2017 жылдың қорытындысы бойынша Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімінің атқарған жұмысы туралы ақпарат



жүктеу 273,59 Kb.
Pdf просмотр
Дата21.11.2018
өлшемі273,59 Kb.
#23424


2017 жылдың қорытындысы бойынша 

Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімінің атқарған жұмысы туралы 

ақпарат 

 

 

2017  жылдың  қорытындысы  бойынша  қалада  29 642(5 742  заңды  тұлға, 



23 900  жеке  тұлға)  шағын  және  орта    кәсіпкерлік  субъектісі  тіркелген,  2016 

жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  3,2%-ға өскен (28 734 субъект). 

Тіркелген  ШОК  субъектілерінің  ішінде    белсенділердің    саны 

21 957(3 956  заңды  тұлға,  18 001  жеке  тұлға)  бірлікті    құрады  (74%),  2016 

жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  аталған көрсеткіш 1,2%-ға өскен (21 695 

субъект). 

Ондағы  жұмыс  жасайтындардың    саны  74 382  (39 205  заңды  тұлға,  35 



177  жеке  тұлға)адамды  құрап  2016  жылдың  осы  кезеңімен  салыстырғанда  

14,7%-ға өскен (64 872 адам).  

Өндірілген  өнім  көлемі  (жасалған  жұмыс,  көрсетілген  қызмет)  364,9 

млрд.теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 41,7% 

(257,5  млрд.теңге)  құрады.  (Анықтамалық:  Өндірілген  өнім  өсімі  сауда 

көлемінің ұлғаюымен байланысты, атап айтқанда, көтерме сауда)

Кәсіпкерлік  субъектілерімен  мемлекеттік  бюджетке  26,4  млрд.  теңге 



(мемлекеттік  бюджетке  түскен  жалпы  түсімнің  29,2%  құрайды  - 

92,1млрд.тенге),  соның  ішінде  жергілікті  бюджетке  9,4  млрд.  теңге  көлемінде 

салық түскен және қалалық бюджетке түскен түсімнің 42%-н құрайды (22,4 



млрд.тенге). 

2017  жылдың  қорытындысы бойынша шағын  кәсіпкерлік субъектілеріне 

299(49,79га)  жер  учаскелері    бөлінді.  Оның  ішінде  сатып  алынғаны  -   

82(9,95га).  

Сонымен қатар 175 оңды қорытынды тұрғын үйлердің бірінші қабаттарын 

қайта жоспарлауға және жабдықтауға берілді, сонын ішінде: 62 дүкен, 12 кафе,             

9 кеңсе, 1 сауна, 1 ателье, 4 тіс оңдайтын бөлме, 3 дәмхана, 3 СҮ, 3 мейрамхана, 

3 шаштараз, 7 автокешен, 1 дәріхана, 3 қонақ үй, 1 кондитерлік цех, 1  монша, 1 

сұлулық салоны және 1 асхана бар.  

2017  жылдың  қаңтар-желтоқсан  айларында  жүзеге  асырудың  барлық 

каналдары бойынша бөлшек тауар айналымы  208 132,1  млн. теңгені құрап, 

былтырғы  жылдың  осы  кезеңіне  бөлшек  сауданың  нақты  көлем  индексі 

109,7%-ды құрап отыр. 

Бөлшек сауданың құрылымында азық-түлік тауарларының көлемі  30,3% 

немесе  62  991,3  млн.  теңгені  құрап  отыр.  Азық-түлік  емес  тауарлар  көлемі 

69,7%  немесе 145 140,8  млн. теңгені құрап отыр.  

Көтерме  сауда  айналымы  көрсетілген  мерзімде  289  790,4  млн.  теңгені 

құрап,  былтырғы  жылдың  осы  кезеңімен  салыстырғанда  көтерме  сауданың 

нақты көлем индексі 88,6%-ды құрады. 

Кәсіпкерлік  субъектілерінің  экономикалық  белсенділігін  арттыру,  жаңа 

кәсіпорындар  ашу,  жаңа  жұмыс  орындарын  құрумен  қатар,  қолда  бар  жұмыс 



орындарын  сақтап  қалу  мақсатында  мемлекет  тарапынан  төмендегідей 

мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес қаржылық қолдаулар көрсетілуде. 

 

Бизнестің жол картасы-2020 

Бағдарламаны  жүзеге  асыру  үшін  2017  жылы  1 441,90  млн.теңге  қаржы 

қарастырылды, соның ішінде: 

- кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға – 1 300,690 

млн.теңге; 

- кредиттерді ішінара кепілдендіруге – 94,0 млн.теңге; 

- гранттық қаржыландыруға – 47,0 млн.теңге. 

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай 

бағдарламасы  аясында  2017  жылдың  қорытындысы  бойынша  2010-2017 

жылдарда  аймақтық  үйлестіру  кеңесімен  жалпы  несие  және  жеткізілетін 

инфрақұрылым сомасы 97,8 млрд. теңгеге 818 жоба мақұлданды, соның ішінде: 

- соммасы 62,9 млрд.теңге болатын 490 жоба3 000 астам жаңа жұмыс 

орнын құрумен қалаға тиесілі. 

2017  жылдың  басынан  бастап  сомасы  20,9  млрд.теңгеге  184  жоба 

мақұлданды,  оның  ішінде  сомасы  13,7  млрд.теңге  болатын  103  жоба  қалаға 

тиесілі.  

 

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 

бағдарламасы 

Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2016  жылғы  29  желтоқсандағы                 

№919  қаулысына  сәйкес  Нәтижелі  жұмыспен  қамтуды  және  жаппай 

кәсіпкерлікті 

дамытудың 

2017 

– 

2021 

жылдарға 

арналған 

бағдарламасының  «Жаппай  кәсіпкерлікті  дамыту»  екінші  бағыты  бағыты 

аясында  жалпы  республикалық  бюджет  және  транферттерден  микрокредиттеу 

бойынша 852,8 млн.теңге көлемінде қаржы бөлінді.  

Қалада және шағын қалада микрокредит беру  бойынша Батыс Қазақстан 

облысы  бойынша  кәсіпкерлік  және  индустриалды-инновациялық  даму 

басқармасы оператор болып табылады. 

Ақша  қаражаты  шағын  және  орта  кәсіпкерлік  субъектілерін 

қаржыландыру  мақсатында  екінші  деңгейдегі  банктерге  орналастырылды 

(«Қазақстан  Халық  Банкі»  АҚ  384,7  млн.теңге,  «Ресей  Жинақбанкі»АҚ  ЕБ 

408,1 млн.теңге, «Банк Центр Кредит» АҚ 60 млн.теңге). 

Шағын  бизнесті  ашу  мақсатында  микрокредиттер  кәсіпкерлік  негіздерін 

оқыту  курстарынан  өткеннен  кейін  немесе  соңғы  екі  жылдың  ішінде  басқа 

бағдарламалардың  шеңберінде  кәсіпкерліктің  негіздеріне  оқыту  курстарынан 

өткендігі туралы сертификат болған кезде беріледі. 



Микрокредиттер  басым  тәртіппен  кәсіпкерлікті  дамытудың  өңірлік 

карталарына  сәйкес  іске  асырылатын  жобаларға  тұрақты  жұмыс  орнын  құру 

шартымен беріледі. 

қаржыландырудың ең жоғары лимиті-8 000 АЕК; 



инвестицияларға 5 (бес) жылданкөпемес; 

айналымдағы қаражатты толықтыруға 3 (үш) жылдан көп емес



сыйақының номиналды мөлшерлемесі – жылына 6%; 

жеңілдік  кезеңі  –  кредитор  шешімі  бойынша  (Банк)микрокредит 



мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайды. 

Үміткерлер 

(өзін-өзі 

жұмыспен 

қамтығандар, 

жұмыссыздар) 

Бағдарламаға  қатысушыларға  сәйкес  келуі  тұрғысынан  тексеруден  өту  үшін 

халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді. Халықты жұмыспен қамту 

орталықтарының  жолдамалары  бойынша  және  оқу  курстарынан  өткендігі 

туралы  сертификаттары  бар  Бағдарламаға  қатысушылар  жобаның  бизнес-

жоспарын әзірлеп, микрокредитті алуға арналған өтінішпен Банкке жүгінеді. 

Банктер  әлеуетті  бизнес-жобаны  бағалайды,  қорытындыны  береді  және 

микрокредитті  берудің  мүмкіндігі  немесе  мүмкін  еместігі  туралы  шешім 

қабылдайды  және  микрокредит  беру  туралы  оң  шешім  қабылдағаннан  кейін, 

Қазақстан  Республикасының  азаматтық  заңнамасына  сәйкес  Бағдарламаға 

қатысушылармен микрокредит беру туралы шарт жасасады. 

2017  жылдың  қорытындысы  бойынша  жоғарыда  аталған  банктермен 

сомасы  299,7  млн.теңге    болатын  28  жоба  қаржыландырылды,  оның  ішінде 

сомасы  285,5  млн.теңге  болатын  27  жоба  қалаға  тиесілі  (1  жоба-  Ақсай 

қаласы)

 

Орал қаласында әлеуметтік маңызы бар азық -түлік тауарларының 



бағаларының өсуіне жол бермеу жұмыстары бойынша 

мәлімет 

Орал қаласы әкімдігінің «Кәсіпкерлік бөлімі» апта сайын қаламыздың 3 ірі 

«Мирлан»,  «Алтын-Алма»,  «Караван»базарлары  мен  қаланың  әр  түрлі 

аудандарында  орналасқан    90  дүкендердеріндегі  әлеуметтік  маңызы  бар  азық-

түлік тауарларының бағаларына мониторинг жүргізеді. 

Бірінші қажеттегі азық-түлік тағамдар бағасының негізсіз өсуі анықталған 

жағдайда,  кәсіпкерлік  бөлімімен  Табиғи  монополияларды  реттеу  және 

бәсекелестікті  қорғау  комитетінің  БҚО  бойынша  Департаментіне  тиісті 

шаралар қолдану үшін хат жолданады. 

Қала  әкімдігінің  ұйымдастыруымен  көкөніс  өнімдерінің  бағасын 

тұрақтандыру  және  ауыл  шаруашылығы  өнімдерінің  өндірушілері  өзінің 

тауарларын  делдалсыз  халыққа  тікелей  сату  мақсатында,  2017  жылы  40  ауыл 

шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді.  

Сатылған өнімдердің бағасы базардағы құнынан 15-20% төмен болды. 




Қала аумағында орналасқан 12 азық-түлік базарларының басшыларымен 

сауда  орындарының  жалға  алу  ақысын  төмендету,  картоп  және  көкөніс 

өнімдерін  сатуға  ақысы  жеңілдетілген  сауда  орындарын  беру,  саяжайшылар 

мен  тауар  өндірушілерге  тегін  сауда  орындарын  ұсыну  туралы  келісімге  қол 

жеткізілді.  Барлық  азық-түлік  базарларында  жеміс  және  көкөніс  өнімдерін 

сатуға арналған орындар бекітілген. 

Әлеуметтік  жағынан  осал  тұрғындар  үшін  супермаркеттардың  ішінде 

бірінші  қажеттіліктегі  тамақ  өнімдерін  сатуға  арналған  әлеуметтік  бұрыштар 

орналастыруға  және  Қазақстан  Республикасында  өндірілген  тауарлар 

сатылатын  орындарда  «Қазақстанда  жасалған»  тақтайша  орналастыруға 

келісімге  қол  жеткізілді.  Сонымен  қатар  көтерме  сатушылар  мен  тауар 

өндірушілер  супермаркеттерге  тауар  өнімдерін  көтерме  бағамен  делдалсыз, 

тікелей  жеткізу  туралы,  сонымен  қатар  супермаркет  иелерімен  сол  тауар 

өнімдерін ең төменгі бағамен сату бойынша келісімге қол жеткізілді.  

Бүгінгі  күнде,  Орал  қаласының  аумағында  азық-түлік  өнімдерін  сатуға 

арналған  40-тан  астам  дүнгіршек  және  нан  өнімдерін  өндірушілерден  тікелей 

сатуға арналған 25 дүңгіршектер орналасқан. 

«Әлеуметтік  маңызы  бар  азық-түлік  тауарларының  тізбесін  бекіту 

туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 

қаулысына өзгерістер енгізу туралы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 

жылғы 27 наурыздағы № 137 қаулысына сәйкес, нақтырақ ӘМАТ тізімі 33-тен 

19 түріне дейін қысқарды. 

 

Сауда базарларын жаңғырту және қайта жаңарту. 

Қазақстан  Республикасы  Президентінің  тапсырмаларын  іске  асыру 

жөніндегі  бекітілген  іс-шаралар  жоспарына  сәйкес,Қазақстан  Республикасы 

Үкіметінің  2014  жылғы  6  тамыздағы  кеңейтілген  отырысы  қорытындысының 

15-тармағы  бойынша  (ұйымдастырылмаған  бөлшек  сауда  базарларын  жою 

мақсатында  қауіпсіздік,  санитарлық  нормаларға  жауап  беретін  заманауи 

форматтағы  сауда  орындарын  құру,  жабылған  және  ұйымдастырылған  сауда 

үйлерін  салу  үшін  жер  телімдерін  беру  мен  ынталандыруға  қатысты  қажетті 

құқықтық  базаны  қалыптастыру  бойынша  нақты  ұсыныстар  енгізу)  келесі 

төменде көрсетілген іс-шаралар жүргізілуде:  

Орал  қаласында  ресми  түрде  26  сауда  базары  тіркелген,  оның  25  жұмыс 

істеп  тұр,  12-азық-түлік  базарлары,  13-азық-түлік  емес.  25  базардың  10-ірі 

базар,  6-орта  деңгейлі,  9-шағын  базарлар  (1-қазіргі  уақытта  жұмыс  істемей 

тұрғаны «Самал базары»). 

Қала базарларын жайластыру және оларда тәртіп орнату мақсатында және 

Үкімет пен облыс басшылығының тапсырмасына сәйкес, қала әкімдігі ірі сауда 

базарларының басшыларымен ескі базарлардың орнына заманауи сауда үйлері 

мен павильондар салу қажеттігі туралы кездесулер өткізді. 

Бүгінгі күні 9 базар жаңғыртудан өтті, оның  7 жабық базарлар санатына 

ауыстырылды: 




- «1100мелочей»(Д.Нұрпейісова,21/1); 

- «Жалын»(Д.Нұрпейісова,23); 

- «Ақжол»(Құрманғазы,208/2); 

- «Қалау»(Құрманғазы,179/3); 

- «Караван»(Мирзоян,1); 

- «Жеңіс»(ш/а Жеңіс,3); 

-«Заря Востока»(7-км. Саратов трассасы). 

2 базар өз жерінің нысаналы бағытын СҮ өзгертті: 

- «Орталық-киім-кешек базары» - «Московский» СҮ (Исаев,2/8); 

- «Алмазов көшесіндегі базар» - «Проспект» СҮ (Достық даңғылы, 215) 

3 базаржаңғыртуды бекітілген жобаларына сәйкес жүргізуде: 

-«Мирлан» (Мұхит,27); 

- «Золотая чаша» (Шолохов,30); 

- «Алтын алма» (Пойменная, 2/5) 

Қазіргі уақытта жобаларды бекіту және қаржыландыру көздерін анықтау 

бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. 



13базаржаңғыртуды 2020 жылға дейін жоспарлады:  

- «Сұлтан» (Мұхит, 87/1). 

- «Бақытжол» (Матросов, 2/7); 

- «Ел ырысы» (С.Датов, 41); 

- «Колос» (Д.Нұрпейісова, 14); 

- «Шебер» (Әйтиев көшесі,2/1); 

- «Мерей» (Жеңіс ш/а, 4); 

- «Өнім» (Гагарин көшесі, 38/3); 

- «На Айтиево» (Әйтиев көшесі); 

- «Землячка» (Шевченко көшесі, 54/1); 

- «Ашықжол» (С.Датов көшесі, 49); 

- «Тұлпар» (Д.Нұрпейісова көшесі, 21); 

- «Қайнар» (Д.Нұрпейісова көшесі,21/2); 

- «Жайық» (Әбілқайырхан даңғылы, 155). 



2  базар  қаржыландыру  көздерінің  болмауына  байланысты  жаңғыртуды 

жоспарлап отырған жоқ: 

          - «Айгүл» (С.Тюленин көшесі, 49/1); 

         - «Михаил» көтерме – бөлшек базары (Құрманғазы көшесі, 210/2). 

 

Аялдама павильондарының сыртқы келбеті және бейнекамералар 

орнату бойынша 



Орал  қаласы  әкімінің  орынбасары  А.Қайсағалиевтің  хаттамалық 

тапсырмасына  сәйкес,  Орал  қаласының  кәсіпкерлік  бөлімімен  Құрманғазы 

көшесі  бойындағы  автобус  аялдамаларындағы  павильондардың  сыртқы 

талаптарының  сәйкестігіне  мониторинг  жүргізілді.  Жүргізілген  жұмыстың 

нәтижесі  негізінде  Құрманғазы  көшесіндегі  5  автобус  аялдама  павильондары 

қала  әкімдігімен  бекітілген  нұсқаға  сәйкес  алдыңғы  жағын  жаңартып,  күтетін 

орында бейнебақылау, күл-қоқыс жәшіктері мен түнгі жарықтандыру орнатты. 

Өз бетінше орнатылған стационарлық емес сауда объектілері 

Орал  қаласының  әкімі  Н.  Төреғалиевтың  тапсырмасына  сәйкес 

кәсіпкерлік  бөлімі  қалалық  жер  қатынастары  бөлімімен  бірге  қала  бойынша 

заңсыз  орнатылған  стационарлық  емес  сауда  объектілеріне  (дүңгіршектер, 

контейнерлер  және  жаз  мезгіліндегі  жиналмалы  алаңшалар)  мониторинг 

жүргізді. 

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесі бойынша жер қатынастары бөлімінің 

мамандары  жер  учаскелерін  зерттеу  актісін  толтырып,  әкімшілік  шаралар 

қолдану үшін тиісті уәкілетті мемлекеттік орган – Батыс Қазақстан облысының 

жердің  пайдаланылуы  мен  қорғалуын  бақылау  басқармасына  хат  жолдайтын 

болады. 

 

Орал қаласындағы жабайы (стихииялы) сауда бойынша ақпарат 

Орал  қаласының  кәсіпкерлік  бөлімі  мамандарымен  2017  жылы  барлық 

жабайы  базарлардың  сатушыларымен  түсіндіру  жұмыстары  жүргізіліп,  оларға 

қаладағы  барлық  азық-түлік  базарларындағы  бос  сауда  орындары  және 

олардың жалға алу құны туралы жадынамалар үйлестірілді.  

Жадынамадакөрсетілгенақпарат: 

2004  жылғы  12  сәуірдегі  «Саудақызметін  реттеу  туралы»  ҚР  Заңына 

сәйкес  сауда  қызметі  стационарлық  және  стационарлық  емес  сауда 

объектілерінде жүзеге асырылады. 

2014  жылғы  5  шілдедегі  «Әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы»ҚР 

Кодексінің 204-бабы: 

1. Жергiлiктiатқарушы орган белгiлегеннен тыс орындарда сауда жасау–

ескерту  жасауға  немесе  бес  айлық  есептiк  көрсеткiш  мөлшерiнде  айыппұл 

салуға әкеліп соғады. 

2.  Осы  баптың  бірінші  бөлігінде  көзделген,  әкімшілік  жаза 

қолданылғаннан  кейін  бір  жыл  ішінде  қайталап  жасалған  әрекет  –  он  айлық 

есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

Қазіргі  кезде  «Мирлан»,  «Байтерек»,  «Ақжол»,  «Қалау»,  «Караван», 

«Жайық»,  «Өнім»,  «Ел-ырысы»,  «Алтын-Алма»,  «Жеңіс  базарларында  және 

«Проспект»  сауда  үйінде  бос  сауда  орындар  бар  және  базарлар  әкімшілігі 

бастапқы кезеңге жеңілдіктер ұсынуға дайын. 

Ниет  білдірген  сатушыларға  базарларға  орналастыру  бойынша  тиісті 

шаралар қолданылады. 



Жабайы базарлардың негізгі шоғырланған жерлері  «Мирлан» базарының 

аумағы,  атап  айтқанда  Ж.Досмухамедов,  Фрунзе,  Кердері,  Ахмиров,  Мухит, 

Құрманғазы  (кварталы)  және  Әбілхайыр  хан  даңғылындағы  «Жайық»  базары  

болып табылады. 

Жыл басынан бастап Жергілікті полиция қызметкерлерімен белгіленбеген 

орындардағы  сауданы  жою  мақсатында  бірлескен  рейдтік  шаралар  күн  сайын 

жүргізілді. 

Атқарылған  жұмыстар  нәтижесінде  Достық  даңғылының  бойы, 

Юбилейная аялдамасының аумағында орналасқан жабайы сауда жойылды. 

Жергілікті  полиция  қызметкерлерімен  «Әкімшілік  құқық  бұзушылық 

туралы»  ҚР  Кодексінің  204-бабына  сәйкес  белгіленбеген  орындарда  сауда 

жасаушыларға әкімшілік хаттама толтырылуда. 

Осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табады. 

 

.  



Көшпелі сауда 

Қазақстан  Республикасының  «Сауда  қызметін  реттеу  туралы»  Заңының  

«Көшпелі  сауда»  27-бабына  сәйкес,  Орал  қаласының  кәсіпкерлік  бөлімімен 

шағын  және  орта  кәсіпкерлікті  қолдау  мақсатында  жазғы  мезгілде 

салқындатылған сусындар, балмұздақ, бақша дақылдарын сатуға арналған 100 

орын, қысқы мезгілде қылқан жапырақты теректер түрін сатуға арналған 30-дан 

40-қа дейін орын қаланың барлық аумағында және кенттік округтерде(Зашаган, 

Деркөл, Желаево, Круглозерное және Серебряков)белгіленеді. 

2017  жылы  кәсіпкерлердің  жүгінулеріне  сәйкес  бөліммен  келесідей 

келісімдер: 

алкогольсыз сусындар сатуға арналған – 25 кәсіпкерге; 



бақша дақылдарын сатуға арналған – 9 кәсіпкерге; 

балмұздақ сатуға арналған – 7 кәсіпкерге; 



қылқан  жапырақты  теректер  түрін  сатуға  арналған  –9  кәсіпкерге 

берілді. 

 

Бұдан  басқа,  кәсіпкерлік  бөлімімен  жергілікті  тауар  өндірушілерді 



қолдау  мақсатында  5  кәсіпкерге  облыс  орталығының  аумағында  нан, 

кондитерлік,  шұжық,  сүт,  балық  өнімдерін  және  т.б.  сату  туралы  көшпелі 

саудаға шығуға келісім берілді. 

Сонымен  бірге,  2017  жылы  35  кәсіпкер  кондоминиум  аумағында  нан 

өнімдерін,  көкөніс  және  жеміс  жидек,  газет-журнал  және  т.б.  сатуға  арналған 

сауда павильондарын орнатуға/мерзімін ұзартуға келісім алды. 



 

Мектеп жәрмеңкесі 

Жыл сайын өткізілетін «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында, 

кәсіпкерлердің  сұранысыбойынша,бөліммен  2017  жылдың  1  тамызы  мен  10 

қыркүйегі  аралығында  Дина  Нұрпейісова  көшесінің  бойы,  Құрманғазы  және 

Мұхит 

көшелерінің 



аралығында 

«Мектеп 


жәрмеңкесі» 

ұйымдастырылды.Мектеп 

жәрмеңкесінде 

150 


сауда 

орны 


орналастырылды.«Мектеп жәрмеңкесі»  өтетіндігі жөнінде, кәсіпкерлерді және 


тұрғындар  мен  қала  қонақтарын  ақпараттандыру  мақсатында  бұқаралық 

ақпарат  құралдарында  хабарландыру  жарияландырылды  («Пульс  города», 

Уральский  репортер»  газеттері  және  әлеуметтік  желі).  Тауарлар  базардағы 

бағадан  5-10-15%  төмен  бағамен  сатылды.  Кейбір  кәсіпкерлер  көп  балалы 

аналарға,  мұқтаж  жанарға  дәлелді  құжаттары  болған  кезде  30-50-70%  дейін 

жеңілдік көрсетті. 

 

 

 



Рухани жаңғыру 

 

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Назарбаевтың  «Болашаққа 



бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көрсетілген бағыттарды жергілікті 

жерде  жүзеге  асыру  бойынша,  Кәсіпкерлік  бөлімімен  «Туған  жер» 

арнайыжобасы,  «Атамекен»  кішібағдарламасы,  «Жомартжүрек»  базалық 

бағыты аясында 2017 жылдың желтоқсан айында 2 шара жүзеге асырылды. 

Бірінші: «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» ұлттық мерекесі 

қарсаңында  әлеуметтік  аз  қамтылған  немесе  мұқтаж  жандарма  әлеуметтік 

көмек  көрсетуге  ниет  білдірген  кәсіпкерлердің  қатысумен  «Кәсіпкердің 

әлеуметтік жауапкершілігі» атты акциясы өткізілді.  

Аталған  шараға  5  кәсіпкер  қатысып,  Орал  қаласының  жұмыспен  қамту 

және  әлеуметтік  бағдарламалар  бөлімінен  алынған  тізімге  сәйкес  10  аз 

қамтылған  отбасыға    әлеуметтік  қоржын  және  тұрмыстық  қажеттілік 

тауараларын сыйға тарту арқылы көмек көрсетті. Шара 2018 жылы да жалғасын 

табатын болады. 

Екінші:  «Өзіңнен  баста,  өзгеге  үлгі  бол»  тақырыбында  әлеуметтік 

жауапкершілігі жоғары кәсіпкерлердің қатысуымен бейнебаян түсірілді. 

Әлеуметтік  жауапкершілігі  жоғары  3  кәсіпкердің  қатысумен  бейнебаян 

түсірілді  және  ТДК  42  телеарнасы,  әлеуметтік  желілер  арқылы  тұрғындар 

арасына  таратылып,  қоғам  алдындағы  бизнестің  жауапкершілігі  туралы 

насихаттау жұмысы жүргізілді.  

 

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) 

 

Бөлім  өз  құзіреті  аясында,  МЖӘ  жобасына  жатқызылуы  мүмкін  келесі 



бағыттар бойынша жұмыстар жүргізді. Олар: 

1.Кәсіпкерлерге  қызмет  көрсету  орталығының  құрылысы  (қазіргі  кезде 

мәселе басқалай шешімін тапты). 

2.Әлеуметтік  маңызы  бар  азық-түлік  тауарлары  бағасының  бекітілген 

мәннен асуы кезінде, супермаркеттер немесе дүкендерге баға айырмашылығын 

төлеу арқылы бағаны тұрақтандыру (заңнамалар талаптарына сәйкес келмеді). 

3.Тұрақтандыру қорына сатып алынған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік 

тауарлары тізіміндегі көкөністерді көкөніс қоймасы бар кәсіпкерлермен келісім 

шарт  жасау  арқылы  сақтау  (қазіргі  уақытта  тұрақтандыру  қорына  алынған 

тауар құнының ішіне сақтау бағасы да енгізіледі). 




4.Көтерме-тарату  орталығының  құрылысы  (жер  телімін  беру  мәселесі 

шешілген жоқ). 

Сонымен  қатар,  кәсіпкерлерді  ақпараттандыру  мақсатында  бөлімнің 

ресми интернет ресурсына МЖӘ туралы жалпы мағлұматтар орналастырылды, 

Бөлім басшысының қатысумен ТДК 42 телеарнасының тікелей эфирінде өткен 

«Начистоту» 

бағдарламасында 

МЖӘ-тің 


мүмкіндіктері 

туралы 


хабарландырылды. 

 

 



 

жүктеу 273,59 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау