Іс-шара: Төлем жүйелерін қадағалау (оверсайт)
Төлем жүйелерін қадағалау (оверсайт) шеңберінде мыналар жүзеге асырылды:
1) күн сайынғы негізде ҚБЕО-нан алынған төлемдер бойынша ақпаратты жинау және өңдеу арқылы төлем жүйелерінің жұмыс істеуіне мониторинг, талдау, ай сайын және тоқсан сайын электрондық терминалдар және қашықтан кіру жүйесі арқылы жүзеге асырылған ақша төлемі мен аударымы жөніндегі мәліметтерді, ай сайын төлемдер мақсатының бірыңғай жіктеуішінің кодтары бойынша төлемдер жөніндегі мәліметтерді жинау және өңдеу жүзеге асырылады.
Жүргізілген талдау қорытындылары бойынша мынадай ақпарат ҚРҰБ басшылығына, сондай-ақ мүдделі бөлімшелерге ұсынылды:
ҚРҰБ басшылығына ай сайынғы негізде:
- MIS-12 «Банкаралық ақша аударымы және банкаралық клиринг жүйесіндегі айналымдар бойынша есептілік»;
- MIS-07 «Төлем карточкаларын пайдалану бойынша мәліметтер»;
ҚРҰБ мүдделі бөлімшелеріне:
- Қаржылық тұрақтылық департаментіне ай сайынғы негізде қаржылық тұрақтылық мәселелерін талдау үшін ақпарат;
- Зерттеу және статистика департаментіне Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне баяндама дайындау үшін Қазақстан Республикасы төлем жүйелерінің 2010 жылғы, 2011 жылғы І тоқсандағы, 2011 жылғы 9 айдағы, 2011 жылғы 11 айдағы жұмысы туралы ақпарат;
- Зерттеу және статистика департаментіне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2010 жылғы жылдық есебін жасау үшін «Төлем жүйелері» және «Нормативтік құқықтық қызмет» бөлімдері бойынша ақпарат;
- Ұйымдастыру жұмысы, сыртқы және қоғамдық байланыстар департаментіне Ұлттық Банктің Хабаршысына жариялау үшін Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1, 2, 3-тоқсандағы төлем жүйелерінің жұмысы туралы ақпарат.
2) күн сайынғы негізде БААЖ өтімділік және айналымдылық коэффициенттерін есептеу арқылы тәуекелдерді басқару және барынша азайту, сондай-ақ операциялық күн ішінде пайдаланушы кері қайтарған, сондай-ақ операциялық күн ішінде БААЖ-да пайдаланылмаған төлем құжаттары және олар бар болғанда Банкаралық клиринг жүйесінде күші жойылған төлем құжаттары бойынша ақпаратқа талдау жүргізілді;
2-сурет
2011 жылғы БААЖ өтімділік коэффицентінің, Банкаралық клиринг жүйесінің айналым коэффициентінің орташа айлық мәндерінің өзгеру динамикасы
3) екінші деңгейдегі банктердің «ҚРҰБ КБЕО» РМК төлем жүйелерін пайдаланушының жұмыс орнына қойылатын талаптарды сақтау мәселелері бойынша 2011 жылғы 1 және 3-тоқсандарға арналған тексерулер жүргізудің бекітілген жоспарлары негізінде 2011 жылы 95-Нұсқаулықта3 белгіленген ҚБЕО төлем жүйелеріне кіруді қамтамасыз ететін ұйымдық шараларға және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарды сақтауға қатысты төлем жүйелерін пайдаланушылардың («Қазақстанның Халық Банкі» АҚ, «Таиб Казахский Банк» ЕБ АҚ, «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ, «Қазпочта» АҚ, «Казкоммерцбанк» АҚ, «Казахстан-Зираат Интернешнл Банк» Еншілес Банкі» АҚ, «Алматы қаласындағы Қытай сауда-өнеркәсіп банкі» АҚ, «Ситибанк Казахстан» АҚ, «Al Hilal» Ислам Банкі) қызметіне 9 тексеру жүргізілді.
Іс-шара: Төлем жүйелері өтімділігінің мониторингі, БААЖ-ғы кредиттік, өтімділік және жүйелік тәуекелдердің туындауын барынша азайту
Ұлттық Банк тұрақты негізде нақты уақыт режимінде төлем жүйелерінің пайдаланушылары позицияларының мониторингін және бақылауды жүзеге асырды. Мәселен төлем жүйелерінде тәуекелдерді басқару мақсатында күн сайынғы негізде операциялық күн ішінде кезекте тұрған, пайдаланушы қайтарып алған, сондай-ақ операциялық күн ішінде БААЖ-да орындалмаған және БКЖ-да жойылған төлем құжаттары болған кезде, олар ақпаратқа талдау жүргізілді.
Тұтастай алғанда 2011 жылы БААЖ-ғы пайдаланушылардың орташа күндік өтімділік көлемі 845,6 млрд. теңгені құрады (пайдаланушылардың айналымдарының орташа күндік сомасы 763,8 млрд. теңгеге тең болған кезде), бұл жүйе пайдаланушыларының төлемдер жүргізуі үшін өтімділікпен жеткілікті қамтамасыз етілуін сипаттайды.
3-сурет
2011 жылы БААЖ-да пайдаланушылар өтімділігі өзгеруінің динамикасы
2011 жылы БААЖ-да мынадай төлем құжаттарын орындамау (кері қайтару) фактілері анықталды:
1) 2011жылғы 14 наурызда 1 төлем құжаты орындалған жоқ, көрсетілген төлем құжатын банк сол операциялық күні табысты түрде қайта өткізді;
2) 2011жылғы 12 сәуірде 1 төлем құжаты кері қайтарып алынды, көрсетілген төлем құжатын банк сол операциялық күні табысты түрде қайта өткізді;
3) 2011жылғы 13 сәуірде 1 төлем құжаты орындалған жоқ, осы төлем бойынша банкаралық мәміле жойылды;
4) 2011 жылғы 4 мамырда 1 төлем құжаты кері қайтарып алынды, осы төлем бойынша банкаралық мәміле жойылды;
5) 2011 жылғы 3 маусымда 1 төлем құжаты кері қайтарып алынды, көрсетілген төлем құжатын банк сол операциялық күні табысты түрде қайта өткізді;
6) 2011 жылғы 18 шілдеде 9 төлем құжаты кері қайтарып алынды, көрсетілген құжаттарды банк сол операциялық күні табысты түрде қайта өткізді;
7) 2011 жылғы 20 қыркүйекте 4 төлем құжаты кері қайтарып алынды, барлық қайтарып алынған төлем құжаттары БААЖ арқылы сол күні табысты түрде қайта өткізді.
Банкаралық клиринг жүйесінде 2011 жылы төлем құжаттарын жоюдың мынадай фактілері анықталды:
1) 2011 жылғы 17 маусымда 58 төлем құжаты жойылды, барлық төлем құжаттары БААЖ арқылы табысты түрде қайта өткізілді.
2) 2011 жылғы 18 шілдеде 21 төлем құжаты жойылды, барлық төлем құжаттары БААЖ арқылы табысты түрде қайта өткізілді;
3) 2011 жылғы 24 тамызда 7 төлем құжаты жойылды, барлық төлем құжаттары БААЖ арқылы табысты түрде қайта өткізілді;
4) 2011 жылғы 1 желтоқсанда 141 төлем құжаты жойылды, барлық төлем құжаттары БААЖ арқылы табысты түрде қайта өткізілді.
Іс-шара: Төлем жүйелерін қадағалау (оверсайт) қорытындылары бойынша есепті дайындау және жариялау
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған «Қазақстанның төлем жүйелерін қадағалау (оверсайт)» талдамалық материалдарын жариялау бойынша жұмыс жүргізілді. (2011 жылғы 7 маусымдағы №29305/1405Н, 2011 жылғы 9 маусымдағы №29306/1443Н).
2-бөлім. Функционалдық мүмкіндіктер және ықтимал тәуекелдер
2011 жылы Ұлттық Банк қызметінің нәтижелерін жақсарту және тиімділігін арттыру мақсатында мынадай бағыттар бойынша іс-шаралар жүзеге асырылды
1-стратегиялық бағыт: Мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу
1.2-мақсат. Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу
Мақсатты индикатор: Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудің әлемдік тәжірибесін және орталық банктердің тиімді қызметін зерделеу - Ұлттық Банк қызметкерлерінің шетелдік орталық банктердің және халықаралық қаржы ұйымдарының өкілдерімен семинарлар, тағылымдамалар, жұмыс кездесулерін ұйымдастыруы және қатысуы.
Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудің әлемдік тәжірибесін және орталық банктердің тиімді қызметін зерделеу мақсатында есепті кезеңде ҚРҰБ 15 қызметкері шетелдік орталық банктердің өкілдерімен шетелдік семинарларға, жұмыс кездесулеріне қатысты, оларда қаржы секторын макроэкономикалық басқару, жүйелік тәуекелдерді талдау, қаржылық тұрақтылық үшін экономикалық және макропруденциалдық саясат мәселелері қаралды.
Оның ішінде 11 қызметкер Біріккен Вена институты және Сингапур Аймақтық институты ХВҚ-мен, Англия Банкімен, Швейцария Ұлттық Банкінің базасындағы Герцензи оқу орталығымен бірлесіп ұйымдастырған шетелдік семинарларға қатысты. Сол сияқты 4 қызметкер Беларусь Республикасының Ұлттық Банкі Оқу орталығында және Ресей Орталық банкінде және Арменияда ТМД бойынша семинарларға қатысты. Оған қоса 2 қызметкер Экономикалық зерттеулер институты ұйымдастырған (Германия, Мюнхен) «Экономиканың дамуын болжау және дағдарыстардың ертерек алдын алу жүйесін әзірлеу» жобасының нәтижелері бойынша жұмыс кездесулеріне қатысты.
Достарыңызбен бөлісу: |