Қазақстан Республикасы Президентінің



жүктеу 0,61 Mb.
бет2/4
Дата25.11.2017
өлшемі0,61 Mb.
#1752
1   2   3   4

1-cтратегиялық басымдық. Экономиканың тұрақты өсуі және өңірлердің теңгерімді дамуы

Экономиканы әртараптандыру үшін қажетті шарт ынталандырушы, макроэкономикалық ортаның сыртқы сын-тегеуріндеріне тұрақты, теңгерімделген фискалдық және монетарлық саясатты, дамыған қаржы секторын қамтамасыз ету болып табылады.

Бюджеттің мұнай кірістеріне тәуелділігін азайту және мемлекеттік қаржының тұрақтылығын арттыру салық салынатын базаны кеңейтуді және мемлекеттік шығыстарға жүктемені төмендетуді талап етеді.

Экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету және сыртқы факторларға тәуелділікті төмендету мақсатында мұнай-газ және тау-кен металлургиялық өнеркәсіп салаларынан басқа экономика өсуінің жаңа драйверлері болатын экономиканың бәсекеге қабілетті басқа салаларын теңгерімді дамытуды қамтамасыз ету қажет.

Қысқа мерзімді перспективада (2-3 жыл) күш-жігер экономиканың негізгі салаларындағы өнімділікті арттыруға және елді одан әрі индустрияландыруға жұмсалатын болады.

Агроөнеркәсіптік кешен мен қосылған құны жоғары көрсетілетін қызметтер секторының әлеуетін дамыту бойынша шаралар бір мезгілде іске асырылатын болады, бұл орта мерзімді перспективада (5-8 жыл) экономикалық құрылымды біршама қайта форматтауға мүмкіндік береді.

Мемлекет инновациялық қызметті жаппай қолдайтын болады. Нәтижесінде, 2025 жылға қарай елде «Индустрия 4.0» қағидасындағы экономиканың одан әрі дамуы үшін қажетті база құрылатын болады.

Қазақстанның көліктік-логистикалық әлеуетін іске асыру үшін Жаңа Жібек жолы» халықаралық дәлізге қосу арқылы Қазақстанның көліктік-логистикалық инфрақұрылымын жаңғырту және одан әрі кеңейтуді жүргізу қажет.

Елдің әлеуетін арттыруда сондай-ақ өңірлерді дамыту орталықтары ретінде экономикалық өсуі маңызды болып табылады. Осыған байланысты, ұлттық экономиканың экономикалық өсуі маңызды нүктелері болып табылатын, урбанизациялану мен агломерациялар үдерістерін дамытуға ынталандыру қажет.

Осымен қатар, энергия тиімділік пен суды үнемдеуді арттырудың табысты саясаты елдің энергетикалық және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Энергия тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету сондай-ақ жаңа инновациялық технологиялар мен шешімдерді енгізуді ынталандырады.


1-стратегиялық бастама. Монетарлық саясат тиімділігін қамтамасыз ету

Монетарлық саясаттың мақсаты бағаның тұрақты деңгейін қамтамасыз ету болып табылады. Инфляцияның болжамды және төмен деңгейі экономиканың тұрақты өсуіне жәрдемдесе отырып ішкі салымдардың, кредиттік және инвестициялық белсенділіктің өсуіне оң әсер етеді.

Еркін құбылмалы айырбас бағамы саясатын жүргізу жалғасады, бұл қаржы секторында теңгерімсіздікті жинақтауға мүмкіндік бермейді және экономиканың сыртқы күйзелістерге тұрақтылығын арттырады.

Бағалардың тұрақты және төмен деңгейін қамтамасыз ету үшін ақша нарығын реттеудің негізгі құралы ретінде базалық мөлшерлемені толық енгізу монетарлық саясаттың тиімділігін арттыруға мүмкіндік берген уақытта, толық инфляциялық таргеттеуге көшу қамтамасыз етіледі.


2-стратегиялық бастама. Қаржы секторының бәсекеге қабілеттілігін нығайту

Дамыған қаржы жүйесі еркін экономикалық алмасуға және жинақтарды инвестицияға жіберуге ықпал етеді. Осы облыстағы ілгерілеу қаржы нарықтарын дамыту арқылы бақыланады, бұл шағын және орта кәсіпорындар үшін қарыздарды қоса алғанда қарыздардың өсуінде білінетін болады.

Экономикаға кредит беруді қалпына келтіру мақсатында банк саласын сауықтыру, халықаралық стандарттар негізінде қаржылық тәртіпті нығайту және ақша-кредит саясатының тиімділігін а\юбрттыру бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.

Елдің қаржы секторына сенімді қалпына келтіру және көрсетілетін қызметтің спектрін кеңейту бойынша қарқынды жұмыс жасалатын болады. Ерекше назар қаржылық қызметті тұтынушылар мен инвесторлардың және құқықтары мен заңды мүделерін қорғау тетіктерін кеңейтуге бөлінетін болады.

«Астана» халықаралық қаржы орталығы бағалы қағаздар нарығын дамытуға және елге қосымша шетелдік инвестициялар тартуға мүмкіндік береді, олар өз кезегінде Қазақстанның жаһандық қаржы жүйесіне интеграциялануын жеңілдетеді және ұзақ мерзімді перспективада тұрақты экономикалық өсуді ынталадыратын болады.

Қаржы жүйесін реттеуді жақсарту үшін салымшылар сенімін нығайтатын және инвесторлар мен рейтингтік агенттіктердің банктерді бағалау кезіндегі оң факторлары болатын Базель III халықаралық стандарттартын енгізу жалғастырылатын болады.

Бұдан басқа, тұрақты түрде екінші деңгейлі банктердің кредиттік қоржындарының сапасын жақсарту және проблемалық кредиттер үлесінің төмендеуі, жаңа технологияларды қолдану арқылы ақшасыз төлемдерді дамыту және төлем нарығындағы қатысушылар санын кеңейту үшін жағдайлар жасалатын болады.

Кәсіпкерлікті дамыту үшін исламдық қаржыландыруды кеңейту және исламдық өнімдер нарығының инфрақұрылымын қалыптасытру үшін қолайлы жағдай құру күтілуде.

Нарықтық қор құралдарының дамуы отандық компаниялар дамуына қолайлы жағдай туғызуға мүмкіндік береді. Бұл үшін халықтың сауатын арттыру бойынша шаралар қабылданатын болады, оның ішінде қаржылық құралдарға инвестициялаудың артықшылықтары мен мүмкіндіктері туралы ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.

Қаржыландыруда кіші және орта бизнес тап болатын кедергілерді жою бойынша жұмыс жалғасатын болады.


3-стратегиялық бастама. Бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету және мемлекеттік шығыстардың тиімділігін арттыру

Мемлекеттік қаржының тиімділігін арттыру бюджеттің кіріс бөлігін нығайтуды, нәтижеге негізделген бюджет қаражатын басқаруды және өңірлердің қаржылық дербестігін кеңейтуді талап етеді.

Бюджеттің кіріс бөлігін нығайту және бюджет қаражатын тиімді басқару үшін салық саясатында басты назар салық түсімдерін көбейтуге, бизнестің іскерлік белсенділігін арттыруға, бизнесті «көлеңкеден» шығаруға және оны заңды айналымға кірістіруге аударылатын болады.

Азаматтарды салықтарды ерікті төлеуге ынталандыру және формалды емес жұмыспен қамтуды қысқарту, қолма-қол емес айналымды ұлғайту, бақылау жүйесін автоматтандыру, электронды шот фактураларын енгізу, қосымша құн салығына салық салу тетіктерін жетілдіру, арнайы салық режимдерін реформалау және салық жеңілдіктерін оңтайландыру арқылы бақыланбайтын экономиканы қысқарту бойынша шаралар көзделген.

Реформалау бюджет кірістерінің тұрақтылығын сақтауға және жаңа кен орындарын әзірлеу бойынша инвестициялық қызметті арттыру есебінен ұзақ мерзімді перспективада бюджет кірістерін одан әрі арттыруға бағытталады.

Мемлекеттік шығыстарға жүктемені төмендету және мемлекеттік қаржының орнықтылығын арттыру мақсатында бюджет теңгерімділігі қамтамасыз етіледі. Мемлекеттік бюджет тапшылығы ЖІӨ-ге қатысты 2 %-дан аспайтын деңгейде болады. Тапшылық параметрлері ұзақ мерзімді перспективада үкіметтік қарыз тұрақтылығын қамтамасыз етуді және мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын дамытуды ескере отырып айқындалатын болады.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаттарында жеке инвестицияларды тарту және 2018 жылдан бастап күрделі шығындардың сервистік моделін енгізу қамтамасыз етілетін болады. Бюджеттік инвестициялар жеке инвестицияларға тауашаларды босатумен жоғары әлеуметтік экономикалық қайтарымдылығы бар жобаларға ғана шоғырландырылады.

Бюджеттің ашықтығын арттыру бойынша жұмыс жалғастырылатын болады. Электрондық үкімет порталында бюджет процесінің барлық кезеңі қолданушыға түсінікті нысанда ұсынылатын болады.

2017 жылдан бастап республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылатын шығыстарды жергілікті бюджеттің шығыстар базасына беру арқылы жергілікті атқарушы органдардың қаржылық дербестігі мен жауапкершілігі күшейтіледі.

Фискалды орталықсыздандыру облыстық деңгейде шығыстық құзыретті болдырмай жалғастырылады. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қаржылық дерберстігін кеңейту үшін 2018 жылдан бастап


халық саны 2000 мыңнан астам аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округте өз бюджетін қалыптастырып, орындайтын болады.

Аудит және қаржылық бақылау жүйесін одан әрі жетілдіру мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының тәуелсіздігін және биліктің өкілдік тармақтарына есептілікті арттыруға бағытталатын болады. Аудиттің және бақылаудың ішкі және сыртқы жүйелері әр бағдарламалық құжаттың


әлеуметтік-экономикалық тиімділігін және іске асыру сапасын бағалауға жұмылдырылатын болады.
4-стратегиялық бастама. Өнеркәсіптің базалық салаларын жаңғырту

Өнеркәсіптің базалық салаларын дамыту бәсекелік артықшылықтарды пайдалануға және тікелей шетел инвестицияларын тарту арқылы технологиялар трансфертіне негізделетін болады.

Өңдеуші және тау-кен өндіру өнеркәсібінде еңбек ресурстарын жаңа өндіріс және жаңа өнімді қызмет көрсету секторларына өткізумен еңбек өнімділігін арттыру жөніндегі шаралар қабылданатын болады.

Аустралиялық әдісті ескере отырып, жетілдірілген ресурстық база құра отырып пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге оңтайландырылған қол жетімділік тетіктерін енгізу бойынша жер қойнауының жаңа кодексі қабылданатын болады.

Өнеркәсіптің негізгі салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен экспорттық әлеуетін ынталандыру үшін қосалқы өнеркәсіптік саясат шараларына өту қамтамасыз етілетін болады, экономиканың экспортқа бағытталған секторларына ғана тікелей қолдау көрсетілетін болады. Экспорттаушыларды қолдау үшін "бір терезе" қағидаты бойынша интеграцияланған жүйе құрылады. Экспорт тауарлары мен экспорт бағыттары әртараптарандырылады.

Өңдеу секторы мен бәсекеге қабілеттілікті дамыту мақсатында кластерлік тәсілдерді іске асыру жалғасады. Мемлекеттік қолдау шетелдік технологиялар мен венчурлық қаржыландыруды тартуға, ғылыми әлеует пен инновациялық инфрақұрылымды дамытуға бағытталады.

Шағын және орта кәсіпорындарды технологиялық жарақтандыру деңгейін арттыру шеңберінде кәсіпорындардың инновациялық қызметін қолдау шаралары кеңейтіледі.

2025 жылға қарай венчурлық қаржыландыру дамытылады және жеке бизнестің ғылыми-қолданбалы жобаларды енгізу және коммерцияландыру процесіне белсенді қатысуы қамтамасыз етіледі.

2020 жылға қарай «Инновациялық технологиялар паркі» АКҚ және Назарбаев Университетінің «Астана Бизнес кампус» базасында екі инновациялық кластер қалыптастырылатын болады.

Өңдеу өнеркәсібін дамытудың негізгі қолдау шаралары Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүргізілетін болады.


5-стратегиялық бастама. Аграрлық сектор – тұрақты экономикалық өсудің жаңа қозғаушы күші

Аграрлық сектор Қазақстанның экономикалық өсуінің негізгі қозғаушы күшіне айналуы тиіс. Өңірдің органикалық өнімдер нарығында алдыңғы позицияғы шығуы үшін Қазақстанның барлық мүмкіндіктері бар. Бұған өнімділіктің өсуі, механикаландыру, цифрландыру, агромелорация мен аграрлық ғылымның дамуы ықпал ететін болады. Ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында алдыңғы қатарлы технологиялық шешімдерді енгізу және аграрлық ғылымды дамыту негізінде агроөнеркәсіптік кешенді технологиялық жаңғырту қамтамасыз етіледі.

Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасын әртараптандыруды қамтамасыз ете алатын әлеуетке ие, сондай-ақ шағын және орта шаруашылықтардың қалыптасуы үшін кең мүмкіндіктер ашады.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен ауыл халқының табыстарын арттыруға ықпал ететін, сондай-ақ оларға қаржы мен өткізу нарықтарының қолжетімділігін арттыратын кооперация одан әрі дамитын болады. Мемлекеттік қолдау шаралары, соның ішінде кооперативтерге техника мен малды сатып алуға жеңілдетілген қаражат ұсыну арқылы оны ынталандыруға бағытталады. Бұдан басқа, мемлекет өнімді сақтау және дайындау үшін инфрақұрылымды жабдықтау бойынша көмек көрсететін болады.

ДСҰ шеңберінде «сары себет» бойынша және «жасыл себет» шеңберінде ауыл шаруашылығын қолдаудың мемлекеттік шараларын ұлғайту бойынша қабылданған міндеттемелерді ескере отырып, агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау жүйесін одан әрі реформалау жүргізілетін болады.

Мал шаруашылығында асыл тұқымды малдардың үлесін, жануарлардың өнімділігін ұлғайту және жем-шөп базасын дамыту бойынша шаралар қабылданатын болады.

Өсімдік шаруашылығындағы саясат, егіс алқаптары құрылымын әртараптандыруға бағытталатын болады.

Заманауи су үнемдейтін және технологиялық шешімдерді қолдана отырып, суармалы, су сіңдіру және су шаруашылық жүйелерін қалпына келтіре отырып, суармалы егіншілікті дамыту жұмыстары жалғастырылмақ.

Ауыл шаруашылығы өндірісінде сақтандыру тетіктері жетілдіріледі, оның ішінде тиісті заңдарға өзгерістер енгізіледі және сақтандыру өнімдері желісі кеңейтіледі. 2020 жылға дейін Ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыру үшін және Ауыл шаруашылығы өнімін экспорттауды арттыру үшін оның шетелде сертификаттау бойынша шаралар қабылданатын болады, қазақстандық тауар шығару бойынша тарату желілері құрылды.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде орта мерзімді перспективада алға қойылған міндеттерді шешу бойынша егжей-тегжейлі шаралар іске асырылатын болады.


6-стратегиялық бастама. Өнімділігі жоғары көрсетілетін қызметтерді дамыту және экономиканың цифрландыру

Жаһандық үрдістер дамыған елдердің де, сол сияқты дамушы елдердің де экономикалық дамуында көрсетілетін қызметтер саласының маңызы артқанын көрсетеді. Оның үстіне, халықтың әл-ауқатының өсуіне қарай сервистік экономика экономикалық өсу мен жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуде маңызды рөл атқара бастады.

Көрсетілетін қызметтер саласы экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың экономикалық өсу генерациясына жұмылуын ынталандырады. Ол үшін жобалық және инжинирингтік, қаржылық, консалтингтік, көліктік көрсетілетін қызметтер мен ғарыш жүйелерінің көрсетілетін қызметтеріне баса назар аудара отырып, қолдаудың тікелей және жанама шаралары есебінен көрсетілетін қызметтерді дамыту мен экспорттауды ынталандыру бойынша шаралар қабылданатын болады.

Қазіргі заманғы электрондық сауда алаңдары мен интернет бизнес-модельдері құрылады, 2020 жылдан бастап Астана және Алматы қалаларында, 2025 жылдан бастап облыстық маңызы бар қалаларда әмбебап сауда базарларының стационарлық сауда объектілеріне, сондай-ақ сауданың заманауи форматтарына ауысуы жүзеге асырылатын болады.

Туристік көрсетілетін қызметтердің экспортын ұлғайту үшін мәдени-танымдық, іскерлік, жағажай, сауықтыру, экологиялық және әлеуметтік, тау шаңғысы туризмін дамыту бойынша нысаналы шаралар қабылданатын болады.

Қолданыстағы «Қазақстан Республикасында көрсетілетін қызметтер саласын дамыту жөніндегі 2020 жылға дейінгі бағдарлама» шеңберіндегі шаралар жалғастырылатын болады.

Қазақстанның 4.0 Индустриясына көшу процесіне қосылуын бастау үшін өнеркәсіптің жаңа секторларын, халықты жаппай интернеттендіру, ғылыми және инновациялық ортаны қалыптастыру үшін базалық инфрақұрылымды қалыптастыруды бастау қажет.

Цифрлық технологиялар арқылы «цифрлық мемлекет» құру жөнінде шаралар қабылданады. Экономиканы цифрландыру міндеттері «Цифрлық Қазақстан» жаңа мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шешілетін болады.

Көлік-логистикалық секторында, ауыл шаруашылығында және өнідірісте төртіеші өндірістік революция («Индустрия 4.0») элементтерін енгізу үшін база құрылатын болады.
7-стратегиялық бастама. Қазақстанды Еуразияның көліктік-логистикалық хабы ретінде қалыптастыру

Қазақстанның Батыс Қытай мен Еуропа арасындағы қарым-қатынасы жақсы және Каспий теңізі арқылы Таяу Шығысқа шығуына қолжетімділігі бар. Қазақстанның жаңа көлік дәліздері әлемдік сауда үшін маңызды экономикалық мүмкіндіктерді және көрсетілетін қызметтер мен өнеркәсіп үшін қосымша артықшылықтарды туғызады.

Өңірлер арасындағы экономикалық арақашықтықты қысқарту, сондай-ақ Қазақстанның көлік-транзит әлеуетін арттыру үшін ел ішіндегі бірыңғай көлік жүйесі және негізгі транзиттік дәліздер дамитын болады.

Осы мақсатта 2020 жылға қарай Астананы «шұғыла» қағидаты бойынша өңірлермен байланыстыратын 3 мың км. автожолды реконструкциялау және салу, Құрық портын, «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының инфрақұрылымын салу аяқталатын болады, олар жүк транзитін


18,1 млн.тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Автомобиль жолдары желілерін кеңейту және автокөлік құралдарының қарқындылығын ұлғайтуға байланысты жол бойындағы сервис қызметінің сапасын арттырумен республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жекелеген учаскелерінің ақылы жүйесі енгізілетін болады.

Бұл ретте, жеке бизнес үшін инвестициялық тартымдылықты арттыру мақсатында рұқсат беру құжаттарын беру рәсімдерін оңтайландыру және жол бойындағы сервис объектілеріне инженерлік коммуникациялар салуды қаржыландыру арқылы мемлекеттік қолдау көрсетілетін болады.

Заманауи көлік-логистикалық инфрақұрылым қалыптастырудың негізгі басымдықтары аралас (құрастырылған, мультимодальдық) тасымалдарды дамыту үшін жағдайлар жасау болмақ. Азаматтық авиация саласы Еуропалық одақ талаптарына және Британдық азаматтық авиация агенттігінің моделіне көшеді.

Одан әрі Қазақстанның әлемдік авиациялық ағымдарға интеграциялануы үшін Астана мен Алматы қалаларында халықаралық авиациялық хабтар құрылатын болады. Әуежайлардың инфрақұрылымы «e-freight» жүк авиатасымалдары жөніндегі қағазсыз құжат айналымы стандарты жобасының талаптарына сәйкес болады.

Әлемнің негізгі қаржы орталықтарына жаңа авиабағыттар ашылатын болады.

Қойылған міндеттерді орта мерзімді перспективада шешу жөніндегі егжей-тегжейлі шаралар 2015-2019 жылға арналған «Нұрлы Жол» мемлекеттік инфрақұрылымдық даму бағдарламасы шеңберінде іске асырылатын болады.
8-стратегиялық бастама. Энергия қажетсінуді, ресурс және су жинауды, экономиканы декарбонизациялауды түбегейлі төмендету.

Энергетика саласын теңгерімді және тұрақты дамыту индустрияландыру мен индустрияландырудан кейінгі кезеңдерді өткізу үшін маңызды. Энергия тиімділігі мен энергия тиімділігін басқаруға инвестициялар салуға жәрдемдесу қазақстандық экономиканы жаңғыртуға үлес қосады.

Осыған байланысты электр энергетикасына инвестициялар тарту және энергия ресурстарының негізгі түрлерімен үздіксіз қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілетін болады, бұл жалпы экономиканың электр үнемдеу сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Энергетика саласының теңгерімді және тұрақты дамуы үшін жаңартылатын энергия көздерінің түрлері бойынша генерацияланатын қуаттылықтарды әртараптандыру, электр энергиясын беру кезінде шығындарды төмендетуге назар аудара отырып, энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту, қуаттылықтарды кеңейту мен өңіраралық байланыстарды күшейту жүргізілетін болады.

Энергияның жаңа түрлерін өндіруге жұмсалатын шығындардың төмендетілуін ескере отырып, қазірдің өзінде бүгінгі таңда дәстүрлі көздері бар бағалау тепе-теңдігіне жақындаған баламалы энергия көздеріне басымдық берілетін болады. Жел, күн және биоэлектр энергетикасын дамыту үшін ындаландыру жағдайлары жасалатын, су ресурстарын интеграцияланған басқару қағидаттары ескеріле отырып, елдің су ресурстарын тиімді пайдалану технологиялары енгізілетін, сондай-ақ халықты сумен қамтамасыз ету бойынша одан әрі күш алынатын болады.

Елдің су ресурстарының тиімді пайдаланылуын арттыру үшін энергия тиімділігі технологияларын енгізу, ағынды суларды қайтадан пайдалану, айналма сумен жабдықтау, суды тұтынуға теріс ықпал ететін және мемлекет бюджетіне елеулі жүктеме салатын мемлекеттік қолдау шараларын реформалау, сондай-ақ суды пайдалануға арналған тарифтерді қайта қарау және көп мақсатты су инфрақұрылымдарының рөлін барынша арттыру арқылы ауыл шаруашылығында, өнеркәсіпте және коммуналдық секторда су үнемдеу бойынша жүйелі шаралар әзірленіп, енгізілетін болады.

Ауыл шаруашылығында, өнеркәсіпте және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында суды ұтымды пайдалануға мүмкіндік беретін заңнамалық шаралар мен стандарттар енгізілетін болады.

Қазақстан экологиялық таза технологияларды дамыту және қоршаған ортаның ластану деңгейін төмендету, су үнемдеу технологияларын енгізу арқылы экономиканы декарбонизациялау және парниктік газдардың жұтылуын ұлғайту жөніндегі саясатты жалғастырады.

Ең үздік қолжетімді технологияларды қолданудың, «ластаушы төлейді» қағидатын енгізу, сондай-ақ казақстандық парниктік газдарды шығаруға арналған квоталарды сату жүйесіне жауапты уәкілетті органның рөлін күшейтудің көмегімен қоршаған ортаның ластануын болдырмау бойынша шаралар қабылданатын болады.
9-стратегиялық бастама. Өзара байланысты макроөңірлер мен заманауи агломерацияларды қалыптастыру

Өңірлік саясат әртараптандырылған ғылымды қажетсінетін экономикасы мен қызмет көрсету секторларында (білім беру, медицина, туризм, қаржы, ғылыми әзірлемелер және т.б.) дамыған экспорттық әлеуеті бар әлемдік деңгейдегі қалалар ретінде екі - Астана және Алматы - агломерацяларын дамытуға бағытталатын болады.

Макроөңірлерін (Батыс, Оңтүстік, Солтүстік және Орталық-Шығыс) дамытудың негізгі басымдықтары хаб қағидатын және осының негізінде Шымкент, Ақтөбе және Өскемен қалаларын агломерациялық дамыту үшін одан әрі база қалыптастыру болуы тиіс.

Басқарылатын урбанизация Қазақстанға оны әртараптандыру мен еңбек өнімділігін арттыру жолымен экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік құралдары арқылы орталықтарда жоғары сапалы инфрақұрылым құрылатын болады.

Халықтың қалаға көп келуін қамтамасыз ету үшін жұмыс күшінің аумақтық және салааралық ұтқырлығы ынталандырылатын және көші-қон ағындарын басқарудың тиімді тетіктері енгізілетін болады.

Ұлттық индикаторлар:


  1. 2015 жылдың деңгейімен салыстырғанда нақты ЖІӨ көлемін
    2020 жылы 12%-ға, ал 2025 жылы 40%-ға ұлғайту.

  2. Инфляция деңгейі 2020 жылы 3-4% дейін төмендету және 2025 жылға дейін осы деңгейде ұстап тұру.

  3. Экономикаға берілетін екінші деңгейдегі банктер кредиттерінің көлемін 2020 жылы ЖІӨ-ге қатысты кемінде 35 % деңгейіне дейін ұлғайту және 2025 жылға дейін осы деңгейде ұстап тұру.

  4. Мемлекеттік бюджеттің мұнай емес тапшылығын
    2020 жылға ЖІӨ-ге шаққанда 7%, 2025 жылға 6%-ға төмендету.

  5. Шикізат емес сектор экспортының құндық көлемін 2020 жылы 10%-ға, ал 2025 жылы 60%-ға ұлғайту.

  6. 2015 жылдың деңгейіне қарағанда ЖІӨ энергия сыйымдылығын 2020 жылы 10 %-ға, ал 2025 жылы 20 %-ға төмендету.

  7. 2015 жылдың деңгейіне қарағанда еңбек өнімділігін (жалпы қосылған құн бойынша) 2020 жылы 8%-ға, ал 2025 жылы 32%-ға өсіру.

  8. Транзиттік бағыттағы жүк тасу көлемін 2020 жылы 1,3 есе және
    2025 жылы 1,6 есе ұлғайту.

  9. Урбандалу деңгейін 2020 жылы 60%-ға дейін, 2025 жылы 65%-ға дейін ұлғайту.


2-стратегиялық басымдық. Дамыған нарықтық институттар және тиімді мемлекет

Бәсекелестің жоғары деңгейі мен жеке сектордың басымдылығы - ЭЫДҰ елдерінің экономикалық жетістіктерінің негізі. Осыған байланысты, елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттің экономикаға қатысуын қысқарту жолымен экономикалық еркіндік пен кәсіпкерлік бастамашылықты барынша кеңейту бойынша шаралар қабылданатын болады.

Күшті нарықтық институттар мен бәсекелестік пен жеке капиталды дамытуға, сондай-ақ қолайлы инвестициялық климатты қалыптастыруға бағытталған сапалы институционалдық орта экономиканы әртараптандыру мен тиімділігін арттырудың негізгі факторына айналады.

Сот және құқық қорғау жүйесінің жұмысы халықтың сенімін арттыру мақсатында ашықтық және айқындық призмалары арқылы жүзеге асырылуы тиіс.

Мемлекеттік басқаруды жетілдіру саласында мемлекеттік органдардың жұмысы туралы ақпараттың қолжетімділігін арттыру, шешімдер қабылдау кезінде азаматтық қоғамның қатысу мүмкіншіліктерін кеңейту қажет.

Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам-Ұлт Жоспарын іске асыру дамыған елдерге тән сапалық тұрғыдан жаңа және бәсекеге қабілетті институционалдық ортаның негізін қалайды. Бұл елдің бәсекеге қабілеттігінің өсуіне, кәсіпкерлік бастама мен жеке капиталдың дамуына, азаматтық қоғамның қалыптасуына ықпал ететін болады.


10-стратегиялық бастама. Ауқымды мемлекет иелігінен алу және еркін нарықтық бәсекелестікті ілгерілету

Мемлекет кәсіпкерліктің дамуына, әсіресе, ол үшін кәсіпорындар құру мен қызметін жеңілдетін неғұрлым қолайлы бизнес-климат құрылатын шағын және орта бизнестің дамуына жәрдемдесетін болады.

Жеке сектор ұлттың байлықтың негізгі өндірушісіне және экономиканың жаңғыртушылық және бәсекелестік әлеуетін айқындайтын маңызды өсу көзіне айналады.

Мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін реттеу мемлекеттің ішкі нарықта үстем жағдайын болдырмауға емес, сол сияқты оның экономикаға қатысуы табиғи монополиялардың стратегиялық маңызды салаларына және нарық тетіктері жұмыс істемейтін салаларға ғана қатысуына бағытталатын болады.

Квазимемлекеттік секторда халықаралық корпоративтік басқару мен қаржылық есептілік стандарттарын енгізу аяқталатын болады.

Ұлттық компаниялар мен мемлекет қатысатын кәсіпорындар 2018 жылдан бастап ЭЫДҰ есеп беру, ашықтық және қоғам алдындағы жауапкершілік қағидаттарын енгізу арқылы корпортативтік басқару жөніндегі басшылық қағидаттарына сәйкес келетін болады.

2017 жылдан бастап экономика салаларындағы баға реттеуден монополияға қарсы ден қою шараларына кезең-кезеңмен өту жүзеге асырылатын болады, яғни саясат бағаны көтеру жағдайларына емес, саламатты бәсекелестікке кедергі болатын себептерді жоюға шоғырланатын болады. Бұл ретте, бұл ереже теміржол көлігі, электрмен, газбен жабдықтау нарықтары және оларды қоғамдық маңызы бар ретінде 2020 жылға дейін реттеуді соларға қалдыру ұсынылып отырған, әуежайлардың жекелеген қызмет көрсетулеріне қолданылмайды.

Бәсекелестікті қорғау жөніндегі уәкілетті органның басымдықтары баға мен пайданы бағалаудан назарды үстем компаниялар қолданатын шектеу практикасына ауысатын болады.

2025 жылға қарай экономиканың барлық салаларында нарықтық баға белгілеуге толық көшу жүзеге асырылатын және тұтынушылардың табиғи монополиялардың көрсететін қызметтеріне кемсітушіліксіз қол жеткізуі қамтамасыз етілетін болады. Күш өндірістік қызметтерге (электр энергиясы, көлік және т.б.) қол жеткізуді жеңілдетуге бағытталатын болады, өндірістік қызметтерді жаңарту мен реттеуді жаңғырту бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады.

Бәсекелестіктің жоғары деңгейін дамыту және жеке сектордың артық болуы мақсатында нарықтардың еркін жұмыс істеуі мен бәсекелестіктің дамуына кедергі келтіретін әкімшілік барьерлер төмендетілетін болады, бәсекелестікке қарсы келісімдерге тыйым салынатын және бәсекелестікке кедерге келтіретін бірігу мен сіңірулер шектелетін болады.


жүктеу 0,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау