2) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуға жәрдемдесу Қазақстан Республикасының
заңнамасында көзделген барлық медициналық рәсімдер мен іс-шаралардың толық, жоғары сапалы
және уақытылы орындалуын қамтамасыз етеді;
3) дәрігерге дейін көмек көрсетуді ұйымдастыру уақытылы болуға тиіс және алғашқы диагнозды
айқындауға, дәрі-дәрмекті дұрыс таңдауды және алуды, шақыртылған дәрігер келгенше оларды
қабылдау тәртібін айқындауды қамтамасыз етеді;
4) әлеуметтік-медициналық мәселелер жөнінде консультация беру қызмет алушыларға, олардың
алдында тұрған нақты әлеуметтік медициналық проблемаларды (тамақтану және тұрғын үй
гигиенасы, артық салмақтан, зиянды әдеттерден арылу, әртүрлі аурулардың алдын алу,
психосексуалдық консультация беру, жасына байланысты бейімделу, жасына байланысты
өзгерістер және басқа да проблемалар) дұрыс түсінуге және шешуге білікті көмек көрсетуді
қамтамасыз етеді;
Қызмет алушылармен зиянды әдеттердің алдын алу және олардан арылу, мүгедектерді отбасы
құруға және баланың туылуына дайындау жөніндегі жеке жұмыс зиянды әдеттердің (алкоголь ішу,
есірткі пайдалану, темекі шегу және т.б.) қауіптілігін, олар әкеп соғатын кері нәтижелерді
түсіндіруге бағытталады және нақты жағдайға байланысты бұл әдеттердің алдын алу немесе
олардан құтылу бойынша қажетті ұсынымдар беріледі;
5) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге жәрдемдесу, қызмет алушыларға оңалтудың жеке
бағдарламасын әзірлеуді қоса алғанда, организм функциясының тұрақты бұзылуын тудырған
тыныс-тіршілігінің шектелуін бағалау негізінде қызмет алушылардың әлеуметтік қорғау шараларына
қажеттіліктерін «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 750 қаулысында белгіленген тәртіппен
айқындау мақсатында куәландырудан өту үшін құжаттарды дайындауда көмек көрсету;
6) дене жаттығуларын орындауға көмек көрсету қамқорлықтағы адамдардың денсаулығын нығайту
үшін жүйелі орындау мақсатында олардың қолжетімді және денсаулыққа қауіпсіз дене
жаттығулары кешенін меңгеруін қамтамасыз етеді;
7) медициналық-әлеуметтік тексеруді ұйымдастыру жүйелі емдеуді бастағанға дейін қызмет
алушылардың қажеттілігін қамтамасыз етеді;
8) протездік-ортопедиялық көмекті, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарды, сондай-
ақ күту және оңалту құралдарын алуға жәрдемдесу қызмет алушылардың практикалық
қажеттіліктеріне сәйкес жүзеге асырылады;
9) техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен міндетті гигиеналық құралдарды
пайдалануды үйрету қызмет алушылардың осы құралдарды өздігінен пайдалана алу практикалық
дағдыларын дамытады;
10) үйге дәрігер шақыру және қызмет алушыны денсаулық сақтау ұйымына апару қызметі
уақытылы көрсетіледі, және де қызмет алушылардың жүріп-тұруы кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз
етеді;
11) отбасы мүшелеріне үй жағдайында оңалту жүргізілетін үшін медициналық күтім негіздерін
үйрету отбасы мүшелеріне қызмет алушыға өздігінше медициналық күтім көрсетуге бағытталған
білімнің қажетті көлемін қамтамасыз етеді;
12) балаларды, ТҚА бұзылған балаларды патронаждық бақылау қызмет алушыларды жүйелі
бақылау негізінде қызмет алушылардың денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларды уақытылы
анықтауды қамтамасыз етеді және сол сәтте қажетті әлеуметтік-медициналық көмек көрсетеді;
13) санитарлық-гигиеналық қызметтерді көрсету қызмет алушылардың денсаулық жағдайы мен
хал-жайының жақсаруына жәрдемдеседі, жағымсыз қолайсыздық сезімін жояды;
14) денсаулыққа байланысты рәсімдерді (дәрі қабылдау, дәрі тамызу және басқа да рәсімдерді)
жүргізу қызмет алушыларға қандай да бір зиян келтірмей аса ұқыптылықпен және сақтықпен
жүзеге асырылады;
15) дәрігерлердің қорытындысы бойынша дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы
бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу қызмет алушылардағы аурулардың уақытылы алдын
алуына және ауруларды жоюға мүмкіндік береді;
16) бейінді мамандардың, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымдарындағы мамандардың
медициналық консультация беруге жәрдемдесуі қызмет алушыларға алдын ала диагноз қоюды
қамтамасыз етеді.
35. Үйде қызмет көрсету жағдайында көрсетілетін әлеуметтік-психологиялық қызметтерге:
1) психологиялық диагностика және жеке адамды тексеру;
2) әлеуметтік-психологиялық патронаж (жүйелі бақылау);
3) мүгедектермен және қарттармен психологиялық алдын алу жұмыстары;
4) психологиялық консультация беру;
5) шұғыл психологиялық (оның ішінде телефон бойынша) көмек;
6) қызмет алушыларға психологиялық көмек көрсету, оның ішінде әңгімелесу, қарым-қатынас,
тыңдау, көңілін көтеру, белсенділікке ынталандыру;
7) қызмет алушыларға және бірге тұратын отбасы мүшелеріне психологиялық көмек көрсету;
8) қолайлы психологиялық климат қамтамасыз ету, келіспеушілік жағдайларының алдын алу және
жою үшін отбасы мүшелеріне психологиялық көмек көрсету жатады.
36. Әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
1) психологиялық консультация беру жанжалдың алдын алу және жою үшін қызмет алушыға ішкі
ресурстарын ашу, тұлғааралық қарым-қатынастарды жақсарту бойынша білікті көмек көрсетуді
қамтамасыз етеді.
Психологиялық консультация беру қызмет алушыдан алынған ақпарат және туындаған әлеуметтік-
психологиялық проблемаларды онымен талқылау, оған ішкі ресурстарды ашуға, жұмылдыруға және
осы проблемаларды шешуге көмектеседі;
2) әңгімелесу, қарым-қатынас жасау, тыңдау, дем беру, белсенділікке ынталандыру, өмірлік
тонусын психологиялық қолдау қызмет алушылардың психикалық денсаулығын нығайтуды,
олардың стреске төзімділігін арттыруды және психикалық қорғауды қамтамасыз етеді;
3) қызмет алушының психологиялық диагностикасы үйде қызмет көрсету ұйымның басшысы
бекітетін психодиагностикалық пакет негізінде жүзеге асырылады.
Психодиагностика қызмет алушының мінез-құлқындағы және айналасындағы адамдармен қарым-
қатынаста ауытқушылықтарға әсер ететін оның психикалық жай-күйін және жеке тұлғалық
ерекшелігін анықтау мен талдаудың нәтижесі бойынша түзету іс-шараларын жүргізудің болжамын
жасау және ұсынымдарды әзірлеу үшін қажетті ақпарат береді;
4) шұғыл психологиялық көмек қызмет алушыларға дереу психологиялық консультация беруді,