдық келісім мен қазақстандық ұқсастықты нығайту бойынша азаматтық қоғам институттарының рөлі күшейеді.

Қазақстан халқының азаматтық және ұлттық құндылықтарының жүйесін қалыптастыру үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі артады.

Мәдениет саласын дамытудың негізгі басымдықтары Қазақстан халқының өзіндік мәдениетін қайта жаңғыртуға, сақтауға, дамытуға және таратуға, жалпы ұлттық бірлік факторы ретінде мәдени мұраны ілгерілетуге белсенді жәрдемдесу болады.

Жаңа қазақстандық патриотизмді, мақтаныш сезімін және өз елімен ынтымақтастықтың негіздерін қалыптастырудың маңызды аспектілерінің бірі елдің спорттық әлеуетін жұмылдыру болып табылады.

Спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың артықшылықтары ұлтты дене тәрбиесі құралдарымен сауықтыру, спорттық инфрақұрылымға тең мүмкіндіктер мен қолжетімділіктерді қамтамасыз ету, жаппай және балалар-жеткіншектер спортын дамыту, сондай-ақ халықаралық аренада жоғары спорттық жетістіктерге жету арқылы Қазақстан мәртебесін көтеру болып табылады.

Жаңа қазақстандық патриотизм нәсілдік, этникалық, діни және әлеуметтік құндылықтарға тәуелсіз барлық азаматтардың құқықтарының теңдігінің іргетасы болады.

Бейбітшілік пен келісімнің жалпыұлттық құндылықтарын нығайтудағы қазақстандық мәдениеттің рөлі мен мәнін күшейту мақсатында көркем шығармашылық пен инновациялық қызмет жағдайларын жасауға бағытталған қазақстандық мәдениетті дамыту бойынша шаралар жалғасатын болады. Сонымен қатар, әлемдік мәдени процеске мәдени құндылықтар мен интеграцияға азаматтардың қолжетімділігін кеңейту үшін жүйелі шараларды жүргізу жоспарлануда.

Республиканың барлық азаматтары үшін мүмкіндіктерінің теңдігін қамтамасыз ету үшін Діни экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарлама шеңберінде этникалық және діни қайшылықтардың алдын алуға Қазақстан халқының бірлігін бекітуге бағытталған жұмыс жалғасын табады.
17-стратегиялық бастама. Ұлт денсаулығын нығайту

Денсаулық сақтау саласында Қазақстан салыстырылатын елдермен салыстырғанда халықтың өмір сүру ұзақтығының төмендігі сияқты проблемаларға тап болып отыр. Денсаулық сақтау саласындағы шаралар көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуді кеңейтуге, көрсетілетін қызметтер сапасын арттыруға, қаржылық қорғауға және қызметтерді көрсету тиімділігіне бағытталады. Денсаулық сақтауды қаржыландыру реформалары қаржылық тұрақтылықты жақсартуға бағытталған. Денсаулық сақтау қызметтерін ұсыну сапасын арттыру шаралары жалпы ел бойынша білікті кадрлар мен объектілердің болуында кемшіліктерді жоюға бағытталатын болады.

Ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің негізі сапалы медициналық қызметті қамтамасыз ету және азаматтар денсаулығын сақтағаны үшін ортақ жауапкершілік қағидаттарын сақтау болып табылады.

2018 жылдан бастап мыналарды қамтитын медициналық көмек көрсетудің үш деңгейлі жүйесі жұмыс істей бастайды:

- барлық азаматтарға ұсынылатын, бюджет есебінен қаржыландырылатын бастапқы жиынтық немесе тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК);

- қор жарналары мен аударымдары есебінен қаржыландырылатын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі - МӘМС) жүйесіндегі қосымша топтама немесе медициналық көмек МӘМС жүйесіне қатысатын тұлғаларға ұсынылатын болады;

- ерікті жарналар есебінен қаржыландырылатын ерікті медициналық сақтандыру шеңберіндегі жеке топтама немесе медициналық қызметтер.

Жаңа жүйенің негізін мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың ортақ қатысуына негізделген МӘМС құрады. ТМККК кіретін медициналық көмек көлемі бірте-бірте азаяды және МӘМС жүйесіне тапсырылатын болады.

МӘМС жүйесі жұмыс істейтін халықтың, жұмыс берушілердің және өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың аударымдарына негізделіп құрылатын болады. Азаматтардың жекелеген осал санаттары үшін жарналарды мемлекет төлейді.

Жалпы, қосымша қаржы ресурстарының түсімі есебінен МӘМС енгізу халық үшін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттырады.

МӘМС шеңберінде дәрігердің қабылдауынан бастап тереңдетілген зерттеу жүргізу мен қымбат күрделі операцияларға дейін медициналық қызметтердің ауқымды жиынтығы көрсетіледі. Нәтижесінде, халықтың денсаулығы жақсара түседі, күтілетін өмір сүру ұзақтығы артады.

Адам денсаулығын қорғау және нығайту аурудың және оның салдарларының пайда болуының сыртқы және тәртіптік тәуекел факторларын азайту бойынша алдын алу шараларына бағытталады. Сектораралық өзара іс-қимыл шеңберінде инфекциялық және инфекциялық емес аурыларға эпидемиологиялық мониторинг негізгі функциясы болып табылатын қоғамдық денсаулық қызметтері құрылатын болады.

БМСК барлық денсаулық сақтау қызметтерін пациент қажеттілігі айналасында интеграциялаумен медициналық көмек көрсету бойынша орталық звено болады.

Әлемдік деңгейдегі медициналық университеттермен стратегиялық әріптестік шеңберінде халықаралық тәжірибені енгізу арқылы медициналық білімді жаңғырту шеңберінде университеттік клиникалар, интеграцияланған академиялық медициналық орталықтар құрылатын болады және денсаулық сақтау жүйесінің адами ресурстарын стратегиялық басқарудың дамуы жалғасады.

Түлектердің теориялық білімдерін және тәжірибелік дағдыларының денгейін бағалау үшін кәсіби стандарттарға және озық халықаралық тәжірибеге негізделген құзіретті тәуелсіз бағалау жүйесі енгізілетін болады.

Медициналық және фармацевтикалық ғылымды дамыту ресурстарды бірлесіп пайдалану үшін ғылыми, білім беру және медициналық ұйымдардың интеграциялануы негізінде университеттердің айналасында шоғырланатын болады.

Перспективалы және бәсекеге қабілетті ғылыми-зерттеу жобаларын жылжыту, оның ішінде стартап-жобалар, инновациялық гранттар, венчурлық қордан қаржыландыру нысанында жылжыту бойынша мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылуы жалғастырылады.

Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми және білім беру ұйымдарының «Назарбаев Университетінің» тәжірибесі бойынша өз бетінше әрекет ететін ұйымдарға кезең-кезеңмен ауысуы жүргізіледі және денсаулық сақтау саласында корпоративтік басқару және кәсіби менеджмент қағидаттары енгізіледі.

Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярды енгізу және жетілдіру жалғасады. Фармацевтика саласында GXP халықаралық стандарттары енгізіледі.

Ауыз суға қолжетімділікті қамтамасыз ету халықтың денсаулығын қамтамасыз етудің негізгі факторларының бірі болып табылады. Осы мақсаттарда ауыз сумен жабдықтау және су бұру, ауыз суды тазалау және ағынды суларды тазалау қондырығыларын жаңғырту үшін қажетті бар инфрақұрылымдарды қалпына келтіру немесе ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының 2016-2019 жылдарға арналған денсаулық сақтау саласын дамытудың «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын одан әрі іске асыру дамыту ел халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығын ұлғайту тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.


жүктеу 0,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау