Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы «28» қазандағы №1222 қаулысымен



жүктеу 483,8 Kb.
Pdf просмотр
бет33/34
Дата23.12.2019
өлшемі483,8 Kb.
#24793
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34

шығармашылық белсенділігінің артуына мүмкіндік береді; 

4) қызмет алушыларды тынығу іс-шараларына қатыстыру ұжымның қоғамдық өміріне қатысу 

арқылы әлеуметтік және коммуникативтік байланыстарды дұрыстауға мүмкіндік береді. 

43. Үйде қызмет көрсету жағдайында көрсетілетін әлеуметтік-экономикалық қызметтерге: 

1) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан 

айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік 

жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы, «Қазақстан Республикасындағы арнаулы 

мемлекеттік жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 5 сәуірдегі, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 

туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі, «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар 

туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы заңдарына және Қазақстан Республикасының өзге де 

нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тиесілі жеңілдіктерді, өтемақыларды, алименттер мен 

басқа да төлемдерді алуға, тұрғын үй жағдайын жақсартуға жәрдемдесу; 

2) қарттар мен мүгедектерге, сондай-ақ балаларды тәрбиелеп отырған және он сегіз жастан асқан 

адамдарды күтуді жүзеге асыратын отбасыларға өзін-өзі қамтамасыз ету және отбасының 

материалдық жағдайын жақсарту мәселелері бойынша консультация беру жатады. 

44. Әлеуметтік-экономикалық қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар: 

1) қызмет алушыларға жеңілдіктер, жәрдемақылар, өтемақылар мен басқа да төлемдерді алуға 

жәрдемдесу қызмет алушылар үшін мүдделі мәселелерді шешуде уақытылы, толық, білікті және 

тиімді көмек көрсетуді қамтамасыз етеді; 

2) өзін өзі қамтамасыз ету және материалдық жағдайын жақсарту жөнінде консультация беру 

қызмет алушыларға немесе олардың отбасы мүшелеріне отбасылық кәсіпкерлікті, үй кәсіпшілігін 

дамытуда олардың құқықтары мен мүмкіндіктерін түсіндіреді және өзінің материалдық жағдайын 

және отбасының өмір сүру деңгейін қолдау және жақсарту мәселелерін шешуде білікті көмек 

көрсетеді. 

45. Үйде қызмет көрсету жағдайында көрсетілетін әлеуметтік-құқықтық қызметтерге: 

1) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласында және Қазақстан Республикасының заңнамасына 

сәйкес әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек алу құқығымен байланысты мәселелер 

бойынша заңгерлік консультация беру; 

2) заңды мәні бар құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету; 

3) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін және қызмет алушылардың заңды құқығын бұзатын 

немесе шектейтін ұйымдардың әрекетіне немесе әрекетсіздігіне өтініш дайындауға және беруге 

көмек көрсету; 

4) заңнамада белгіленген жеңілдіктер мен басымдықтарды, әлеуметтік төлемдерді алуға заңгерлік 

көмек көрсету және жәрдемдесу; 

5) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен жәрдемақыларды, 

басқа да әлеуметтік төлемдерді сенімхат бойынша алу; 

6) қызмет алушыларға немесе олардың отбасы мүшелеріне жасалған дене және психологиялық 

зорлыққа кінәлі адамдарды қылмыстық жауапқа тартуға жәрдемдесу; 

7) қамқоршы және қорғаншы органдарға балаларды, оның ішінде ТҚА бұзылған балаларды асырап 

алуға, қамқоршылыққа, патронатқа, қорғаншылыққа алуға жәрдемдесу; 

8) қызмет алушыларды арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелерге, ұйымдарға 



орналастыруға, сондай-ақ стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарға 

құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету; 

9) кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссияға балаларының, оның ішінде ТҚА бұзылған 

балалардың тәрбиесінен жалтарған ата-аналардың үстінен ұсынымдар ресімдеу; 

10) қызмет алушыларға жұмысқа орналасу, жеке басын куәландыратын құжат және заңды мәні бар 

басқа да құжаттар алу үшін құжаттарды ресімдеуде заңгерлік көмек көрсетуге жәрдемдесу; 

11) Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде, «Адвокаттық қызмет туралы» 

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Заңында белгіленген жағдайларда және 

тәртіппен адвокаттың тегін заңгерлік көмегін алуға жәрдемдесу жатады. 

46. Әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар: 

        1) қызмет алушыларға арнаулы әлеуметтік қызметтер алу және өз мүдделерін қорғау 

құқығымен байланысты мәселелер жөнінде консультация беру заңнамамен белгіленген құқықтарды 

және пайда болуы мүмкін бұзушылықтардан қорғау тәсілдерін толық түсіндіреді; 

    2) қызмет алушыларға әлеуметтік-құқықтық мәселелер (азаматтық, тұрғын үй, отбасылық, 

еңбек, зейнетақы, қылмыстық заңнамалар және басқа да мәселелер) жөнінде консультация беру 

олар білгісі келетін заңнама актілері және көтеріліп отырған мәселелердегі құқықтары туралы 

толық түсінік береді, осы мәселелерді шешу үшін қажетті құжаттарды (өтініштер, арыздар, 

анықтамалар және басқа да құжаттар) дайындауда және тиісті мекенжайларға жіберуде қажетті 

көмек көрсетеді; 

    3) қызмет алушылардың заңды құқықтарын бұзатын немесе шектейтін мемлекеттік органдар мен 

ұйымдардың лауазымдық тұлғаларының әрекетіне немесе әрекетсіздігіне шағым дайындауда көмек 

көрсету оларға шағымдарда шағым жасалған іс-әрекеттің мәнін заңды түрде сауатты жазуға 

көмектесуге негізделеді; 

        4) құжаттарды (жеке басын куәландыру, заңнама бойынша тиісті жеңілдіктерді алуға, бала 

асырап алуға және балаларды, ТҚА бұзылған балаларды отбасылық тәрбиелеудің басқа 

нысандары, мүгедектердің жұмысқа орналасуы үшін және т.б.) рәсімдеуде құқықтық көмек көрсету 

қызмет алушыларға мақсатына қарай қажетті құжаттардың мазмұнын түсіндіруді, құжат мәтінін 

баяндауды және жазып беруді (қажетіне қарай) немесе нысанды бланкілерді толтыруды, ілеспе 

хаттар жазуды қамтамасыз етеді; 

        5) құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін адвокаттың тегін көмегін алуға жәрдемдесу қызмет 

алушыларға заңды құқықтарын заңды түрде қорғауға және оның мәселесі бойынша объективті 

шешім қабылдау мақсатында заңды көмекке кепілдік береді; 

6) отбасында қызмет алушыға немесе оның отбасы мүшелеріне жасалған физикалық және 

психикалық зорлық-зомбылыққа кінәлі адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тартуға жәрдемдесу 

сотқа жүгіну үшін зардап шеккен адамдардың қажетті құжаттарын дайындауға, жәбірленушінің 

құқын қорғау және кінәлілерді жазалау мақсатында сот процесіне қатысуға негізделеді. 

        7) кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жіберу үшін балаларын, оның 

ішінде ТҚА бұзылған балаларын тәрбиелеуден жалтарған ата-анаға ресімделген ұсынымдарда 

барлық қажетті материалдар болады және ата-аналарды жауапкершілікке тартумен, балалардың 

заңды құқықтары мен мүдделерін қорғаумен байланысты мәселелерді одан әрі тәжірибеде шешу 

үшін негіздеме болып табылады. 



жүктеу 483,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау