Қазақстан Республикасы Президентінің



жүктеу 0,61 Mb.
бет4/4
Дата25.11.2017
өлшемі0,61 Mb.
#1752
1   2   3   4

18-стратегиялық бастама. Әлеуметтік инклюзивтілік

Мемлекеттік қолдау мұқтаждарға ғана көрсетілетін болады. Әлеуметтік қорғау жүйесі кірістерді қорғауға және халықтың осал санаттары үшін әлеуметтік қызметтерді көрсетуге бағытталады. Кедейлікті төмендеу тетіктері азаматтардың жеке бастамасы мен өнімді еңбекке қосылу дайындығына негізделеді.

Әлеуметтік көмектің тиімділігін қамтамасыз ету және атаулықты күшейту мақсатында әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындаудың санатты қағидаттарынан мұқтаждық және ұсыну негізділігі қағидаттарына кезең-кезеңмен ауысу жүзеге асырылады.

2018 жылдан бастап 4 және одан көп баласы бар көпбалалы отбасыларға берілетін арнайы мемлекеттік жәрдемақы және 18 жасқа дейінгі балаларға төленетін мемлекеттік жәрдемақы ең төмен күнкөріс деңгейінен


50% деңгейінде мұқтаждықтың бірыңғай өлшемшартын енгізе отырып, атаулы әлеуметтік көмектің (бұдан әрі - АӘК) жаңа форматына ауысады.

Жаңа форматты АӘК отбасының еңбекке жарамды мүшелерінің жұмыспен қамтудың белсенді шараларына міндетті түрде қатысу шартымен ұсынылады.

Объективті себептермен (жалғыз қалған қарт адамдар, мүмкіндігі шектеулі адамдар, балалар және т.б.) табыс алу мүмкіндігі жоқ жеке отбасылар мен азаматтар үшін шартсыз ақшалай көмек көрсетіледі.

Ең төмен күнкөріс деңгейі түрлі нысаналы топтардың қажеттіліктерін, сондай-ақ халықтың азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар мен қызметтерге нақты шығыстарын ескере отырып, қайта қаралады. Нәтижесінде, халықтың осал санаттары үшін тағайындалатын мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері артады.

Мұқтаж азаматтар мен олардың отбасыларына жеке және кешенді қамқорлық көрсету қағидатын іске асыруды көздейтін «бір терезе» қағидаты бойынша арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсетудің интеграцияланған моделі енгізіледі. Ол үшін білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау мен басқа да салалардың әлеуметтік жұмыскерлерінің қызметін үйлестіру тетігі әзірленеді, бұл мұқтаж азаматтарға «бір терезе» арқылы әлеуметтік қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Азаматтарды зейнетақымен қамту жүйесі одан әрі дамиды. Жұмыс берушінің қосымша міндетті зейнетақы жарналарын белгілеу есебінен зейнетақымен қамту жүйесінің жаңа шартты-жинақтаушы құрамдауышы енгізіледі.

Ана мен баланы әлеуметтік қолдау азаматтардың өзін-өзі дамытуына және еңбек ресурстары теңгерімінің тұрақтылығына жәрдемдесудің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Туылуды материалдық және материалдық емес ынталандыру және көп балалықты қолдауға бағытталған шаралар жалғасын табады.
19-стратегиялық бастама. Қолжетімді тұрғын үй

2017 жылдан бастап «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысының бірыңғай бағдарламасының іске асырылуы басталады.

Бағдарламаның негізгі фокусы жергілікті атқарушы органдардың астанада және республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда азаматтарға жеке тұрғын үй құрылысына дайындалған инфрақұрылымы бар жер телімдерін беру арқылы жеке тұрғын үй құрылысын дамыту болады. Сонымен қатар республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларына өзгерістер енгізіледі, бұл халықтың көшуін ынталандырады.

Мемлекеттік тұрғын үй саясатында екпін тұрғын үй құрылысын тікелей қаржыландырудан жеке құрылысшыларды ынталандыруға ауыстырылатын болады. Жеке құрылысышылардың арзан кредиттік қаражатқа қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін банктердің құрылысшыларға тұрғын үй құрылысы үшін беретін кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін мемлекеттің субсидияландыруы көзделеді.

Халық арасында төлеу қабілеттілігін арттыруды ынталандыру үшін пайыздық мөлшерлемені субсидиялауды қоса алғанда, коммерциялық банктердің ипотекалық кредиттеуін арзандату бойынша шаралар қабылданады.

Тұрғын үй құрылыс жинағы жүйесін дамытуды қолдау мақсатында «револьверлік» қағидаты бойынша бұрын бөлінген мемлекеттік инвестициялар мен азаматтардың тұрғын үй жинақтарының есебінен кредиттік тұрғын үй құрылысының көлемі арттырылады.

Сатып алусыз жалға берілетін тұрғын үй құрылысына жыл сайын қаражат бөлу жоспарлануда, бұл жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандардың санынан халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған жалға берілетін тұрғын үйдің өңірлік қорын құруға мүмкіндік береді.

Тұрғын үй алуға кезекте тұрғандардың Бірыңғай республикалық электронды базасы құрылады.

«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бірыңғай бағдарламасы тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз ету проблемасын шешуді жеделдету мақсатында қабылданатын болады.

Ұлттық индикаторлар:



  1. Халықтың ақшалай кірістерінің өсуі:

  • номиналды түрде 2020 жылы 1,5 есе, 2025 жылы 2,2 есе;

  • нақты түрде 2020 жылы 1,2 есе, 2025 жылы 1,5 есе артады.

2. Болжамды өмір сүру ұзақтығы 2020 жылы 73 жасқа, 2025 жылы 75 жасқа дейін ұлғаяды.

3. Халықтың жалпы өлім-жітімін 2020 жылы – 1 мың адамға шаққанда 7,2 кем емес, 2025 жылы – 1 мың адамға шаққанда 7,0 кем емес төмендеу.

4. Орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізу:


  • қалаларда 2020 жылға қарай – 97 %, 2025 жылға қарай - 100%;

  • ауылдық елді мекендерде 2020 жылы – 68%,
    2025 жылы – 80%.

5. Тұрғын үймен қамтамасыз етілу 2020 жылы жан басына шаққанда
23 шаршы м., 2025 жылы – 25 шаршы м.

2017 жылдан бастап Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының іске асырылу тиімділігін кешенді мониторингтеу үшін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (бұдан әрі – ЭЫДҰ) қолдауымен ЭЫДҰ жақсы өмір сүру индексі үлгісінде «Өмір сүру сапасы индексі» деген индикатор енгізілетін болады.


5-стратегиялық басымдық. Өзгермелі әлемдегі алдын ала белсенді сыртқы саясат

Өңірдегі тұрақтылықты және қауіпсіздікті сақтау, елдің имиджін дәйекті түрде жақсарту және өзара тиімді халықаралық қатынастарды көбейту экономиканың орнықты және тұрақты өсуіне және инвестициялар мен инновацияларды тартуға ықпал етеді.


20-стратегиялық бастама. Тиімді сыртқы және сауда саясаты

Сыртқы саясат көп бағдарлылық, теңгерімділік, прагматизм, өзара тиімділік қағидаттарында жүргізілетін болады.

Тиімді ұзақ мерзімді халықаралық қатынастарға қол жеткізу үшін Ресей Федерациясымен одақтық қатынастарды дамыту, Қытай Халық Республикасымен, Америка Құрама Штаттарымен және Еуропалық Одақпен стратегиялық әріптестік, басқа мемлекеттермен өзара тиімді ынтымақтастық жалғасады.

Халықаралық ұйымдар қызметтеріне белсенді қатысуға әрі өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті (Біріккен Ұлттар Ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы және басқалары) нығайтуға ерекше көңіл бөлінеді.

Орталық Азияда ішкі өңірлік кооперацияны дамыту дау тудыратын әлеуетті төмендетуге және өңірлік әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуге бағытталатын болады.

Қазақстан ұлттық мүдделерді ескере отырып, шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен визалық режимді ырықтандыруды және шарттық-құқықтық базаны кеңейтуді жалғастыратын болады.

Қазақстан Орталық Азия мен Еуразиялық кеңістіктегі интеграцияны дамыту бағытын жалғастырады. Бұл ретте, Қазақстанның әлемнің барлық елдерімен қатынасын нығайтуы, сондай-ақ өңірдегі қақтығысты жағдайлардың алғышартын болдырмауға белсенді жәрдемдесуі маңызды басымдық болып қалады.

Халықаралық интеграция және Қазақстанның ДСҰ-ға қатысуы беретін мүмкіндіктерді пайдалану үшін Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылдағы қызметі инвестицияларды тарту мен экспортты ілгерілетуге бағытталатын болады.

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде фармацевтика, электр энергетикасы, газ, мұнай мен мұнай өнімдері салаларындағы жалпы нарықтар қалыптастырылатын болады, сондай-ақ өзара жеткізілетін өнімдердің негізгі түрлеріне өнім қауіпсіздігі бойынша қойылатын талаптарды біріздендіру аяқталды.

Халықаралық қатынастар жүйесіне интеграциялау мақсатында үшінші елдермен преференциялық сауда келісімдерін жасасу жоспарланып отыр.

Қазақстанның географиялық жағдайы Қытай Халық Республикасымен сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету үшін пайдаланылатын болады. Бұл бағыттағы ең маңыздысы Еуразиялық экономикалық одақ пен Жібек жолының экономикалық белдеуінің құрылысы бойынша бастамалардың тоғысуы болып табылады.

Халықаралық құқық нормаларына сәйкес сауда саясатын іске асыру және әлемдік қоғамдастықпен неғұрлым терең интеграциялану үшін Қазақстан міндеттемелерді орындап, ДСҰ шеңберінде көпжақты сауда келіссөздеріне қатысатын болады.

Ұлттық индикатор:


  1. Қазақстанның сауда көлемін 2020 жылы 1,2 есе, 2025 жылы 1,4 есе ұлғайту.


6. Қорытынды

Стратегиялық жоспар 2025-ті Қазақстанның уақыттың сын-тегеуріндеріне жауабы болып табылады және елді алдағы 10 жылдық кезеңде дамытуға арналған үшін іс-қимылдардың жүйелі жол картасы болады.

Стратегиялық жоспар 2025 іске асыру қорытындысы мыналар болып табылады:

Бірінші. Қазақстан тең мүмкіндіктер еліне айналады. Барлық азаматтарға сапалы медициналық көрсетілетін қызметке, қолайлы қоршаған ортаға және жайлы тұрғын үйге қолжетімділікке кепілдік беріледі

Екінші. Азаматтық қағидаттарға және барлық қазақстандықтар үшін ортақ құндылықтардың жүйесіне негізделген біртұтас қоғам. Азаматтың өзін-өзі танытуы үшін барлық жағдай жасалады, орта таптың үлесі айтарлықтай кеңейді. Әрбір қазақстандық сапалы білім беруге қол жеткізе алады.

Үшінші. Әртараптандырылған, бәсекеге қабілетті экономикаға негізделген мықты экономикалық іргетас. Экономика өсімінің жаңа қозғаушы күштері – өнеркәсіптің, кәсіби көрсетілетін қызметтер мен АӨК-тің жоғары өнімді салалары құрылатын болады, ғылымды көп қажет ететін экономиканы қалыптастыру үшін іргетас қаланды. Бұл жаңа табысы жоғары жұмыс орындарын құрады және ел экономикасын құрылымдық жаңғырту үшін негіз болады.

Төртінші. Заң үстемдігі және адам құқықтары мен бостандықтарының мызғымастығы. Жекеменшік құқықтарын қорғау және адал әрі ашық бәсекелестік есебінен еркін кәсіпкерлік үшін барлық жағдайлар жасалатын болады.

Бесінші. Шұғыла қағидаты және инклюзивті урбандалу бойынша заманауи инфрақұрылым қаңқасын қалыптастыру арқылы ел өңірлерінің тығыз байланысы мен тиімді халықаралық интеграцияны қамтамасыз ететін бірыңғай интеграцияланған нарық құрылатын болады.

Алтыншы. Мемлекет, бизнес және азаматтар арасында тең дәрежелі әріптестік орнайды. Елде меритократия, есеп беру және транспаренттілік қағидаттарына негізделген жоғары кәсіби мемлекеттік қызмет құрылатын болады.

Жетінші. Халықаралық аренада Қазақстан Орталық Азияда көшбасшы позициясын сақтайды және өңірдегі барлық елдермен, шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен достық қатынастарын нығайта түседі, өңірлік және жаһандық интеграциялық бірлестіктердің бастамашысы және белсенді қатысушысы болады.

Осылайша, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын іске асыру Қазақстанның әлемнің ең дамыған отыз мемлекетінің қатарына кіруі үшін берік экономикалық іргетасты қамтамасыз етеді.

Әлемдегі жылдам өзгеріп жатқан экономикалық жағдайлар әрбір елдің даму басымдықтарын жүйелі қайта қарауды талап етеді. Осыған байланысты, стратегиялық дамудың ұзақ мерзімді және үздіксіз пайымын сақтау үшін елдің үнемі өзгеріп тұратын жағдайын ескере отырып, әрбір бес жыл сайын алдағы он жылдық кезеңге елді дамытудың басым бағыттары қайта қаралатын болады.



Он жылдық Стратегиялық жоспарды әзірлеу мен іске асырудың жылжымалы қағидатына ауысу мемлекеттік органдар үшін үздіксіз бағдарды қамтамасыз етуге және олардың үйлесімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
жүктеу 0,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау