Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 22 қарашадағы №63 бұйрығымен бектіліген



жүктеу 229 Kb.
бет3/3
Дата14.11.2018
өлшемі229 Kb.
#19424
1   2   3

3. Талдамалық жазба
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру арқылы Агенттік аталған Стратегиялық жоспардың нысаналы индикаторларына қол жеткізді.

Осы қызмет шеңберінде, меритократия аясында мемлекеттік аппаратты ешбір өзгеше ілтипат пен адалдық көрсетпеу жолымен жұмысқа бағыттайтын шаралар қабылданды; мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын көтеру бойынша шаралар қабылдануда; сондай-ақ халықаралық қоғаммен мойындалған сыбайлас жемқорлықтың алдын алу құралдары енгізілді.

Мемлекеттік аппараттың біліктілігін арттыру бойынша Агенттікпен жасалынған жұмыс экономикалық бағдарламаларды сапалы жүзеге асыру мен мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша оның міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған.

Мемлекеттік қызметтің кәсіби жүйесін құру бойынша

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның қабылдануымен бірге меритократия қағидасына негізделген мансаптық моделіне көшу қамтамасыз етілген.

Құзыреттілік әдістемені қолдану арқылы мемлекеттік қызметке қабылдаудың үш сатылы жүйесі енгізілген.

Бұл мақсатта заңда алғаш рет «құзыреттер» түсінігі бекітілді. Әкімшілік мемлекеттік қызмет лауазымдарына Бірегей құзыреттер шеңберін әзірлеуге халықаралық компания тартылған.

Жылдың басынан бастап бастапқы қадамдарға 8 мың азамат қабылданды (ОМО – 3 259, ЖАО – 4 447, 16 398 жалпы конкурс өткізілді), бұл өткен жылғы көрсеткіштен үш есе көп.

Бұл ретте ауыстырулар саны 18 рет қысқарды (6,5 мыңнан 358 ге дейін), қызметкерлердің жұмыстан кетуі 1,8 есеге азайды (11 086 ден 6 206 адамға дейін).

Жалпы, қабылданған шаралар кадрлардың ауыспалылығына оң ықпал етті.

Өткен жылдарға жасалған талдау кадрлық мәселелерді шешудегі мемлекеттік органдарға мобильдікті көрсету қажеттілігін айқындады.

Осыған орай, конкурстық үрдістер заңмен оңтайландырылды. Енді жалпы конкурсты ішкі конкурстан кейін бірден өткізуге болады.

Мұндай әдістеме конкурстық үрдістерді 16 жұмыс күнге қысқартады және мүмкін болатын кадрлық дефициттің тәуекелін азайтады.

Бұдан басқа, мемлекеттік қызметке шетелдік сарапшылар мен жеке сектор өкілдерін тарту мүмкіндігі қарастырылған (2016 жылы мемлекеттік емес сектордан 2 103 адам қабылданған. Қарастырылған уақыт ішінде шетелдік жұмысшылар мемлекеттік органдарға жұмысқа тартылмады).

Мансаптық жоғарылау бойынша шаралар тек конкурс бойынша және төменгі сатыда жұмыс тәжірибесі бар болған жағдайда ғана қамтамасыз етілген.

Бұл жоғарғы 5,9 мың лауазымдарға көшуге мүмкіндік берді, өткен жылғы көрсеткіштен төрт есе көп (1 348 ден 5 908 адамға дейін) және тек қана кәсібилік, жеке жетістіктер мен еңбегі негізінде қызметте көтерілу туралы сенімді күшейтеді.

Жалпы, мемлекеттік аппараттың 2016 жыл қорытындысы бойынша сапалы құрамын талдай отырып, жоғарғы білімі бар мемқызметкерлердің саны 1,1% асқанын (91,4% - 84 304 адам) көруге болады.

Қызметкерлердің 16% (14 470) бір жоғарғы білімнен көп, 3,6% (3323) – жоғарғы оқу орнынан кейінгі (магистратура, докторантура) білімі бар.

Мемлекеттік басқару академиясы мен «Болашақ» бағдарламасының 36% и 28% тиісінше түлектерінің жұмысқа тұруымен мемлекеттік қызметкерлердің оң динамикасы байқалады.

Жас категориясын талдау мемлекеттік қызметтің тұрақтылығы мен мұрагерлікті көрсетеді.

Осылайша, мемлекеттік қызметкерлердің орташа жасы 2015 жылмен салыстырғанда өзгерген жоқ және 38,7 жас (2016 жылғы 1 қаңтарға – 38,9 жас) құрайды.

Статистика арқылы ұқсас қорытындыларды жасауға болады.

Бұл көрсеткіш алдыңғы деңгейде қалды – 10,4 жыл (2016 жылғы 1 қаңтарға – 10,7).



Ұлт жоспарының 12-ші қадамын жүзеге асыру шеңберінде мемлекеттік органдарда әдеп жөніндегі уәкілдер енгізілді, және қызметкерлердің құқықтарын қорғау тетігі жасалынды.

Әдеп жөніндегі өкілдердің бастамасы бойынша ШҚО мен Маңғыстау облыстарында қызметкерлердің құқығын қалпына келтіру мысалдары бар.



Өткен жылы 445 қызметкерлер мен азаматтардың жүгінулері қарастырылған (ОМО – 139, ЖАО - 306 адам).

Олар Әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылықты түсіндіру бойынша 1 000 жуық шаралар жүргізген, БАҚ-та 860 тан аса басылым орналастырылған.



Сонымен бірге, олардың жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында Агенттік барлық мемлекеттік орнандармен келісіп Премьер-Министрдің қарауына енгізілген өз алдына әдеп жөніндегі уәкілдер лауазымын енгізу бойынша Президент Қаулысының жобасын әзірледі.

Әдеп жөніндегі уәкіл лауазымының дербестігі жүйелі негізде этиканы нормаларын сақтау бойынша жүмыс жасауға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік қызмет пен әдеп туралы заңдылықты орындауға қадағалау жүргізу шеңберінде мемлекеттік органдарға құқық бұзушылық пен заңсыз актілерді қайтару туралы 351 жүгіну келіп түскен, оның ішінде 324 орындалған немесе 92%. Қалған заңсыз актілерінің бұзушылықтары мен олардың күшін жоюы бойынша енгізілген ұсыныстар мен ұсынулар, сот тәртібімен қаралатын екі ұсынымды қоспағанда, 2017 жылдың ақпан айында орындалды.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы» Заңмен облыстардағы тәртіптік кеңес Әдеп жөніндегі кеңеске өзгерген.

Олардың негізгі қызметі бұзушылықтардың алдын алу.

Өткен жылы Әдеп жөніндегі кеңес 622 ұсыным әзірледі, оның ішінде 595 орындалды (95%).

Жаңа әдеп ережелерін енгізуге әдістемелерді түбегейлі өзгерту үшін Агенттік тиіс мобильдік қосымшаны әзірлеп таратты.

Онда Әдеп кодексінің мәтіні бар, әдеп жөніндегі уәкілдер туралы ақпарат, мемқызметкерлердің киімі бойынша ұсынымдар, әдеп деңгейін анықтауға тест, сыйлықтар бойынша ережелер бар.

Смартфонда бұл қосымша бар жағдайда, Агенттікке қызметкердің әдеп қылығына қатысты шағым жасап жүгінуге болады.

Қосымша тегін таратылады және ол жайында ақпарат қызметкерлер мен азаматтарға айтылған (бір айда 5000 орнатып алынды). Қолданушылар қосымшаның мүмкіндігі туралы оң пікір білдіреді.



Мемлекеттік басқарудың даму трендтерін ескере отырып, мемлекеттік қызметкерлерді даярлау мен қайта даярлау үрдістерін жетілдіру жалғасуда.

Шетелдің ең үздік ЖОО мысалы бойынша Мемлекеттік басқару Академиясымен (бұдан әрі – Академия) құзыреттілік қағидасына негізделген жаңа бағдарламалар әзірленген, олар мемлекеттік қызметкердің белгілі бір мансаптық сатысына сәйкес келеді (Master of Public Policy, Master of Economics, Master of International Relations, Master of Public Administration, Master of Public Management, Doctor of Public Administration, Doctor of Economics, Doctor of International Relations).

Сондай-ақ, Назарбаев Университеті, Сингапурдың, АҚШ, Италия мен Оңтүстік Кореяның кәсіби мектептерінен сарапшыларды тарта отырып мемлекеттік қызметкерлердің қайта даярлау мен біліктілігін арттыру бойынша оқыту бағдарламасы жаңаланған.



Агенттіктің ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының қызметін тексеру

Сондай-ақ Президент Әкімшілігімен 2016 жылғы маусымның 6-нан бастап 22-ші маусым мерзімінде Академия мен Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару Ұлттық орталығын (бұдан әрі - МҚПБҰО) олардың алдына қойған міндеттер мен оларды орындау сапасына, ұйымның қаржылық экономикалық жағдайы мен оны басқару, сондай-ақ оларды жекешелендіру жағдайында мүмкін болатын тәуекелдерді бағалауға тексеріс жүргізілді.

Жүргізілген тексеріс нәтижелері бойынша ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың мақсаттары мен міндеттерін Стратегиялық жоспардың міндеттерімен сәйкес етіп жасау ұсынылған.

Сондай-ақ, МҚПБҰО-ға «Е-қызмет» ИАЖ тоқтамай жұмыс істеуін қамтамасыз етуді ұсынылған.

Әзірленген ұсынымдар бойынша келесі шаралар қабылданды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 249 бұйрығымен бекітілген Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды іске асырудың мониторингі мен оны бағалау қағидаларының 11 тармағына сәйкес, Академия мен МҚПБҰО-ның 2017-2021 жылдарға арналған даму жоспарлары Агенттіктің 2017-2021 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының мақсаттары мен міндеттерін ескере отырып жасалынған.

«Е-қызмет» ИАЖ-дың тоқтамай жұмыс істеуін қамтамасыз етуге қатысты, «Е-қызмет» ИАЖ-да табылған жетіспеушіліктер «DLS» ЖШС – әзірлеушімен қызмет көрсетудің кепілдік мерзімі шеңберінде жойылды.



Сонымен қатар, 2016 ж. Желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігімен Академияның қызметіне талдау жүргізілген, оның қорытындысы бойынша оның тиімділігін одан әрі арттыру жөніндегі іс-шаралар қабылданды.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын көтеру бойынша

Өткен жылы мемқызметтер көрсету саласында заңдылықты орындауға тексеру барысында 800 мыңнан астам бұзушылық табылған.

Олар негізінен:

- мемқызметтерді көрсетудің бизнес-үрдістерін бұзу (158,1 мың факт немесе жалпы бұзушылықтың 20%);

- құжаттар пакетінің толық емес болуы кезінде мемлекеттік қызметтерді көрсету (153,6 мың факт немесе 19 %);

- стандарттармен қарастырылмаған құжаттарды талап ету (94 мың факт немесе 12%);

- мемқызметтерді көрсету кезінде мерзім бұзу (13,4 мың немесе 2%).

Одан басқа, 2016 жылы 265 жүгіну қаралған (Агенттікке - 51, аумақтық департаменттерге – 214), оның ішінде 115 жоспарланбаған тексеріс (68 шағымшылар дәлелдері расталды немесе 59%).

Сонымен 75% жағдайда қызмет алушылардың құқықтары қалпына келтірілген.

Мемлекеттік органдардың 2016 жылдың қорытындылары бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі бақылау жүйесінің тиімділігіне талдау жүргізілген (Жауапты хатшы лауазымы бар).

Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің барынша көп көлемі Қаржы министрлігіне келеді – 17 млн. астам, әділет – 12 млн. жәнеденсаулық сақтау мен әлеуметтік даму министрлігіне – 4 млн.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша негізделген шағымдардың ең көбі Қаржи министрлігінде – 11, ұлттық экономика – 6 және әділет министрліктеріне – 5.

Мерзімдерді бұзу әділет министрлегінде – 6595, ұлттық экономика – 395 және ауыл шаруашылық министрлігінде – 375.

«Кәсіпкерлік саласындағы прокуратура бақылауы (құрамы мен приоритеттері)» форумы ұсынымдарын жүзеге асыру бойынша Жол картасы шеңберінде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жеке мемлекеттік органдарды тексерудің қорытындылары жіберілген (әкімшіліктер, АШМ және оның комитеттері, ҰЭМ ТМРБҚК және ҚТҮКШІК, мемлекеттік кірістер органдарының аумақтық бөлімшелері).

Тексерулер нәтижесінде 664 мың заңдылық нормаларын бұзушылық табылған, оның ішінде:

- мемқызметтерді көрсетудің үрдістерін бұзу 156 мың;

- құжаттар пакетінің толық емес болуы 133 мың факт;

- стандарттармен қарастырылмаған құжаттарды талап ету 23,8мың;

- мемқызметтерді көрсету кезінде мерзім бұзу 3,1 мың.

- басқа бұзушылықтар – 347,2 мың.

Агенттік 5 мемлекеттік қызметтер көрсетеді (оның 3 қағаз және электронды түрде көрсетіледі):

- «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында білім берудің жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік бағдарламалары бойынша оқыту» (қағаз);

- «Мемлекеттiк қызметшiлерді, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тестілеу» (қағаз/электронды);

- «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қабылдау» (қағаз/электронды);

- «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттікбасқару академиясында қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарында оқыту» (қағаз);

- «Мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадрлық резервіне қабылдау» (қағаз). «А» корпусының кадр резервіне қабылдау болмаған соң 2016 жылы бұл мемлекеттік қызмет көрсетілген жоқ.

Аталған мемлекеттік қызметтерді 2016 жылғы талдау екі қызметтің біріктіру қажеттігін көрсетті Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қабылдау» және «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында білім берудің жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік бағдарламалары бойынша оқыту») себебі оқуға құжаттар қабылдау мен диплом түрінде соңғы нәтиже алу бір өмірлік циклді құрайды.

Агенттікпен мемлекеттік қызметтерді алушылардың мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттану мониторингі жүргізіледі.

Стратегиялық жоспармен «Қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қанағаттану деңгейі» индикаторы қаралған (2016 жылға жоспар – 80%, факт – 72,8%).

Жалпы, сұрау нәтижелері мемлекеттік органдар тарапынан жетіспеушіліктерді жою талап етілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету бағыттарына сілтеп отыр.

Бәрінен бұрын, мемлекеттік қызметтер сапасын жергілікті атқару органдары мен кейбір орталық мемлекеттік органдарға көтеру керек (ДӘДМ, АКМ, ЭМ, ЖС, АШМ).

Сондай-ақ қызметтер түрлері бойынша әлеуметтік зерттеулер нәтижелерін талдау халықтың ең аз қанағаттануы әлеуметтік маңызға ие салаларда (мысалы әкелікті дәлелдеуді тіркеу – 53,3%, мүгедектікті анықтау - 64%) және кәсіпкерлер мен қолдануға арналған салаларда байқалады (мысалы, бірінші категорияға берілетін экологиялық рұқсаттар - 53,7%; суға әсер ететін кәсіпорын мен жабдықтарды шығару мен салуға арналған жобалық құжатты мақұлдау - 50,2%).

Бұл проблемаларды шешу үшін келесілер ұсынылады:

- ЖАО мемлекеттік қызметтерді көрсетудің бірегей тәртібін орнату, себебі әр аймақта арызды қарау мерзімі
7 жұмыс күнінен 30 күнтізбелік күнге дейін өзгереді;

- «электрондық үкімет» порталын жақсарту арқылы мемқызметтер көрсету жүйесін жақсарту;

- мемлекеттік органдардың қоғамдық маңызды функцияларына «мемлекеттік қызмет» анықтамасын тарату (қоғамдық тәртіпті қорғау, жолдарды жөндеу, электр энергиясын беру, сумен қамтамасыз ету және т.б.).

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша

Ұлт жоспарының 13 қадамы шеңберінде қабылданған шаралар халықаралық сарапшылармен және дүниежүзілік рейтингтік агенттіктермен жоғары бағаланды.



Осылай, «Бейресми төлемдер мен паралар» рейтингі ДЭФ Жаһандық бәсекелестік индексіндегі соңғы 6 жылға айтарлықтай жақсарды.

32 позицияға өсті (93 орыннан 2010 жылы 61 орынға дейін – 2016 жылы).

Стратегиялық жоспармен «Transparency International «Сыбайлас жемқорлықты түйсіну» индексін көтеру қарастырылған (2016 жылға жоспар – 120 орын, факт – 131 орын).

Бұл ретте, алдыңғы уақытта айтып өткендей мемлекеттің сыбайлас жемқорлық деңгейін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың толыққандығы деңгейін тек қана балл көрсетеді.

Осылайша, Қазақстан 2016 жылы 29 балл алды, ол 2015 жылғы көрсеткіштен жақсы (28 балл).

Бағаланып отырған елдер тізіміндегі орынның өзгеруі зерттеліп отырған мемлекеттер санының сегізге көбейгеніне байланысты (2015 жылы – 168 ел, 2016 - 176).



Сарапшылардың пікірі бойынша, рейтингтегі негізгі оң өзгерістер ақпаратқа кеңінен қол жеткізуді, мемлекеттік органдардың қызметтерінің ашықтығы мен есептілігін, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету үрдістерін жетілдіруді қамтамасыз етуде білдірілген Ұлт жоспары мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны практикалық жүзеге асыруға байланысты.

Сонымен қатар, сарапшылардың мәліметтері бойынша, экономиканың өсу қарқынының төмендеуі Қазақстанның СЖҚИ өсуіне кері ықпал етеді.

Олармен кәсіпкерлік қызметтің еркін дамуына бөгет жасайтын кедергілер бар болған жағдайда, оларды жою бойынша шаралар қабылдау туралы ұсынымдар берілді.



Сондай-ақ азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін көтеру, күрделі ұлттық жобаларды жүзеге асыру кезінде ашықтық пен тиімділік, декларацияланбайтын табыстарға жауапкершілік пен мүдделер қақтығысын реттейтін құқықтық нормаларды күшейту талап етіледі.

ЭЫДҰ сарапшыларының бағалауы бойынша, Қазақстан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша Стамбул жоспарының тармақтарының орындалуында айтарлықтай қадамдар жасады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылықтың жаңаруымен бірге сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтау және жою үшін жағдай жасалынған.

Бұған енгізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг пен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау институттары ықпал етеді.

Оларды пайдалану практикасы сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептерді анықтаумен қатар, сондай-ақ оған бейімделген салаларды анықтауға мүмкіндік берді.

Алдыңғы уақыттағыдай, орталық деңгейде ішкі істер органдарының, мемлекеттік кірістер мен әділет органдарының деңгейінде проблемалық болып қалады (ІІБ – 260, мемлекеттік кірістер – 49, әділет органдары - 26).

Аймақтарда – білім беру саласы (82).

Біз олардың кейбіреулерінің қызметіне талдау жүргіздік және бәріне тән келесідей жүйелі жетіспеушіліктерді анықтадық:

Біріншіден, шенеуніктерге бірегей жағдайда әр түрлі нормаларды қолдану «құқығын беретін» әр түрлі деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердегі дискрециялық өкілеттіктер;

Екіншіден, мемлекеттік қызметтерді көрсетуде тәсілдер бірегейленбеген (аймаққа сәйкес түрлі болып келеді);

Үшіншіден, шешім қабылдау кезінде ашықтықтың болмауы.

Одан басқа, 2016 жылы Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеттерінің, және жер ресурстары жөніндегі басқарманың, Қорғаныс министрлігінің Қарулы Күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің қызметтеріне және тағы басқа қызметтерге сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілді.



Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау қорытындылары бойынша 2016 жылы мемлекеттік органдарға 62 ұсыным берілді, олардың 20 орындалды, 6 жартылай орындалды, 7 орындалу барысында.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті құрудың базалық қағидалары «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясында, «Қазақстан 2050» ұзақ мерзімді бағдарламада және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияда бекітілген. Бұл құжаттарды жүзеге асыру үшін 2016 жылы аталған институт алғашқы рет заңдылық деңгейде бекітілген және білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық қызмет жасайды.

Аймақтан аймаққа, мемлекеттік органнан мемлекеттік органға Агенттіктің қызметкерлері практикалық түрде әрбір қызметшімен кездесті (сондай-ақ нысаналы топтар мұғалімдер, дәрігерлер, студенттер, жас және қоғамдық ұйымдардың басшылары, журналисттер, мәдениет саласы жұмысшылары мен ардагерлік ұйымдардың өкілдері).

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті құрудың міндетті компоненті болып сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру анықталды.



Сондықтан, мектептің және жоғары оқу орындарының оқу бағдарламаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру мәселелері енгізілді («Дүниетану», «Адам. Қоғам. Құқық», «Құқық негіздері» пәндері бойынша).

Бұл келесілерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім берумен қамтуға мүмкіндік берді:



- бір жарым миллионнан астам оқушыларға;

- 200 мыңнан астам колледж бен лицейлердің студенттеріне;

- 125 мың жоғарғы оқу орындары студенттеріне.

Жалпы білім беру мектептерінің 90 % астамында «Адал ұрпақ» ерікті клубтары құрылды.



Алғаш рет заңда ҮЕҰ-дың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысу мүмкіндігі қарастырылған.

Осының арқасында барлық аймақтарда «Азаматтық бақылау» жобасы іске қосылған.



Бүгінгі таңда 1004 адам жүгінді.

Одан басқа, Агенттіктің және «Атамекен» КҰП-ның біріккен шараларына тиісті Жол картасы қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кәсіпкерлердің 1-ші Форумы өткізілді.
Төраға Қ. Қожамжаров
жүктеу 229 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау