60-іс-шара
Орта білім беру мазмұнын жаңарту
млн. тг.
|
*
|
БҒМ
2017-2019 жылдардағы желтоқсан
|
|
|
|
|
|
Іс-шара орындалды
2017 жылғы наурызда Дүниежүзілік банктің директорлар кеңесінде «Орта білім беру мазмұнын жаңғырту» жобасы қарастырылып, мақұлданды.
2017 жылғы 11 тамызда Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге (Орта білім беруді жаңғырту жобасы) қол қою туралы Қазақстан Республикасы Президентінің № 530 Жарлығы қабылданды.
2017 жылғы 21 тамызда ҚР Үкіметі мен ДБ арасындағы қарыз туралы келісімге қол қойылды.
«Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Орта білім беруді жаңғырту жобасы) ратификациялау туралы» заң жобасы Мәжілістің Қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің қарауында жатыр.
ҚР БҒМ 2017 жылдың қорытындысы бойынша орта білім беруді жаңғырту жобасын іске асыру жөнінде атқарылған жұмыс туралы ақпаратты ҚР ҰЭМ-ге жолдады (2017 ж. 21 желтоқсандағы № 3-11-5-1/4240-И хат).
|
|
61-іс-шара
Қиын жағдайларға тап болған мектеп оқушыларының үлгерімін жоғарылату
|
млн. тг.
|
*
|
БҒМ
2017-2019 жылдардағы желтоқсан
|
|
|
|
|
|
Іс-шара орындалды
Аталған іс-шара бойынша жұмыс «Қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңға қол қойылған соң жалғастырылады.
ҚР БҒМ 2017 жылдың қорытындысы бойынша орта білім беруді жаңғырту жобасын іске асыру жөнінде атқарылған жұмыс туралы ақпаратты ҚР ҰЭМ-ге жолдады (2017 ж. 21 желтоқсандағы № 3-11-5-1/4240-И хат).
|
|
67-іс-шара
Балаларға қосымша білім беретін ұйымдардың желісін:
- тұрғын үйлерді салу кезінде 1-қабаттарында балалардың бос уақытын қамту орталықтарының жұмыс істеуі үшін үй-жайлар жоспарлау;
- балалардың бос уақытын қамту орталықтарының жұмыс істеуі үшін мектептің бос үй-жайларын ұсыну есебінен арттыру
|
млн.
тг.
|
*
|
ЖАО
2016-2019 жылдардағы
желтоқсан
|
0
|
41,2
|
41,2
|
ЖБ
|
006
|
Іс-шара орындалды
Қазіргі уақытта қосымша білім беру ұйымдарының саны 1287 бірлікті, контингенті 947327 адамды құрайды.
2017 жылы 13 қосымша білім беру нысаны ашылды:
Жас туристердің 3 станциясы: Жамбыл, Қарағанды, Маңғыстау обл.;
1 дене шынықтыру және балалар-жасөспірімдер туризмі орталығы: Қостанай обл.;
1 оқушылар сарайы: БҚО;
1 шығармашылық академиясы: Ақтөбе обл.;
2 шығармашылық орталығы: Ақмола обл.;
2 балалар-жасөспірімдер клубы: Атырау обл.;
3 қосымша білім беру ұйымы: Павлодар обл. (Балалар шығармашылығы үйі, Оқу-сауықтыру кешені, Балалар-жасөспірімдер клубы).
|
|
68-іс-шара
Әрбір орта білім беру ұйымында спорттық лига құру арқылы мектеп спорт секциялары желісін кеңейту
|
млн.
тг.
|
*
|
ЖАО
2016-2019 жылдардағы
желтоқсан
|
226,2
|
77,7
|
77,7
|
ЖБ
|
003
|
Іс-шара ішінара орындалды
ҰБДҚ деректеріне сәйкес республикадағы мектеп спорт секцияларының саны 46973 бірлікті құрайды (2016 ж. - 56581).
Сонымен бірге, 2017 жылы қатысушыларды мектептегі спорт секцияларымен қамтудың 270 мың адамға ұлғайғандығын байқауға болады. Қазіргі уақытта мектептегі спорт лигасына 800 мыңнан астам мектеп жасындағы балалар барады.
Жаңа оқу жылынан бастап 214 мектепте футбол сабағы оқытылады. Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесi орталығының жанынан «Былғары доп» ұлттық мектеп спорт лигасы құрылды.
Спорт секциялары желісінің қысқару себебі республикадағы шағын жинақты мектептердің желісін 53 бірлікке оңтайландыру, сонымен бірге мектептердегі спорт секцияларының мониторингісін жақсарту болып табылады.
Ағымдағы жылы ҰБДҚ деректері бойынша ОҚО-да спорт секциялары желісінің 3395 бірлікке азайғандығы байқалады, Алматы қаласында - 2117 бірлікке, ШҚО - 1373 бірлікке, БҚО - 1391 бірлікке, Ақтөбе обл. - 998 бірлікке, Қостанай обл. - 755 бірлікке.
|
|
69-іс-шара
Спорт залдары мен қосымша білім беру ұйымдарын заманауи жабдықтармен жабдықтау
|
|
*
|
ЖАО
2016-2019 жылдардағы желтоқсан
|
ЖБ көзделген қаражат шегінде
|
492,2
|
492,2
|
ЖБ
|
|
Іс-шара орындалды
2017 жылы жалпы білім беретін мектептерді спорт жабдықтарымен қамтамасыз ету 73%-ды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3%-а көбейді. Ағымдағы жылы Мемлекет басшысының 2017 жылғы 7 маусымдағы № 17-01-25.76 тапсырмасына сәйкес жергілікті бюджеттен қарастырылған қаражат шеңберінде мектептердің спорт залдарын материалдық қамтамасыз етуін жақсартуға қаражат бөлінді.
ҚР БҒМ Дене тәрбиесін жетілдіру және мемлекеттік білім беру ұйымдарын спорт инфрақұрылымымен сатылай қамтамасыз ету жөніндегі 2017-2018 жылдарға арналған жол картасын қабылдады (ҚР БҒМ-нің 2017 жылғы 10 тамыздағы № 399 бұйрығы).
«Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры 300 млн. теңгеге 120 мектепті спорт инвентарімен қамтамасыз етті.
2017 жылы дене шынықтыру кабинетіне жабдықтар, жиһаздар, нұсқаулықтар тізбесі жаңартылды (ҚР БҒМ-нің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 662 бұйрығы). Аталған нормативті қабылдау мектептердің спорт залдарының жабдықталуын жақсартуға бағытталған.
|
|
71-іс-шара
Жалпы білім беретін мектептерде қызығушылықтар бойынша үйірмелер санының өсуін қамтамасыз ету
|
|
*
|
ЖАО
2016-2019 жылдардағы желтоқсан
|
38,7
|
12,1
|
12,1
|
ЖБ
|
|
Іс-шара орындалды
2017 жылы республиканың жалпы орта білім беретін мектептерінде қызығушылық бойынша жалпы 1 417 639 оқушыны (2016 ж - 977 125) қамтумен 62 067 үйірме жұмыс жасады:
- көркем-эстетикалық – 15520 үйірме;
- сәндік-қолданбалы – 7290;
- техникалық – 3088;
- экологиялық – 2557;
- туристік-өлкетану – 2050;
- қоғамдық-гуманитарлық – 4588;
- жаратылыстану-математикалық – 8570;
- тілдік – 11439;
- басқа – 6965.
2016 жылмен салыстырғанда үйірмелердің желісі (2016 жылы – 52 477 үйірме) 9 590 бірлікке немесе 18,3% көбейді.
|
|
72-іс-шара
Бұқаралық спорт түрлерімен айналысу үшін, сондай-ақ тұрмысы төмен және көп балалы отбасылар балаларының, жетім балалардың, девианттық мінез-құлықты балалардың мәдениет және спорт ұйымдарына баруы үшін жеңілдіктер (тегін абонементтер) ұсыну
|
|
*
|
ЖАО
2016-2019 жылдардағы желтоқсан
|
ЖБ көзделген қаражат шегінде
|
0
|
0
|
ЖБ
|
|
Іс-шара орындалды
Елдің 7 өңірінде (ШҚО, Қостанай, Павлодар облыстарында, СҚО, ОҚО, Алматы және Астана ққ.) көп балалы және тұрмысы төмен отбасы балаларына, жетім балаларға денешынықтыру-сауықтыру қызметтерін көрсетуге 30-50% жеңілдіктер қарастырылған.
Білім беру ұйымдарындағы барлық секциялар тегін жүргізіледі.
Көп балалы және тұрмысы төмен отбасы балаларының, жетім балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың спортпен шұғылдануына 9 өңірде (Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, БҚО, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында) спорт нысандары тегін ұсынылады. Сонымен бірге балалар боулингке, денешынықтыру-сауықтыру кешендеріне барады.
Спорт секцияларымен қамтылған 1 033 517 баланың 310 197-сі (145 688- тұрмысы төмен, 139 198 – көп балалы отбасыдан, 17851- жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, 6260 – мінез-құлқы девиантты, 1200 – мүмкіндіктері шектелген) спорт ұйымдарына барады және жаппай спорт түрлерімен айналысуға жеңілдіктер (тегін абонементтер) алған.
Сонымен бірге, мәдениет ұйымдарына баруға тегін абонементтер 104371 балаға берілді, оның ішінде тұрмысы төмен отбасы балаларына - 54348, көп балалы отбасы балаларына - 36144, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға - 12572, мінез-құлқы девиантты балаларға - 472.
|
|
73-іс-шара
Мектептер арасында спорттық жарыстар өткізу
|
|
*
|
ЖАО
2016-2019 жылдардағы желтоқсан
|
талап етілмейді
|
|
|
|
|
Іс-шара орындалды
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары мектептің спорт күнтізбесіне сәйкес жалпы білім беретін мектептердің арасында спорттық жарыстарды өткізу бойынша шараларды қабылдауда.
Қазіргі уақытта Мәдениет министрлігімен бірге Негізгі спорт іс-шараларының 2018 жылға арналған күнтізбелік жоспары бекітілді.
Жалпы білім беретін мектептердің арасында тұрақты жарыстарды өткізу мақсатында жаппай спорт түрлері бойынша мектептің спорт лигасын енгізу жұмыстары жалғастырылуда.
Қазіргі уақытта футбол бойынша мектеп лигасына 800 мыңнан астам балалар қатысады.
2017 жылы «Былғары доп» ұлттық мектеп спорт лигасы құрылды.
|
|
74-іс-шара
«Жас ұлан» ББЖҰ, «Жас қыран» (7-9 жас, 2-4 сыныптар) және «Жас ұлан» (9-16 жас, 5-9 сыныптар) деген екі топқа бөлінетін балалар-жасөспірімдердің бірыңғай ұйымының жұмысын, онын ішінде, студенттер мен жоғары сынып оқушыларын арасынан волонтерлерді тарта отырып, «Жас ұлан» ББЖҰ тәлімгерлері мен үйлестірушілер қауымдастығын құру
|
млн.
тг.
|
*
|
ЖАО
2016-2019 жылдардағы желтоқсан
|
55,6
|
0,4
|
0,4
|
ЖБ
|
006
|
Іс-шара орындалды
«Жас ұлан», «Жас қыран» балалар-жасөспірімдер қозғалысымен 1216611 бала қамтылған.
Оның ішінде:
- "Жас ұлан" республикалық ұйымында – 659613 мүше;
- "Жас кыран" республикалық ұйымында – 556998 мүше.
2017 жылы тәлімгерлердің «Ұланымыз ұлы елдің» форумы өткізілді. Іс-шараның мақсаты: балалардың қоғамдық қозғалысын белсендіру, балаларды «Мәңгілік ел» идеологиясына негізделіп, мемлекет пен қоғам өміріне қатыстыруға бағытталған балалардың әлеуметтік бастамаларын қолдау.құру бойынша Ережені қабылдады.
|
|
75-іс-шара
Оқушыларды әлеуметтік қайырымдылық, ізгі ниеттілік, әлеуметтік теңдік, конфессияаралық және этникалық толеранттылық және тағы басқа акцияларға, оның ішінде медиа ресурстарды қолдану арқылы тарту
|
|
*
|
ЖАО
2016-2019 жылдардағы желтоқсан
|
талап етілмейді
|
|
|
|
|
Іс-шара орындалды
Республиканың білім беру ұйымдарында оқушыларды әлеуметтік қайырымдылық, ізгі ниеттілік, әлеуметтік теңдік, конфессияаралық және этникалық толеранттылық акцияларына тарту бойынша жоспарлы және жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Осы мақсатпен мерекелік концерттер, әлеуметтік қайырымдылық акциялары, «Достық үні», «Бірлік бар жерде тірлік бар», «Культурное наследие Казахстана» тақырыптарына фестивальдар өткізіледі. «Наурыз», «Рождество», «Масленица», «День языков», «День единства народа Казахстана» ұлттық мерекелерін өткізу дәстүрге айналды. Сонымен бірге, этносаралық келісімге тәрбиелеуде кітапханалар маңызды рөл атқарады.
Жалпы білім беретін мектептердің кітапханаларында «Казахстан - наш общий дом», «Мой язык – мое богатство», «Живем в семье единой» және т.б. көрмелер қойылған.
Мектеп кітапханаларының оқу залдарында елдің көрнекті қайраткерлерінің биографияларымен көрмелер қойылады. Іс-шаралар жоспарына сәйкес өңірлерде қатысушылардың тәрбиелік жұмыстың аталған бағыты бойынша мақалалары жергілікті БАҚ-та жүйелі түрде жариялануда.
|
|
76-іс-шара
Мектеп оқушыларының бойында тамақтану мәдениетін қалыптастыру, оның ішінде теңгерімді құнарлы тамақтануды насихаттау арқылы қалыптастыру
|
|
*
|
ЖАО
2016-2019 жылдардағы желтоқсан
|
талап етілмейді
|
|
|
|
|
Іс-шара орындалды
Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің ақпараты бойынша салауатты өмір салтын насихаттау жұмыстары тұрақты түрде жүреді. Білім беру ұйымдарында салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі іс-шаралар жоспары, «Мектеп оқушыларының бойында құнарлы тамақтану мәдениетін қалыптастыру» әдістемелік ұсынымдары, «Денсаулықты нығайтуға көмектесетін мектептер желісі» («Дені сау мектеп»), «Дені сау балабақшалар», «Дені сау колледждер» және т.б. жобалар әзірленді.
Аурулардың алдын алу, салауатты өмір салтын құру және насихаттау мәселесі жөніндегі ведомствоаралық жоспарды іске асыру шеңберінде облыстық салауатты өмір салтын құру орталықтарымен бірге онлайн-семинарлар, онкүндіктер, дөңгелек үстелдер, тренингтер, консультациялар, оқыту тренингтері, ашық есік күндері, конкурстар, спорттық іс-шаралар, флешмобтар, ауқымды акциялар өткізіледі және ДДҰ-ның қатысушыларға қауіпсіз және сапалы, теңгерімді құнарлы тамақтануды ұйымдастыру жөніндегі жобалары іске асырылуда. Білім беру ұйымдарында құнарлы тамақтану жөніндегі бейнероликтерді көрсету ұйымдастырылды. Жалпы білім беретін мектептердің аумағында «Балалар салауатты тамақтану үшін!» тақырыбында флеш-моб өтті. Білім беру ұйымдарының асханалары мен дәмханаларында дұрыс және салауатты тамақтану туралы плакаттар мен постерлар ілінген. Облыстардың барлық ұйымдарына ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырысы бойынша Ұлттық салауатты тамақтану орталығы әзірлеген салауатты тамақтану тақырыбы бойынша күнтізбелер жеткізілді.
10057 семинар (1 270 239 қатысушы) өткізілді, 6481 – дөңгелек үстел (1 131 070 қатысушы), 7024 - онкүндік (2 556 199 қатысушы), 146 008 – сынып сағаты, ата-аналар жиналысы (125312), түсіндірме жұмыстары. Денсаулық сақтау, салауатты өмір салтын құру орталығы мамандарымен бірге 2107 іс-шарасы өткізілді (ескертпелер таратылды), сонымен бірге БАҚ-та 324 мақала басып шығарылды, телеарналарда - 98 сұхбаткең ауқымды акциялар өткізілді.
|
|
79-іс-шара
Оқу тоқсанының қорытындысы бойынша ата-аналар қауымының алдында, оның ішінде онлайн режимінде қоғамдық тыңдаулар (ашық баяндамалар) өткізу
|
|
*
|
ЖАО
2016-2019 жылдардағы маусым
|
талап етілмейді
|
|
|
|
Іс шара орындалды
2017 жылы онлайн режимде республикалық қоғамдық тыңдаулар өткізілді, оған 650-ден астам адамдар қатысты: облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармасы басшылары, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің меңгерушілері және әдіскерлер, білім беру ұйымдарының басшылары, ата-аналар қауымдастығы мен қорғаншылық кеңес өкілдері қатысты.
Әр тоқсанның соңында облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім беру ұйымдарында online режимінде қоғамдық тыңдаулар өткізілді.
Мысалы, Ақмола облысында аталған тыңдауларға ата-аналар қауымдастығының 3000-нан астам өкілі қатысты.
Павлодар облысында бірінші тоқсанның нәтижесінде «Отбасы және мектеп»; «Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыптарында қоғамдық тыңдаулар өткізілді; «Жаз - 2015» компаниясының қорытындысы шығарылды. Екінші тоқсанның нәтижесінде – «Қызылшаға қарсы міндетті вакцинациялау», «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыптары бойынша.
Қызылорда облысында жартыжылдықтың нәтижесінде «Сыр медиа» ЖШС арқылы дәстүрлі брифингтер өткізіледі, мұнда білім басқармасының басшысы қоғам алдында атқарылған жұмыс туралы есеп береді. Ата-аналар жиналысы мектептердің 92%-да өткізілді (7450-ден 6831).
Жалпы ұлттық ата-аналар жиналысының шеңберінде ата-аналар арасында «Мектепке кітап сыйла!» акциясы өткізілді, оның барысында мектеп кітапханаларының кітап қоры 370 мыңнан астам данаға толықтырылды.
|
|
80-іс-шара
Сынақтан өткізудің қорытындысы бойынша барлық қалалық мектептерде жан басына қаржыландыру процесін енгізу
|
|
|
ЖАО, БҒМ, «Қаржы орталығы» АҚ
(келісім бойынша)
2016-2019 жылдардағы желтоқсан
|
0
|
5 272,1
|
5 267,5
|
|
|
Іс – шара орындалды
2017 жылы республиканың 5 облысында 63 пилоттық мектептің 1-11*-ші сыныптарында орта білім беруді жан басына қаржыландыру пилоттық жобасы жалғастырылды. 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап пилоттық жобаға Астана қаласының 5 мектебі және Алматы қаласының 5 мектебі қосылды.
Әдістемеге келесі шығыстар түрін қосу бөлігінде өзгертулер енгізілді (ҚР БҒМ-нің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығы):
- коммуналдық қызметтерді төлеу;
- Интернетке төлеу;
- капиталдық шығыстар;
- ынталандырушы құрамдас;
- артық қаржыландыруы бар мектептерге түзету коэффициенті.
|
|
81-іс-шара
Мектеп басшыларының менеджмент саласындағы біліктілігін, оның ішінде онлайн оқыту және қашықтықтан оқыту курстарында арттыру
|
млн.
тг.
|
*
|
БҒМ, ЖАО
2016-2019 жылдардағы желтоқсан
|
156,3
|
20,4
31,5
|
20,4
31,5
|
РБ
МБ
|
222
|
Іс-шара орындалды
2017 жылы орта білім берудің басшылықтағы 2964 қызметкеріне менеджментті жетілдіру жөнінде 113 курс өтізілді, оның ішінде 444 адамға 12 курс қашықтан ұйымдастырылды.
|
|
82-іс-шара
Мектеп басшыларының менеджмент саласындағы біліктілігін арттыру курстарының, оның ішінде онлайн және қашықтықтан оқыту курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу
|
|
|
БҒМ, ЖАО
2016-2019 жылдардағы желтоқсан
|
талап етілмейді
|
|
|
|
|
Іс-шара орындалды
2017 жылы орта білім беру ұйымдарының басшыларына арналған менеджмент саласындағы біліктілікті арттыру курстарының 14 білім беру бағдарламасынан көшбасшылық, басқарушылық қызмет, ШЖМ-да білім беру процесін ұйымдастыру, табиғи апат тәуекелдерін төмендету және т.б. бойынша 12 білім беру бағдарламасы жаңартылды («Мектепке дейінгі, орта, қосымша білім беру, сондай-ақ арнаулы білім беру ұйымдарының педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 92 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР БҒМ-нің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 202 бұйрығы).
|
|
83-іс-шара
ДБ іс-шараларын іске асыруды қолдау және орта білім беру жүйесін реформалауды мониторингтеу
|
млн. тг.
|
|
«АТО» АҚ (келісім бойынша), ДБ (келісім бойынша), БҒМ
2017-2019 жылдардағы желтоқсан
|
|
|
|
|
|
|