Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының 016 жылдың тоқсанында орындаған жұмысы туралы есеп



жүктеу 91,13 Kb.
Дата09.02.2018
өлшемі91,13 Kb.
#9119
түріКонкурс


Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының 2016 жылдың 1 тоқсанында орындаған жұмысы туралы

ЕСЕП

Бағыт: сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және анықтау
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының 7-бабының 3-тармағына сәйкес Департамент тұрақты негізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізеді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасындағы ынтымақтастық туралы 2015 ж. 23 маусымдағы келісімді жүзеге асыру жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарының 2-тармағының 2-тармақшасын орындау мақсатында, бұқаралық ақпарат құралдары мен «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесін зерделеу арқылы мониторинг жүргізіліп, автобустық жолаушылар тасымалын субсидиялаудың проблемалық мәселелері бағыты бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижесі шығарылды (Ақпарат орталық аппаратқа дер уақытында ұсынылды).

Департамент және жұртшылық арасындағы өзара іс-қимыл, сондай-ақ, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын дәріптеу шеңберінде Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген ең үздік мониторингке конкурс жариялағаны туралы хабарландыру әзірленді.

Конкурс нәтижелері Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні – 9 желтоқсанда «Адал жол – Честный путь» марафонының қорытындылары бойынша жыл сайынғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумда шығарылатын болады.

Басқарма Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 16 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидаларын» басшылыққа ала отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу аясында Ақмола облысы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі басқарманың мәліметтері негізінде 2015 жылдың нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізді.

Жүргізілген мониторингтің нәтижелері бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау салалары сыбайлас жемқорлық көріністеріне барынша осал салалар болып табылды (Ақпарат Орталық аппаратқа дер уақытында ұсынылды). Алынған нәтижелер жұмыста пайдаланылады.

Сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту мақсатында Басқарма күнделікті бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін ( zakon.kz; 356info.kz; inform.kz; tengrinews.kz; kokshetau.asia; «Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталық» zannews.kz; «Атамекен» ҚР ҰКП palata.kz; zhalobakz.com; zhalobi.kz сайттары; «Караван», «Любимый город» және басқа газеттердің сайттары) жүргізеді, статистика органдарының мәліметтері мен басқа дерек көздерін (жеке және заңды тұлғалардың шағымдары) зерттейді. Жұмыста пайдалану үшін 62-ден астам мақала мен материал зерделеніп, басылып шығарылды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасындағы ынтымақтастық туралы келісімді жүзеге асыру жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарының тармақтарын жүзеге асыру шеңберінде экология саласындағы проблемалық сұрақтардың камералдық (кабинеттік) талдауы жүргізілді(Ақпарат орталық аппаратқа ұсынылды). Аталған талдаумен Ақмола облысы бойынша экология департаменті мен Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қамтылды.

Ағымдағы жылдың басынан бастап Департаментпен Орталық аппараттың тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақмола филиалында (бұдан әрі - Орталық) талдау жүргізілді.

Талдау нәтижелері бойынша 7 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталып, олар 9 ұсыныс жасалды (Ақпаратық анықтама Орталық аппаратқа дер уақытында ұсынылды).

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелерінің негізінде (автобустық жолаушылар тасымалын субсидиялаудың проблемалық сұрақтары) қазіргі уақытта Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен бірлескен бұйрық шығарылды, осы бұйрыққа сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің сыртқы талдауы жүргізілуде. Талдау аяқталғаннан кейін Орталық аппаратқа ақпараттық анықтама берілетін болады.

Жұмыс тобын Департамент қызметкерлері (Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасы, Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасы, Мемлекеттік қызмет басқармасы), өңірлік «Атамекен» палатасының өкілі (кәсіпкерлерді құқықтық қорғау бөлімінің басшысы), сонымен қатар, талдау жүргізіліп отырған мемлекеттік мекеменің қызметкерлері құрады.

Мемлекеттік органдардың өзара әрекеттесуі және ішкі анализ жүргізуі мақсатында, сонымен қатар, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңда белгіленген сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа жаңа шараларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің назарына жеткізу мақсатында Департамент тарапынан облыс әкімі аппаратына және облыстың жергілікті атқарушы органдарына тиісті ақпараттық хат жолданды.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және мониторинг жасау мәселелері жөнінде түсіндіру жұмысын жүргізу мақсатында барлық облыстық басқармалардың бірінші басшыларының қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.

Мемлекеттік сатып алу мониторингін жүргізудің әдістемелік ұсынымдары мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидаларына сәйкес ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап бюджет қаражаттарын тиімсіз пайдаланудың алдын алу мақсатында (үнемдеу), Басқарма тұрақты түрде мемлекеттік органдардың мемлекеттік сатып алу веб-порталындағы сатып алу бағаларының өсуіне мониторинг жүргізеді.

Қызметтердің, жұмыстар мен тауарлардың келесі түрлері мониторингпен қамтылды: кеңсе тауарлары, құрылыс материалдары, техниканың алуан түрлеріне арналған қосалқы бөлшектер, азық-түлік өнімдері; лазерлік картридждерді толық өнеркәсіптік қалпына келтіру және сия құю, өрт сөндіргіштерді қайта қуаттау, тергеудегі-тұтқындалғандарға арналған арнайы тағамдар, бланктерді даярлау жөніндегі қызметтер; мектептерге арналған байланыс және интернет қызметтері, көше жарығына қызмет көрсету, электр өлшеу аспаптары, картридждерді толтыру және т.б.

Мониторинг барысында ірі сомалар көрсетілген хабарландырулар зерделенді, атап айтқанда, «Степногорск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» ММ жанындағы «Степногорск-водоканал» ШЖҚ МКК мемлекеттік сатып алу порталының «Конкурс» модулінде электр қозғалтқыштарды жөндеуге конкурс өткізу туралы ( № 359141-1, сомасы 31млн.100 мың теңге) хабарландыру жариялады.

Жұмыстардың құнын анықтау үшін жұмыс бағаларының жинақтары, осы қызметті көрсететін фирмалардың прайстары зерделенді. Алайда, аталған хабарландыру бойынша бағаларды көтеру фактілері анықталған жоқ.

Сонымен қатар, ҚР ІІМ ҚАЖК «ЕЦ 166/18 мекемесі» РММ 7 млн.167 мың 780 теңгеге азық-түлік өнімдерін сатып алу туралы хабарландыруы зерделенді.

Аталған тауардың құнын нақты анықтау үшін Департамент тарапынан Ақмола облысының статистика департаментіне азық-түлік өнімдерінің орташа нарықтық бағалары туралы мәлімет беру туралы тиісті сұрау салынды.

Сондай-ақ, аталған тауар бойынша баға ұсыныстары сұратылды, осыған ұқсас тауарларды жеткізетін өнім берушілерден телефон арқылы бағалар туралы мәліметтер алынды. Аталған хабарландыру бойынша баға көтеру фактісі расталған жоқ.

Мемлекеттік сатып алу туралы заңды бұзушылықтар тәжірибесін зерделеу мақсатында Қаржылық бақылау инспекциясына мемлекеттік сатып алу туралы заңды бұзу фактілері туралы мәлімет беру туралы хат жолданды.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Бағыт: сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдинетті қалыптастыру

2016 жылдың І тоқсанында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастру мақсатында 76 қоғамдық маңызы бар іс-шара, соның ішінде 19 «дөңгелек үстел», 34 дәріс, 19 мәдени-көпшілік іс-шара, 4 брифин және мини брифинг өткізді, ақпараттық өріске 140 материал шықты (баспа БАҚ-та және интернет-ресурстарда 124 материал, теледидарда 16 сюжет, соның ішінде 1- республикалық телеарналарда және т.б.).

Ведомствоның позитивтік бейнесін дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыру шеңберінде Департаменттің авторлығымен 3 мақала жарияланды.

2016 жылдың наурызынан бастап Департаменттің арнайы сайты жұмыс істейді (akm.kyzmet.gov.kz). Бір айдың ішінде 28 материал жарияланды, соның ішінде 14-і мемлекеттік тілде.

Сондай-ақ, әлеуметтік желілер мен бейнехостингтер арқылы қомақты жұмыс жүргізілуде. «Facebook», «Vkontakte», «Мой Мир», «Instagram», «Youtube», «Kaztube» және т.б. әлеуметтік желілер мен бейнехостингтерде Департаменттің ресми парақшалары ашылып, жұмыс істеуде.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды көрнекі-ақпараттық насихаттау, көрнекі өнімдерді шығару және жариялау саласында белсенді жұмыс жүргізілуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды насихаттауға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің жоғары деңгейін, мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптаструға және жұртшылықты «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясындағы бірінші институционалды реформаның негізгі кезеңдері туралы хабардар етуге бағытталған 19 бейнеролик шықты және әлеуметтік желілерде жарияланды.

Облыс аумағында 44 баннер, 380 минибаннер орнатылды.

Көкшетау қаласының екі LED-экранында электрондық нұсқадағы баннерлер ротацияланады.

Сонымен қатар, «Сыбайлас жемқорлықтан қалай қорғануға болады?», «Мемлекеттік қызметтерді алған кездегі менің құқықтарым» атты буклеттерді мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірлеп, ХҚКО, Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасының филиалдары, ЖАО, аумақтық мемлекеттік мекемелер арқылы тұрғындарға тарату жөніндегі жұмыс ұйымдастырылды. 2016 жылдың 1 тоқсанында 1 000-ға жуық буклет таратылды.

1 әдістемелік басылым жарыққа шықты (Департамент 2016 жылғы 25 наурызда Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде өткізген «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асырудың негізгі аспектілері» тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік конференцияның қорытындылары бойынша).

2016 жылдың 1-19 ақпаны арасында Департаменттің бастамашылығымен облыста «Адалдық – Отансүйгіштіктің негізі» тақырыбындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл айлығы өтті.

Айлық аясында барлық мемлекеттік органдарда, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың еңбек ұжымдарында, білім және мәдениет ұйымдарында халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар өтті.

Облыста айлық аясында 38-ге жуық іс-шара өткізілді (Айлық барысында Сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік жағдайын жасау және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы ашық келісімге қағаз тасығышта 14,5 мың қол қоюшы қосылды).

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында Ішкі саясат басқармасы тарапынан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды өткізу» тақырыбында жалпы сомасы 1 млн. 500 мың теңге лот қарастырылған.



Сонымен қатар, азаматтық қоғам институттарымен, қоғамдық пікір көшбасшыларымен, ҮЕҰ, ДҚБ, ЭМБ, ЖҚБ, әйелдер ұйымдарының, саяси партиялардың және т.б. өкілдерімен Сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік жағдайын жасау және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы ашық келісім (бұдан әрі – Ашық келісім) аясында ынтымақтастық орнатылды. Жыл қорытындылары бойынша Ашық келісімге 19 заңды тұлға («Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық филиалы, Ақмола облысының Кәсіпкерлер палатасы, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы, «Даму» КДҚ АҚ Ақмола облысы бойынша аумақтық филиалы, «Өрлеу» БАҰО АҚФ «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ», Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы Мемлекеттік қызметшілерді қайта дайындау және біліктілігін жетілдіру аймақтық орталығы, жоғарғы және орта-арнайы оқу орындары және т.б.)және 286 жеке тұлға қосылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі қоғамдық пікірді зерделеу мақсатында Басқарма іс-шаралар барысында халық арасында әлеуметтік зерттеу – сауалнама жүргізеді. Сауалнама қорытындылары талдау және қорытынды шығару үшін ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына жіберіледі (2016 жылдың 1 тоқсанында 119 сауалнама өңделді).
жүктеу 91,13 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау