Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы «28» қазандағы №1222 қаулысымен



жүктеу 483,8 Kb.
Pdf просмотр
бет30/34
Дата23.12.2019
өлшемі483,8 Kb.
#24793
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34

отырады. 

30. Үйде қызмет көрсету ұйымының әкімшілігі ұйымның барлық мамандарына қатысты қызметтік 

міндеттерінің сапалы орындауына тұрақты бақылауды жүзеге асырады. 

5. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету шарттары 

31. Үйде қызмет көрсету жағдайында көрсетілетін әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерге: 

1) денсаулық жағдайы бойынша әдеттегі, оның ішінде, төсектен тұру, төсекке жату, киіну және 

шешіну, жуыну, тамақ ішу, сусын ішу, дәретхананы немесе дәрет ыдысын пайдалану, қозғалып 

жүру, тісін немесе жағын күту, көзәйнекті немесе есту аппаратын қолдану, тырнағын алу, ер 

кісілерге – сақал-мұртын алу сияқты күнделікті рәсімдерді орындауға қабілетсіз қызмет алушыларға 

жеке қызмет көрсету және гигиеналық сипаттағы әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерді көрсету; 

2) қызмет алушылардың отбасы мүшелеріне жеке қызмет көрсетушінің және гигиеналық-

санитарлық сипаттағы практикалық дағдыларды үйрету; 

3) қарттар мен мүгедектер үшін қосымша: 

үйден тыс жерде бір елді мекен шегінде ілесіп жүру; 

хат жазу және оқуда көмек көрсету; 

ыстық тамақ, азық-түлік және күнделікті қажетті азық-түліктік емес тауарларды сатып алу және 

үйге жеткізіп беру; 

ас әзірлеуге көмектесу; 

пеш жағуға, отын, көмір және су әкелуге жәрдемдесу; 

киімдерді жууға, химиялық тазалауға, жөндеуге тапсыру және оларды алып келу; 

кір жууға көмектесу; 

тұрғын үй-жайларды жөндеуге және жинауға жәрдемдесу; 

тұрғын үй және коммуналдық қызметтерді төлеуге жәрдемдесу; 

жерлеу қызметін ұйымдастыруға көмектесу (қайтыс болған қызмет алушының туыстары (заңды 

өкілдері) болмаған кезде) жатады. 

32. Әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар: 

1) бақылау, төсек режиміндегі және денсаулығының жағдайы бойынша өзін өзі күтудің қарапайым 

рәсімдерін орындай алмайтын қызмет алушыларға жеке қызмет көрсету және гигиеналық 

сипаттағы әлеуметтік-тұрмыстық қызметті көрсету олардың денсаулығына қандай да бір зиян, 

физикалық немесе моральдық азап және қолайсыздық тудырмай орындауды қамтамасыз етеді 

(мұндай қызметті көрсету кезінде қызмет көрсетуші персонал қызмет алушыларға ерекше 

сыпайылылық танытуы қажет); 

2) үйден тыс бір елді мекен шегінде, оның ішінде денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау 

объектілеріне және басқа да әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне барарда ілесіп жүру қызмет 

алушылардың жүріп-тұруы кезінде сақтық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді; 

3) пеш жағуға, ағаш, көмір және су тасуға жәрдемдесу орталықтан жылытылмайтын және (немесе) 

сумен жабдықталмаған тұрғын үйлерде тұратын қарттар мен мүгедектерге көрсетіледі. 

Бір келгенде 30 кг дейін ағаш пен көмір әкелінеді және 30 литрге дейін су тасылып, күл 

шығарылады. 

4) ыстық тамақ, бірінші қажеттіліктегі азық-түлік пен азық-түлік емес тауарларды сатып алу және 

үйге жеткізу, ас әзірлеуге көмектесу, киімдерді жууға, химиялық тазалауға, жөндеуге тапсыру және 



оларды қайтып әкелу, іш киімдерді және төсек-орындарды жууға көмектесу, тұрғын жайларды 

жөндеуді және жинауды ұйымдастыруға жәрдемдесу, тұрғын үй және коммуналдық қызмет 

төлемдерін төлеу клиенттерге қалыпты өмір сүру жағдайын жасау мақсатында осы проблемаларды 

шешу үшін олардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін толық және уақытында қанаттандыруды 

қамтамасыз етеді; 

5) жерлеу қызметін ұйымдастыру (қайтыс болған қарттардың және мүгедектердің туыстары немесе 

олардың оны жерлеумен айналысуға құлқы болмаған кезде) қайтыс болған қызмет алушының діни 

нанымы ескеріле отырып жүзеге асырылады. 

33. Үйде қызмет көрсету жағдайында көрсетілетін әлеуметтік-медициналық қызметтерге: 

1) медициналық-әлеуметтік тексеруді ұйымдастыру және жүргізу (қажет болған кезде денсаулық 

сақтау ұйымдарының мамандарын тарта отырып); 

2) дәрігерге дейін көмек көрсету; 

3) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге жәрдемдесу; 

4) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуға жәрдемдесу; 

5) дәрігерлердің қорытындысы бойынша дәрі-дәрмекпен және медициналық мақсаттағы 

бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу; 

6) мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторлық-курорттық емдеумен, 

техникалық қосалқы (орнын толтырушы) құралдармен, міндетті гигиеналық құралдармен 

қамтамасыз етуге жәрдемдесу; 

7) қызмет алушыларға техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарды және міндетті 

гигиеналық құралдарды пайдалануды үйрету; 

8) мүгедектердің жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес протездік-ортопедиялық және есту-

протездік көмек алуына жәрдемдесу; 

9) әлеуметтік-медициналық мәселелер бойынша, оның ішінде жасына қарай бейімделу мәселелері 

бойынша консультация беру; 

10) арнайы маманның, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымы маманының медициналық 

консультация беруіне жәрдемдесу; 

11) денсаулыққа байланысты рәсімдерді жүргізу (дәрі-дәрмек қабылдау, дәрі тамшылату және 

басқа рәсімдер); 

12) емдік-физикалық жаттығулар жасауға көмек көрсету; 

13) үйге дәрігер шақырту және денсаулық ұйымдарында дейін қызмет алушыларға ілесіп жүру; 

14) балаларды, ТҚА бұзылған балаларды патронаждық бақылау; 

15) мүгедектер мен қарттарға санитарлық-гигиеналық қызметтер көрсету (сүрту, жуу, гигиеналық 

шомылдыру); 

16) оңалту іс-шараларын жүргізуге жәрдемдесу; 

17) отбасы мүшелеріне үй жағдайында жүргізілетін оңалту іс-шараларының негіздерін үйрету 

жатады. 

34. Әлеуметтік-медициналық қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар: 

1) қызмет алушылардың әлеуметтік-медициналық қызмет алуына көмек көрсету олардың ауруының 

сипатын, медициналық көрсеткіштерін, физикалық және психикалық жай-күйін ескеріп, 

қызметтердің уақытылы және қажетті көлемде ұсынылуын қамтамасыз етеді; 



жүктеу 483,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау