Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 22 қарашадағы №63 бұйрығымен бектіліген


Мақсаттарға және нысаналы индикаторларға қол жеткізу



жүктеу 229 Kb.
бет2/3
Дата14.11.2018
өлшемі229 Kb.
#19424
1   2   3



2. Мақсаттарға және нысаналы индикаторларға қол жеткізу


Нысаналы индикатордың атауы

Ақпарат көзі

Өлш. бірл.

Есепті кезең

Ескертпе

(орындалуы/


орындалмауы
туралы ақпарат)

Жоспар

Факт

1

2

3

4

5

6

1-стратегиялықбағыт. Кәсіпқоймемлекеттікқызметжүйесінқалыптастыру

1.1-мақсат. Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және құзыретті корпусын қалыптастыру

Мемлекеттік қызметшілердің таза ауысымдылығы (мемлекеттік қызмет жүйесінен шығу)

Мониторинг нәтижелері

%

9

(жоспар)


6,3

(факт)


Орындалды

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Заңының қабылдануы мемлекеттік органдағы жұмыс жасап жатқан барлық мемлекеттік қызметкерлерді конкурстың қорытындысы бойынша басымдық тәртіпте қызметте көтеруін анықтап, мансаптық модельге көшуді қамтамасыз етті.

Ол мемлекеттік аппарат үшін тұрақтандырушы рөл атқарып және осы көрсеткіштің мәнін жақсартты.

Мансаптық модельді енгізу арқылы 2016 жылы 5,9 мың мемлекеттік қызметкерлер жоғары лауазымдарға көшті, бұл көрсеткіш алдыңғы жылға қарағанда 4 есе артық (1 348-ден


5 908 адамға дейін).

Нәтижесінде, ауысымның саны 18 есеге азайды (2015 жылы 6,5 мың мемлекеттік қызметкерлер ауысқан, 2016 жылы – 358).

Тұтастай алғанда, бұл тек қана кәсібилік, жеке тәжірибесі мен еңбегі негізінде қызметте көтерілуі туралы жалпы сенімді нығайтты.


Мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған мемлекеттік қызметшілердің арасындағы лауазымға тағайындалғаннан кейін бір жыл ішіндегі

таза ауысымдылық



Мониторинг нәтижелері

%

1,3

(жоспар)


1,3

(факт)


Орындалды

Ұлт жоспарын іске асыру және мансаптық модельді енгізу мемлекеттік қызметке жаңа қабылданғандар арасындағы ауысымға оң әсерін тигізді.

Мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған мемлекеттік қызметшілердің арасындағы лауазымға тағайындалғаннан кейін бір жыл ішіндегі таза ауысымдылық 2016 жылы 1,3% құрады (8 270 алғаш рет кіргендерден 110 шығып кетті), бұл 2015 жылдың көрсеткішінен 0,2% аз (2 522 алғаш рет кіргендерден 38 шығып кетті немесе 1,5%).

Мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған санат үшін ішкі конкурс арқылы мансаптық көтерілу үшін мүмкіндік айтарлықтай арта түсетініне байланысты ынталандыру мәселесі жоғарылады.

Одан басқа, барлық мемлекеттік қызметке жаңа қабылданғандарға 3+3 формуласына сай сынақ мерзімін өту бойынша талаптар енгізілген, және бұл міндетті үш айлық сынақ мерзімін қарастырып 3 айға дейін ұзартылуы мүмкін.

Басқа оңтайлы жаңалық болып тәлімгерлік институтын енгізу және «жаңа келгендермен» бейімделу жоспарын құру болып табылды.

Осы шаралар арқасында мемлекеттік қызметкерлердің жүйелі кәсіби дамуы қызметтің бірінші күнінен басталады.


Байқаушылар мен сарапшылардың қатысуымен өткізілген конкурстардың (ішкі және жалпы) үлесі

Есептік мәліметтер

%

60

(жоспар)


78

(факт)


Орындалды

2015 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министірінің № 12 бекітілген бұйрығында «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу ережелерінде конкурстық комиссияның отырысына мемлекеттік органдардың байқаушыларды шақыру құқығы қарастырылған.

Бұл норма конкурстық комиссия қызметінің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған.

2016 жылғы 21 855 «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурстардың 78 % немесе 17 032 байқаушылардың қатысуымен жүзеге асырылған.



Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың сақталуы жөніндегі тексерістердің нәтижелері бойынша құқықтары қалпына келтірілген өтініш берушілердің үлесі

Есептік мәліметтер

%

40

(жоспар)


42

(факт)


Орындалды

2016 жылы өз құқықтарын қорғау үшін 439 азамат арызданды.

Аталған өтініштер жөнінде өткізілген тексерудің нәтижелері бойынша 42% құрайтын 186 адамның (жәбірленушілердің), құқығы қалпына келтірілген. Қалған жағдайларда өтініш авторларының дәләлдері растлған жоқ немесе бұзылған құқықтарды қалпына келтіру мүмкін емес.


Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың сақталуына қатысты тексерістердің қорытындылары бойынша мемлекеттік органдарға енгізілген ұсыныстар мен ұсынулардың орындалған үлесі

Есептік мәліметтер

%

75

(жоспар)


92

(факт)


Орындалды

2016 жыл бойынша Агенттік және оның аумақтық департаменттерімен мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының сақталуы бойынша 808 тексеріс жүргізілді, нәтижесінде 3740 бұзушылықтар анықталды.

Жалпы алғанда, тексерулер нәтижесінде мемлекеттік органдарға заңсыз актілерінің бұзушылықтары мен олардың күшін жоюы бойынша 351 ұсыным жасалған, олардың 324, яғни 92% орындалған. Қалған заңсыз актілерінің бұзушылықтары мен олардың күшін жоюы бойынша енгізілген ұсыныстар мен ұсынулар, сот тәртібімен қаралатын екі ұсынымды қоспағанда, 2017 жылдың ақпан айында орындалды.


Әдеп жөніндегі кеңестер берген ұсынымдардың орындалған үлесі

Есептік мәліметтер

%

75

(жоспар)


95

(факт)


Орындалды

Агенттіктің этика жөніндегі кеңесімен есептік кезеңде 158 кездесулер өткізілген, және келесі 1002 мәселе қарастырылған:

- мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң бұзушылықтарды алдын алу бойынша - 113 мәселе;

- тәртіптік комиссияның қызметі және әдеп жөніндегі уәкілділердің қызметі туралы – 102 мәселе;

- сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелері – 56;

- тәртіптік жағдайлар – 591;

- басқа да сұрақтар – 140.

Мемлекеттік органдардың әдеп және тәртіптік комиссиялары қызметінің үйлестіруі шеңберінде, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықты алдын алудың нысаналары мен мен әдістерін жетілдіру мақсатында 622 ұсынымдар мен ұсыныстар берілген, олардың 595 немесе 95% орындалған.



Біліктілікті арттыру курсын өтуге жататын қызметкерлер арасында біліктілікті арттыру курсын өткен орталық мемлекеттік орган қызметкерлерінің үлесі

Есептік мәліметтер

%

90

(жоспар)


99,2

(факт)


Орындалды

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығындағы Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ережелеріне сәйкес, "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері үш жылда бір реттен кем емес біліктілігін арттырады.

Агенттікпен біліктілігін арттыру курстарын өткен мемлекеттік қызметшілердің біліктілікті арттыру жоспар- кестесіне сәйкестілігі бойынша мониторинг жүргізіледі.

Осылай, 2016 жылы біліктілігін арттыруға тиісті 13 617 мемлекеттік қызметкерден оқытылғаны - 13 517, немесе 99,2%.



2-стратегиялық бағыт. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру

1.1-мақсат. Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және құзыретті корпусын қалыптастыру

Тексеріс барысында анықталған бұзушылықтардың қорытындылары бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың қалпына келтірілген құқықтарының үлесі

Ведомстволық есептер

%

70

(жоспар)


75

(факт)


Есепті кезеңде 265 өтініш қарастырылған (Агенттікпен – 51, аумақтық департаменттармен – 214), оның ішінде жоспардан тыс 115 тексеру барысында (жәбірленушілер жүгінуінің 68 расталған, немесе 59 %)

Тексеріс нәтижесінде 51 мемлекеттік қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілген, немесе 75%.

Нәтижесінде, 87 қызметкер мен ведомствоға бағыныстағы ұйымдарының жұмысшылары тәртіптік жауапқа тартылған.


«Мемлекеттік қызметтерді көрсету» бағыты бойынша қызметі тиімді деп бағаланған мемлекеттік органдардың үлесі

Ведомстволық есептер

%

61

(жоспар)


-


Орындау барысында

Президент Әкімшілігі Басшысының 2017 жылғы 25 қаңтардағы № 17-01-38.5 бұйрығымен бекітілген «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін бағалау графигіне» сәйкес, «мемлекеттік қызмет көрсету» бағыты бойынша қорытынды 2017 жылдың 2 мамырына дейін жүргізілетін болады.



Қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қанағаттану деңгейі

Әлеуметтік сауалнама

%

80

(жоспар)


72,8

(факт)


Орындалмады

Агенттікпен жыл сайын мемлекеттік органдармен көрсететін қызметтер сапасымен қызмет алушылардың қанағаттану деңгейін анқтауыға бағытталған қоғамдық мониторинг өткізіледі.

2016 жылы еліміздің 16 өңіріндегі 50 мемлекеттік қызметтерге өткізілген қоғамдық мониторинг (Реестрде көрсетілген 710-нан) 9 082 респондентті қамтыды.

Оның нәтижесімен, мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік органдар жұмысымен қанағаттану деңгейі 72,8% -ды құрады.

Мониторингтің нәтижелері көрсеткендей, жалпы рейтингтің төмендеуіне көбінесе жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ ДСӘДМ, АКМ, ЭМ, ЖС, АШМ ықпал жасаған.

Оларға құжаттарды жинау мен тапсыру үрдістерін жеңілдету, көптеген үрдістерді автоматтандыру, қызметтер алушыларға консультация беру деңгейін көтеру жөнінде біршама ұсыным берілген.



3-стратегиялық бағыт. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

3.1-мақсат. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігін арттыру

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдардың орындалған үлесі

Есептік мәліметтер

%

27

(жоспар)


32

(факт)


Орындалды

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижесі бойынша 2016 жылы мемлекеттік органдарға берілген 62 ұсынымдардың 20 орындалды.

Атап айтқанда:

- Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетімен 21 ұсынымның


14 – орындалды, 6 – жартылай орындалды, 1 – орындалу барысында;

- Қаржы министрлігімен –15 ұсынымның 1 – орындалды, 7 – жартылай орындалды, 7 – орындалу барысында;

- Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетімен (Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жерресурстарын басқару комитеті) 12 ұсынымның 4 – орындалды,
6 – жартылай орындалды,
2 – орындалу барысында;

- Қорғаныс министрлігінің Қарулы Күштері Бас штабының ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаментімен 14 ұсынымның 1 – орындалды, 6 – жартылай орындалды, 7 – орындалу барысында.



Сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендетуге жеке септігін қосуға дайындығын білдірген азаматтардың үлесі

Әлеуметтік сауалнама

%

45

(жоспар)


53

(факт)


Орындалды

«Қоғамдық пікір» Зерттеу институты жүргізген сауалнама нәтижелерімен 2015 жылы - 43% дан, 2016 жылы - 53%-ға дейін өсім көрсеткен, жемқорлық деңгейін төмендетуге жеке үлес қосуға дайындығын білдірген азаматтар санының өсімі байқалады.

Бұл өз кезегінде, азаматтардың хабардардығын, олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана сезімі өсімінің белгісі.


Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына сенім білдірген азаматтардың үлесі

Әлеуметтік сауалнама

%

57

(жоспар)


73

(факт)


Орындалды

«Қоғамдық пікір» зерттеу институтының әлеуметтік сауалнамасы респонденттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына сенім деңгейі «орташадан жоғары» деңгейде бағаланатынын көрсетті, немесе 73%.

Сұхбат алынған топтар арасында бұл пікірді ұстанатындар:

1) жеке тұлғалар - 76,6%;

2) заңды тұлғалар - 72,6%;

3) жеке кәсiпкерлер - 71,3%.



Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің үлесі

Есептік мәліметтер

%

5

(жоспар)


5

(факт)


Орындалды

Қазіргі таңда, Реестрде 710 мемлекеттік қызметтер тіркелген.

Есепті кезеңде мемлекеттік қызметтердің барлығы 125 стандарттары мен 73 регламенті талданған.

Орталық мемлекеттік органдарда сыртқы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне мемлекеттік қызметтердің


43 стандарттары және
43 регламенті талданды.

Сонымен қатар, аумақтық департаменттермен мемлекеттік қызметтердің 82 стандарты және 30 регламенттері талданды.



3.2-мақсат. Қоғамның және мемлекеттің тыныс-тіршілігінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық деңгейін

барынша азайту



Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексін көтеру

«Transparency International» рейтингінің деректері

Рейтингтегі Қазақстанның орны

120

(жоспар)


131

(факт)


Орындалмады

«Transparency International» әдістемесіне сәйкес, елдегі жемқорлық деңгейін рейтингтегі позиция емес иеленген ұпай сипаттайды.

Осылай, 2016 жылы Қазақстан 29 ұпай жинады, бұл 2015 жылдың көрсеткішінен (28 балл) жоғары болып табылады.

Рейтингтегі ел позициясының өзгеруі зерттелген елдер санының 8 елге ұлғайюы есебінен болды (2016 жылы - 168 ел болса, 2015 жылы - 176).

Сарапшылардың пікірінше, экономикалық өсу қарқынын бәсеңдеуі Қазақстанның ЖҚИ балы өсіміне кері әсерін тигізуде.

Олармен кәсіпкерліктің еркін дамуына кедергілер болған жағдайда оларды жоюға шаралар қабылдау ұсынылған.



Бейресми төлемдер мен паралар

ДЭФ ЖБИ рейтингісінің деректері

Рейтингтегі Қазақстанның орны

63

(жоспар)


61

(факт)


Орындалды

ДЭФ ЖБИ әдістемесіне сәйкес сыбайлас жемқорлықтын деңгейі төмен елдер рейтингтегі жоғары орындарды иеленеді (Сингапур-3 орын, Дания-5, Голландия-13), ал сыбайлас жемқорлық тым таралған елдер орынды 90-нан 138 ауқымында иеленеді (Зимбабве-99 орын, Пәкістан-110, Венесуэла-133).

Соңғы жылдары бұл көрсеткіштің оң үрдісі байқалуда.

Осылай, Қазақстан екі жылда өзінің көрсеткішін 19 позицияға жақсартқан (2016 жылы - 61 орын, 2015 жылы – 64, 2014 жылы - 80).

Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі жұмыстың нәтижесі болып табылады.

Сарапшылардың пікірінше, одан әрі көрсеткішті жақсарту үшін, квазимемлекеттік және жеке секторларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске, сондай-ақ, бизнес-процестердің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етуге ерекше назар аудару қажет.



Дүниежүзілік Экономикалық Форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің нысаналы индикаторлары

Мемлекеттік секторда қабылданған шешімдердің ашықтығы

ДЭФ ЖБИ рейтингісінің деректері

Рейтингтегі Қазақстанның орны

30

(жоспар)


29

(факт)



Орындалды

2016-2018 жылдарға арналған ДЭФ ЖБИ көрсеткіштерін жақсарту бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес, барлық мемлекеттік органдар аталған мақсатты индикатор бойынша жауапты орындалушы болып табылады.

Осыған байланысты, оған қол жеткізуін бағалануы бүкіл ел бойынша жағдайды көрсетеді.

Агенттікпен аталған көрсеткіштің орындаушыларының бірі ретінде келесі жұмыстар атқарылды.

Осылай, Агенттікте үкіметтік емес сектордың, академиялық, бизнес-қоғамдастық, және т.б. 12 өкілдерінен тұратын Қоғамдық кеңес құрылған.

Қоғамдық кеңеспен 2016 жылы ведомствоның мемлекеттік қызмет, кәсіби этика, және стратегиялық жоспарлау мәселелері бойынша нормативті-құқықтық актілер жобалары қарастырылып мақұлданды.

Агенттік қызметінің ашықтығын арттыру мақсатында 2016 жылдың қорытындысы бойынша коллегия онлайн режимде өтті.

БАҚ үшін апта сайынғы брифингтер өткізілуде (барлығы 172 брифингтер мен баспасөз конференциялары).




Саясаткерлерге қоғамдық сенім

ДЭФ ЖБИ рейтингісінің деректері

Рейтингтегі Қазақстанның орны

29

(жоспар)


32

(факт)



Орындалмады

2016-2018 жылдарға арналған ДЭФ ЖБИ көрсеткіштерін жақсарту бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес, барлық мемлекеттік органдараталған индикатордың жауапты орындаушылары болып табылады.

Осыған орай, оған қол жеткізілуін бағалау бүкіл ел жағдайын сипаттайды.

Агенттікке, аталған көрсеткіштің бірлесе орындаушысы ретінде, іске асырылып жатқан реформалар бойынша ақпараттық – түсіндірме жұмыстар жүргізу, сонымен қатар Әдеп жөніндегі уәкіл тәуелсіз лауазымын енгізу мәселесін қарастыру міндеттелген. Барлық іс-шаралар толық орындалған.

Осылайша, 2016 жылы республикалық және аймақтық БАҚ-да 13723 материалдар жарияланып, оның ішінде: теледидарда – 3016, радиода - 891, баспасөзде - 5839, жаңалықтық ақпараттық агенттіктерде - 3977.

Этика бойынша тәуелсіз уәкілетті лауызымды енгізу мәселесі «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» және 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №150 «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығы жобасы аясында әзірленуде.

Қазіргі таңда жоғарыда аталған жарлық жобасы барлық мемлекеттік органдармен келісіліп Премьер-Министр Кеңсесіне енгізілді.


Шенеуніктердің шешім қабылдаудағы фаворитизмі

ДЭФ ЖБИ рейтингісінің деректері

Рейтингтегі Қазақстанның орны

48

(жоспар)


55

(факт)


Орындалмады

2016-2018 жылдарға арналған ДЭФ ЖБИ көрсеткіштерін жақсарту бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес, барлық мемлекеттік органдар аталған индикатордың жауапты орындаушылары болып табылады.

Осыған орай, оған қол жеткізілуін бағалау бүкіл ел жағдайын сипаттайды.

Агенттікке, аталған индикатордың бірлесе орындаушысы ретінде, лауазымды тұлғалармен компанияларды лоббистік әрекеттерін алдын алу, олармен аффилиирленген, сондай-ақ мемлекеттік органдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттармен қамтамасыз ету міндеттелген.

Агенттікпен барлық іс-шаралар толығымен орындалған.

Осылайша, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның тапсырысына сәйкес (2015 жылғы 21 қыркүйектегі, № 52-32.2), Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және Жер ресурстарын басқару Комитеттің әрекетіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің сырттай талдау жүргізілді

Оның барысында, Комитеттің ведомстволық бағыныстағы ұйымдарында, мүдделер қақтығысы – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, жеке мүдделері мен олардың лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық, осы аталған адамдардың жеке мүдделері олардың өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындамауына әкеп соқтыратын «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңының 1 тармағының 5 тармақшасы сақталмауы анықталған.

Агенттік жүйелі түрде мүдделер қақтығысы, мемлекеттік қызметшілермен жеке мекемелер мүдделерін лоббистік әрекетін алдын алу бойынша ақпараттық жұмыс жүргізуде.

Сондай-ақ, БҰҰДБ ынтымақтастығы шеңберінде халықаралық сарапшыларымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет мүдделер қақтығысы мәселесі бойынша және типтік мүдделер қайшылығы жағдайларымен оларды шешу жолдары ұсынылып, халықаралық тәжірбиедегі нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету бойынша шолу әзірленген.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар әзірлеу бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленіп, Агенттік сайтында жарияланған.

Сонымен қатар,
2016 жылдың
29 қарашасында, Агенттікте «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар әзірлеу жөніндегі практикалық нұсқаулар» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

Іс-шарада орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұлттық компаниялар мен акционерлік қоғамдардың қызметкерлері қатысты.

Тренинг барысында мемлекеттік қызметшілер мен компания қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стандарттарын әзірлеу тетігі таныстырылды.



жүктеу 229 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау