айқын білінетін жарыместік белгілері бар тұрақты алкоголизм;
айқын білінетін психомоторлық мазасыздығы жоқ және есінің өзгеру жай-күйінің ұзақ немесе
қайталанатын жарыместік белгілері бар қан-тамыр және сенильдік аурулар;
жарыместік белгілері мен айына төрт реттен артық емес тырыспа және эквиваленттері бар
эпилепсияның түрлі нысандары салдарынан үйде қызмет көрсету жағдайларында арнаулы
әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж психоневрологиялық ауруы бар он сегіз жастан асқан
адамдарға;
Он сегіз жастан асқан адамдарға үйде қызмет көрсетуге:
белсенді процесс сатысындағы туберкулездің, карантиндік инфекциялардың, тері мен шаштың
жұқпалы ауруларының, венерологиялық аурулардың, ЖИТС-тің;
мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емделуді талап ететін басқа да
аурулардың;
жіті және қатты стадиядағы психикалық аурулардың;
созылмалы психикалық аурудың асқыну жағдайының;
айқын білінетін психотиялық симптоматикамен, қызығушылығы мен мінез-құлқының өрескел
бұзылушылықтарымен сипатталатын, қамқорлық көрсетілетін адамның өзіне және
айналасындағыларға қауіпті психикалық аурулардың, атап айтқанда мамандандырылған
медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді талап ететін ұстамалы түрдегі немесе жиі өршімелі
немесе аурудың жиі декомпенсациялы қайталамасы бар прогредиендті өтетін кез келген
психикалық аурулардың;
эпилепсия және басқа этиологиядағы жиі ұстамалы (айына бес реттен артық), жиі ұстамаға,
эпилептикалық статусқа, ақыл-есі қарауытқан, дисфорияға бейім тырыспалы синдромның;
тұрақты алкоголизмнің, нашақорлықтың, тұрақты алкоголизмнен немесе нашақорлықтың кез
келген түрлерінен асқынған басқа да психикалық аурулардың;
айқын білінетін түрлі генездегі депрессиялық және қияли жай-күйлердің, созылмалы реактивті
жай-күйлердің;
айқын білінетін психопатқа ұқсас синдромдардың, эксплозивті, параноидті, паранояльдік,
қояншық ауруларының болуы медициналық қарсы көрсеткіштер болып табылады;
4) «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы
Заңының 131-бабы бойынша өздерінің ата-аналарын (жұбайын) асырап-бағуға және оларға
қамқорлық жасауға міндетті еңбекке жарамды кәмелетке толған балалары (жұбайы) жоқ немесе
объективті себептер бойынша (егде жасына, бірінші, екінші топтағы мүгедектігінің, онкологиялық,
психикалық ауруларының болуына, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына, елден тыс
жерге тұрақты тұруға кетуіне немесе басқа елді мекенде тұруына байланысты) оларды тұрақты
көмекпен және күтіммен қамтамасыз ете алмайтын жақын туыстары бар мүгедектерге және
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының
1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 9-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа
жеткен, өзіне-өзі күтім көрсете алмайтын және денсаулығының жай-күйіне байланысты үйде күтім
көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж қарттарға тәуліктің күндізгі
уақытында әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған.
Мүгедектер мен қарттарға үйде қызмет көрсетуге:
ауру процесі белсенді сатыдағы туберкулездің;
психикалық аурулардың (соматикалық ауру кезіндегі невроздарды, неврозға ұқсас жай-күйлерді,
ақыл-ес кемшіндігі мен жеке басының айқын білінетін өзгеруі жоқ, сирек ұстамасы бар (2-3 айда бір
реттен артық емес) этиологиясы әртүрлі тырыспалы синдромдарды қоспағанда);
карантиндік инфекциялардың, жұқпалы тері мен шаш ауруларының, венерологиялық
аурулардың, ЖИТС-тің, сондай-ақ мамандандырылған медициналық ұйымдарда емдеуді қажет
ететін аурулардың болуы медициналық қарсы көрсеткіштер болып табылады.
6. Үйде қызмет көрсету ұйымы заңды тұлға не заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі болып
табылады, оны құрылтайшысы құрады және өз қызметін құрылтайшы құжаттарға, Қазақстан
Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
7. Үйде қызмет көрсету ұйымдары:
1) балаларға және он сегіз жастан асқан адамдарға үйде әлеуметтік көмек көрсету
қызметтері/бөлімшелері;
2) мүгедектер мен қарттарға үйде әлеуметтік көмек көрсету қызметтері/бөлімшелері;
3) балалар мен он сегіз жастан асқан адамдарды тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдау
қызметтері;
4) үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған өзге ұйымдар түрінде
құрылады.
2. Үйде қызмет көрсету ұйымының міндеттері мен функциялары
8. Үйде қызмет көрсету ұйымының негізгі міндеттері:
1) осы стандартта белгіленген көлемдерге сәйкес үйде қызмет көрсету жағдайында стандартқа
сәйкес арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету;
2) қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың жеке даму деңгейін
арттыруға, әлеуметтендіруге және кіріктіруге бағдарланған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету;
3) көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтің сапасын және тиімділігін арттыру болып табылады.
9. Үйде қызмет көрсету ұйымының негізгі функциялары мыналар:
1) үйде қызмет көрсетуге мұқтаж қызмет алушыларды анықтау және есепке алу;
2) дағдыланған әлеуметтік ортада қолайлы моральдік-психологиялық жағдай жасауға жәрдемдесу;
3) қызмет алушыларға осы стандартқа сәйкес сауықтыру және әлеуметтік-оңалту іс-шараларын
өткізуге бағытталған қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсыну арқылы жан-жақты
көмек көрсету;
4) үй жағдайында мүгедектерге әлеуметтік, медициналық және кәсіптік оңалту жүргізу;
5) қызмет алушылар мен оның отбасы мүшелерін әлеуметтік қызмет көрсетудің көлемі мен түрлері
туралы хабардар ету;
6) еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру және персоналдың біліктілігін арттыру;
7) үйде қызмет көрсету ұйымының құрылтай құжаттарына сәйкес өзге де функциялар болып
табылады.
3. Үйде қызмет көрсететін ұйымның арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету шарттары
10. Қызмет алушыларды оларға бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету
үшін үйде қызмет көрсету ұйымына жіберуді қызмет алушының тұрғылықты жері бойынша
аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалардың уәкілетті органдары